Тақырыбы: Оқудағы жетістіктерді диагностикалық және бағалау жүйесі
Мақсаты: Педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату.
Фанфар
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар. Бүгінгі мектебімізде өткізгелі отырған «Оқудағы жетістіктерді диагностикалық және бағалау жүйесі» тақырыбындағы ұстаздарымыздың педагогикалық оқуына қош келдіңіздер!
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой -өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Мұғалім ең алдымен білім алушының өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруда үнемі ізденіп тиімді әрі қолайлы әдіс-тәсілдерді қолдануы шарт. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын ең негізгі сара жол болып саналады. Олай болса бүгінгі педагогикалық оқуда ұстаздарымыз өздерінің білім берудегі ең тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетіп баяндауға әзір болса, қатысушыларымызбен таныс болыңыздар.
-
Тарих және география пән бірлестігі мұғалімі
-
Биология және химия пән бірлестігі мұғалімі
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімі
-
Ағылшын тілі пән бірлестігі мұғалімі
-
Орыс тілі мен әдебиет пән бірлестігі мұғалімі
-
Көркем еңбек және ән-әуез пән бірлестігі мұғалімі
-
Математика пән бірлестігі мұғалімі
-
Бастауыш пән бірлестігі мұғалімі
-
Бастауыш пән бірлестігі мұғалімі
-
Физика және информатика пән бірлестігі мұғалімі
Жүргізуші: Кез-келген байқау, ол- шығармашылық жұмыс. Байқау шабыт пен әділеттілікті талап етері хақ. Бүгінгі байқаудың әділ шешімін шығаратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Жүргізуші: Мұғалімдер форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет», -деп баса айтқан болатын. Бүгінгі педагогикалық оқу ұстаздарымыздың шығармашылығын шыңдап, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілмек. Бүгінгі педоқу «TED Х» форматында өткізіледі. «TED» ағылшын сөзі Ол Т-технология, Е –ойын-сауық, D – дизайн деген мағынаны білдіреді. Әр мұғалім өзінің дайындап келген жұмысын еркін түрде көпшілікке ұсынады. Ендеше кезекті ұстаздарымызға берейік.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Жүргізуші: Ежелгі грек философы Сократ: «Ұстаз ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» деген сөзі, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Ең жақсы мұғалімді дүниедегінің бәрінен қымбат бағалаймын. Мектептер үшін мұғалім бар нәрсенің кіндігі, мектептің жаны, жүрегі…» деген сөзімен ұштасып жатқандай. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық, ол – ұстаздық.
Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын... Қаныш Сәтпаев: «...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді» деген болатын. Олай болса білім жолында ізденуден еш жалықпайық. Бүгінгі байқауымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.
Марапаттау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқудағы жетістіктер педоқу сценарийі

шағым қалдыра аласыз