жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Оқудағы кедергілерді анықтау" Мұғалімдерге арналған коучинг
|
Сабақ барысы |
|||
|
2 сабақ 11.00-12.30 |
Тренер іс-әрекеті |
Тыңдаушылардың іс-әрекеті |
Ресурс |
|
Жоғарғы белсенділікті талап ететін жаттығулар 10 мин |
«Кеңседе» (Драма және рөлдік ойындар арқылы ойдан шығарылған мәнмәтінді анықтау, сөйлеу арқылы сенімді спикер дағдыларын дамытуға көмектеседі) Мұғалім іс-әрекет орнын ұсынады, банктегі кеңсе (2 кресло, үстел) Оқушылар жұптарға бөлініп, «А»және «Б» деп аталады. «А» - несие бөлімінің қызметкері, «В»- қарыз алушы(оқушылар не үшін несие керектігін ойлап шығарады. 1-бөлім. Оқушылар рөлдерін ойнайды – «А» «В» - ның қарызды төлей алатынына сенбегендіктен сұрақ қояды. «В» аталған дәйектерге қарсы тұрып, дәлелдеу қажет. 5 минуттан кейін мұғалім ойынды тоқтатады. Банк қызметкерінен оның шешімі туралы сұрайды. 1-ші және 2-ші топ рөлдік ойынға қатысады. Қалған 3-4-ші топтар кері байланыс жасайды |
Жалпы рефлексия: «А» тобы несие беретіндігін немесе бермейтіндігін талқылайды. «В» өздеріне қойылған сұрақтарға жауап береді. 3-4-ші топтар кері байланыс жасайды. |
Іс – әрекеттік оқу Жаттығу №1 |
|
Сұрақ қоюға Ынталандыру кезеңі 10 мин |
Таныстырылым: Тәжірибені өзгерту. Сұрақ қоюда есте сақтайтын негізгі идеялармен таныстырады. |
Таныстырылым бойынша жұмыс істеп, сұрақтарға жауап береді. |
Таныстырылым №2 |
|
Сұрақтар 10 мин |
Кедергілерге байланысты топтарға сұрақтар ұйымдастырады: 1. Драманы (сахналау, рөлдік ойын)талдай, зерделей отырып, оқушылар нені үйрене алады? 2. Адамның мінез-құлқы мен өмір сүретін әлемді түсінуі. 3. Ойлар мен сезімдер өзгере отырып қалай дамитынын түсіну 4. Тілдік дискурс (тілдік тәжірибе)қарым-қатынастың тиімді құралы Тапсырманы орындай отырып, өздері оқудағы кедергіге байланысты қосымша сұрақтарды стикерге жазады. |
Топтар өзара талқыға салады. Ортақ пікір қалыптасады. Стикерге сұрақтар жазады. |
Сұрақтар Мұғалімдердің стикерге жазылған сұрақтары |
|
«миға шабуыл» Двэк идеясы 20 мин |
1.Двэк зерттеуінің мазмұнын ұсынады. 2. Сауалнама үлгісін бере отырып, жауап берулерін сұрайды. Қорытынды жасатады. |
Тапсырманы орындайды. Қорытынды жасайды. |
Двэк сауалнамасы |
|
ЖАДЫНЫ дамытуға жаттығу. Эббингауз тиімділігі 10 мин |
Жадыны дамыту және ұзақ мерзімді жады мен түсінуде тиімді ұсталатындай ақпаратты есте сақтаудың күрделі тәсіліне үйретеді. Пельманизм әдісі. Сөз немесе суреттері бар бірнеше ойын картасын үшбұрыш немесе кездейсоқ тәртіпте жаю. Оқушылар картаны ашып қарайды да, лайықты жұбын табуға тырысады.Жұбын тапқан кезде карталарды алып тастайды.Карталадрды жұбымен көп тапқан оқушылар немесе топ жеңеді. |
Жатттығу жұмысын орындайды. |
Эббингауз кестесі (дереккөзде) |
|
Тұжырымдау 15 мин |
Тіл үйренудегі негізгі стратегияларды қорытындылайды: алдында, сол кезде, кейін не істей алады? Деректерді береді Оқылымға байланысты Тыңдалымға байланысты Жазылымға арналған стр. Айтылымға байланысты |
Дереккөзбен танысып қорытындылайды |
Тіл үйрену стратегиялары |
|
Рефлексия 10 мин |
«Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі...» |
Рефлексия жазады, ойын ортаға салады. |
Рефлексия |
|
Кері байланыс 5мин |
Жалпы тыңдаушылармен сұхбаты |
Алған білімдерін келешекте қалай пайдалануға болатыны жайында өзара сұхбаттасады. |
Кері байланыс |
Оқушылардың оқуына әсер ететін негізгі факторлар
|
Оқушылардың оқуына оң әсер ететін факторлар |
Оқушылар |
Оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар |
|
• Жақсы денсаулық • Дұрыс тамақтану • Қажетті ұйқы • Тиісті киім • Талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй |
Әлеуметтік және физикалық факторлар |
• Аурулар • Аштық • Шаршағандық • Сәйкес келмейтін киім • Нашар тұрғын үй жағдайлары |
|
• Неменеге күш жұмсауға болатынын анықтау • Өз табысына сенімділік • Маңызды марапаттар • Оқу үдерісі туралы хабардар болу • Шеберлік сезімі • Ол үшін беделді болып табылатын адамдардан алған марапаттар • Бай тәжірибе және тіл |
Оқушының жеке факторлары |
• Күш жұмсауға тұрмайтын әрекеттерді анықтау • Сәтсіздікті мойындау, ұят • Марапаттың болмауы • Оқу үдерісін нашар түсіну • Әлсіздігін сезіну • Ілтипаттың не көтермелеудің жоқтығы • Тәжірибенің және сөздік қордың шектеулілігі |
|
• Отбасының белсенді қолдау көрсетуі және жоғары нәтижелер күтуі • тетелес топтардың оң бәсекелестігі мен қолдауы • әлеуметтік және отбасылық қолдау жүйесі, рөлдік үлгілер мен тиісті тәжірибе |
Әлеуметтік қолдау түрлері |
• Отбасынан шеттеуі және олардың төмен нәтижелер күтуі • Құрдастардың қабылдамауы және оқуға деген үстіртін көзқарас • Шектелген әлеуметтік қолдау, еліктеу үшін ұнамсыз үлгі мен басы артық факторлардың көптігі |
|
• ойлау деңгейіне сәйкес • эмоционалдық тұрғыдан қанағаттандырады • жеке тұлға үшін маңызды болып қабылданады • белсенді педагогика арқылы еліктіреді • пән бойынша қызықты тапсырмалар қамтылады |
Тапсырмалар мен берілген есептердің сапасы |
• өте жеңіл немесе өте ауыр • эмоционалдық тұрғыдан алаңдататын, орынсыз және мән-мағынасыз сияқты қабылданатын • оңтайлы емес оқыту әдістерінің негізіндегі немқұрайдылық • қызықсыз тапсырмалар немесе пән |
|
Оқушының міндеттері Назар аудару, шоғырлану, тәжірибе, ойлану, табандылық көрсету, тұжырымдамалық негіздер мәнін құру және оны кеңейту. |
||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген