Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқудағы оқу жетістігін бағалау түрлерін енізудегі биология пәні мұғалімінің орны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал шебер сынып бағалаудың биология пәні мұғалімі қалай бағалайды сол жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы








Шебер сынып

Өтетені орны: №131 орта мектебі

Тақырыбы: «Оқудағы оқу жетістігін бағалау түрлерін енізудегі биология пәні мұғалімінің орны»

Тоқтасын Махаббат Сәкенқызы: Жетісу облысы,Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылы Алтынемел орта мектебі

Уақыты: 10 сәуір 2026ж


Шебер-сыныптың тақырыбы:

Тиімді әдіспен бағалауды ұштастыру –ұтымды нәтиже

мақсаты:

- заманауи оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалай білу;

-тыңдаушылардың зейінін тұрақтандыруға,есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

Ресурстар:

интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.

Әдіс-тәсілдер:

жеке, жұппен, топпен

Тапсырма көздері:

1. құрылымдалған тапсырмалар

2. Ізденіс жұмыстары.

3.Жұптық, жеке жұмыстар

4. Шығармашылық тапсырма

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, бейнероликтар, рефлексия парақтары, стикерлер, маркерлер.

Шебер-сыныптың барысы:

Уақыт

Мұғалім  іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг

2 мин

Психологиялық ахуал туғызу.

Бейнефильм бойынша қимылдарды қайталайды.

Топқа бөліну

4 мин

« Дос-мұқасан» ансамбілінің 55 жылдық мерей тойына байланысты 16 қыз әні тыңдалады. 16 қыздың аты жазылған парақшалар таратылады. ( бүгінгі шебер сыныптың фокус группалары болады)

Wordwall платформасы арқылы 4 топқа бөлінеді

Wordwall платформасы арқылы 4 топқа бөлінеді







Бейнежазба (қызығушылығын ояту):


2 мин

«Лайк және Дизлайк»

Ойын түрі

Топтар сурет тапсырмалар беріледі оның дұрыс бұрыстығын лайк немесе дизлайк көрсету арқылы анықтайды

ОҮБ және ОБ (мағынаны ажырату):

25 мин

Ресурспен жұмыс.


Видеолар және функционалды сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар беріледі. Тапсырманы топта талқылап, жауаптарын ұсынулары қажет

  • Әлемдегі ең жүйрік адам кім?

  • Дүниежүзілік 200 метр браспен жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақстандық спортшы кім?

  • Қандай жануар өз миын қалпына келтіре алады?

  • Синхронды жүзу деген не?















1-топ:

Дмитрий Баландин кім?

Дмитрий Игоревич Баландин (1995 ж 4 сәуірде Алматы қаласында туған) Қазақстадық жүзуші, 200 метрлік барсс бойынша Рио-де-Жанейрода 2016 жылы өткен жазғы олимпиаданың Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы..

1-тапсырма

Альвеола қай жүйенің функционалды элементі болып табылады?

1) тыныс алу

2) экскреторлық

3) қан айналымы

4) ас қорыту

2-тапсырма

Суретте өкпедегі газ алмасу процесі берілген, сандармен көрсетілген процестерді анықтаңыз



1) 1

2) 2

3) 3

4) 4

Жауабы:

1-веноздық қан (ұлпадағы газ алмасу)

2 - артериялық қан (өкпеде газ алмасу)

3-альвеолаларға оттегінің түсуі

4-көмірқышқыл газын кетіру

Дескриптор: -альвеоланың қай жүйеге жататынын біледі

-өкпедегі газ алмасу процесін анықтайды

2-топ: иӘлемдегі ең жылдам адам

Әлемдегі ең жылдам адам Ямайкалық спортшы — Усэйн Болт. Үш дүркін олимпиада ойындарының чемпионы, бірнеше мәрте әлем чемпионы атағына ие болған, спринтердің үш ережесі бойынша әлемдік үш рекордын орнатушы. 2009 жылы өткен Әлем чемпионатында 100 метрді 9,58 секундта жүгіріп өтіп, адам сенгісіз нәтиже көрсетті. Оның лақап аты «найзағай».

Әлемдік рекорд 100 метрді — 9,6 сек
• 200 м. — 19,19 сек
• 300 м. — 30,97 сек
• 400 м. — 45,28 сек

Спринт тарихы бойынша Болттан(195см) ұзын адам болмаған. Оның аяқ бұлшық еттері ұзын әрі шыныққан және табаны мықты. Бұлшық еттің жақсы жұмыс жасауы үшін көп эрегия қажет. Бұлшық ет энергияны миоцит жасушасындағы митохондриядан алады. Митохондрия жасушаның энергетикалық станциясы болып табылады.

1-тапсырма

Кейбір мүшелер жасушаларында митохондриялардың массалық үлесі жалпы жасуша массасының: ұйқы безінде — 7,9%, бауырда — 18,4%, жүректе — 35,8%-ын құрайды. Неліктен бұл мүшелер жасушаларында митохондрияның мөлшері әртүрлі? Себебін түсіндіріңіз


2-тапсырма:

Митохондрияларды сипаттау үшін төмендегі екеуінен басқа барлық белгілерді қолдануға болады. Жалпы тізімнен "дұрыс емес" екі белгіні анықтаңыз және дұрыс жауаптар сипаттамасын толықтырып жазыңыз.


1)митохондрия жасушалары өмір бойы бөлінбейді

2) өздерінің генетикалық материалы бар

3) бір мембраналы

4) құрамында тотығу фосфорлану ферменттері бар

5) қос мембраналы



Дескриптор: -жасушада митохондриялардың саны әртүрлі болу себебін біледі

-митохондрияға сипаттама береді

Жауабы:

(1) митохондрия жасуша өмірінде бөлінбейді- (митохондриялар бөлінеді);

(2)өздерінің генетикалық материалы бар – митохондрияның белгісі (сақина тәрізді ДНҚ молекуласы бар);

(3) бір мембраналы –(митохондрия-екі мембраналы органоид);

(4) құрамында тотығу фосфорлану ферменттері бар – митохондриялардың белгісі (тотығу фосфорлану ферменттері митохондриялық кристалдарда кездеседі);

(5) Қос мембранасы бар – митохондрияның белгісі (митохондрия-екі мембраналы органоидтар)



3- топ: Синхронды жүзу

Синхронды жүзу – бұл суда музыканың қолдауымен әртүрлі қозғалыстарды орындау, фигураларды жасау және элементтерді орындау. Бастапқыда  бұл спорт түрі судағы балет деп аталды. Жалғыздан, жұптасқан және топтық синхронды жүзулер болды. 2000 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасында теқ қана жұптасқан және топтық жүзулер қана қалды. Спорттың бұл түрі Олимпияда ойындарының бағдарламасына кіреді. Синхронды жүзу кезінде спортсмендерге су астында басын төмен қарай салбыратып ұзақ уақыт тұруларына тура келеді. Бұндай жағдайда мидың оттегімен толық қанығуы үшін қанның құрамында эритроциттердің көп болуы көмектеседі.

Эритроцит (erythrocyti, грек, erythros — қызыл, kytos — жасуша) — сүтқоректі жануарлар филогенезінде газ алмасу процесіне байланысты мамандану нәтижесінде ядросы мен органеллаларынан айырылған ядросыз қанның кызыл жасушасы.

1-тапсырма: Төмендегі тізімнен ересек адам жасушасының ішіндегі ең жылдам көбейетін жасушаны анықтаңыз, жауабыңызды дәлелдеңіз

1) эритроциттер

2) бұлшықет жасушалары

3) жүйке жасушалары

4) сүйектің қызыл кемігі жасушалары

Жауабы: Эритроциттер мүлдем бөлінбейді, себебі адамның жетілген эритроциттерінде ядро болмайды. Сүйек қызыл кемігінің жасушалары көп бөлінеді, олар қанды жаңартады.

Дескриптор: -

-сүтқоректілер мен құстардың эритроцит жасушаларының ерекшеліктерін біледі

-көбеюге қабілетті жасушаны анықтайды

2-тапсырма

Сүтқоректілерде эритроциттердің мөлшері әдетте құстарға қарағанда 1,5–2 есе кіші болатыны белгілі. Неліктен эритроциттердің мөлшерін азайту қанның тыныс алу функциясының тиімділігін арттырады? Сүтқоректілердің эритроциттері мен құстардың эритроциттерінде тағы қандай ерекшеліктері бар? Жауапты түсіндіріңіз.

Жауабы:

1. Эритроциттер мөлшерінің азаюы олардың жалпы санының көбеюіне әкеледі

2. Кішкентай эритроциттер барлық жасушаларды оттегімен қамтамасыз ету үшін жіңішке (тар) капиллярларға ене алады.

3. Сүтқоректілердің эритроциттерінде ядро жоқ.

4. Ядро болмағандықтан эритроциттерге көбірек гемоглобин молекулалары орналастырылады.

5. Эритроциттер дөңес (диск тәрізді) пішінге ие.

6. Бұл форма оттегінің диффузиясы жүзеге асырылатын аумақты арттырады

Аксолотль

Аксолотль - жолбарысты амбистоманың дернәсілі. Ол өсіп көбейе алады(неотония). Аксолотль көптеген биологиялық эксперименттерге қолайлы нысандардын бірі. Аксолотильдің ересек сатысына (өкіліне) айналуын оған тамақпен қалқан безінің гармонын берсе немесе инъекция жасау арқылы тудыруға болады.

Аксолотльдің ерекшелігі, ол ересек күйге өтпей-ақ көбеюуге қабілетті. Бұларда жақсы дамыған қалқанша безі бар, ол әдетте жеткілікті мөлшерде бөлінгенде ересек амбистомға айналады. Аксолотлды құрғақ суық ортада ұстасаңыз немесе судың деңгейін төмендетсеңіз, ол ересек амбистомаға айналады немесе амбистомаға айналуы үшін тамаққа немесе инекция арқылы тироксин гормонды енгізуге болады. Аксолотльдің ең күшті ерекшелігі регенрацияға қабілеттілігі. Аксолотль құйрық, аяқ-қолдарын, орталық жүйке жүйесін, көз және жүрек сияқты өмірлік маңызы бар құрылымдарын да қалпына келтіре алады. Олар тіпті миының өмірлік маңызды емес бөліктерін қалпына келтіреді.

1-тапсырма

Митоз қандай жасушалардың бөліну үдерісі

  1. Жыныс жасушалары

  2. Дене (сома) жасушалары

  3. Сперматозоидтар

  4. Жұмытқа жасушалар

2-тапсырма

Интерфазадан бастап жасуша ядросының митоздық бөлінуінде хромосомаларда болатын процестерді ретімен жазыңыз.


1) экваторлық жазықтықта екі хроматидті хромосомалардың орналасуы

2) екі хроматидті хромосомалардың түзілуі

3) хромосомалардың деспирализациясы

4) хромосомалардың спирализациясы

5) еншілес хроматидтердің жасуша полюстеріне тартылуы

Жауабы: 24153


2) екі хроматидті хромосомалардың түзілуі — интерфаза;

4) хромосомалардың спирализациясы-митоздың профазасы;

1) экваторлық жазықтықта екі хроматидті хромосомалардың орналасуы-митоздың метафазасы;

5) еншілес хроматидтердің жасуша полюстеріне тартылуы -митоздың анафазасы;

3) хромосомалардың деспирализациясы-митоздың телофазасы


 Синектика (ағылшынша Synectics – тегі әр түрлі элементтерді біріктіру) Уильям Гордон 1950ж
Синектиканың негізгі мақсаты: «керемет  нәрсені жай нәрсеге, жай нәрсені керемет нәрсеге айналдыру». Ол қарастырылатын мәселеге түбегейлі талдау жасай отырып, жаңа, таң қалдыратын шешімдерге келуге ықпал етеді

«Жасыз зат» ойыны

Ақ қағаз беріледі (А4) ортасына 10 см кем емес кез келген жансыз заттың суретін салу және осы салынған суретті бүгінгі тақырыппен байланыстыра отырып бір сөйлем жазу.







Рефлексия

1 мин

Нақыл сөздер




Кейінгі тапсырмалар:

3 мин

Формативті, критериалды бағалаудың түрлері туралы материалдар жинақтау; Интернет арқылы өз білімдерін кеңейтіп

отыру;

 «Үш минуттық тыныштық»: мұғалімдер бүгінгі сабақтан алған әсерлері, не үйреніп шыққандары туралы стикерлерге

жазады, тақтаға жапсырады. Топтар бір-біріне екі жұлдыз, бір тілек айтады.




         - Сөзімнің соңында айтарым, бүгінгі алған білімдеріңізбен басқа да әріптестеріңізбен бөлісіңіздер. «Бойыңда

білімің бар екен, одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз», - деген Томас Фуллердің сөзін

ұмытпаңыз.


































































































Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,

Қатира-ай, Сағира-ай,

Күлзира-ай, Назира-ай,

Нағима-ай, Батима-ай!

Әшекей қыз Айжан-ай,

Бәлекей қыз Балжан-ай,




Толықсынған Маруся-ай,

Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!

Қайда кетті Раиса-ай?

Я люблю тебя, Рая-ай!



Все приведённые ниже признаки, кроме двух, можно использовать для описания строения и функций митохондрий. Определите два признака, «выпадающих» из общего списка, и запишите в ответ цифры, под которыми они указаны.

 

1) расщепляют биополимеры до мономеров

2) содержат соединённые между собой граны

3) имеют ферментативные комплексы, расположенные на кристах

4) окисляют органические вещества с образованием АТФ

5) имеют наружную и внутреннюю мембраны

Пояснение.

Митохондрии:

1) двумембранные органоиды;

2) наружная мембрана гладкая, внутренняя со складками – кристами, на которых расположены дыхательные ферменты;

3) внутри (между кристами) находится матрикс;

4) матрикс содержит: кольцевую молекулу ДНК, рибосомы 70s, все виды РНК, ферменты;

5) образуются путем деления.

Функции митохондрий:

1) окисление органических веществ до углекислого газа и воды (цикл Кребса), синтез АТФ (окислительное фосфорилирование) – клеточное дыхание;

2) синтез некоторых собственных белков.

 

(1) расщепляют биополимеры до мономеров – выпадает (функция лизосом);

(2) содержат соединенные между собой граны – выпадает (граны содержат хлоропласты);

(3) имеют ферментативные комплексы, расположенные на кристах – митохондрии;

(4) окисляют органические вещества с образованием АТФ – митохондрии;

(5) имеют наружную и внутреннюю мембрану – митохондрии, пластиды (хлоропласты), ядро.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.08.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12