400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Оқуға құштар мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала оқуға құштар мектеп аясында жазылған. Балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Оқуға құштар мектеп”

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Негізінен баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыру ерте бастан, яғни 1 сыныптан бастаған жөн. Яғни, бала түгел бір кітапты оқи алмасада, түрлі ертегілерді тыңдауы, үлкендердің көмегімен жүзеге асып, сол ертегіні қойылым ретінде баланың қатысуымен сахнаға ұсыну арқылы қызығушылығын дамытуға болады. Осы орайда кітап оқуға деген құштарлықты ояту мақсатында бір қадам жасалды. Атап айтатын болсам № 45 ЖОББМ-і “Оқуға құштар мектеп” Республикалық жобасы бойынша, кітапхана меңгерушісі Кабиева Лаура Рашовнаның ұйымдастыруымен 1 “в” сынып оқушылары “Орамжапырақ пен қияр” ертегісін оқып, қойылым көрсетті. Осы арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы басым екені көрініп тұрды. “Оқуға құштар мектеп” жобасы әрі қарай өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Бастауыш сынып мұғалімі Алексеева Жазира Сергейқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
4394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі