«Оқуға құштар мектеп»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқуға құштар мектеп»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқуға құштар мектеп» vf0fkf
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқуға құштар мектеп»


Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Кітап - білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбие құралы. Білім -кітапта.

«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге» деген Абай Құнанбайұлы.

Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.

Біздің метепте де оқу жылы басталғаннан бері апта сайын «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген іс- шаралар, сайыстар өткізіліп жатыр.

Жобаның негізгі мақсаты-оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жасөспірімдердің мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.

Жобаның міндеттері: қоғамдағы балалар мен жасөспірімдер оқуының мәртебесі мен рөлін арттыру; балалар мен жасөспірімдердің оқу құзыреттіліктерін, жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру; балалар мен жасөспірімдердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру; балалар мен жасөспірімдердің оқу инфрақұрылымын жетілдіру.

Буккроссинг акциясы: өзің оқыдың - басқаға бер! Жас оқырмандар үшін «Оқырман мектеп - оқырман ұлт» бағдарламасы аясында бастауыш бөлімде Буккроссинг акциясы өтті, бұл қоғамдық қозғалыс, оның мәні - адам кітапты оқығаннан кейін оны екіншісіне «жолға жібереді».



Оқу жылының басында балалар ата-аналарының келісімімен оқылған кітаптарды әкелді және өздерінің құрдастарымен алмасты. Біздің буккроссингтің ерекшелігі - кітап мектепте «бос сөреде» жатады және оны қалайша көп адам оқуы үшін кері қайтару керек. Ол дәстүрге айналды.

Ұлы қазақ ақыны мен ойшысының 177 жылдығын мерекелеу аясында 10 тамызда «Балдырған мектебі» дайындық курсының оқушыларымен «Абай күні» әдеби сағаты өткізілді. Ұстаздар оқушыларды ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балаларға ақын, ағартушы және философтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейне материалдар, сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Қазақ ақынының сөзі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ, сондықтан да біздің ұрпаққа Ұлы Абай Құнанбаевты еске алу өте маңызды.

С.Мәуленовтың мұрасын қазіргі жастар арасында насихаттау мақсатында 19-21 қыркүйек аралығында мектепте 1-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өткізілді.

Қараша айында біздің мектепте Қостанай қаласының қазіргі заманғы ақыны Александра Ильинична Сусловамен кездесу өткізілді. 4-сынып оқушылары оның шығармаларына тәнті болды. Оның шығармашылығына жанкүйерлер болған оқушылар оның кітаптарын әкеліп, өлеңдерін жатқа оқып, шығармаларды жасау тарихын тыңдады.



Кітапханашы М.Р. Асылбекованың басшылығымен балаларға туған халқын ағарту ісіне бар күш-жігері мен дарынын берген, қазақ балалары үшін ана тілінде әңгімелер мен өлеңдер жазған аса ірі ойшылдардың өмірі мен қызметі туралы презентация ұсынылды.

Мысалы, осы аптада «Мен оқыған бір ертегі» атты іс-шара өткізіледі. Оған 1-4 сынып оқушылары қатысады. «Әліппемен қоштасуда» да «Оқуға құштар мектеп» жобасы кіреді.

Тәрбие сағаттарында оқушылар өздерінің бос уақыттарын тиімді іспен, кітап оқумен өткізгендіктері туралы әңгімелейді. Кейбірі әңгіме кітаптарын оқыса, енді бірі әлем халықтарының ертегілері туралы кітаптарын оқығандықтары туралы жарыса әңгімелейді. Енді бірі мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқығандығын айтып өтті. Оқушылар оқыған әңгімелерінің не туралы екендігін ортаға салады. Ой бөліседі. Олар кітап оқудың қандай пайдасы бар екендігін постер арқылы да ортаға салады.



«Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы

білім беретін мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Улберген Кусаинова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2024
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі