Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы білімнің жаңаруы мен жаңғыруына тәрбиенің әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллект – білім берудің болашағы. Ол оқыту жақсарту, оқушыларды қабілеттерін дамытып, мұғалімдерге көмек көрсету арқылы үлкен басқару. Алайда, ЖИ толықтай мұғалімді алмастыра алмайды, тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды тек адам бере алады. сондықтан ЖИ – көмекші құрал, ал басты тұлға – әрқашан мұғалім. Бастауыш сыныптағы тәрбие – баланың болашақ өмірінің негізі қалай маңызды кезең. Құндылықтарға негізделген білім беру арқылы біз жан-жақты бәсеке, елін сүйетін, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелей аламыз .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері, бүгіні мен болашағы» облыстық педагогикалық оқу



«Shape1 Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы білімнің жаңаруы мен жаңғыруына тәрбиенің әсері

Нығыметова Аймагул Жанжолқызы

Атырау облысы, Махамбет ауданы,

Қосарал орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

«Баланың ынтасын арттыру үшін

оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек»

Жүсіпбек Аймауытов

ХХІ ғасыр - бұл технологиялық дамудың қарқынды қарқынмен жүріп жатқан заманы, ақпараттың қолжетімділігі мен оның көлемі күн сайын артып келе жатыр. Бұл жағдайда білім беру жүйесі де өзгерістерге ұшырап, жаңа шақырулар мен міндеттерге төтеп беруге тырысуда. Білім беру жүйесінің басты мақсаты - жеке тұлғаны қалыптастыру, оның ақыл-ой қабілетін дамыту, тәрбиелеу және оған қоғамда өзін табысты сезінуге мүмкіндік беру. Білім мен тәрбиенің ажырамас байланысы әр кезде маңызды болды. Алайда, білім беру жүйесі жаңа шақыруларға төтеп беру үшін өзгерістерге ұшырап, жаңарып отыруы қажет. Білім беру жүйесін жаңарту процесінде тәрбие маңызды рөл атқарады.

Жаңа білім беру стандарттары мен технологиялар балалардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған. Бірақ олардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоғамға пайдалы адамдар етіп тәрбиелеу де өте маңызды. Жаңа білім беру стандарттары мен тәрбие жүйесі ажырамас тұтастық құруы қажет.Осы орайда, білім беру жүйесін жаңарту мен тәрбиелеу процесін жаңғырту туралы пікірлер мен ұсыныстарды бөлісуге тырысамын.

Мақсатым:Бұл жұмыс білім беру мен тәрбие үдерісіндегі заманауи тех-нологиялардың рөлін зерттеу арқылы «Оқуға құштар мектеп» жобасының тиімділігін арттыруды көздейді. Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын оқу және тәрбие жұмыстарында қолдану арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, олардың танымдық белсенділігін арттыру және өзін-өзі дамытуға бағыттау – негізгі мақсаттардың бірі.

Міндеттері: -Жасанды интеллекттің білім беру мен тәрбие үдерісіндегі рөлін анықтау;

-«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген шараларды талдау және олардың тиімділігін бағалау;

-Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруда ЖИ технологиялары-ның мүмкіндіктерін қарастыру;

- Жасанды интеллектті тәрбие үдерісіне енгізудің жаңа тәсілдерін ұсыну;

-Оқушылардың кітап оқу дағдыларын дамытуға арналған цифрлық платформалар мен ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын ұсыну

Өзектілігі: Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қарқынды дамып, оқушылардың білім алу тәсілдері айтарлықтай өзгеруде. Кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі – заманауи білім беру жүйесіндегі өзекті мәсе-лелердің бірі. «Оқуға құштар мектеп» жобасы осы мәселеге жауап ретінде ұсынылып, оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталған. Жасанды интеллекттің дамуымен бұл жобаны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік туды.

ЖИ құралдары оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес кітаптар ұсыну, оқу барысын бақылау және олардың қызығушылықтарын ескере отырып, мазмұнды бейімдеу сияқты мүмкіндіктерге ие. Сонымен қатар, виртуалды оқыту ассистенттері мен интеллектуалды платформалар оқушы-лардың оқу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Осылайша, дәстүрлі кітап оқу мәдениеті мен заманауи цифрлық технологияларды біріктіру арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Бұл жұмыстың маңыздылығы – оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда жасанды интеллекттің тиімділігін айқындап, оны тәрбие проце-сінде жүйелі түрде қолданудың жаңа әдістерін ұсыну.

Білімнің жаңаруыда, жаңғыруыда - тәрбиеде” атты жұмысым  білім беру жүйесін жаңғырту және оқушылардың XXI ғасыр талаптарына сай дамуына бағытталған тәрбие жұмыстарын күшейту арқылы қазақстандық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.

Тәрбие саласының басым бағыттарын жүйелі ұйымдастыру жолдары

Тәрбие саласының басым бағыттарын жүйелі ұйымдастыру - бұл жаңа буынның қалыптасуына, олардың ұлттық және адамгершілік құнды-лықтармен қанығуына, жеке тұлға ретінде толыққанды дамуына ықпал ететін маңызды міндет. Бұл үшін келесідей жолдарды қолдануға болады

1. Стратегиялық жоспарлау және басым бағыттарды анықтау:

Қоғамның талаптарын талдау: Қазіргі қоғамның қандай дағдыларға мұқтаж екенін, жас ұрпақ қандай құндылықтар мен білімдерге ие болуы керектігін анықтау.

Басым бағыттарды анықтау: Қоғамның талаптарына сәйкес келетін негізгі тәрбие бағыттарын анықтау. Мысалы, патриоттық тәрбие, адамгершілік тәрбие, құқықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі, экологиялық тәрбие, иннова-циялық тәрбие, ақпараттық сауаттылық тәрбиесі және т.б. [1, 32 бет]

Стратегиялық жоспар құру: Анықталған басым бағыттарға сәйкес келетін тәрбие жұмысының стратегиялық жоспарын құру. Жоспарда белгілі мерзім-ге (мысалы, бір жылға) тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары мен міндет-терін анықтау, қажетті ресурстарды және бақылау механизмдерін көрсету.

2.Тәрбие жұмысының жүйелілігі: Бірыңғай тәрбие жүйесін құру:  Тәрбие жұмысын оқу бағдарламаларымен, сынып сағаттарымен, тәрбие іс-шараларымен, сынып жетекшісінің жұмысы-мен және оқушылар мен ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ететін басқа да әдістермен жүйелі түрде ұйымдастыру. [ 2, 68 бет]


Басым бағыттарды барлық тәрбие жұмыстарына енгізу: Барлық тәрбие жұмыстарында анықталған басым бағыттардың негізгі принциптерін қолдану. Мысалы, оқуға құштар мектеп жобасы аясында түрлі шаралар сынып сағаттарына, тәрбие іс-шараларына және т.б. енгізілуі керек.

Тәрбие жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ету: Бастауыш, орта және жоғары сыныптардағы тәрбие жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ету. Бұл үшін әр сынып жетекшісі өз сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысының жоспарын құруы керек.

3. Тәрбие жұмысының әдістемелік негізі: Жаңа әдістемелерді қолдану: Тәр-бие жұмысын жаңа технологиялармен және әдістемелермен жабдықтау. Мысалы, интерактивті оқыту әдістерін қолдану, топтық жұмыс әдістерін енгізу, дебаттар ұйымдастыру, шығармашылық жобалар бойынша жұмыс істеу және т.б.

Педагогикалық шеберлікті арттыру: Мұғалімдердің тәрбие жұмысын жүргізу бойынша педагогикалық шеберлігін арттыру. Бұл үшін тәжірибе алмасу семинарларын, тренингтерді және басқа да әдістерді қолдануға болады.

Оқушылардың қызығушылығын ескеру: Тәрбие жұмысын оқушылардың қызығушылығын ескере отырып ұйымдастыру. Мысалы, олардың қатысуын қамтамасыз ететін игілікті іс-шараларды ұйымдастыру, олардың қатысуымен конкурс, сайыстар ұйымдастыру және т.б.

4. Ата-аналардың қатысуы: Ата-аналармен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету: Оқушылардың тәрбиесіне ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету. Бұл үшін ата-аналар жиындарын, жеке кездесулерді, конференцияларды және т.б. ұйымдастыруға болады.

Ата-аналарға тәрбие жұмысы туралы ақпарат беру: Ата-аналарға тәрбие жұмысы туралы ақпарат беру. Бұл үшін веб-сайттарды, электронды пошта-ларды және т.б. қолдануға болады.

Ата-аналардың тәрбие жұмысына қатысуына ынталандыру: Ата-аналардың тәрбие жұмысына қатысуына ынталандыру. Бұл үшін әртүрлі мадақтау формаларын қолдануға болады.

5. Бақылау мен бағалау: Тәрбие жұмысының нәтижелерін бақылау: Тәрбие жұмысының нәтижелерін бақылау және бағалау. Бұл үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады, мысалы, сұрақнама, тест, байқау және т.б. Бақылау нәтижелері бойынша түзету жұмыстарын жүргізу: Бақылау нәтижелері бойынша тәрбие жұмысын жетілдіру және түзету жұмыстарын жүргізу.

Тәрбие саласының басым бағыттарын жүйелі ұйымдастыру – бұл жас ұрпақты қалыптастырудағы маңызды міндет. Жоғарыда көрсетілген жолдарды қолдана отырып, біз жаңа буынның толыққанды дамуына, олар-дың ұлттық және адамгершілік құндылықтармен қанығуына, сонымен қатар қоғамның талаптарына сәйкес келетін дағдыларға ие болуына ықпал ете аламыз.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде тәрбие мен білімнің ажырамас байланысы ерекше мәнге ие. Білімнің жаңаруы мен жаңғыруы тек оқу бағдарламасының мазмұнын өзгертумен ғана шектелмейді, сонымен қатар оқушының жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тәрбие процесімен тікелей байланысты.Бастауыш сынып- тұлғаның қалыптасуындағы маңызды кезең, осы кезеңде баланың оку дағдылары ғана емес, оның құндылық бағдарлары, дүниетанымы мен мінез құлқы қалыптасады. Сондықтан жаңа әдістермен технологияларды тиімді пайдалану арқылы тәрбие процесін жетілдіру –заман талабы. Осы орайда «Оқуға құштар мектеп» жобасын және жасанды интеллекті тәрбие процесіне енгізу-оқушылардың білімге қызығушылығын арттырудың, танымдық белсенділігін дамытудың және құндылықтық тәрбиені нығайтудың маңызды құралы бола алады.Осы жұмыста бастауыш сыныптарды тәрбиені жаңашыл әдістер арқылы ұйымдастырудың тәсілдері қарастырылады. [4, 102 бет]

Қазіргі білім беру жүйесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары оқу процесіне қарқынды еніп, оқытудың тиімділігін арттыруда. Әсіресе, бастауыш сыныптағы тәрбие процесінде ЖИ-дің рөлі ерекше маңызға ие. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыруда, жеке оқу траекториясын құруда және шығармашылық қабілеттерін дамытуда ЖИ-дің мүмкіндіктері кеңінен қолданыла бастады.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ЖИ технологияларын енгізу арқылы оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту және ақпараттық сауаттылығын дамыту көзделеді. Бұл жоба тек оқулық материалдарымен шектелмей, баланың ізденімпаздық қабілетін арттыруға, ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. ЖИ негізінде жұмыс істейтін оқу құралдары, интерактивті кітаптар мен интеллектуалды көмекшілер оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

Бұл жұмыстың мақсаты – бастауыш сыныптағы тәрбие процесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы ЖИ-ді қолданудың тиімділігін қарастыру, оның оқушылардың білім деңгейіне, қызығушылығына және тәрбие үрдісіне тигізетін оң әсерін анықтау.

Жасанды интеллект (ЖИ) тәрбие процесінде үлкен рол атқарады. Оның бірнеше негізгі пайдасын қарастырайық:

1.Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие.ЖИ әр оқушының мінез-құлқын, қызығушылығын, қабілетін талдай отырып, оларға жеке бағдарланған кеңестер мен материалдар ұсына алады. Бұл әсіресе оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу және дамыту қабілеттерін арттыруға көмектеседі.

2.Моралдық және этикалық шешім қабылдауды үйрету.ЖИ этикалық дилеммаларға негізделген интерактивті сценарийлер ұсынып, оқушылардың сыни ойлауын және адамгершілік құндылықтарын дамыта алады.

3. Тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау.Мұғалімдер ЖИ көмегімен тәрбие жұмыстарының мазмұнын талдап,оқушыларға әсер етудің ең тиімді әдістерін анықтай алады.

Мектеп бойынша бұрын 3-4 сынып оқушылары арасында «Ұлттық құндылықтар-тәрбие бастауы-халық ауыз әдебиеті» жобасы аясында 9 ай бойына 9 түрлі шаралар өтіп, нәтижесінде Амангелді Диар деген окушым аудандық, облыстық жеңімпазы атанды.

Сол жоба аясында 2024-2025 оқу жылында 3 сынып оқушылары арасында «Оқудың ғажайып әлемі: Әр айда бір жаңа кітап, жаңа әлем!» жобасын өткізудемін. Бұл жоба бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаты – балалардың оқу сауаттылығын дамыту және кітап оқуды күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдыру.

Жобаның негізгі кезеңдері:

Дайындық кезеңі: Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мектеп кітапханасын жаңарту, ЖИ-мен жұмыс істей-тін оқу құралдарын енгізу.Оқушылардың оқу дағдыларын анықтау үшін бастапқы диагностика жүргізу.

Негізгі кезең: «Кітап оқуға 20 минут» күнделікті оқу әдетін қалыптастыру. Оқылған кітаптар бойынша пікір алмасу, креативті тапсыр-малар орындау. ЖИ көмегімен оқушыларға жеке оқу бағдарламаларын ұсыну. Интерактивті оқыту платформаларын пайдалану (аудиокітаптар, смарт кітаптар, жасанды интеллект негізіндегі оқыту қосымшалары).

Қорытынды кезең: Оқушылардың оқу дағдыларындағы өзгерістерді бағалау. Үздік оқырмандарды марапаттау және олардың тәжірибесін бөлісу. Жобаны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Бұл жобаның бастауыш сынып оқушылары үшін бірнеше тиімді тұстары бар:

-Балалардың оқу дағдылары қалыптасып, сөздік қоры молаяды.

-Кітап оқу арқылы шығармашылық қабілеттері дамиды.

-Оқушылардың оқу процесіне деген ынтасы артады.

Жасанды интеллекттің көмегімен әр оқушының оқу деңгейіне сәйкес жеке бағдарлама ұсынылады.

-Кітапхана мен сандық ресурстарға қолжетімділік артып, ақпараттық сауаттылық деңгейі көтеріледі. Осыған байланыысты сыныбыма 9 айға-9 шара жоспарланды.

Кесте 1

ай аты

тақырып

әдісі

ЖИ түрі

1

Қыркүйек

«Кітаптар әлеміне қадам бас!»

Блиц-турнир

quizlet

2

Қазан

«Мен оқыған бір кітап»

Пікірталас

Gemini

3

Қараша

«Отбасымен бірге оқимыз»

Оқырмандар сайысы

QR

4

Желтоқсан

«Мен білетін ертегілер

Сайыс

Word wall, QR

5

Қаңтар

«Цифрлық ертегі»

Квест ойыны

joyteka

6

Ақпан

«Әдеби кейіпкерлердің әлемі»

Сахналық қойылым


7

Наурыз

"Оқы, ойлан, бөліс!"

Сұхбат сағаты

Quiver

8

Сәуір

«Оқырман марафоны»

«100 ертегі оқы!» челенджі

StoryJumper

9

Мамыр

«Үздік оқырман»

Қорытынды байқау



Жобаны жүзеге асыру барысында ЖИ технологиялары түрлі іс-шараларда қолданылды:

Қыркүйек айы: «Кітаптар әлеміне қадам бас!» Блиц-турнир шарасында «Ақылды кеңесші» виртуалды көмекшісі – ЖИ негізінде оқушыларға оқуға ұсынылатын кітаптар мен мазмұнды талдау бойынша кеңестер берілді.

«Кітап әлеміне саяхат» онлайн-викторинасы – Жасанды интеллект көмегі-мен ұйымдастырылған интерактивті сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Қазан айында «Мен оқыған бір кітап» пікірталастың мақсаты: Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалана отырып, оқылған кітапты жаңаша форматта талдау. Сыни ойлау, шығармашылық және зерттеу дағдыларын дамыту.

1-кезең бойынша "Кітаппен таныстыру" (Жеке презентация) бөлімінде ЖИ көмегімен: кітап кейіпкерлерінің бейнесін жасап, AI генераторлар арқылы кітаптың қысқаша аннотациясын дайындады. 2-кезеңде "Кітапты жаңа қырынан ашамыз" кейіпкерге сұхбат беруде чат-бот жасады. ЖИ арқылы жаңаша пікірлер арқылы интерактивті постер, комикс жасады. Соңғы кезеңде түрлі номинациялар беріліп марапатталды. Нәтижесінде оқушы-лардың тіл мәдениеттері дамыды. Қараша айында «Отбасымен бірге оқи-мыз» оқырмандар сайысые\ның мақсаты: отбасы мүшелерін біріктіре оты-рып, оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру, кітап оқу мәдениетін қалып-тастыру және оқылған шығармалар негізінде отбасы құндылықтарын наси-хаттау болды. Алғашқы кезең кітапты таныстыру бойынша (Отбасы визиткасы) Әр отбасы өздерін таныстырып, сүйікті кітаптары туралы қысқаша айтып өткен болатын. Таныстыру презентация, видеоролик, театрландырылған қойылым арқылы жүзеге асты. 2-кезеңде Кітаптан үзінді оқу - отбасы бір шығармадан (ертегі, әңгіме, өлең, көркем шығарма) үзінді дауыстап оқиды. Оқудың көркемдігі, дауыс мәнері, интонациясы бағаланды

3-кезеңде Отбасылық кітап бұрышында әр отбасы өздерінің үйдегі кітап оқу мәдениеті туралы бөлісіп, фотоколлаж немесе шағын видео ұсынды. Бұл шара нәтижесінде оқушылардың мәнерлеп оқуы мен қатар отбасылық кітап оқу арқылы балаларға рухани құндылықтарды сіңіру көзделді.

Желтоқсан айы: «Мен білетін ертегілер шарасы оқушылардың ертегілерін оқи отырып есте сақтау қабілетін дамытып, QR-код технологиясын пайдала-ну арқылы қызығушылықты арттырылды. Авторларын тап бөлімінде QR-кодпен әңгіме авторын, «Кейіпкерді тап» бөлімінде QR-код арқылы тапсырмалар орындаса, «Ертегіні аяқта!» кезеңінде QR-кодпен шығар-машылық тапсырма орындап, сыни ойлау қабілеттерімен, оқушылардың қиялдары шыңдады. Көркем әдебиеттегі кейіпкерлер арқылы оқушыларға адамгершілікке, әдептілікке баулыды. Бұл интерактивті ойындар арқылы оқушы белсенділігі артты. Қаңтар айында өткен «Цифрлық ертегі» квест ойынынң мақсаты балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін және шығар-машылық қабілетін дамыту. Бқл ойында кітаптар әлеміне саяхат кезеңінде кітаптар туралы қызықты деректер айтылып, "Ең көне кітап", "Ең үлкен кітап", "Ең кішкентай кітап" сияқты ерекше кітаптармен таныстырылды. «Кітапты таны!» кезеңінде кітаптардан үзінділер немесе суреттер көрсеті-леді. Кітаптың атауын немесе авторын тапса, «Кітап – білімнің кілті» бөлі-міінде оқыған кітап бойынша joyteka жасанды интеллектісі арқылы квест тапсырмаларын орындап, кітап оқу арқылы мейірімділік, жауапкершілік, адалдық қасиеттері сіңірілді. Аудиокітаптар және сандық кітапханалар – Балалар қызықты кітаптарды тыңдап, талдау жасады. Ақпан айы «Әдеби кейіпкерлердің әлемі» сахналық қойылым шарасының мақсаты оқушы-ларды әдеби кейіпкерлермен таныстыра отыырып, кітап оқуға қызығу-шылықтарын арттыру болатын. Нәтижесінде балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыруда сахналық қойылымның ролі маңызды болып табылды. Наурыз айы "Оқы, ойлан, бөліс!" сұхбат сағаты,Сәуір айы «Оқыр-ман марафоны» 100 ертегі оқы!» челенджі, Мамыр ай «Үздік оқырман» шаралары жоспарланды. Бұл шараларда да интерактивті оқу платформалары – оқушыларға арнайы жасалған ЖИ-мен жұмыс істейтін оқу құралдары ұсынылды. Жалпы, жасанды интеллекттің қолданылуы оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, олардың білімін жетілдіруге айтарлықтай үлес қосты.

Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану бос әрекет» деген, яғни білім ғана биікке жеткізеді. Жас ұрпақты қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел –елдік санасында тәрбиелеудің мазмұны мен маңыздылығын түсіндіруде ұстаздың қосар үлесі мол.[3, 42бет]

ХХІ ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Жас мемлекетіміз білім саласында өзіндік бағыт-бағдарын айқын-дап, әлемдік білім кеңістігіне еркін шыға алады. Себебі, инновацияларды кеңінен қолдану- білім жүйесінің дамуына, білім сапасының артуына үлес қосары сөзсіз. Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өмірін-дегі өзгерістерге сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам өзінің әлеуметтік-эконо-микалық және рухани дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді.

«Оқуға құштар мектеп» жобасының тиімділігі және ЖИ арқылы дамытуда: Оқу сауаттылығының артуы: Оқушылардың мәтінді түсіну дағдылары дамиды, сөздік қоры кеңейеді, дұрыс сөйлеу және жазу қабілеттері жетіледі.

Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау: Оқылған кітаптар негі-зінде талдау, пікір білдіру, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы балалардың қиялы мен ойлау қабілеті дамиды.

Тұлғалық даму: Балалардың өзін-өзі дамытуға, жаңа білім алуға деген қызығушылығы күшейеді, ынтасы артады.

Қоғамдық белсенділік: Оқушылар кітап оқу арқылы жаңа ортаға бейім-деліп, пікірталастар мен шығармашылық іс-шараларға белсене қатысады.

Ата-аналардың қатысуы: Жоба ата-аналарды балаларымен бірге кітап оқуға ынталандырып, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жалпы, жасанды интеллектті қолдану оқуға деген қызығушылықты күшейтіп, білім беру процесін заманауи әрі тиімді етеді. Бұл техноло-гияның көмегімен балалар тек оқу сауаттылығын дамытып қана қоймай, ақпаратты талдау, жүйелеу және қолдану дағдыларын меңгереді. Білім беру әдістерінің жаңаруы – заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу тәсіл-дерінің өзгеруі мен жетілдірілуін білдіреді. Қазіргі кезде оқыту әдістері тек білім берумен шектелмей, оқушылардың құндылықтарын қалыптас-тыруға, олардың жан-жақты дамуына және өмірге бейімделуіне ықпал етуде.

Білім беру әдістерінің жаңаруы тек қана оқыту сапасын арттырумен шектелмей, тәрбиені де күшейтіп, оқушыларды саналы азамат ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өзгерістерді бастауыш сыныпта тиімді пайдалану – баланың болашақтағы жетістігінің іргетасы болмақ.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы – білімнің ғана емес, тәрбиенің де маңыз-ды құралы. Ол оқушыларды саналы, білімді, мәдениетті азамат етіп қалыптастыруға бағытталған. Бұл жоба арқылы мектеп тек білім беру мекемесі емес, балалардың рухани және зияткерлік ортасына айналады.

Жасанды интеллект – білім берудің болашағы. Ол оқыту жақсарту, оқушыларды қабілеттерін дамытып, мұғалімдерге көмек көрсету арқылы үлкен басқару. Алайда, ЖИ толықтай мұғалімді алмастыра алмайды, тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды тек адам бере алады. сондықтан ЖИ – көмекші құрал, ал басты тұлға – әрқашан мұғалім.

Бастауыш сыныптағы тәрбие – баланың болашақ өмірінің негізі қалай маңызды кезең. Құндылықтарға негізделген білім беру арқылы біз жан-жақты бәсеке, елін сүйетін, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелей аламыз .

Ұсыныс: 1. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кітаптарды насихаттау бағытында бастауыш сынып оқушылары арасында қазақ ертегілері, батыр-лар жыры сайыстарын ұйымдастыру

2. Балаларға арналған қазақша аудиокітаптар мен подкасттар көбейтілсе

3. Отбасылық оқу дәстүрлерін дамыту, яғни «Ата-анаммен бірге оқимын» челендждерін, «Әжемнің ертегісі», «Атамның ақылы», «Қітап құпиясы» атты квест ойындар ұйымдастырылса





































Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев.Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.

3. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001.
4. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1958.


7


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12