400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқылым тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
11 -сынып оқушылырына (орыс сыныбы)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті



Оқылым

Инструкция: Внимательно прочитайте текст и выполните тестовые задания с выбором одного правильного ответа.

1-мәтін.

«Қазақ поэзиясының  Хан Тәңірі»


Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында қазақтың ұлы ақыны, аудармашы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының  Хан Тәңірі» атты көрме ұйымдастырылды. 

Мұқағали Мақатаев – 1931 жылғы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында Хантәңірі тауының етегінде  дүниеге келген.

Он жеті жасар ақынның шығармашылық жолы «Советтік шекара» газетінде 1949 жылы алғаш жарияланған «Қырманға», «Қойшы бала-Әкітай» өлеңдерімен басталады.

Оның жарқын шығармашылыққа арналған өмірінің отыз жылдан астамы туған жері Қарасазда өтті. Достары мен замандастары Мұқағалидың оптимизмін, өмірге   құштарлығын,  ізденімпаздығын жоғары бағалады.Мұқағали Мақатаев XX ғасырдың 60-70 жылдарында қазақ поэзиясының біртуар тұлғасына, ал «Саржайлау» өлеңі халық әніне айналды.  Ол  қазақ  әдебиетіне   отты найзағай сияқты қосылып, өнер сүйер қауымды елең еткізді.

Сонымен қатар М.Мақатаевтың  шығармашылық мұрасында аудармалар ерекше орын алады. Ақын өзінің қысқа өмірінде Шекспирдің сонеттерін,Уитменнің «Шөп жапырақтарын» және Дантенің «Құдіретті комедиясы» өлеңдерін ана тілінде сөйлетті. Оның  орыс классиктерінің шығармаларын шебер аударғанының арқасында Александр Блок, Николай Некрасов, Александр Пушкиннің шығармалары қазақ оқырманына жол тартты.Ақиық ақынның дарынына өмірден өткен соң  ғана лайықты баға берілгенімен  Мұқағалидың өлеңдері ақынның көзі тірісінде-ақ халқының сүйіспеншілігіне бөленді.

Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты.  Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға,  өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы. Ақын қысқа өмірінде, соңына жарқын поэтикалық із қалдырды. Ол 1976 жылы қайтыс болды. 1981 жылы Мұқағали есімі көше атауына беріліп, ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.

Ал, 2002 жылы Алматы қаласындағы Мақатаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы гүлзарға ақынның қола ескерткіші орнатылды. Республика бойынша мектептерге, скверлерге, саябақтарға Мақатаев есімі берілген.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан алынған 1948 жылдан бүгінге шейін шыққан «Советтік шекара» газеті, «Парасат», «Жұлдыз», «Ұлағат», «Үркер», «Аңыз адам», «Мұқағали», «Таңшолпан», «Қасым», «Ақиқат» т.б. журналдардағы материалдар ұсынылды.



https://www.nlrk.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=2938:m-a-ali-ma-ataevti-90-zhyldy-yna-arnal-an-aza-poeziyasyny-khan-t-iri-atty-k-rme-jymdastyryldy&catid=47&lang=kz&Itemid=127

1. Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған көрме қайда өтті?

А) Мерзімді басылымдардың оқу залында

Б) Ақынның ауылында

В) Ұлттық кітапханада

Д) Республика мектептерінде

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.Ақынның бірінші жарық көрген өлеңдері.

А) Ақын Алматы облысы, Райымбек ауылында туылды.

Б) «Қырманға», «Шөп жапырақтарын» өлеңдерін ана тіліне аударды.

В) Ақын өзінің қысқа ғұмырында артында өшпестей із қалдырды.

Д) «Құдіретті комедия» өлеңі ақынның халық сүйіп тыңдайтын әні.

3. Мәтінге сәйкес даналық сөзді белгілеңіз.

А) «Өлмейтін өмір кілті – өнерде» (Қорқыт ата)

B) «Адалдық артық, арамдық жаман» (Ш.Құдайбердиев)

С) «Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды» (Б.Байрон)

D) «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай)

4.Берілген жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.

М.Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты. 

А) Жақсыз,толымды,атаулы

В) Жақты,толымды,жайылма

С) Жақты,толымсыз,жалаң

Д) Жақты,жалаң,толымды

5. «Аудармалар» сөзін қай топқа қосуға болады?

А) жалпы,негізгі,дара

Б) жалқы,дерексіз,күрделі

В) жалқы,негізгі,деректі

Д) жалпы,туынды,дара



Инструкция: Внимательно прочитайте текст и выполните открытые тестовые задания с развернутым ответом.

2-мәтін.

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Жас қазақстандықтар қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуда, елімізде жоғары білім алу үшін білім гранттары бөлінуде.

Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қызмет ( бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70 пайыздан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б. атап өтуге болады.

Мемлекеттік бағдарламалар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар біліктілігін арттыруға, мамандығын ауыстыруға, жаңа мамандықтарды игеруіне де көп көңіл бөледі.

Өскелең ұрпақ әрдайым заман сұранысына сай бейімделуіне, кейде әлемдік дамудың алдын алуға, бүгінде республикамызда білім беру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде, үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологиясын енгізу, робототехника және тағы басқа жаңашылдыққа баса назар аударылуда.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/49199/

1.Мәтіндегі мәселені анықтап,екі көзқарасыңызды білдіріңіз.

2.Асты сызылған сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

3. «Еліміздің болашағы-білімді ұрпақ» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.05.2021
3121
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі