400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқулыққа көмекші құрал 5-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып оқулығына көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аршалы аудандық білім бөлімі

Сарыоба орта мектебі





















Shape1



Shape2





Shape3






Shape4








5-сыныптың қазақ тілі пәнінен

лексика, фонетика салалары бойынша

оқулыққа көмекші құралды құрастырған:


Жұмай Ауғанбайұлы – Аршалы ауданы Сарыоба орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


Мекен-жайы: Ақмола облысы. Аршалы ауданы. Сарыоба ауылы “Достық” көшесі.

телефоны: 8 (71644) 24 6-74.
















Пікір жазғандар:


Ж.Б.Саткенова – филология ғылымының кандидаты.

Ф.Б.Әбиева – «Тәрбие сағаты» журналының редакторы.



Оқушының есте сақтау қабілетін жақсарту үшін қайталау әрекетінің маңызы зор. Ауызша айтқызумен бірге жазу арқылы бағдарламаны меңгерту есте сақтау қабілетін дамытады деп ойлаймыз.

Көмекші құрал алған білімді тереңдетеді, еске түсіруді жылдамдатады, тапсырманы ойланып отырып орындауға мүмкіншілік береді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Жұмай Ауғанбайұлы ұсынып отырған 5-сыныптың қазақ тілі оқулығына көмекші құралы оқушының тапсырманы толық меңгеруіне мүмкіншілік ашады.





Ұйымдастырушылар: Баяхина Г.И.

Әбубакір Қ.С.









5-сыныптың қазақ тілі пәнінен лексика, фонетика салалары бойынша оқулыққа көмекші құралды құрастырған:

Жұмай Ауғанбайұлы.

Аршалы ауданы Сарыоба орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жұмай Ауғанбайұлының

«Оқулыққа көмекші құралына»




Пікір.

Бұл оқулыққа көмекші құрал 5-сыныптың бағдарламасы мен оқулығының негізінде құрастырылған. Аудандық пән әдістемесі бірлестінінің отырысында бекітілген. Көмекші құралда қазақ тілдің екі үлкен саласы лексика мен фонетика тарауын өткен соң оқушылардың теориялық білімін тексеруге септігін тигізетін тапсырмалар өте мол берілген. Мысалы, осы көмекші құралды пайдалану барысында фонетика бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды өткенде олардың түрлерін, ерекшеліктерін оқушылар өз беттерімен ажыратуға дағдыланады деп ойлаймыз. Оқулық бойынша берілген жаттығуды орындап болған оқушы мұғалімнің нұсқауынсыз көмекші құралдағы берілген тапсырманы өз бетінше орындай береді. Сонымен қоса бұл оқулық құралы оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Яғни мұғалімдерге қажетті көмекші құрал деп айтуға негіз бар. Сондықтан бұл құралды аудан көлемінде мұғалімдерге қосымша пайдалануға ұсынамын.








Ақмола облыстық БҚБА ҚДИ-ның оқытушысы: Өтебаев Ж.Қ.



Алғы сөз.


Көмекші құрал 5-сыныпта “Қазақ тілі” оқулығынан өткен лексика, фонетика салаларынан оқушылардың теориялық білімдерін қандай деңгейде меңгергендерін анықтау мақсатында тапсырмалар мен жаттығулар негізінде жасауы.

Көмекші құралдың басты маңызы мынадай.


1). Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, орнықты меңгерту.


2). Олардың ойлау қабілеттерін арттырып, есте сақтай білуін қалыптастыру.


3). Әр түрлі жаттығу, тапсырмалар арқылы оқушыларды шығармашылыққа , ізденушіліккеүйрету, тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын байыту.


4). Сонымен қатар көмекші құралдың тағы бір ерекшелігі: 5-сыныпта өткендерді 6,7-сыныптарда өткен материалдарды оқушылардың есіне түсіруге, әрі қарай есте сақтауға қосатын үлесі зор.

Жалпы, бұл көмекші құрал оқушылардың сапалы білім алуына белгілі дәрежеде жақсы пайдасын тигізеді.










Лексика.

Сөз. оның мағыналары.


1.Тапсырма. Мына сөздерден толық мағыналы сөздер мен мағынасы жоқ сөздерді ажыратып жаз.


адам, орман, қызыл, үшін, дейін, отыз, келді, жүгірді, елу, қайың, туралы, таман, кешке, ертең, арқылы, сарғыш, көкшіл, айтады.



2.Тапсырма. Мына сөздер құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысынан бірнеше мағыналы сөз жасаңдар.

- қарлығаштар, жасыл, Алатау.



3.Қалай оқыса да, бірдей айтылып, оқылатын бірнеше сөз жаз.



4. Тіл туралы үш мақал жаз.



5 тапсырма. Сөздердің қандай ұғым атауларында жұмсалатынын түсіндір.

Білім, Сана, Көмек, Кеше, Былғары, Көл, Бүгін, Үй, Он екі, Көлік, Отан, Кісі, Сары, Арқан, Болашақ, Кітап, Бес, Көрме.










Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.



1.Тапсырма. Сөйлемдерден тура мағыналы сөздің астын бір, ауыспалы мағыналы сөздің астын екі сыз.

а. Баланың көзі кешеден бері ауырды.

Бұлақтың көзі дәл осы жерден шығады.


ә. Сиыр бұзауын тілімен жалап тұр.

Сағаттың тілі екіні көрсетті.



2.Тапсырма. Мына тіркестерден тура мағыналы сөздер мен ауыспалы мағыналы сөздерді бөліп жаз.

-терең сай, терең құдық, терең адам, терең ой, терең көл.

-жақсы жігіт, жақсы бала, жақсы ой, жақсы сөз, жақсы адам.



3.Тапсырма. “қисық”, “қасқыр”, “түлкі” сөздерін тура, ауыспалы мағыналы етіп сөйлем құрастыр.















Омонимдер.


1.Тапсырма. Сөйлемдерден омоним сөздерді тауып, астын сыз.

а. Ол қою қара шашын ұзақ тарады.

Анау белде көрінген нәрсені қара.


ә. Жаз бойы егінді арық суымен суарды.

Қыс қатал болып мал биыл арық шықты.

2.Тапсырма. Мына сөздерді омоним болғызып, сөйлем құрастыр.

“қаз”, “ер”, “жүз”.










3.Тапсырма: “Менің досым” тақырыбына шағын әңгіме жаз. (құрамында омоним сөздер болсын).
















Синонимдер.

1.Тапсырма. Тест.

Синоним сөздерді көрсет.


а) келді, оқыды, кітап. а) жоғары, төмен, түс.

ә) үй, көше, қала. ә) бағалы, құнды, қымбат.

б) уақыт, мезгіл, мерзім. б) бала, әке, ана.

в) айт, бер, көр. в) ол, олар, сендер.


а) ойын, би, күй. а) күшті, мықты, қарулы.

ә) халық, ел, жұрт. ә) кеше, бүгін, ертең.

б) көрді, берді, барды. б) өзен, тау, көл.

в) сіз, біз, олар. в) ана, ата, немере.


2.Тапсырма. Мына сөздердің синоним сыңарларын жаз.


ғажайып -

сабырлы –

амандасу –

қарт –

тез –


3.Тапсырма. Бұл не? Ойлан тап.


Күндіз бар, Түнде бар,

Түнде жоқ ( ) Күндіз жоқ. ( )


Таңертең төртеу,

Түсте екеу,

Кешке үшеу. ( )





Антонимдер.


1.Тапсырма. Мына сөздерге қарама-қарсы сыңарларын жаз.

биік – кең – жаңа -

жылы – үлкен - қатты -

жарық - ұзын - терең –


2.Тапсырма. Мақалдарға антоним сөздерді қойып жаз.


1. ...... сөз – көмір, ...... сөз – алтын.


2. ...... тауып айтар,

...... қауып айтар.


3. ...... ізет көрсет,

...... құрмет көрсет.


4. ...... бір өлер,

...... мың өлер.


3.Тапсырма. Тест. Антоним сөздерді тауып белгіле.


) айта-айта. а) бала-шаға.

ә) ата-ана. ә) көре-көре.

б) жуан-жіңішке. б) ақтылы-қаралы.

в) үп-үлкен. в) мая-мая.


а) жоғары-төмен. а) дос-жаран.

ә) сөйлей-сөйлей. ә) өтірік-шын.

б) қыз-келіншек. б) ұзын-ұзын.

в) ағайын-туыс. в) бара- бара.




1.Тапсырма. Мына сөздердің синоним сыңарларын тауып жаз.

қорқу - дәрігер -

қуану – мұғалім -

ажарлы - сыйлау –


2.Тапсырма. Сөздерді омоним болғызып сөйлем құрастыру.


а) жүз:




ә) сабақ:




бShape20 ) қой:

Shape21



3.Тапсырма: Мақалдағы көп нүктенің орнына антоним сөздерді қойып жаз.


1. ..... сөйлеп, ..... тыңда.


2. ..... қара тастай қатты бол,

..... мамықтай жұмсақ бол.


3. ..... қатты болса, ..... тәтті болады.


4. ..... жолдас жеткізеді мұратқа,

..... жолдас қалдырады ұятқа.



1.Тапсырма. Мына дисфемизм (жағымсыз) сөздердің эвфемизм (сыпайы) түрлерін жаз.


1. соқыр –

2. ақсақ -

3. мылжың –

4. сақау –


2.Тапсырма. Мына тұрақты тіркестер қандай мағына білдіреді?


тас жүрек – көзді ашып жұмғанша –

су жүрек – төбесі көкке жетті -

ат төбеліндей - бармағын тістеді –


3.Тапсырма. Мақалдарды толықтыр (көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой)


1. ..... инемен құдық қазғандай.


2. Әдепті бала - ... ......

Әдепсіз бала - ... ......


3. ..... намыс өлтіреді,

..... қамыс өлтіреді.


4. Әзіл айтсаң да, .......


5. Білгенің бір тоғыз, ..................







1.Тапсырма. Мына сұрақтарға жауап жаз.


1. Сенің шешеңнің ағасы саған кім болады? ............

2. Апалы-сіңілілі әйелдердің балалары бір-біріне кім болады?

3. Ақиық, мұзбалақ – деген сөздер қандай құсқа қатысты атаулар?


2.Тапсырма. Мына сөздердің мағынасын жаз.

а. оймақ – в. отарба -

ә. елтірі – г. асаба -

б. шидем - ғ. сауыт –


3.Тапсырма. “Ер қаруы – бес қару” – деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Архайзм сөздер қатысқан болсын.

(сойыл, шоқпар, қылыш, қалқан, дулыға, сауыт, найза).












Тапсырма 4. Мақалдардан көнерген сөздерді тауып, астын сыз.


1.Сойылдың басын бассақ, сабы өзіңе тиеді.

2. Қару жисаң, мылтық жи: қарның ашса – азығың,

жаяу жүрсең – таяғың.

3. Қараша жиналып, хан болмас.




Тапсырма 1. Мына жаңа сөздерді қатыстырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына әңгіме жаз.

Жаңа сөздер: Елбасы, Ата заң, Әнұран, Елтаңба, егемендік.












Тапсырма 2. Тест сұрақтарынан диалект сөздерді көрсет.

а.көйлек. а. бас. а. барды.

ә. шалбар. ә. аяқ. ә. барады.

б. сым. б. қабырға. б. баралы.

в. пальто. в. маңлай. в. барғалы.


а. үлкен. а. биік. а. сияқты.

ә. нән. ә. пәс. ә. ұқсас.

б. ағаш. б. темір. б. сәйкес.

в. тас. в. шелек. в. сиықты.


Тапсырма 3. Мына орыс тілінен енген сөздердің дұрыс нұсқасын жаз. (орыс тіліндегі).

жәшік – бөтелке -

кереует – сөмке -

үстел – кәмпит -

бәтеңке - шәйнек –


Тапсырма 4. Кірме сөздің жер-су атауларына қатысты түріне бірнеше сөз жаз.


Фонетика.


1.Тапсырма. Мына жұмбақ (метаграммаларды) шеш.

Егер т-дан бастасаң, Егер д-дан бастасаң,

Биіктердің биігі. ( ) Қиындардың қиыны. ( )

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы. ( )


2. Тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін әріп нешеу? Оларды жазып шық.


3.Тапсырма. Дауысты дыбыс түрлерін жаз.

жуан –

жіңішке –

ашық –

қысаң –

еріндік –

езулік –


4. Тапсырма. “У” – дыбысы жуан болып келетін 5 сөз, жіңішке болып келетін 5 сөз жаз.

У; .........., .........., .........., .........., ...........

У; .........., .........., ..........., ..........., ............


5.Тапсырма. Мына өлең жолдарынан ашық дауыстының астын бір, қысаң дауыстының астын екі сыз.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре-тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. (Абай).




6.Тапсырма. Сөздерден еріндік дауыстыны бір, езулік дауыстыны екі сыз.

Бұлбұл, дүлдүл, өмір, орман, күмән, ұршық, орыс, құнды, өріс, үйрен, күлдіреуіш, ойыншық, өрмек, оймақ, қуыршақ, құлыншақ, үнемі.


7. Тапсырма.

Тіл дыбыстарын сызба-үлгі бойынша топтастырып жаз.


Тілдің қатысына

қарай.

Жақтың қатысына

қарай.

Ерін мен езудің

қатысына қарай.

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік








8.Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбысты қойып жаз.

(а-ә) ...лтын, ...рқан, ...теш, ...йнек, ...тір, ...рман, ...нші.

(о-ө) ...рман, ...рнек, ...рындық, ...рмекші, ...тын, ...мір.

(ы-і) ...дыс, ...шік, ...рыс, ...лгек, ...нта, ...шке.


9.Тапсырма. “Е” дыбысынан басталатын Қазақстан өзендері мен қалаларының бірнешеуінің атын жаз.





1.Тапсырма. Көп нүктенің орнына жұп дауыссыздардың тиістісін қойып жаз.


(п-б); ...айда, ...арта, ...алалы, са...ар, са...ыр, са...тау,

са...ақ, а...талық, қа...ылдау.


т-д; ба...пақ, қал...та, са...ақ, ...ақ, ...ыбыс, ...алап, ...әрі,

...ауыс, ар...ақ, а...ақ.


қ-ғ; қа...аз, қа...пақ, та...пақ, ...арыш, қор...ан,

...асық, ...асыр.


2. Тапсырма. Сөздерден у-дыбысы дауысты болып тұрған сөздерді бір бөлек, дауыссыз болып тұрған сөздерді екінші бөлек топтап жаз.

-қуаныш, қауын, ұрық, қауға, көтеру, күлдіреуіш, аумақ, қуғыншы, қуырдақ, ауыздық, алпауыт, суат, құнақы, сушы, туша, қуса, ару, бару, аулау.


3.Тапсырма. Мына жұмбақтардың шешуі қандай дыбыстар екенін тап.


1. Жаңада бар, 2. Нанда бар,

Ескіде жоқ. ( ) Етте жоқ.

Айранда бар,

Танада бар, Сүтте жоқ. ( )

Ешкіде жоқ. ( )


3. Жазуда бар, 4. Қаста бар,

Сызуда жоқ. Көзде жоқ.

Жылуда бар Сөзде бар

Қызуда жоқ. ( ) Бөзде жоқ. ( )



4. Тапсырма. Тест.

1.Қатаң дауыссызды көрсет. 2.Ұдауыссыздарды көрсет.

а. б, қ, г, ә. а. з, и, к, л.

ә. т, д, һ, р. ә. б, в, г,ғ.

б. ш, щ, ч, ц. б. т, к, л, р.

в. з, и, р, л. в. ж, ғ, у, к.


3. Ашық дауыстылы 4. Еріндік дауыстылы

сөзді тап. сөзді көрсет.

а. күл. а. арман.

ә. күн. ә. орман.

б. жаз. б. әткеншек.

в. жүз. в. сана.

5. Үнді дауыссыздан басталған

сөзді көрсет.

а. лақ.

ә. қозы.

б. құлын.

в. бұзау.

5. Тапсырма. Мына сөздерді тіл дыбыстарына талда.

1. қ – 2. о -

у – р -

ы – м -

р – а -

ш – н –

а – ш -

қ – ы –


6.Тапсырма. А – дыбысына басталып, а – дыбысына аяқталған 6 сөз ойлап жазу.


7. Тапсырма. Қатаң дауыссыздардан басталатын қазақтың ұлттық ойынының бірнешеуінің атын жаз.

1.Тапсырма. Мына сөздерді буынға бөліп жазып, буын түрлерін үстіне белгіле.

Оқушылар, мектептегілермен, кітапханашы.


2.Тапсырма. Буын түрлерін жазып, оларға бірнеше мысал келтір.

Буын.

Shape36 Shape34 Shape35 Shape33

Shape38 Shape39 Shape37

Shape40 Shape42 Shape41

Shape45 Shape44 Shape43







3.Тапсырма. «Біздің сынып» тақырыбына шағын әңгіме жаз. Әңгімеден ашық буындарды тауып, үстіне белгіле.









4.Тапсырма. Мақалдарды буынға бөліп жазып, буын түрлерін белгіле, дауыстының астын бір, дауыссыздың астын екі сыз.

1. Ер елі үшін туады. 2. Отан үшін отқа түс – күймейсің.



3. Өзге елде сұлтан болғанша, 4. Туған жерге туыңды тік.

Өз еліңде ұлтан бол.



5.Тапсырма. Мына сөздерге көптік жалғауын жалға.

балықшы, адам, дос, мектеп, үйрек, күшік, терезе, ағаш, доп, қабырға.



6.Тапсырма. Сөздерден біріңғай жуан дауыстылы сөздерді бірінші бағанға, біріңғай жіңішке сөздерді екінші бағанға, жуан – жіңішке аралас сөздерді үшінші бағанға жаз.



Қауын, ауылды, өрмекші, кітап, газет, алтын, үйрек, үйірме, қазір, математика, материал, көлдер, таудай, геолог, минерал, сулы, күрке, аспан, Әлемнұр, Нұрболат, Нұргүл, Күнсұлу, көрермен, жұмысшы, жұмыскерлер.



Shape56 Жуан сөздер Жіңішке сөздер Аралас сөздер

















7.Тапсырма. Мына жұрнақтарды түбірге жалғап жаз.


1. - нікі, - дікі, - тікі.

2. - мен, - бен, - пен.

3. - кеш, - паз, - хана.

4. - қор, - кер, - и.

5. - тай, - тал.

8.Тапсырма. Тест тапсырмалары.

1. Ашық буынды сөзді көрсет.

а. достар. а. сәнді.

ә. қант. ә. әке.

б. бала. б. тас.

в. енжар. в. ұнтақ.


2. Тұйық буынды сөзді көрсет.

а. құрт. а. ана.

ә. ұрт. ә. пана.

б. сүрт. б. ант.

в. түрт. в. тарт.


3.Бітеу буынды сөзді көрсет.

а. таза. а. алақай.

ә. ара. ә. балақай.

б. қарт. б. жолдас.

в. дана. в. аңшы.


4. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсет.

а. әкешім. а. шаруақор. а. әдемі.

ә. анама. ә. еңбекқор. ә. сәнді.

б. әжетай. б. жұмысшы. б. сәнқой.

в. балақай. в. еңбекші. в. әнші.


5. Ілгерінді ықпалды көрсет.

а. Алматы. а. қара көк.

ә. Талдықорған. ә. ақшыл.

б. Ақтөбе. б. сәнді.

в. Ақмола. в. Алтыбақан.





6. Кейінді ықпалды көрсет.

а. егінші. а. Қамбар. а. бірқыдыру.

ә. егіндік. ә. Қауын. ә. Жанпейіс.

б. Егінбай. б. Жанболат. б. ала көз.

в. Егінді. в. Жазира. в. алабота.


Орфография мен орфоэпия.

1.Тапсырма.

1. Мына сөздерді айтылуы бойынша жаз.

Жазылуы.

Айтылуы.

Жанпейіс

көзсіз

боз жирен

тоқ екен

көз салу

сақ адам

көп бала

қара ала ат

қара ағаш




2.Тапсырма. Сөздерді дұрыс жазылуын орында.

Айтылуы

Жазылуы.

божша тал

божшағыл

қара гөк

жүрөг жұту

қашша

қайнар гөз

бірғыдыру

алағап

келе гөр

құндұз

башшы





Сөзжасам.

1.Тапсырма. Бір түбірден бірнеше туынды түбір жаса.

Shape58 Shape59

Shape60 Shape61 Shape63 Shape62

бShape66 Shape65 Shape68 Shape67 Shape64 іл айт

Shape69

2.Тапсырма. Көп нүктенің орнына – хана жұрнағы арқылы жасалатын сөздерді тауып қой.

.Shape71 Shape70 .......... ..........

.Shape73 Shape72 .......... ..........

.Shape75 Shape74 .......... ..........

.Shape76 Shape83 Shape82 Shape81 Shape80 Shape79 Shape78 Shape77 .......... хана .......... кеш

........... ..........

........... ..........

........... ..........

3.Тапсырма. Төбе – деген сөздің алдына сөздер қойып жер – су аттарына біріккен сөз жаса.

.Shape85 Shape84 ..... ......

.Shape87 Shape86 ..... ......

.Shape89 Shape88 ..... ......

.Shape95 Shape94 Shape93 Shape90 Shape92 Shape91 ..... төбе Ақ ......

...... ......

...... ......


4. Тапсырма. Қос сөздердің сыңарын тауып жаз.

мая – құрт -

киім – кәрі -

аға – қазы -

ата – ауыл -

құрбы – қайта -

қора – азық -

ойын – анда –


Сұрақ пен тапсырмалар.

1.Тіл білімі салалары нешеу? Оларды жаз.

1. ............................

2. ............................

3. ............................


2.Тапсырма: Фонетика саласы нені зерттейді?

................................................................................................


а. Қазақ әліп-биінде неше әріп, неше дыбыс бар?

.............................................................

.............................................................


ә. Дауысты дыбыс деген не? Олар нешеу?

.............................................................

.............................................................


б. Дауысты дыбыстар ішінен нешеге бөлінеді?

.....................................

.....................................

.....................................

.....................................

.....................................

.....................................


в. Дауыссыз дыбыс деген не? Олар нешеу?

............................................................

............................................................


г. Дауыссыз дыбыстар ішінен нешеге бөлінеді?

....................................

....................................

....................................

3.Тапсырма. Буын деген не? Ол нешеге бөлінеді?

........................................................................................

........................................................................................

........................................................................................

4.Тапсырма.

1. Лексика саласы нені зерттейді?

..................................................................

..................................................................

2. Сөздің тура, ауыспалы мағынасы деген не?

..........................................................................

..........................................................................

..........................................................................

3. Көп мағыналы сөз деген не?

.................................................................................

.................................................................................

4. Омоним, синоним, антоним деген не?

................................................................................

................................................................................

.................................................................................

5. Эвфемизм, дисфемизм деген не?

Shape96




Shape99

6. Архайзм, неологизм, диалект, кәсіби сөздер деген не?









Ойындар, жаттығулар.



  1. Жаттығу. Кестедегі сөздерді орнына қойып, мақалды жаз.





уайым

өтесің

теңіз

батасың

қайық

кетесің

тәуекел

түбі

де

мінесің

да

түбі







  1. Жаттығу. Сөзжұмбақты шеш.







А






С








Т








Р






А






  1. Үй құсы

  2. Ағаштан жасалған бұйым

  3. Сүттен жасалған тағам.

  4. Қазақ аңызындағы ұнамыды кейіпкер.

  5. Арзан сөзінің антонимі.









3-тапсырма. Шрифтограммадағы әріптерде қазақтың байырғы өлшем бірліктері берілген. Бірнеше өлшем бірліктерін тауып, мәндерін түсін.



Пирамида



Т





К

Ү





Л

Ұ

Ө



З

М

Е

І




А

Д

Т

Й

М





4-тапсырма. Оқу- білім туралы мақалдың жүйесі тауып оқы.

Ж

Қ

Н

І

Т

Ы

ұмбақты шеш

Қ

А



Т

Н

А



А

А



А

З

П

Ы







5-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестердің антоним сыңарларын жаз.

Қабағын қарс жабу-

Ит өлген жер-

Араздасып қалу –

Тамырына балта шабу –

Төбесі көкке жету –

Бетінен оты шығу –


6-тапсырма. Төменде берілген сөздердің бірігетін, қосарданатын, тіркесетін сыңарларын тауып, олардың құрамына талда.

Боз...., бал-...., сары...,

Күн..., ет-..., жүн-...

Екі..., сап-..., қып-....

7-тапсырма. Адасқан әріптерді орнына қой.

і, м, б, л, і ш, о, б, а, л, қ, а

к, р, е, м, т, е, е с, ұ, з, а, т

к, т, е, м, е, т, е а, л, а, д



8-тапсырма. Дауысты дыбыс түрлерін жаз.

Жуан-

Жіңішке-

Ашық-

Қысаң-

Еріндік-

Езулік-

9-тапсырма. «У»-дыбысы жуан болып келетін 5 сөз жіңішке болып келетін 5 сөз жаз.

У; ..............., ....................., .................., .................., .................

У; ..............., ....................., .................., .................., .................



10-тапсырма. Көп нүктенің орнына жұп дауыссыздардың тиістісін қойып жаз.

(п-б); ...айда, ...арта, ....алалы, са...ар, са...ыр, са...тау, са...ақ, а....талық, қа....ылдау.

т-д; ба...пақ, қал...та, са..ақ, ...ақ, ...ыбыс, ...алап, ...әрі, ...ауыс, ар...ақ, а...ақ

қ-ғ; қа..аз, қа...пақ, та...пақ, .....арыш, қор...ан, ...асық, ...асыр.



11-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбысты қойып жаз.

(а-ә) ....лтын, .....рқан, ...теш, ...йнек, ...тір, ...рман, ...нші.

(о-ө) ...рман, ...рнек, ...рындық, ...рмекші, ...тын, ...мір.

(ы-і) ...дыс, ...шік, ...рыс, ...лгек, ...нта, ...шке.



12-тапсырма. «Е»дыбысынан басталатын Қазақстан өзендері мен қалаларының бірнешеуінің атын жаз.



13-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір.

Б...з. Б...ген...ай. К..ше. А...ы... . Ү... к...н. Ә...е. Ә.... и ... . М...н....з. Тұр...ыс. Б...л...м. О...ау.

14-тапсырма. Адасқан әріптерді онына қой.

і, м, б, л, і ш, о, б, а, л, қ, а

к, р, е, м, т, е, е с, ұ, з, а, т

к, т, е, м, , т, е а, л, а, д



15-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін көшір де, тұсына мағынасын жаз.

Арасынан қыл өтпейді –

Бармағын шайнау –

Ит арқасы қиянда –

Екі езуі екі құлағында –

Жұлдызы қарсы –



16-тапсырма. Мақал – мәтелдердің жалғасын тауып жаз.

  1. Қолы қимылдағанның ................................

  2. Көп жасаған білмейді, ................................

  3. Кәріге құрмет - ............................................

  4. Біреуге ор қазба, ..........................................

  5. Жақсы қыз.....................................................

  6. Жақсы жігіт...................................................



17-тапсырма. Төменде берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, «Бір сөзбен атаңдар» ойынын ойнаңдар.

  1. Есімнен шығып кетті.

  2. Бармағын тістеу.

  3. Ағынан жарылу.

  4. Арасынан қыл өтпейді.

  5. Көз аларту.

  6. Бетінен оты шығу.

  7. Қолын қақпау.

  8. Құлақ етін жеу.

  9. Қабағын қарыс жабу.

  10. Ат-тонын ала қашу

  11. Ит өлген жер.

  12. Бірауызды болу

  13. Етек жаю

  14. Тамырына балта шабу.


18-тапсырма. Сынақ үлгілері.

  1. Зат есімнің сұрақтарын ата.

А. Не істеді? Қайтті?

Ә.Қанша? нешінші?

Б.Кім? Нелер?

В.Қандай? Қай?

Г. Кім үшін? Не үшін?

2. Қосымшны белгіле.

А. Адам, гүл

Ә.Тары, арпа

Б. Арқылы, соқ

В. дың, ға

Г. Қап, біз.

3. Күрделі сөзді анықта.

А. Мойын ұсыну

Ә.Мойын омыртқа

Б. Мойнын орады.

В. Кінәні мойындау

Г. Кір мойын.

4. Анықтауышы бар сойлемді белгіле.

А. Түлкі төлден өседі.

Ә.Жалқау- өзіне жау

Б. Мал-баққандікі

В. Жаман бала-күйік

Г. Үндемесе бәле бар.

5. Сөз құрамын, сөз табын зерттейтін саланы ата.

А. Фонетика

Ә.Морфология

Б. Лексика

В. Синтаксис

Г. Фразеология

6. Сөз тіркесін белгіле.

А. Аз сөз-алтын.

Ә. Қырық бес, он екі.

Б. Әдемі қыз, биік тау.

В. Желсіз түнде жарық ай

Г. Ит өлген жер, діңкесі құрыды.

7. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті тап.

А. Жақсы оқу- әр оқушының міндеті.

Ә. Ақыл - тозбайтын тон.

Б. Білгенге маржан

В. Ақырындап атты алтын таң.

Г. Кел, балалар, оқылық!

8. Біріккен сөзді белгіле.

А. ТМД, БҰҰ

Ә. Ата-ана, үлкен-кіші.

Б. Астана, Алматы

В. Сарышаян, Екібастұз

Г. Балықшы, тұзсыз.

9. Қос сөзді белгіле.

А. Қырық бес, алты.

Ә. Жоғары – төмен, биік-биік

Б. Талдықорған, Сарыөзек

В. Қырмызы, балдай

Г. МТС, колхоз

10. Ауызша ой дамытыңдар.

19-тапсырма. «Зат есім» сөзжұмбағы.





З












А









Т







Е













С













І














М










  1. Ұлттың аты.

  2. Балалар журналы.

  3. Қазақстандағы қаланың аты.

  4. Адамның аты.

  5. Педагог-жазушы.

  6. Киім ілетін орын.

  7. Үй хайуаны



20-тапсырма. Графикалық диктант. Берілген сызбаны ақын-жазушылардың есімімен толтыр.








,





,













,







,
















,






,


















,







,











20-тапсырма. «Қарағанды » сөжұмбағы




4










7




9


3


5


8

1











6




Қ

А 2

Р

А

Ғ

А

Н

Д

Ы
















































Тігінен: 1. Қазақтығ тұңғыш ғарышкері. 2. Қазақтың ұлы ақыны. 3. Қазақтың ұлы ағартушысы. 3. Қазақстан республикасының тұңғыш президенті. 5. Қазақ ғарышкері. 6. Қазақ ғылымы академиясының тұңғыш президенті. 7. Қазіргі балалар журналының бас редакторы. 8. Балалар журналы. 9. Халық батыры, жазушы



21-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып көшір.

Қ...з...қста.....ның ...ай...ы...ы ұш....н-т...ң...з. Б...з...е б...р...ы.... та...и...и р...с...рс...а... кез...е...еді. Т....ғ...т....т...ы қ....р...ау қ...ж...т.





22-тапсырма. Тест тапсырмалары.

  1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?

А) Морфология

Ә) Фонетика

Б) Синтаксис

2. Дауысты дыбыстарды тап.

А) а, ә, о, ө.

Ә) б, ж, с, р, ғ.

Б) қ, ғ, м, н, ң.

3. Сөз буынға қай жерде дұрыс бөлінеді?

А) Ең-бек-те-ну

Ә) Еңбект-ену

Б) Ең-бек-тену

4. Зат есімді белгіле.

А) Сәнқой б) балалық

Ә) ән сал в) қызыл

5. Қатаң дауыссызды тап.

А) а, о, ы, і, ә. ә) п, к, ф, қ, т, с, ш.

6. Жалық есімді ажырат.

А) қарға б) бүркіт

Ә) құс в) Абай

7. Жалпы есімді тап.

А) Ержан б) Азамат

Ә) көше в) биыл



  1. Антоним сөзді тап.

А) биік-терең б) алып-үлкен

Ә) күйлі-семіз в) аласа-биік

9. Жалғауды ажырат.

А) -ша б) -пен

Ә) -қан в) қала





  1. Қазақ тілінде неше әріп бар?

А) 40 б) 41

Ә) 45 в) 42

2. Жуан дауысты дыбыстарды тап

А) у, ш, л, н, ң. б) а, о, ұ, ы.

Ә) і, й, ө, ү, р. в) ә, и, е, о.

3. Дұрыс жазылған сөзді тап.

А) Көзқарас б) Көз қарас

Ә) Көзғарас в) Көз-ғарас.

4. Жалпы есімді тап.

А) жұлдыз б) сол

Ә) бұрын в) У-шу


5. Қай сөз зат есімге жатады?

А) Сымбатты б) жүрді

Ә) кемпірқосақ в) алыс


6. Қосымшаны тап.

А) кісі б) да

Ә) бидай в) тың

  1. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.

А) қ, к, с, т, п, ф. б) і, е, и, э, ә, ө.

Ә) о, ө, ұ, ү, ы. в) м, н, с, ш, ғ, г.

8. Синоним сөзді тап.

А)биік-аласа б) семіз, арық

Ә) кең, тар. в) алыс,шалғай, қашық

9. Мақалды ажырат.

А) Білім-күш б) Ерінбеген етікші болады.

Ә) Маржан сөз-асыл сөз в) Оқу-инемен құдық қазғандай

1.Сөз мағынасын зеттейтін тіл білімінің саласы қалй аталады?

А) Морфология

Ә) Лексика

Б) Синтаксис

2. Ауыспалы мағыналы сөзді көрсет.

А) терең су

Ә) өнерлі адам

Б) таяз түсінік

3. Лексикалық мағынасы айқын тіркесті тап.

А) сезімтал жүрек

Ә) қою ауыл

Б) құнды сөгіс

4. Сөздің тура мағынасын көрсет.

А) сөз ерді.

Ә) сөз сүйектен өтеді.

Б) сөз-құбылыс атауы.

5. Фразеологиялық тіркесті тап.

А) жазира дала

Ә) шежірелі ел

Б) жақын туыс

6. Тұрақты сөз тіркесін ажырат.

А)үлкен зейнет б) қоян жүрек

Ә) жақсы тәрбие в) хат жазу

7.Мақалды тап.

А)бала шаба жөнелді. б) Көкшетау

Ә) Өткелге жетпей етігіңді шеш в) Білім-күш


  1. Мәтелді тап

А)ұзақ әңгіме б) күш атасын танымас

Ә) қас қаққанша. в) доп тебу.


  1. Жалпы есімді тап.

А)бес б) Марат

Ә) құс в) әркім

2. Зат есімді тап.

А) ұшты б) екі

Ә) кеше в) Мұхтар.

3.Дауысты дысбыстарды ажырат.

А)б, в, ғ, г, д. б) м, с, н, т, к.

Ә) ұ, у, ы, і, у. в) р, ф, ц, ч, щ.

4. Жалық есімді тап.

А) біз б) Абылайхан көшесі

Ә) дене в) бүтін


5.Антонимді ажырат.

А)қызыл, ақ б) келді-отырды.

Ә) кеше-бүгін в) шашты-жүгірді.

6. Мәтелді. ажырат.

А) Тіл-күшті қару б) Тілімен орвқ орды.

Ә) тіл күрмелді. в) Өрт - тілсіз жау

7.Дұрыс жазылған сөзді тап.

А)ет, бауыр б) ет бауыр

Ә) етбауыр.


8. Қосымшаны тап.

А) адам б-дың

Ә) қатты в) көше






Мазмұны.

  1. Алғы сөз 5-бет

  2. Лексика. 6-бет.

  3. Сөз мағыналары. 7-13 бет.

  4. Фонетика. 14-15 бет

  5. Дауысты дыбыстар түрлері. 16-17 бет

  6. Дауыссыз дыбыстар түрлері. 18-19 бет

  7. Буын. Оның түрлері. 19-20 бет

  8. Үндестік заңы. 21- бет

  9. Орфография, орфоэпия. 22- бет

  10. Сөзжасам. 23-26-бет

10.Сұрақтар мен тапсырмалар. 27-38-бет
























Пайдаланған әдебиеттер.


  1. Оралбаева Н. Мадина Ғ. Әбіқаев А.

«Қазақ тілінен практикалық жұмыс».

Алматы. «Қазақ Университеті». 1983 жыл.


  1. Жолымбетов Қ. «Қазақ тіліне арналған» дидактикалық материалдар. Алматы. «Рауан». 1996 жыл.


  1. Аханов К. Ысқақов А. «Қазақ тілі» оқулығы 5-сыныпқа арналған. Алматы. «Рауан». 1992 жыл.



  1. Оспанова А. Нұралиева С. «Қазақ тілі» дидактикалық материалдар. Алматы. «Атамұра». 2010 жыл.





























































48


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
41 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
20926
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі