Оқусауаттылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқусауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
1- жарты жылдықтағы 6- сыныптың білім деңгейін анықтау. Оқу сауаттылығынан 10 сұрақ, қазақ тілінен 10 сұрақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сауаттылығы 6 – сынып

1- нұсқа

1-мәтін

«Американы алғаш ашқан Колумб» деп жазылып келсе, таяуда осы қателік түзетілді. Ғалымдардың зерттеуінше, Американы алғаш ашқандар арабтар екен. Атап айтқанда, Абдул-Рахим және Абдулла ибн Малик бастаған теңізшілер екен. Араб теңізшілерінің біразы сол күйі Америкада қалып қойған. Америкада қазір өмір сүріп жатқан үндіс-алгонкиндер — осы араб теңізшілерінің жергілікті үндістермен араласып-құраласуының нәтижесінде өмірге келген тікелей ұрпақтары. Ғалымдар қазір оқулықтан Колумбты алып тастап, оның орнына Абдул-Рахим мен Абдулла ибн Маликтің атын жазды. Яғни, тарихи әділеттілік қалпына келді.

Бірақ… Саясаттың жүрмейтін, араласпайтын жері жоқ қой, кейбір АҚШ саясатшылары «Араб терроршыларымен күресіп жатқан кезеңде Американы арабтарға ашқызып койғанымыз қалай болар екен?» деп қарсылық білдіріпті…

1. Мәтіннің екінші бөліміндегі айтылған ой

A) Саясат қателігінің салдары
B) Терроршылар әрекетінің көрінісі
C) Арабтар күресінің нәтижесі
D) АҚШ саясатшыларының қаупі
E) Тарихи әділеттік туралы

2. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Американың ашылуы
B) Араб теңізшілері
C) Тарихи әділеттілік
D) АҚШ саясатшылары
E) Араб терроршылары

2-мәтін

Бұны әңгіме дейсіз бе, әлде шағын естелік дейсіз бе оны өзіңіз біліңіз. Анық білетінім, қолыма қалам алғызып отырған сағыныш. Балалық шаққа деген, қазіргі уақытта Балқаш қаласында ұстаздық қызмет атқаратын әпкеме деген сағыныш. Біздің Қарағанды төңірегнінде өзінен үлкен қыз баланы апа деп те айта береді. Жалпыға түсінікті болу үшін жазып жатқаным ғой.

Әпкем екеуміздің қызығымыз көп. Алғаш әріп үйретіп, есеп амалдарын шығару жолдарын үйреткенінде мен 5 жастамын. Газеттерді судыратып оқитын дәрежеге жеткізді. Үйге келген қонақтарға көлдей «Лениншіл жасты» оқып берем. Не жазылғанын түсініп жатқан мен жоқ, мақтауға марқайып жүре беремін. Әріп үйренгенім өзіме сор болды. Әпкем енді «Жарты сағатта қыс туралы өлең шығар,жаз туралы өлең шығар»деп қинайтын болды. Аңда-санда қалам алып, қағазға өлең жолдарын түсіріп жататынымыз да сол әпкеміздің арқасы. Әпкем бала кезінен ұйымдастырушылық қырынан таныла білді. Біздің шағын Талдыбұлақ ауылының шеткері үш үйінің балаларын жиып, мереке сайын концерттік бағдарлама дайындайтын. Үй арасындағы бағаналарға жарнама ілгенді мен сол кезде әпкемнен көргем.

1. Автордың қолына қалам алып естелік жазуының себебі

A) Әпкесіне деген сағыныш
B) Балалықты аңсау
C) Есейгенді мойындау
D) Өзгелерге үлгі болу үшін
E) Әңгімеге арқау болу үшін

2. Мәтіннің екінші бөліміне сай даналық ой

A) Әпкенің үйі -кең жайлау.
B) Туыс туыс болса туыс,
Туыс болмаса панасыз қуыс.
C) Ағайын барыңда аузыңды жалайды,
Жоғыңда желкеңнен қарайды.
D) Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
E) Туа жаман жоқ,
Жүре жаман бар.

3-мәтін

Абылай хан жоңғарларға қарсы бір жорықта алдын барлау үшін, мың адамды екіге бөліп, бір тобын Қарабұжыр Қанжығалы Жанатайға, екіншісін сол рудан шыққан ақсақал Бөгенбайға бастатып, ілгері жіберіпті. Екеуі де ханның ержүрек, сенімді батырлары екен. Батырлар ұзақ уақыт бойы орала қоймаған соң, Абылай уайымдап, өзінің көріпкел жырауы Бұқардан: «Менің жігіттеріме не болды екен, оралмауына не себеп?» — деп сұрапты. Сонда Бұқар айтыпты: «Жанатай Талқы арқылы барады, ал Бөгенбай Құлжан батыр секілді қиыннан жол тауып өтеді. Ал енді Хан-Баба болса, көп ұзамай қайтып келер. Талқының асуы қысыңқы әрі қауіпті» — депті. Абылай ішінен Жанатайдың зор қауіпке душар болғанын сезді. Жырау сөзін жалғастырып: «Жанатай бұзып-жарып өтіп, ұлысын олжалайды. Жанатай әкелген аққұба қызды Абылай сұлтан алады» — дейді. Абылайдың айтуынша, сол жолғы болжалдың орындалуынан соң, төбесі көкке жеткендей зор қуанышқа бөленсе керек……

1. Абылайдың мың адамды екіге бөлуінің себебі

A) Екі жақтан шығу үшін
B) Әр руды жеке жіберу үшін
C) Осы тактиканы дұрыс деп тапқаны үшін
D)Жорықтың алдын барлау үшін
E) Жасағының күшін бақылау үшін

2. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Абылайдың қуанышы
B) Бұқардың болжамы
C) Екіге бөлінген жасақ
D) Олжалы батырлар
E) Батырлар жеңісі

4-мәтін

Терезеден тауға қарап Бекнұр ұзақ отырды. Мазасы жоқ. Ойы шашыраңқы. Көз алдына ұстазы Меруерттің бейнесі келе берді. Ғажап адам. Ұстаз болсаң — осындай бол! Не деп еді? – Сендер елдің болашағысыңдар! «Мен жастарға сенемін!» деп айтқан Мағжан аталарыңдай мен де сендерге сенемін,- деп нық айтты емес пе? Меруерт апай солай айтқанда, Бекнұрдың сол жақ кеудесі шымыр етіп, бойын бір ыстық леп шарпып өткен. Сенімін ақтауы керек, қалайда. «Сеніңіз!» деп саңқ етті Бекнұр. Айтты да, өз дауысынан өзі селк етті. Дәл қазір қасында ешкім жоқ болса да, ол өзінен-өзі ұялып қалды. Тағы да қағазға үңілді. Ұстазы бүгінгі сабақта оқушыларға еркін тақырыпта көлемді шығарма жазып келуді тапсырған. Осы көркем шығарма арқылы оқушыларының көркем әдебиетке бейімділігін, дүниетанымын, қабілет, парасатын анықтап алатындығын да айтқан. Бекнұрдың ғана емес, бүкіл оқушылардың бәрі Меруерт апайдың көзіне түскісі келетіні анық. Ендеше, іздену керек осал шығарма жазуға болмайды, оқығанда жұрт елең етіп, ұстазы арқасынан қағып, басынан сипауы керек.

Қолына қаламын ұстаған Бекнұр бөлмені кезіп, терезеден тауға қарай берді…

1.Бекнұрдың терезеге қарап ұзақ отыруының себебі

A) Шығарма жазу алдындағы толғаныстан
B) Меруерт апайдың сөзі есінен кетпегендіктен
C) Даладағы табиғатқа күйінгендіктен
D) Шашыраған ойын жинайын деген оймен
E) Шығарма жазу қиынға түскендіктен

2. Бекнұрдың толғанысына қарап, Меруерт ұстаздың қандай ерекшелігін байқаймыз?

A) Бірбеткейлігін
B) Білімділігін
C) Ұлтжандылығын
D) Біліктілігін
E) Ұстамдылығын

5- мәтін

Бүгін күн бұлтты, тымырсық еді. Күншалғанның биік бастарына шөккен бұлттар сейілмей қонақтап жатып алды. «Басынан биік таудың мұнар кетпес» деген осы. Күншалған аласа болса, басына ақиық бүркіт ұя салмас еді, бура бұлттар қонақтамас еді. Биікке — қыран да, бұлт та, сөз де үйір. Такаппар тау ештеңені елемей маңғаз тұр. Аласармайды. Аласармасын! Егер Күншалған аласа болса, бұғы, марал, арқар, құлжа, тауешкі мекен етпес еді.

Екі бала қымызға бөртіп әңгіме шертіп отырғанда, қозылар қойжуалы белеңге шығып кетіпті. Белдің ар жағы қалың орман. Орманға уақ мал бір кірсе, табу да, орманнан айдап шығу да қиын. Сол орманда қоңыр аю мекендейді. Балаларға қорқыныш та сол. Тау етегіндегі тайларына мінген Сапар мен Жапар қозыларға қарай тұра жарысты. Күрең қасқа тай мінген Жапарды қарагер тайлы Сапар қуып жетті. Екі тай қатарласып қыратқа шауып шықты. Қозыларды кері қайтарды.

1. Мәтіндегі: « Күншалған аласа болса, басына ақиық бүркіт ұя салмас еді, бура бұлттар қонақтамас еді.» деген сөйлемнің мәнісі

A) Күншалғанның өте биік тау екендігін

B) Бүркіттің ұясын тек биікке ғана салатынын

C) Күншалғанның басын үнемі бұлттар басып тұратынын

D) Бүркіттердің үнемі сол шыңға ғана ұя салатынын

E) Аласа шыңның басын бұлт баспайтынын

2. « Биікке — қыран да, бұлт та, сөз де үйір»деген сөйлемдегі автордың айтпақ болған ойы

A) Үлкеннен өнеге, Кішіден ізет.

B) Көргені жақсы көш бастар.

C) Ұлық болсаң, кішік бол.

D) Биіктікке биік қана шығар.

E) Тексізді төрге шығарма.


Өтілген тақырыптардан білімін тексеру

11. Төрт рет тасымалданатын сөзді көрсетіңіз.
А) Аударыспақ.
B) Шапағатты.
С) Көкжиек.
D) Оңтайландыру.
E) Көңілдірек.

12. Тасымалдауға келмейтін жауапты табыңыз.
А) Еңбегі жану.
B) Қуанышқа ортақтасу.
С) Дұрыстап айту.
D) Сылқ ету.
E) Шаттыққа толы.

13. Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз. 
А) Тұрақты тіркестер.  

B) Жаңа сөздер. 

С) Біріккен сөздер. 

Д) Күрделі атаулар.

Е) Кірме сөздер 
14. “Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз. 
A) Еш(нәрсе). 

B) Еш(уақыта). 

C) Еш(болу). 

Д) Еш(қашан). 
Е) Еш (бір)

15. Ол баланың көзі ашық, көкірегі ояу екен, – деді үй иесі

Осы сөйлемдегі көп мағыналы сөз

A) бала

B) көз

C) ашық

D) көкірек

E) ояу

16. Көңілге жағымсыз, дөрекі естілетін сөздерді сыпайы сөздермен ауыстыратын тілдегі құбылыс қалай аталады?

A) дисфемизм

B) фразеологизм

C) сингормонизм

D) эвфемизм

E) фонетика

17. Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеуді анықтаңыз. 
A) Бүгін. 

B) Ретімен.  

C) Тосыннан. 

Д) Бұлақтайын. 

Е) тотыдайын

18. Дара сөзді табыңыз.
А) Әке - шеше

В) Аялдама

С) Жезқазған

Д) Жер шары

Е) Алатау

19. Диалект сөзді табыңыз.
А) Нағашы.
B) Құдағай.
C) Бөле.
D) Абысын.
E) Құдаша.

20. Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.
А) Арықтың жілігі татымас.
B) Тату үйдің тамағы тәтті.
С) Қымызы бар үйдің қызығы бар.
D) Жұмысы бағу еді.
E) Піл көтермегенді тіл көтереді.

































Оқу сауаттылығы 6 – сынып

2- нұсқа

1-мәтін

Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты.

Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады», – дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады», – дейді.

1. Арманның көршісінің ауласына қарауының себебі

A) Көреалмаушылықтан

B) Іштарлықтан

C) Еліктегеннен

D) Жауапкершіліктен

E) Бәсекелестіктен

2. Мәтіннің екінші бөлігін қорытындылайтын даналық ой

A) Досы жоқпен — сырлас, досы көппен — сыйлас.

B) Жас күнде кімді көрсең — бәрі дос

C) Дос таппаған ер азар — басшы бақпаған ел азар.

D) Дос адам маңайынды жұмақ етер.

E) Айырылысар дос ердің артқы қасын сұрайды.

2-мәтін

Бір жігіт данышпан қарияға келіп қанша талпынып талаптанса да, қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай жүргенін баяндапты. – Сірә, менің маңдайыма осындай таршылығы мол тағдыр жазылған шығар.. – Талпынып талаптанған адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес, сенің қателігің соны түсінбеуде жатыр,- дейді қария.

Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең жеріне алып келіп, басынан ұстап, төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жігіт, болмай бара жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты. Шалдың қолынан босанып шыға алмағасын, қатты бұлқынып, су бетіне басын зорға шығарып ауа жұтыпты. Сонда данышпан қария: міне, сенің талпынысың осындай болғанда ғана, таршылықтың тұсауынан босай аласың, – депті.

1.Жігіттің табысқа жетуіне кедергі болған

A) Еңбегінің жеткіліксіздігі

B) Талпынысының жоқтығы

C) Ақшасының жоқтығы

D) Таршылықтың қыспағы

E) Қолдаудығ болмауы

2. Мәтін мазмұнына лайықты ой

A) Әуелі бойыңда талант болсын, Талантыңа талабың қанат болсын.

B) Білімдіден шыққан сөз — талаптыға болсын кез.

C) Талпынған табысқа жетеді.

D) Талабы жоқ жас — Қанаты жоқ құс.

E) Талап — тұлпар, Білім — сұңқар.

3- мәтін

Төрт құрбақа өзеннің жағасымен ағып келе жатқан ағаштың үстінде отырды. Бір уақытта ағаш өзеннің ағысымен жүзе бастады. Құрбақалар суда жүзіп бара жатқандарына риза, ағаштың қайда барып тірелетінін қызыға күтуде. Бір кезде құрбақалардан біреуі: «Бұл ағаш ғажап екен. Үлкен кеме сияқты жүзіп бара жатыр. Бұрын мұндай ағаш көрген емеспін»- дейді.

Екінші құрбақа: «Жоо, досым! Ағаш басқа да ағаштар сияқты әрекетсіз. Өзеннің ағымы арқасында ғана ағаш жүзіп тұр. Ағаштың үстінде отырған біздер де солай»- дейді.

Сөз кезегін үшінші құрбақа алады: «Ағаш та, өзен де қимылсыз. Өзгеріп тұрған біздің ойларымыз ғана. Өйткені ой болмаса, ештеңе де орнынан қозғай алмас».Осы кезде үш құрбақа қайсы дұрыс айтты деп дауласады. Ешбір ортақ шешімге келе алмаған құрбақалар төртінші құрбақаға бұрылып, пікірін сұрайды.

Төртінші құрбақа: «Бәрің дұрыс, ешбірің өтірік айтқан жоқ. Ағаш, су мен ой бірге қозғалуда»- дейді. Құрбақалардың үшеуі де мұндай жауапқа ашуланады. Өйткені ешқайсысы өзін дұрыс, қалған екі құрбақаның толығымен дұрыс емес екенін қимайды. Сосын үш құрбақа бірігіп, төртінші құрбақаны ағаштан өзенге итеріп тастайды.

1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Ашуланшақ құрбақалар

B) Төрт құрбақа

C) Құрбақалардың дауы

D) Үш құрбақаның әрекеті

E) Судағы ағаш

2.Үш құрбақаның төртінші құрбақаны суға итеріп жіберуінің себебі

A) Іштарлықтан

B) Көрсеқызарлықтан

C) Бірбеткейліктен

D) Менмендіктен

E) Өркөкіректіктен

4-мәтін
Тоғыз құмалақ

Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақ – 4 мың жылдық тарихы бар, ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны — тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады.

Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез- келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды.

Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады. Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады.

Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады. Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады. 245сөз

1.Ойынның «Тоғызқұмалақ» деп аталуының себебі

A) Шар тәрізді құмалақтармен ойнағандықтан

B) Отаулардың саны тоғыз болғандықтан

C) Әр отауға тоғыз құмалақ салынатындықтан

D) Ойынға екі адам қатысатындықтан

E) Тоғыз құмалақ ұту керек болғандықтан

2. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасуының себебі

A) Ойыншы өз қазандығына артық құмалақ салмас үшін, ойын әділ болуы үшін

B) Ойыншының ұтып алған құмалақтары болғандықтан

C) Қарсы ойыншының құмалақтарын санап анықтап отыру үшін

D) Отау мен қазандықтар көрініп тұруы үшін

E) Әр ойыншы өз құмалақтарын көріп отыру үшін

3.Тоғызқұмалақ ойыны дамып келе жатқан елдер

A) Украина, Армения

B) Германия, Бразилия

C) Франция, Монғолия

D) Испания, Чехия

E) Ресей, Өзбекстан

4.Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер

A) Суреттеу, пайымдау

B) Ақпарат, зерттеу

C) Әңгімелеу, пайымдау

D) Сипаттау, суреттеу

E) Салыстыру, әңгімелеу


Өтілген тақырыптардан білімін тексеру


11. Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.
А) Ынтымақтың түбі – игілік.
B) Бірлік болмай, тірлік болмас.
С) Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.
D) Баланың бас ұстазы – ата-ана.
E) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
12. Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.
А) Ирелең.
B) Көлденең.
С) Әрең.
D) Тұлға.
E) Ойпат.
13. Буын үндестігіне сай келмейтін қосымшаны табыңыз.
А) Самалды.
B) Кітаптар.
С) Өңір.
D) Дәлдікке.
E) Күнәлар.

14. Кісі аттарындағы кейінді ықпалды табыңыз.
А) Болатқожа, Алшағыр.
B) Таңшолпан, Дәмежан.
С) Ханшайым, Зәмзагүл.
D) Сәрсенбек, Ауданбай.
E) Айдархан, Әубәкір.

15. Көңілге жағымсыз, дөрекі естілетін сөздерді сыпайы сөздермен ауыстыратын тілдегі құбылыс қалай аталады?

A) дисфемизм

B) фразеологизм

C) сингормонизм

D) эвфемизм

E) фонетика

16. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
А) Тамшыдан тама-тама дария болар.
B) Терең құдықтың суы тәтті.
С) Көптің құрығы ұзын.
D) Көп жүрген жер көңілді.
E) Сараңдық пен арамдық ағайындас.

17. Дара сөзді табыңыз.
А) Әке - шеше

В) Аялдама

С) Жезқазған

Д) Жер шары

Е) Алатау

18. Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеуді анықтаңыз. 
A) Бүгін. 

B) Ретімен.  

C) Тосыннан. 

Д) Бұлақтайын. 

Е) тотыдайын

19. Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.
А) Ала-құла, іске қосу.
B) Асқан сұлу, келген еді.
С) Орамжапырақ, қылшық-қыбыр.
D) Қақ төрі, алып кет.
E) Қосымшасы бар, жазғы леп.

20. Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз.
А) Ережеге сай айтылу.
B) Түбір мен қосымшаның үндестігі.
С) Дыбыс үндестігі.
D) Буын үндестігі.
E) Орфографиялық норма.


Жауабы


6-сынып оқу сауаттылығы 1- нұсқа

1- D) АҚШ саясатшыларының қаупі

2- C) Тарихи әділеттілік

3 – A) Әпкесіне деген сағыныш

4- B) Туыс туыс болса туыс,
Туыс болмаса панасыз қуыс.

5- D)Жорықтың алдын барлау үшін

6- B) Бұқардың болжамы

7- A) Шығарма жазу алдындағы толғаныстан

8- C) Ұлтжандылығын

9- B) Бүркіттің ұясын тек биікке ғана салатынын

10- D) Биіктікке биік қана шығар.

11- D

12- D

13- D

14- Е)

15- B)

16- D

17- A)

18- В)

19- B)

20- E)

6-сынып оқу сауаттылығы 2- нұсқа

1- E) Бәсекелестіктен

2- D) Дос адам маңайынды жұмақ етер.

3 – B) Талпынысының жоқтығы

4- C) Талпынған табысқа жетеді.

5- B) Төрт құрбақа

6- A) Іштарлықтан

7- A) Шар тәрізді құмалақтармен ойнағандықтан

8- A) Ойыншы өз қазандығына артық құмалақ салмас үшін, ойын әділ болуы үшін

9- D) Испания, Чехия

10- B) Ақпарат, зерттеу

11- B)

12- С)

13- E)

14- D

15- D

16- С

17- В)

18- A)

19- А

20- А


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.12.2024
278
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі