2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / оқушы ата анаға

оқушы ата анаға

Материал туралы қысқаша түсінік
ата анамен қарым қатынас
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Құрметті ата-ана !

Әкесі ______________________________________________________________________

Шешесі _____________________________________________________________________

/ № 78 жалпы орта мектеп әкімшілігі жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сабаққа қатысуын қатаң бақылауға алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орын алған келеңсіз жағдайлар жөнінде жедел ақпарат беру және ҚР-сы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 28 маусымындағы №247, Облыстық білім басқармасының 2013 жылғы 1 қарашадағы №1357 бұйрығы негізінде шығарылған Шымкент қалалық білім бөлімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №2/11235 хатын орындау мақсатында

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ:

  1. Сынып жетекшілер 2 күн сабаққа келмеген оқушының нақты себептерін анықтау мақсатында ата-аналар комитет мүшелерімен бірге үйіне барып АКТ түзеді. Оқушының себепсіз сабақтан қалған жағдайда мәселесі мектепішілік «Тәртіптік кеңесте» қаралатындығын ескертеді.

  2. Оқушының себепсіз сабақтан қалғаны 48 сағаттан асқан жағдайда ҚР-ның «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 127 бабы бойынша , 442 бабы 2 тармағы (түнгі уақытта 22-00-ден таңғы 6-00-ге дейін ата-ананың ертіп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүргені) 133 бабы , 200 баптар және мектепішілік «Тәртіптік кеңестің» шешімі бойынша ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы тағы да ескертеді.

  3. Мейрам күндері және күзгі, қысқы, көктем және жазғы демалыс кезінде және сабақтан тыс уақытта балаңыздың өмір қауіпсіздігіне тікелей өздеріңіздің жауапкершіліктеріңізге жататындығын ескертеміз.

  4. Балаңыз сабақтан себепті жағдайлармен қалған жағдайда дәлелдейтін құжаттар – медициналық анықтама, спорттық жарыстарға қалалық білім бөлімінің босатуы туралы бұйрығы немесе басқа да белгілі себептермен (байқау, сайыс, олимпиада т.б.) сабақтан босату туралы анықтамалар дер кезінде, яғни мектепке баратын күні кешіктірмей берілу керектігін ескертеміз.

  5. Отбасында балаңызға қатысты келеңсіз жағдай орын алған сәтте дер кезінде сынып жетекшісі немесе мектеп әкімшілігіне хабарлау міндетіңізге жататындығы туралы тағы да ескертеміз.

  6. Сонымен қатар балалардың мектепке ұялы телефон ұстап келуі қылмыстық оқиғалардың орын алуына себепші болатындығын ескерте келе, аудандық прокуратураның тікелей тапсырмасының негізінде ұялы телефонды мектепке ұстап келуге тыйым салынатындығын ескертеміз.

  7. Мектеп оқушысының формасы бірыңғай (жоғарғы жағы ақ жағалы көйлек, төменгі жағы қою көк түсті шалбар, юбка) болуын қатаң сақтау керектігін ескертеміз.


Ата-ананың ақпараттан хабардар екендігі жөнінде:


«____» _____________________ 201___ жыл.


Әкесі: ________________________________________________(аты жөні, қолы)

Шешесі: _______________________________________________(аты жөні, қолы)


Оқушы : _______________________________________________(аты жөні, қолы)


Оқушылар ережесі

(2017 жылдың 31 тамызда мектепішілік педагогикалық кеңесте бекітілген)


1.Оқушылар ережесін,антын,әдептілік ережесін, оқушыларға арналған мектеп формасы бірыңғай болу керек және оны сақтау керек. 

2.Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің  бекітілген киім үлгісін қатаң түрде  сақтау қажет. 
3. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтармен дайындалып келу керек.

4.  Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсету және күнделікті үй тапсырмасын жазу.
5.Білімді,оқу біліктері мен дағдыларын табандылықпен игеру. 
6. Мектептің  қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатысу.
7.Сыныпта, отбасында,күнделікті өмірде салауатты өмір салтын қалыптастыру. 
8.Халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап,құрметтеп қастерлеу. 
9.Ата-ананы,жанұяның ересек мүшелерін құрметтеу,қарттар мен кішілерге қамқорлық жасау.
10.Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану, болашақтағы мамандғын таңдай білу. 
11. Қоршаған ортаны қорғау,күтіп баптау,табиғатты аялау,туған өлкені көркейтуге ат салысу. 
12.Оқуды,еңбекті дұрыс ұйымдастыра отырып,үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысу.

Қатаң тыйым салынады:

  • 1.    Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/

  • 2.    Мектепке сай формасын сақтамауға; Мектеп ішінде бас киіммен жүруге

  • 3.    Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;

  • 4.    Кешкі  уақытта 22-00-ден кейін коғамдық  орындарда, көшеде жүруге;

  • 5.    Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;

  • 6.    Мектеп оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы телефон, құнды заттар, ақша);

  • 7.    Компьютерлік клубтарға баруға

  • 8.    Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге.

  • 9. Ұялы телефон әкелуге

  • 10.Сабақ үстінде, залда қатты сөйлеуге, жүгіруге, сабақтың өтуіне кедергі жасауға









28 Желтоқсан 2017
523
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі