Оқушы біліміндегі олқылықты жою жолдары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушы біліміндегі олқылықты жою жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа материалды түсіндіргенде барлық оқушының зейінін сабаққа аударып, олардың сабақты барынша ықыласпен тыңдауына қатты көңіл бөлу керектігін мұғалім ерекше ескеруі керек.Өйткені, үлгермеушіліктің және сабақты ұқпай қалушылықтың өзі нақ осы жаңа тақырыпты түсіндіріп тұрғанда, оқушының сабаққа қызықпауынан, оның көңілі сабақтан басқа жақта болуынан келіп шығады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі

Бегимбетова Асем Зарлыхановна



Оқушы біліміндегі олқылықты жою жолдары.

Жастарға ғылым негізін үйретіп,адамгершілікке тәрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тұлға-мұғалім.Өйткені, ол мектеп есігін ашқан жеткіншекті мәдениетті,идеялы,қажырлы және табанды етіп қалыптастырады.Мұғалім сынып оқушыларының толық үлгерімі жолында күш-жігерін салып еңбек еткенде ғана, бұл міндеттерді орындай алады.

Ондай мұғалім өзінің барлық білігі мен білімін бүкіл оқу-тәрбие ісін дұрыс ұйымдастырып,тиімді жүргізуге жұмсайды.

Сонда білім алушылардың сабақты үлгере алмауының себебі қандай? Ол себепті білуге бола ма? Әрине,болады.Оқу-тәрбие ісінің мақсатқа жеткізер жолдарын көрсету үшін,алдымен осынау көкейкесті сұраққа жауап беріп алайық.

Білім алушының сабақты нашар оқуының, сабақты үлгере алмауының басты себебі оқыту жұмысының сапасыз болуында.Педагогикалық талаптар мен әрбір пәннің оқыту әдістемесін шебер де толық қолданбаса, оқу жұмысы дұрыс ұйымдастырылмайды.Білім алушылар өтілген материалды толық түсінбейді, үйге берілген тапсырманы орындап келе алмайды не шала орындайды.Білім алушының қатардан қалып қоюы әуелде уақ-түйекпен басталуы мүмкін.Мысалы, оқушы сабақтың дұрыс өткізілмеуі себепті,өтілген материалдардың біраз жерін не бәрін түсіне алмай қалады, болмаса көмескі не теріс түсінеді.Көпшілік оқушының үйінде түсінбегенін сұрап алатын кісісі болмайды.Осылардың салдарынан оқушы материалды меңгере алмайды.Жаңа сабақ өткен материалдарға негізделіп жүргізілетіндіктен, оны да шала түсінеді.Сонымен біртіндеп оқушы бағдарламаның бір бөлігін шала түсінген немесе мүлде түсінбеген болып шығады.Осыдан келіп оқушының сабақты нашар оқуы,үлгермеушілігі келіп туады.Мынандай да жағдай болады.Мәселен, сабақ әдістемелік жағынан дұрыс өткізіледі.Бірақ кейбір оқушылар сабаққа ынта қоймай ,басқа жұмыспен айналысып (тәртіпсіздік жасап) не алаң көңіл болып отырады.Мұғалім мұндай оқушыларды байқамай қалады да,олар ақырында сабақ үлгермеушілерге айналады.

Ал сабақтың сапасыз өтуі мұғалім білімінің жеткіліксіз,тәжірибесінің кем, әдістемені меңгермегендігінен болады.Оның үстіне кейбір мұғалімдер саббаққа алдын ала даярланбай келеді.Дайындықсыз сабақ қашан да нашар өтеді,оқушыларға тартымды болып шықпайды, бұл да тікелей үлгермеушілікке апарып соғады.

Сабақ үстінде болсын,сабақтан тыс уақытта болсын білім алушылардың әрқайсысының денсаулығына, сабақты қабылдау қабілетіне,тіліне, мінез-құлқына жеке-жеке көңіл бөлмеуден де үлгермеушілік келіп шығады.

Сабақты үлгермеудің тағы бір себебі-мұғалім оқушының білім көлемін жиі-жиі тексеріп тұрмайды немесе үстірт тексереді.Оқушының нақтылы білімін саралап анықтамайды.Ережелерді құрғақ жаттауына жол береді. «Сыныпта уақыт жетпейді» деген сылтаумен жаттығу жұмысын кем жүргізеді.Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады.

Білім алушылардың сабақты үлгермеуінің тағы бір себебі-үйге тапсырма беру мен оны тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы.Өйткені кейде үйге берілген тапсырманың саны мен сапасына жете көңіл бөлінбей, тапсырма мөлшерсіз, үстірт қалай болса солай беріле салады.Сол себепті оқушы тапсырманы түсінбей қалады да,үйге барғанда орындай алмайды немесе шала, қате орынайды.Сөйтіп ертеңіне сұраған уақытта қиналып,жауап бере алмайды.Осындай бір-біріне ұласқан кемшіліктерден келіп үлгермеушілік шығады.

Мұғалім оқытып жүрген оқушысына әрқашан қамқорлық жасап,жаны ашып,бағыт-бағдар бермесе,ол сабақты оқымай қояды.Мысалы, сабақты үлгермейтін оқушыға «сен адам болмайсың,оқысаң да,оқымасаң да бәрібір» деген сөздерді мұғалімнен де, үй ішінен де жиі естісе, ол сабаққа бұрынғыдан да бетер ықылассызданып,жалқаулыққа салынады.Көңілін қалдырған кісілерді кек тұтып,сабақты әдейі оқымай,даярланбай қояды.Кейде керісінше жағдайлардан да сабақты оқымаушылық болады.Мысалы, оқушы ата-ананың тым еркелетіп, өз бетімен жіберуінен барып,сабақ оқуан гөрі ойынмен айналысады да,сабаққа даярланбайды.

Кейде мұғалім үлгермейтін білім алушылардан сабақты сұрамайды, не өте аз сұрайды,сондықтан оқушы сабаққа даярлануды қояды.Мұғалім ол оқушыдан сабақты тоқсанның аяғында, оқушыларға баға қою керек болғанда ғана сұрайды.Материал өте көбейіпкеткендіктен және көптен бері сабаққа даярланбағандықтан,оқушы қанағаттанарлықсыз баға алады.

Оқушының сабақ үлгермеуінің басқа бір себебі-мұғалім оқушының ата-анасымен тығыз байланыс жасамайды.Біріншіден,ата-ана оқуға қажетті жағдайда өз дәрежесінде туғызбағандықтан,баласы сабаққа даярлана алмайды.Мысалы, үйде сабақ оқитын арнайы орын, тиісті оқу жабдықтары болмаса , оқушы сабаққа даярлана алмайды.

Білім алушының сабаққа себепсіз көп келмей қалып не ауырып қалып ,өткен сабақты білмеуінен не күн тәртібінің болмауынан, болған күнде оны дұрыс орындамауынан үлгермеушілік шығады.Өйткені оқушылар сабақтан кейін не сабаққа барар алдында дұрыс дұрыстап тамақтанбаса не күнде кеш жатып, ерте тұрса, олардың сабаққа ықыласы болмайды.

Сабақты үлгермеушілік –оқушының денсаулығына да бірден бір байланысты.Себебі оқушының бір жері ауырып отырса, сабаққа ықыласы болмайды.Не болмаса сыныптың ауасы жиі тазартылып тұрмаса да , оқушының көңілі сергек болмай,тез шаршап,бойлары ауыр тартады, өтілген сабақты жөнді ұқпайды.Осыдан келіп үлгермеушілік шығады.Оқушылардың сабақты үлгермеушілігінің және бір себебі-оларға бір-біріне жолдастық көмектің дұрыс ұйымдастырылмауынан, ұймдастырылған күнде әрбір оқушыың меңгере алмаған тақырыбына ғана нақтылап көмектеспей,жалпылама қосымша сабақ түрінде өткізілуінен.

Білім алушыларға қоғамдық жұмыстар көп тапсырылса, олардың сабақ даярлауға уақыты жетпей, күнделікті сабаққа ілесе алмайды.Болмаса білім алушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы дұрыс ұйымдастырылмай, білім алушыларға қоғамдық ықпал туғызылмаса да үлгермеушілік келіп шығады.

Білім алушылардың сабақ үлгермеушілігінің тағы бір себебі-оқу тәрбие ісіндегі кемшіліктердің алдын алу шараларының дұрыс ұйымдастырылмауы, сабақтың көп кзекпен оқытылуы ,сыныпта оқушылар санының көп болуы.Сабақ кестесінің тұрақты болмауы, оның бағдарламалық талаптарға сай жасалмауы да, оқушылардың үлгеріміне кері әсер етеді.

Сонымен оқушылардың сабақты үлгермеу себептерін біліп алғаннан кейін, енді негізгі мақсат –оны болдырмаудың жолдарын көрсетуге тырысайық.Озат мұғалімдердің тәжірибелері сыныптағы оқушылардың сабақ үлгерімін толық қамтамасыз етуге болатындығын әлдеқашан шешкен.Демек, барлық оқушының сабақты жақсы оқуын қамтамасыз ету-әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс.

Әрбір оқушыға сабақ барысында берілетін сұрақтарды алдын ала ойлап қою керек, тапсырманы да әрбір оқушының күші мен қабілетін ескере отырып берген жөн.Біздің педагогикалық жұмыстарымыздағы ең негізгі іс-сабаққа әзірлену.Мен осы мұғалімдік қызметімде бұған көзім анық жетті.Күн сайынғы жаңа сабағыма жаңа жоспарлар, көрнекі құралдар жасауға және қосымша материалдар әзірлеуге көп уақыт бөліп отырдым.

Сабаққа мұғалімнің ұқыпты даярлануы мен сабақты сапалы өткізуінің жолдары мен әдістері көп бола тұрса да, соның үш кезеңіне тоқталмақпын.Сабақтың басқа бөлімдері осы үш кезеңнің көмекшісі болуға тиісті.ОЛар-біріншіден, оқушылардың үй тапсырмасын тексеру жолдары *оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Ісі./Екіншіден, үйге тапсырма берудің әдістері.Үшіншіден, жаңа материалды түсіндіру тәсілі.

Оқушылардың үйде орындап келген жұмысын мұғалім үнемі қадағалап тексеріп отыратын болса, олар үйге берілен жұмысты тыңғылықты етіп орындауға дағдыланады.Бұл әдіс жалқау оқушыға да қозғау салып, оны тапсырманы дұрыс, ұқыпты орындауға міндеттейді.Үй тапсырмасын тексергенде , әсіресеі оқуы нашар, сондай-ақ тапсырманы қалай болса солай орындайтын оқушылардың дәптерлерін жиі-жиі тексеру керек.Бұл әдіс артта қалғандарды оқуға талаптандырып, олардың белсенділігін жақсартады.Мұғалім сабақ соңынан оқушылардың дәптерлерін жинап алып, үйде ұқыптап тексеріп шығады.Мысалы,үйге тапсырылған есептің , мысалдардың нәтижелерін тексергенде, сол есептің қалай жазылғанына да мән беру керек.сонда ғана оқушының ұқыптылығы мен ой –өрісін кеңейтіп, есепті, мысалды дұрыс шығаруына , оның сауаттылығын арттыруға қол жетеді.Үйге тапсырылған жұмысты жақсы орындаған оқушыларды дәріптеп, көтермелеу,басқаларға үлгі етіп көрсету –үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа ынталандырудың бірден-бір әдісі.

Өткен материал жөніндегі оқушылардың ұғымын тексерудің тиімді екі жолы бар.Бірінші –жеке оқушыны тақтаға шақырып, тиісті сұрақтарға жауап алу.Екінші-сұрауы сынып оқушыларына тұтас беріп, олар ойланып болғаннан кейін, жауап беретін оқушының фамилиясын атау.Бұл екі әдісті де қолдану пайдалы, сонымен бірге қосымша әдістерді де қолданып отыру керек.Мысалы, мұғалім 2-3 оқушыға тақтада сөйлем талдатып не есеп шығартып , басқа оқушылардан ережелерді сұрау жұмысын жүргізуіне болады.Бірнеше оқушыға әр түрлі ережелерді кезектестіріп айтқызу, болмаса оларға жеке-жеке қағазға жұмыс жазып беріп, оны тексеріп, тиісті баға қояды.Немесе бірнеше оқушыны алдыңғы партаға отырғызып, бөлек қағазға бұрын даярланған жұмысты жазбаша орындату, бұл уақытта басқа оқушылардан тиісті сұрақтарға жауап алу.

Мұғалімнің оқушыға берген сұрағы дәл, анық, ұғымды болғаны дұрыс.Шұбалаңқы сұрақтан аулақ болу керек.Берілген сұраққа оқушының толық түсінген –түсінбегенін де анықтау қажет.Оқушы жауап бергенде мұғалім көңіл қойып тыңдап , тиісті жерінде бас изеп, қоштап қойғаны дұрыс.Бұл жағдай оқушының сенімін күшейтеді.Оқушы жауап беріп тұрғанда басқа оқушылардың қол көтеруіне, күлуіне , жауап беріп тұрған оқушының сөзін бөлуіне мүлде тыйым салу керек.Өйткені жауап беріп тұрған оқушы жаңылып, жауап бере алмай қалуы мүмкін.Кейде мұғалім сабақты үлгере алмайтын оқушыдан күдер үзіп, ол жауап бермей жатып-ақ оның тағдырын шешіп қояды.Сабақты нашарлау оқитын баланы тақтаға шақырып алып, «Ал,Ыбыраев, тым болмаса бүгін бірдеме айтарсың?!» «Жылқыбаев, тақтаға кел! Сен,бүгін де түк білмейтін шығарсың!» немесе «Шалабаев, тым болмаса мына сұраққа жауап бере алмайсың ба?»,-дегендей орынсыз оқушыны кемсітетін жағдайлар кездеседі.Осы жолмен сабақ сұрағанда, оқушы дұрыс жауап бермек түгіл. Білгенінің өзін ұмытып қалады.Не қырсығып,жауап бермей қоятын кезі де боладыСебебі, оқушының өзіне деген сенімі кемиді,ынтасы түсіп, сол сабақтан көңілі қалады.Келе-келе сабақты оқымайтын, оған қызықпайтын болады.Кейбір мұғалімдер оқушы дұрыс жауап бере алмай қалса не бөгелсе , оған ренжіп,кекетіп,немесе ұрсып,қабағын шытады.Мұғалімнің былай өзін ұстауы –оқушыларға өте ауыр тиеді.Оқушыларды дұрыс үйретемін деген мұғалім мұндай әдеттен аулақ болуы керек.Кейде мұғалім сабақты жақсы оқитын оқушылардан не болмаса сабақты үлгермейтін /жалқау/ оқушылардан көп сұрап ,көңілді аударып жібереді де орташа оқитындарға көңіл бөлмей қояды.Сондықтан бұл оқушылар сабаққа даярлануды сирексітіп,ақырында даярланбай келетін әдетке дағдыланады.Мұндай жағдайды мұғалім дер кезінде елемесе, онда жақсы оқитын оқушыларды үлгермеушілер қатарына қосуға өзіміз себепкер боламыз.

Мына жағдайларды да мұғалім естен шығармауы керек.Оқушының жауабы аяқталғаннан кейін, мұғалім оған қандай баға қойды.,оның берген жауабының кемістігі мен жетістігін көрсетіп, түсіндіруі қажет.Оқушылардың жауабында кеткен қателерін,дұрыс емес жерлерін олардың жауабына бөгет жасамайтындай етіп түзетуі керек.Егер оқушы жауап бере алмаса не жауап беріп тұрып тоқтап қалса , мұғалім жетекші сұрақтар арқылы көмектесуі керек.Көмектесу дегенде , оқушы жауаптың басын ұстаса , көпшілігін мұғалімнің өзі айтып жіберуі тиіс деген ұғым тумауы керек.Мұғалім оқушының берген жауабының тек мазмұнына ғана көңіл аударып қоймай, оны тіліне де , сөйлемді құрастырып дұрыс айта білуіне де көп көңіл бөлінуі керек.Оқушы тілін тек дұрыс арқылы ғана дамыта алады.бұл әдебиеттік оқу сабағы ғана емес, барлық пәндерге де ортақ міндет.Мұғалімнің қойған бағасы дұрыс, әділ екені оқушылардың бәріне де айқын болуға тиіс.Баға қою өте жауапты кезең.Бағаны дұрыс қоймау оқушыларға үлкен әсер ететінін , бұның тәрбиелік және оқушылардың сабақты дұрыс оқулары үшін маңызды екендігін мұғалімдер ұмытпауға тиіс.Әр уақытта оқушылардың жауабына сәйкес өткен материалға қысқаша қорытынды жасап отыру –олардың білімін нығайтуға пайдасын көп тигізеді.

Сабақтың екінші кезеңі –жаңа тақырыпты түсіндіру.Оқыту жұмысының нәтижелі болуы –материалды дұрыс түсіндіруге және сабақты дұрыс жабдықтап өткізуге байланысты.Жаңа материалдың идеялық мазмұндылығы, оны мұғалімнің ұғымды түрде анық түсіндіруі , сөйлегенде қимыл әрекеттерінің орынды болуы , балалардың сабақты көңіл қойып тыңдауына ерекше әсер етеді.Сол сияқты көрнекі құралдар, үлгілер,интерактивті тақта т.б көрнекі құралдарды пайдалану-оқушыларды сабаққа қызықтырып, ықыласын арттырады.

Әдістемелік тәсілдерді өзгертіп , түрлендіріп отыру , оқушылардың сабақ үстінде өз бетінше істейтін жұмыстары мен жаттығу жұмыстарын тиімді етіп, түрлендіріп жүргізу –олардың сабаққа белсене қатысуына жол ашады.

Сыныпта оқуға немесе жаттап алуға арналған әңгімелер мен өлеңдерді мұғалімнің өзі мәнерлеп оқуға көп мән беруі керек.Балалар мұғалімінің мәнерлеп оқығанын , сөйлегенін мейлінше көңіл қойып тыңдайды.Мұғалімнің дауыс ырғағы , қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қызығып, өздері де сондай болуға талаптанады.Мұғалім жаңа сабақты түсіндіргенде оқулыққа қосымша көркем шығармалардан өмірден мысалдар келтіріп , балаларды ынталандырып, қызықтырып отыруға тиіс.Оқу материалдарын осылайша қызықты етіп, баяндау-оқушылардың білімге құмарлығын арттырады.Олар айналысындағы өмірден, тіршіліктен көп жаңалықтар үйренеді, ой, сана-сезімдері өсіп, білімдері нығаяды.

Жаңа материалды түсіндіргенде барлық оқушының зейінін сабаққа аударып, олардың сабақты барынша ықыласпен тыңдауына қатты көңіл бөлу керектігін мұғалім ерекше ескеруі керек.Өйткені, үлгермеушіліктің және сабақты ұқпай қалушылықтың өзі нақ осы жаңа тақырыпты түсіндіріп тұрғанда, оқушының сабаққа қызықпауынан, оның көңілі сабақтан басқа жақта болуынан келіп шығады.Сондықтан, мұғалім сөйле тұрғанда, оқушылардың отырысын,олардың зейіндерін, ойларын байқап тұруы керек.Егерде бірінші сабақ қызықсыз өтсе, оқушының ықылассыздығы кейінгі сааққа да әсер етеді.Егер бірінші сабақ қызықты болып өтсе ,оның сабаққа құмартуы , зейіні кейінгі сабаққа да сөзсіз арта түседі.Немесе оқушылар үзіліс кезінде жүгіреді., ойнайды, әр нәрсеге көңілі бөлінеді.Сол көңіл күйлерін басып,оқушылардың зейінін сабаққа аударып алуды мұғалім ескермесе, оқушының өтіп жатқан материалды шала ұғынуында дау жоқ.

Сондықтан да оқушының зейінін сабаққа аударуға мұғалім бар мүмкіндікті пайдалануы керек.Бұларға қосымша сыныптағы жаттығу жұмыстары мен оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарына және олардың жаңа материалды қалай ұғынғандарын жинақтау, қорыту жұмысына жа күнбе-күн көңіл бөлі отыру- оқушылардың сабақ үлгеріміне кепілдік береді.

Сабақ жүргізудің келесі кезеңі-үйге тапсырма беру.Ол сабақтың негізгі бөлімінің бірі болып жоспарға енгізілуі керек.Өйткені оқушылардың сабақты дұрыс үлгеруі , жаңа сабақты меңгеруі –үйлерінде істейтін жұмысының нәтижелігіне тікелей байланысты.Үйге тапсырма қоңырау соғылған кезде үстірт , асығыс берілуі өте пайдасыз. Үйге тапсырма бергенде оқушылар тәртіпті отырып, ынталы тыңдасын.Тапсырманы қашан, қалай орындалуына нақтылы нұсқау беріп, жақсылып түсіндіру қажет.Балалардың түсінген-түсінбегенін білу үшін орташа не нашарлау оқитын оқушыларға үйге қандай тапсырма алғандығын, оны қалай орындайтынын айтқызған жөн.

Математикадан тапсырма бергенде текстегі кейбір сөздердің мәнін ұғындырып жіберу керек.Есептің қиындық, жеңілдік жағын (оқушылардың шығаруға шамасы келе ме?) мұғалім алдын ала ескеруге тиіс.Ал тіл пәндерінен жаттауға өлең бергенде , оны қалай жаттау тәртібін , айту техникаларын (қозғалыс, қимыл, дауыс ырғақтарын) түсіндіреді.

Оқушылардың сабақты үлгеруіне оқу құралдарының жеткілікті болып, оны орынды пайдалана білуі, сабақтан қалмауы оң әсер етеді.Сонымен олқылықты болдырмаймыз десек, жоғарыдағы шараларды күнбе-күн іске асырып отыру міндет.Тек сабақты қызықты, ұғымды етіп өткізсек (педагогикалық,дидактикалық әдістерді тиімді пайдалансақ), бұл міндеттің удерісінен шығарымыз сөзсіз.Күнделікті сабақты қызықтырып, түрлендіріп отырсақ оқушының сабаққа деген ынтасы арта түспек.Сондықтан да, күнделікті сабаққа тыңғылықты дайындалып барамын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2025
104
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі