400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушы болашағында ағылшын тілі пәнінің ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы болашағында ағылшын тілі пәнінің ролі туралы мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушы болашағында ағылшын тілі

пәнінің ролі

“Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі-жаһандық, экономикаға ойдағыдай кіру тілі”.

Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”

атты Қазақстан халқына Жолдауының жиырма алтыншы бағыты.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімдіпайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Олай болса бүгінгі еліміздің әр мектптерінде өз ана тілімен қоса шет тілдерін үйретуде.

«Шетел тілі» пәнінің мектептегі басқа пәндерден ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз әрекетін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы рөлімен дәйектеледі.

Оқытуда екінші тілдік тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізетін тіл формасы мен мазмұнының ара қатысы, тіл мен мәдениеттің, тіл мен ойдың өзара тікелей байланысы аталған пәннің негізгі заңдылықтарының негізін қалайды.

Оқу пәні ретінде шетел тіліне басқа пәндермен өзара пәнаралық байланыс тән, себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан алынатын мағлұматтарға сүйенеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың білімдік әрекеттік нәтижесі оқушылардың универсалды сипаттағы білімдерін кеңейтуде, шеттілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуда көрінеді.

Шетел тілін оқушыларға үйретудегі негізгіқағидалар: олардың сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру, оқушылардың белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Сонымен қатар Ағылшын тілін оқып үйренуде оқушы бойындағы қабілетті дамыта отырып, жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауында, ұстазбен оқушы арасындағы құзіреттілікті қалыптастыруда, тілдік портфель ұстазға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Тілдік портфельдің қажеттілігі;

- ағылшын тілін үйренудемектеп өміріндегі серігің болады ;

-қол жеткізген жетістіктеріңді /мектептегі с/қ мектептен тыс/;

-ағылшын тілінде қалай оқып жаза алатыныңды көрсетесің;

-тілді оқып үйренудегі барлық іс-әрекетіңді жазып отырасың;

- Ағылшын тіліндегі өзіңнің барлық шығармашылық ,жазба жұмыстарыңды, жетістіктеріңді енгізесің .

Тілдік портфель келесі бөлімдерден тұрады:

- 1.Тілдік төлқұжат. (Language Passport). Мен меңгерген тілдер...

2. Тілдік өмірбаян. (Language Biography). Менің жетістіктерім...

3. Копилка. (Dossier). Құнды құжаттар...

4. Болашаққа жоспар. (The Future plans).

Тілдік өмірбаян. (Language Biography). Менің жетістіктерім...

Тілдік өсу 4 қабілет бойынша көрсетіледі. Олар:

  1. Тыңдап түсіну. Listening

  2. Сөйлеу. Speaking

  3. Жазу. Writing

  4. Оқу. Reading

Көрсетілген қабілеттер бойынша жеткен жетістіктеріңді белгілей отырып, өзіңді бағалай аласың және де осы қабілеттерді берілген аралықта меңгересің. Сондықтан тілді үйрену барысында жеткен қорытындыны әрдайым өзіңді бағалаумен көрсет!Уақыт өткен сайын алып қосарың болар. Сондықтан қарындашпен белгілеген жөн.



Бағалау өлшемдері:

Very well /өте жақсы/ - xхх

OK /жақсы/ - xх

Not very well /орташа/- x

Тыңдап түсіну (Listening)

Мен...

  • Берілген нұсқауларды түсініп сол бойынша жұмыс істей аламын;

  • Тыңдағанымды суреттермен, заттармен сәйкестендіре;

  • Таныс тақырыптардағы диалогтарды;

  • Әндерді, өлеңдардің мағынасын түсініп, оны іс-әрекетпен көрсете;

  • Өзім туралы сөйлемдерді, жеңіл сұрақтарды;

  • Суреттермен бейнеленген ертегілерді, әңгімелерді;

  • Ұстазымның, құрбыларымның ағылшын тіліндегі сауалдарын

т ү с і н е а л а м ы н!

Сөйлеу (Speaking)

Мен...

- Амандаса отырып, сәлемге жауап беремін;

- Өзімді таныстырамын, біреумен танысамын;

  • Өзім жайлы,Отаным, отбасы достарым жайлы;

  • Досыма сұрақ қойып, оның қойған сұрағына жауап беремін;

  • Қолымнан келетін, келмейтін нәрселер жайлы;

  • Адамдарды, үйді, жануарларды суреттеймін;

  • Мектебім, болашақ мамандығым жайлы;

  • Таныс тақырыпта

с ө й л е й а л а м ы н!


Жазу (Writing)

Мен...

  • Ағылшын тіліндегі сөздерді, сөйлемдерді қатесіз көшіремін;

  • Ұстазымның айтқан сөйлемдерін, сөздерін қатесіз;

  • Шағын мәтіндер, сөйлемдер құрастырып;

  • Өзім, Отаным, отбасым, сүйікті пәнім, үй жануарларым жайлы;

  • Қолымнан келетін, келмейтін істер жайлы;

  • Алыстағы досыма, туыстарыма хат жазамын;

  • Таныс тақырыпта шығарма, эссе, әңгіме, ертегі

ж а з а а л а м ы н!

Оқу (Reading)

Мен...

  • Ағылшын тіліндегі сөздерді, берілген суреттерменсәйкестендіре;

  • Мәтіндегі бос орындарды берілген сөздермен толтыра;

- Берілген әңгімелерді оқып, мазмұнын түсіне;

  • Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы оқып, түсіне;

  • Берілген мәтіннен керекті ақпаратты таба ;

  • Жазбаша жолдамалармен хабарламалар түріндегі ақпараттарды

о қ и а л а м ы н!

7а сынып оқушыларының 4 қабілет бойынша сапа көрсеткіші




7а сынып оқушыларының 4 қабілет бойынша жалпы сапа көрсеткіші























Жоғарыда айтылғандай ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың, компьютер технологиясының кілті. Егер елімізді дамыған 30 елдің қатарында көргіміз келсе талмай еңбектеніп, білім алуымыз керек. Тәуелсіз еліміздің болашағы- жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат қоғамда өз орынын табады деген сенімдемін!











































№5 орта мектеп













Оқушы болашағында ағылшын тілі

пәнінің ролі

Ағылшын тілі пән мұғалімі: И.А.Фазылова







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 маусым
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі