Материалдар / "Оқушы, отбасы, қоғам" дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Оқушы, отбасы, қоғам" дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
материал топ жетекшілеріне сыныптан тыс шаралар өткізуге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2020
2643
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Теректі колледжі» МКҚК













«Оқушы, отбасы, қоғам»




Дайындаған: №75 топ жетекшісі З.К.Хамитова





















Подстепное-2020





Тақырыбы: Оқушы, отбасы, қоғам.(дөңгелек үстел)

Мақсаты: Топ оқушыларына отбасы тәрбиесінде ой салу, ата – ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын көтеру және жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу.

Дөңгелек үстелге ата – аналар, топ оқушылары қарастырылады.

Балаға берілген дұрыс тәрбие – бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз”

Қадірменді ата – ана_______________________

Сіздің балаларға беріліп отырған тәрбиеңізге көңіліңіз толады? Мүмкін сізге бала тәрбиесіндегі бағыт – бағдар керек болар, мүмкін сіздің ойыңыз бізге ой салу. Келіңіз, Отбасы бақыты – ол ... деп аталатын дөңгелек үстелге, ойласайық.

Дөңгелек үстел __күні, сағ__, ___каб. болады

Дөңгелек үстел 6 бөлімнен тұрады:

  1. Ойға шабуыл

  2. Арақ атаңнан қалған ас емес

  3. Бүгінгі менің ойым

  4. Ата – анаға тест

  5. Сүйіспеншілік сипаты

  6. Қорытынды

Бірінші болып оқушылар, олардың артынан дөңгеленіп ата – аналар отырғызылуы керек. Дөңгелек үстелдің ортасына өсірілген гүл қойылады. Оқушылар ішке кіріп келе жатқанда олардың біріне көк жапырақ, біріне сары жапырақ беріледі. Әдемі ой салар әуен қойылып, сол әуенмен ата – ана да, оқушылар да орнына отырады.

Пайдаланған өсиет сөздер:

  1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік (Абай)

  2. Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі (Пушкин)

  3. Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы . Алла тағала оның өмірін ұзартады (Мың бір хадистен)

Салынған талдың суреті пайдаланады.

Жүргізуші: Қадірменді ата – ана, “Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін” деп әлпештеп отырған перзентінің мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді десіз? Бірақ бүгінгі күні ата – анасын құрметтейтін, олардың алдындағы перзентік парызын орындамайтын, өз айтқанымен жүргісі келетін балалардың бар екені шындық.

Тәрбие – отбасынан басталады” дейтін болсақ, біздің отбасындағы тәрбиеміз қандай? Колледжде оқып жүрген біздің осы балаларымыз бүгінгі “махаббат майданында” жүрген қыздар мен жігіттер. Біреуі – біреуді ұнатып қалып жатса, біреуі - біреуге ұнап жатады. Бір – біріне ұнаған жастың ендігі арманы біз мына өмірде бірге болсақ екен, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көрсек екен деген ой туады, ал ол отбасын құру дейтін болсақ, сол отбасын құруға біздің жастарымыз дайын ба?

Ал ата – ана, ертеңгі үміт күткен балаларымызбен сыйластығымыз, отбасындағы түсініктігі қандай?

Бүгін сіздерді “Отбасы бақыты –ол...” деп аталатын дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.

Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі)

а) отбасы бақыты – ол....

ә) бақыт дегеніміз - .....

б) борыш дегеніміз-.......

в) отбасы бақыты үшін мен.......

г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен......

(осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек)

Ата – ана, оқушы жауабынан соң қорытынды жасалып, “осы отбасы бақытын бұзатын қандай жағдайлар?” деген сұрақ тасталады. Оқушылар жауаптары отбасының бұзылуы түсініспеушіліктен, әсіресе отбасы мүшелерінің арақ ішуінен болады деп қорытындылайды. Арақ ішу туралы екі жақтың да жауаптары тыңдалады. Осы кезде арақ кейпінде киінген бала ортаға шығып, көпшілікке сұрақ тастайды.

  • Мен сендердің достарыңмын, бауырларыңмын, солай ма?(оқушылар мен ата – аналар жоқ, сен бізге бауыр да емес, жолдас та емессің деген ой айтқанға дейін қайталай береді)

  • Жоқ дос та емессің, бауыр да емессің.

  • Қалай, қалай, неге өтірік айтасыңдар?(ата – аналарға қарап) Менсіз той өткізесіңдер ме? Жоқ. Менсіз туған күн өткізесіңдер ме? Жоқ! Үлкенің де, кішің де бір қалт еткен жаңалығың болса, ал жуайық дейсіңдер, жақсы ал оны немен жуасыңдар, әрине менімен. Сонда сен кіммен доссың, әрине менімен доссың. Ойлан ата – ана, ойлан жасөспірім. Мен доспын, бірақ әзәзіл доспын, барыңды жоқ қылар доспын, отбасыңды ойрандап, басындағы бағыңды тайдырар доспын, ішіңе сұр жыландай еніп, өзінді күл талқан етер доспын. Ойлан, арақ атаңнан қалған ас емес!

Топ жетекшісі: Бүгін әр сыныптың ата – аналары жиналып отырсыздар. Ата – ана, егер жан – жағыңызға зерделіп қарар болсаңыз, бүгін отбасын құрған жастың, шаңырақтың бір арақтың, маскүнемдіктің әсерінен шайқалып, құлап жатқаны жасырын емес, ал алдымыздағы осы отырған жастар ертеңгі отбасын құрар қыздар мен жігіттер. Бүгінгі күні жасөспірімнің жасаған әрбір қылмысы ішімдіктің кесірінен болатындығы дәлелденіп отыр. Енді сіздерге:

Ей ағалар, жас ұрпақты шылымыңмен уладың,

Арақ ішіп, мас болып, бура болып туладың

Енді келіп алқаштар деп кінә тағып, шуладың

Мықты болсаң неге ертерек жаманатты қумадың?, - деген жыр жолдарымен салмақты өздеріңізге салып, арақпен күресу тек жастар емес, өздеріңізге де тікелей байланысты дегіміз келеді.

Топ жетекшісі: 3 – бөлім “Бүгінгі менің ойым” деп аталады. Оқушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады:

а) – ой, мама, қойызшы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата – анаға ауыр емес пе?)

ә) отбасы бақыты кімның қолында(ананың, әкенің, балалардың)

б) мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?

Ата – аналарға берілетін сұрақ:

  • балаңыздың “ой, қойшы мама” деген сөздері сізге ауыр тие ме? Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме?(оқушылар, ата – аналар жауаптары тыңдалады)

Топ жетекшісі: Сенің кез – келген жақсы ісің үшін алған қуанатын да анаң, кез – келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін – бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қалып кетеді, осы ұмытпа. Оқушылар, сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналды, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын. Анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды (тақтада жазулы тұрған хадистен сөз оқылады)

  1. Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі, ал ата – анаға тест беріледі. Сол тесттің сұрақтарына жауап беру арқылы ата – ана балл жинайды. Сол баллына қарап, бала тәрбиесіне байланысты бағыт – бағдар беріледі.

Оқушыларға берілген тапсырма:

Мына сандардың астында бір – бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көр.

1

8

1


10

28

23

8

5

38



18

2

11

38

14


20

18

37


10

1

23

1

16

1

17

1

Тапсырма жауабы: әрбір тұрған сан алфавит бойынша сандардың ретін береді. Сонда “Ана жүрегі нәзік гүл, оны жаралама” деген сөз шығады.

Ата – анаға берілген тест Сіз қандай ата – анасыз?

  1. Балаңызға айтқаныңды істете аласыз ба?

а) Жоқ б) Ия в) Кейде ғана

2. Балаңыз сіздің айтқаныңды қалай орындайды?(үй шаруасын)

а) өз еркімен б) қорыққанынан в) айтқызбай орындайды

3. Балаға қатал талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді ме?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

4. Балаңыз сізді тыңдамаған кезде қолданатын шараңыз қандай?

а) Ұрсасыз б) Ұрасыз в) Түсіндіресіз

5. Балаңызды әділетсіз жахалап, кінәлаған болсаңыз қателігіңізді мойындап кешірім сұрайсыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

6. Балаңызбен пікір алысып, ой бөлісесіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

7. Балаңыз ашуланғанда сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

8. Баланың күнделікті қажетіне жұмсау үшін берілетін ақша мөлшері оның қалауынша болуы керек деп есептейсіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

9. Уақытты балаңызбен бірге өткізу сіз үшін қуаныш па?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

10. Өзіңіздің алғашқы ойыңыздың қате екенін түсініп, өз шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Ата – ана тақтада ілінген таблицаға қарап отырып, өзі жинаған балл арқылы өзін - өзі бағалай алады, ал жүргізуші ата – анаға өзін қалай бағалауы керектігі жөнінде бағыт – бағдар береді.

Ата – ананың өзін - өзі бағалау парағы.

Егер сіз 45 – 50 - ге дейін балл жинасаңыз, сіз бала тәрбиесін дұрыс жолға қойғаныңыз. Егер одан төмен балл жинасаңыз, онда сізге бала тәрбиесінде көбірек ойлануыңызға тура келеді. (пікірлесу соңынан төмен балл жинаған ата – аналарға бала тәрбиесінде бағыт – бағдар берілуі керек, оқушылардың қатысуынсыз)

Реті

А

В

С

1

0

5

3

2

4

0

5

3

0

3

5

4

0

0

5

5

5

3

5

6

5

3

0

7

5

2

0

8

0

2

5

9

5

2

0

10

5

2

0

Топ жетекшісі: Келесі бөлім “Сүйіспеншілік сипаты” деп аталады. Бағана өздеріңіз сыныпқа кіріп келе жатқанда берілген жапырақарды пайдаланар сәт туды. “Отбасының бақыты үшін не керек?” деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа, ал отбасын бұзатын бұзатын жағдайлар туралы пікірлеріңізді сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.

  • Енді осы ойларымыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар... (оқушылардың пікірін тыңдаймыз, болмаса жүргізушінің өзі қорытындылайды)

  • Әрбір отбасы - өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің отбасыңызды қауіп – қатер қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы. Ол мына өздеріңіз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі. Ал егер көк жапырақ көп болса, онда сіздің отбасыңызды бақыттың орнағандығы, яғни түсіністік, сыйластық, бір – біріне деген махаббат, адалдық, жүрек жылуы, баласының анаға, ананың балаға жылуы.

Үлкендер бата бергенде көптеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол сияқты отбасының көктеп – көгеруі үшін, бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек. Отбасы бақыты ол отбасы мүшесінің барлығына байланысты.

Қорытынды: Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемадан қашып құтылу мүмкін емес. Балаларымызды тек қана компьютермен, қымбат киім алып берумен, күнделікті ақшамен қамтамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемасын бірге шешетін кез келді. Қадірменді ата – ана Макаренконың “Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие – бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз” – деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік. Қадірменді оқушы, ата – анаңа ақыл қосар ақылшы екеніңді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңді, яғни ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмітпа. Әрбір отбасы бақыты сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!