Оқушы тәртібінің жолдағы және көшедегі ережесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушы тәртібінің жолдағы және көшедегі ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
№3 қауіпсіздік сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Тәрбие сағаты


Күні:


Класс жетекші:


Класс:

Қатысқаны:

Қатыспағаны: 0

Сабақтың тақырыбы:

«Оқушы тәртібінің жолдағы және көшедегі ережесі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

3 – САБАҚ

«ҮЙГЕ ҚАУІПСІЗ ОРАЛУ: ҚОЛАЙСЫЗ АУА-РАЙЫНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік мақсаты:

Оқушыларды ауа-райы құбылыстарымен таныстыру және найзағай, көктайғақ, бұр қасын кезінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту, ауа – райы және оның негізгі көрсеткіштері туралы білімдерін бекіту

Қауіпсіздік міндеті:

1. Берілген тұрғылықты жеріне тән ауа – райы

құбылыстарының терминологиясымен және сипаттамасымен танысу;

2. Найзағай, көктайғақ, бұрқасын кезінде қауіпсіздік ережелерін білу;

3. Табысты әлеуметтік бейімделу үшін қауіпсіз тұлға түрін дамыту;

Құндылықтарды дарыту:

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК: өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Апта дәйек сөзі:

Бірлігі күшті ел озады

Сабақ барысы:

Сабақтың уақыты \ кезеңі

Мұғалімі әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар \ сабақтың техникалық құрал - жабдықтары

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру


Миға шабуыл

Балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

Оқушылар мұғаліммен амандасады, дәптерлерін ашып, күн ретін, сабақ тақырыбын жазады.


Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады:

-Көшеде жүру тәртібі


-жаяу жүргінші, жол белгілер, машиналар, бағдаршам, инспектор қиылыстар


Тірек фото суреттер

тақтаға ілінеді


Сабақтың ортасы

20 мин

Өзіңді өзің құтқар, сонда сен

айналаңдағы мыңдаған адамдардың

аман сау болуына септігіңді тигізесің.


Біз бәріміз заманауи және күрделі өмірде өмір сүріп жатырмыз. Өкінішке орай айналамызда қауіп көп. Өзіңді өзің құтқару үшін, өміріңді сақтау үшін, қиындықтардың алдын алу үшін төтенше оқиғалар қандай болады, ол кезде біз өзімізді қалай сақтауымыз керек, қауіпті болдырмау үшін не істеуіміз керек, соған тоқталайық.


Викториналық сұрақтар.

1-сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер?


2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?


3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?



4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?






ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ


Жолда жүру ережелері туралы  нұсқау: 

1. Жиек жолдың оң жақ шетімен жүру керек. 
2. Жақындап қалған көліктің алдынан өтпеу керек. 
3. Жол бойында ойнауға қатаң түрде болмайды. 
4. ЖЖЕ-ін әр уақытта жадында ұста

Оқушылар тақырыпқа сай өз ойларын бөлісіп отырады.


Оқушылар мұғалімді тыңдайды, қажетті ақпартты жазып алады.















Жауап: Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.

Жауап: 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.






Оқушылар қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түсіреді.












Үлестірмелі қағаздар




























Ереже №1

Ереже №2




Қауіпсіздік сабағы

10 мин

1. Кіріспе (2 минут)

Ауа райын болжау, ауа райы оқиғалары және адам қауіпсіздігі терминдерін білу маңызды

2. Негізгі бөлім(6 минут)

Тақырып бойынша түсініктеме.

1-тапсырма: Қауіпті ауа райы құбылыстарының сипаттамасын жаз;

2-тапсырма: Бір ауа райы құбылысының суретін сал;

Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау:

Өтілген тақырыпты қайталау.

Тақырыптық термин сөздерді дәптерлеріне түсіреді, оның ұғымын біледі


Ауа-райы құбылыстары атауын оның анықтамалығымен сәйкестендіреді.


Бір ауа – райы құбылысының суретін салады


https://youtu.be/sKT-

1ot7paY?si=qHT

SwREIZhVgz900

https://youtu.be/ NCnr6

WmrZ4o?si=h9 Q4BsCE

_qoZagCi


Таратпа тапсырмалары


Түрлі – түсті қаламдар

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақта талқыланған негізгі ойларды қорытындыланады.

Оқушыларды осы құндылықтарды күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны туралы айтады.


Үйге қысқаша тапсырма: Көшеде өзін – өзі ұстау ережесін жазып келеді.


Сабақтан алған әсерлерін айтады.


Үй тапсырмасын түртіп алады








ЕРЕЖЕ №1 Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесі

1. 1. Көшеде қатты күлуге, сөйлесуге, шыңғыруға болмайды, ұят болады.

1. 2. Шемішкенің қалдығын, алманың қалдығын, кәмпиттің қағазын тастап, көшені ластауға болмайды.

1. 3. Кинотеатрға барғанда жүгіруге, ойнауға, шулауға болмайды.

1. 4. Кино немесе концерт көріп отырғанда көрермендерге кедергі келтіріп, аяқпен тарсылдатуға, ысқыруға, айқайлауға болмайды.

1. 5. Залдан шығарда немесе залға кірерде бір-біріңді итермелеуге болмайды. .

1. 6. Әдепті болыңдар.


2. Көшеде жүргенде жеке бастың қауіпсіздік ержелері

2. 1. Егер сен көшеде жүргенде сенің соңыңнан біреу келе жатса немесе қуып келе жатса, үйің әлі алыста болса, жақын маңдағы адамдары көп жерге жүгір, дүкенге немесе автобус аялдамасына .

2. 2. Егер танымайтын ересек адам сені күшпен алып кеткісі келсе, қарсылас, айғайла, көмекке шақыр. «Көмектесіңдер, мені танымайтын адамдар әкетіп барады!»

2. 3. Ересек танымайтын адамдардың ешқандай ұсынысын қабыл алма, келіспе.

2. 4. Танымайтын адамдармен ешқайда барма, көлігіне отырма.

2. 5. Сіздің үйдегі ересек адамдардың ақшасы көп деп ешқашан мақтанба.

2. 6. Үйде ересек адамдар болмағанда танымайтын балаларды үйге кіргізбе, шақырма.

2. 7. Қараңғы түсіп келе жатқанда ойнама.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі