400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушыға мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға мінездеме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Іле ауданы,

Төле би ауылы,

37 орта мектебінің

11 «А» сынып оқушысы

Омар Нұрасыл Бақтығалиұлына



Мінездеме

Оқушы туралы мәлімет: Омар Нұрасыл Бақтығалиұлы 2008 жылдың қаңтар айының 12- жұлдызында дүниеге келген. Нұрасыл 2014 жылы

37 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданды. Аталған мектепті 2025 жылы бітіргелі отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Отбасында 3 бала. Нұрасыл үйдің үлкені. Анасы мұғалім болып жұмыс жасайды. Толық отбасында тәрбиеленуде.

Мінезі өте жақсы, адамдармен тез тіл табыса алады. Достары көп, сыныптастары мен достарының алдында беделді. Нұрасыл кішкентайынан спортқа өте бейім. Күрестен бірнеше рет жеңімпаз атанған, жүлделері бар. Мектепішілік, аудандық, облыстық жарыстар Нұрасылсыз өткен емес. Волейболдан команда капитаны. Аймақтық, аудандық жарыстардан бірнеше рет жүлделі орын алған. Аудандық «Тир» атудан жыл сайын жүлделі орындарға ие болуда. Мінезі төзімді болғандықтан спорттың кез келген түрінде табандылық танытып, жеңіске жетіп отыр. Спортта ғана емес, оқуда да озат болғандықтан, мектептің мақтанышы деп айтамыз.

Сырт бейнесі өте тартымды, үнемі таза жүреді. Мектептің ішкі тәртібіне сөзсіз бағынады. Денсаулығы өте жақсы, ешқандай шағымы болған емес. Денесінің дамуы өз жасына сай, қалыпты.

Сабақты үлкен қызығушылықпен оқиды. Жаратылыстану бағытында оқитындықтан алгебра, геометрия, информатика, физика пәндерін сүйіп оқиды. Математикалық, логикалық тапсырмаларды жеңіл орындайды. Есте сақтау қабілеті өте жоғары. Шығармашылық қабілеті, логикасы жақсы дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Ойын еркін жеткізе алады. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан.

Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, барлық жағдайда шыдамдылық таныта біледі. Мектепте, мектептен тыс уақытта тәртіп бұзған емес.

Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдарға, табиғатқа мейіріммен қарайды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алады.


Мектеп директоры: А.Ә.Балғабаева

Сынып жетекшісі: Ж.Е.Конбаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
04.11.2025
66
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі