Оқушы
бойындағы жасқаншақ мінезді жою.
Қазіргі
жас ұрпақты білімді, мәдениетті,ұшқыр
ойлы,саналы етіп өз ұлтының салт-дәстүрін
білетін болашақ иелерін тәрбиелеу-баршамыздың
міндетіміз.Дүниеде шындықпен жүретін,
нәзік те пәк батыл бала –батыр бала
деп ойлаймын.
Мектепке
дейін барлық бала өз отбасында
тәрбиеленсе,кейбірі тағдырдың тауқыметіне
байланысты жетімдер үйінде тәрбиеленіп
келеді.Ұстаздың алдына келген баланың
бәрі ұстаз үшін-бала.Ол біреудің еркесі,
біреудің тұңғышы,біреудің жалғызы.Сол
үшін әрбір ұстаз бала психологиясына
терең үңіле білу керек.Мектеп – олар
үшін өмірге қадам басқан үлкен табалдырық.
Сол табалдырықты әрбір бала әртүрлі
мінезбен өткереді.Әркімнің алған
тәрбиесі әр қалай болғандықтан,біреуі
ұялшақ ,біреуі жасқаншақ, біреуі еркін,
біреуі батыл сияқты мінездермен
келеді.Көпшілік ортасына келген бала
өзін саналы оқушымын деп сезінуі үшін
мұғалім көп еңбек етуі керек.Өткізетін
сабақ бір бөлек те,сабақ беріп тұрып
бала психологиясына үңіле білу бір
бөлек.Қай бала не ойлап отырғаны мектеп
психологына қарағанда сол сыныпқа сабақ
беріп отырған мұғалімге белгілі.Өйткені,мұғалім
сол баланың іс-әрекетін күнделікті
бақылап отырады.Әсіресе,бастауыш сынып
мұғалімдері деп айтсам қателеспеген
болар едім.Сол балалардың мінез-құлқының
ішіндегі жасқаншақтық мінезге тоқталайық.
Әркімнің
жаратылысы әрқалай екені даусыз.Біреуі
ашық,біреуі жасқаншақ келеді.Жасқаншақтық
бір жағынан жақсы болып көрінуі
мүмкін.Өйткені,ондай балалар сырттай
инабатты болып көрінеді.Бірақ әдептілік
жасқаншақтықта жатқан жоқ. Жасқаншақ
мінездің жетістікке тигізер кері
әсерлері де бар.Сондықтан бала өз
бойындағы мұндай мінезінен құтыла
алғаны жөн.Тек балалға ғана жүктеп
қоймай,оның ұстазы да ,сыныптас достары
да,ата-анасы да осы мінезден арылуға
көмектесуі керек.Ал мінезді өзгертуге
де,жаңа мінездер қабылдауға да болатынын
бүгінгі психолог мамандар айтуда.
Жасқаншақ
бала біліп тұрса да ,білгенін айтпай
қалады.Көпшілік арасында үндемеуге
үйренген ол топ алдында сөйлеуден
қалады.Өз ойын айтуға жүрексініп
,басқалардың ықпалында кетеді.Ал басқаның
ықпалындағы бала ешқандай жетістік
биігінен көріне алмайды.Сондықтан
неғұрлым жасқанса,соғұрлым артта
жүреді.Неғұрлым ашылса,соғұрлым алға
жылжиды.
Оқушы
бойында осындай мінездің бар екенін
аңғарған ұстаз дереу шара қолдануды
ойластырған жөн. Себебі бала тез өседі.Ол
өскен сайын бала анасымен немесе
мұғалімімен сөйлескен абзал.Егер бала
үйде де дәл солай болған болса ,дереу
қолға алған жөн.Мектептегі сыныптастардың
алдында баланы төмендетпей,оның да
қолынан басқа балалар сияқты неше түрлі
өнер келетіндігін айтып ұғындыру
керек.Оқушының өзімен жеке сөйлесіп
«сен бәрін білесің ,сенің қолыңнан
келеді .Кәне ,не білесің ? Екеуміз
отырғанда бар білетініңді ортаға салшы»
деп айту артық емес.Күнделікті сабақ
үстінде сол баланы көбірек ортаға
тартып,дұрыс болмаса бетінен қағып
тастамай, «тағы да ойланып көрші мүмкін
келесі жауабың бұдан да жақсы болар »
деп ақылдасқан сияқты пікіріңізді
білдірсеңіз ,бала сізден үлкен арқа
сүйер қорған табары сөзсіз.Неге икемді,
өнердің қай түрі болса да баланы тарта
білсе,қысқа мерзімнің ішінде ме,жоқ
ұзақ мерзімнің ішінде ме бала өзінің
жасқаншақтық мінезден қалай арылғанын
байқамай қалады.
Осы
жасқаншақтық кесірі емес пе, қаншама
бұлбұлдар мен дүлдүлдердің халыққа
танылмай, ел арасында қалып қойып
жатқаны.Атақтылар мен әйгілілер өздерінің
жеткен межелеріне жасқанбаудың арқасында
жетті. Сондықтан құрметті әріптестер,
бала психологиясына терең үңіле
білейік.Жаңа технологиялар бала бойына
білім нәрін терең сіңіріп қана
қоймай,баланы шығармашылықпен жұмыс
істеуге жетелейтін мына заманда соны
дер кезінде дұрыс қолдана білуді
алдымызға мақсат етіп алайық.
Мерзімі.
Пәні.
Бейнелеу
өнері
Сабақтың
тақырбы.
Қар жауып тұр..
Сабақтың
мақсаты.
1.Білімділік.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен және
жанрларымен оқушыларды жүйелі таныстыру.
2.Дамытушылық.Бейнелеу
өнері жанрларына сурет салған суретшілердің
шығармаларына талдап
й
үйрену.
3.Тәрбиелілік.
Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа
,ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар,көрнекті
құралдар.
Альбом,открытка,дидактикалық
құралдар р
,қарындаш,фотоальбом ,бояу,қылқалам,
т,б.
Сабақтың
өту барысы.
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
2.Үйге
берген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа
тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды
орындау.
5.Сабақты
бекіту.
6.Үйге
тапсырма.
Сабақтың
барысы.
Қар
жауып тұр . Керемет құбылыстардың
бірі.Терезеден қарайсың, далада –баяу
айналып барып ,жерге қонып жатқан қар
ұлпалары.
Ол
асыға күткен Жаңа жыл мерекесін еске
салады.
Осы
бір сәт ұзағынан болса ғой.Мүмкін ,бақыт
деген осылай терезеден алғашқы қардың
жауғанын тамашалау шығар.
Үйге
тапсырма беру. Ойланып,
өзіңнің қыс туралы сюжетті композицияңның
суретін сал.