Материалдар / Оқушылар ережесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылар ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып жетекшісінің сынып сағаттары тақырыбындағы Оқушылар ережесі қарастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2023
523
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың қаупсіздігі туралы ескертпе


Оқушыларға арналған ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.


ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.


Оқушылардың сыртқы келбеті.

Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)

Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек. 

Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.

Жалпы тәртіп ережелері.

Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10 минут қалғанда кешікпей келулері керек.

Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады. Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және со Ережелерді сақтауға міндетті.

Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.

Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге; мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап, ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.

Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.

Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберулеріп және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.

Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.

Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;




Сабақ кезінде.

Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек. Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек.

Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады.

Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.

Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.

Сабақ аяқталған туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Ол сабақ аяқталуының дәл уақытын белгілеп оқушыларға оның аяқталғаны туралы хабарлайды.

Егер оқушы мектептегі сабақты қалдырса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша хат әкелуі керек. Сабақты дәлелді себепсіз қалдыруға немесе сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.


Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң.

Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.

Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.

Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.


Мектеп маңайындағы тәртіп.

Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).

Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алыңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.


Соңғы ереже.

Осы Ережені және мектеп Жарғысын бұзғаны үшін, оқушыларға мектеп Жарғысында қарастырылған тәртіп және тәрбиелеу шаралары қолданылады.

Осы Ережелер мектептен тыс өткізілетін барлық шараларға да таратылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Заңымен, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында балалар қаңғыбастығының алдын-алуға бағытталған құқықтық шараларының кешені қарастырылып жатыр.









336-3 бап. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемесінде жүруі.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22 ден таңғы 6 -00ге дейін) – ойын сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүруі, - заңды өкілдеріне ескерту салынады.

Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса, заңды өкілге бес айлық есеп көрсеткіштен он айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

336 бап. Спирт ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келу.

Спирт ішімдіктерін көшеде немесе қоғамдық орындарды ішу, сауда ұйымдары мен қоғамдық тамақтанудан басқа, жергілікті атқару органдары рұқсат берген жерлерде спирт ішімдіктерін сату, немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу, адамның қадір – қасиетін немесе қоғамдық имандылығын қорлау, - бір айлық есеп көрсеткішімен айыппұл салынады.

Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса,- бір айлық есеп көрсеткіштен екі айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, тұлғамен жасалса, спирт ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келгені, жыл бойы екі рет әкімшілік жазаланғаны расталса,- екі айылық есеп көрсеткіштен бес айлық есеп көрсеткішке дейін айыппұл салынады, айрықша жағдайда, егер бұзушылық тұлға есебінен істің мән – жайы бойынша шара жеткіліксіз деп саналса, мерзімі он бес күн әкімшілік тұтқындау.


Мектеп оқушыларының ережелері

Мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртіп

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1 Жалпы ереже

1.1. Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани – адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.

1.2 Оқушылар:

Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен) ;

Үлкендерге құрметпен қарауға;

Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;

Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;

Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;

Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;

Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;

Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;

Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;

Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;

Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;

Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;

Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;

Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға


МІНДЕТТІ

1.3. Оқушылар мұғалімдерді , өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды.

1.4. Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына , ер балалар қыз балаларға жол берулері тиіс.

1.5. Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға , лас сөздермен балағаттауға болмайды.

1.6. Оқушыларға:

Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге;

Сыныптан тыс және спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларды өз бетінше тастап кетуге;

Мектепке және мектеп маңына қару, өртке қауіпті жарылғыш, жанғыш сұйықтық, газ баллонын, темекі, спирттік ішімдіктер, есірткі, адамды жындандыратын, естен тандыратын, қанын қыздыратын құралдар, сонымен бірге улы және токсиндік заттар әкелуге;

Мектеп маңы мен мектепте шылым шегуге;

Ұялы телефон әкелуге, сабақ үстінде, үзіліс уақытында ұялы телефонды пайдалануға 

 

ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

1.7. Мектеп оқушыларының

Терезе алдында, жәшіктерге (шкафтарға) және басқа заттарға, шатырға мінуі;

Электр жүйелерін, қосып-айыратын нүктелі жәшіктерді ашуы;

Мектеп мүлкінің, басқыш сатының ұшты бұрыштарына отыруы, асылып тұруы, басқаларды итеруі;

Шаруашылық заттар қоймасына кіруі;

өмірі мен денсаулығына қауіпті болғандықтан қатаң тыйым салынады.

2. Мектепке сабақ басталғанға дейін

2.1. Оқушылар мектепте сабақтың басталуына 40 минут қалғанда мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп келеді. Төменгі сынып оқушылары сабақтың басталуына 25 минут қалғанда келеді.

2.2. Мектепке кіргеннен соң сырт киімдерін шешіп, шаштарын, киімдерін ретке келтіріп, сынып бөлмесіне барады. Сабаққа керек оқу-құралдарын парта үстіне шығарып, дайын отырады.

3. Сабақ үстінде

3.1. Сынып бөлмесіне мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрады. Сәлемдескеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Сонымен қатар сабақ үстінде сынып бөлмесіне кірген жасы үлкен адамға оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі. Мұғалім немесе басқа да жасы үлкен адам сынып бөлмесінен шыққанда да оқушылар орнынан тұрады.

3.2. Сабақ үстінде сабақтың тәртіп ережелерін сол сабақтың пән мұғалімі белгілейді.

3.3. Сабақ үстінде шулауға , өз бетінше қозғалуға, басқа оқушыларды алаңдатуға, әңгіме айтуға, сабаққа қатысы жоқ басқа іс-әрекеттерме шұғылдануға, ойын ойнауға болмайды.

3.4. Егер оқушы бір нәрсе айтқысы келсе, жауап бергісі келсе, сұрақ қойғысы келсе қол көтереді. Тек мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана орындай алады. Мұғалім басқа тәртіп орнатуы мүмкін.

3.5. Қоңырау-мұғалімге сабақтың біткендігін хабарлайтын құрал. Қоңырау сабақ уақытын дәл есептейді.

3.6. Егер оқушы денсаулығына байланысты сабақтан қалса, сынып жетекшісіне дәрігерлік анықтама немесе өте қиын жағдайда ата-анадан мәлімдеме қағаз әкеледі. Сабақтан дәлелсіз қалуға, сабаққа кешіге болмайды.

4. Үзілісте және сабақ аяқталғаннан кейін

4.1. Үзілісте оқушылар

өздерінің отыратын, жұмыс істейтін орындарын ретке келтіруге:

сынып бөлмесінен шығуға;

кезекші мұғалім мен кезекші оқушылардың және мектеп қызметкерлерінің талаптарын орындауға

 

МІНДЕТТІ

4.2. Үзілісте

басқыш сатымен және дәлізде, сынып бөлмесінде жүгіруге, ойнауға;

бір-бірімен алысуға, әр түрлі затарды лақтыруға , дене күшін қолдануға;

айқайлауға, лас сөздер айтуға, шулауға, басқа оқушылар мен мұғалімдердің демалуына кедергі келтіруге болмайды.

4.3. Асханада оқушылар

ыстық және сұйық тағамдарды тұтыну кезінде сақтық пен абайлаушылықты басты назарда ұстайды.

Асханада дайындалған және үйден әкелінген барлық тағамдар мен шырындарды тек асханада ғана ішеді;

Аспазшылар мен мұғалімдер қойған талаптарға бағынады;

Тамақтану кезінде бір-бірімен сөйлеспейді, әңгімелеспейді;

Қорытынды ереже

6.1. Көрсетілген ережелер мен мектеп Жарғысын бұзған жағдайда оқушыларға мектеп Жарғысында қаралған тәртіп ережелерін үйрететін іс-шаралар өткізіледі. Мектеп Жарғысына атап көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқушы мектептен аластатылуы (шығарылуы) мүмкін

6.2. Осы ережелер мектепте өткізілетін барлық іс-шараларда жүзеге асырылады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!