400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылар жұмысы Тұғыры биік тарихы терең –Төретам 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жердің қадірін әр адам әртүрлі түсінеді, жеке тұлғаның өз елінің рухани адамгершілігі мол азаматы және патриоты, кіші Отанының өткені мен болашағын зерттеп, оны өркендетуге бағытталған бұл жұмыстың қазіргі кезеңде өзекті мәселеге айналғанын білеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті

№80 мектеп-гимназия



«Менің кіші Отаным» номинациясы

Тақырыбы: Тұғыры биік тарихы терең –Төретам

Жұмысты орындаушы: Жолбарыс Нұран

Сыныбы: 7 «А» сынып

Пәндік жетекшісі: Сермагамбетова Айгуль Ергазыевна

Қызметі: Тарих пәнінің мұғалімі















2019-2020 оқу жылы



І. Кіріспе.

Менің кіші Отаным ол - Туған жер! Осы бір сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ шығар сірә?! Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, терең ой жатыр десеңші... Менің кіші Отаным тақырыбына жан-дүниеңді балқытып, жүрегіңнен шыққан сөздермен ой шерткенде қалай ғана толқымассың?! Менің кішкентай ғана жүрегім елім, жерім деп соғады. Бұл жүрек шаттық пен қуаныштан соғады. Туған жердің қадірін әр адам әртүрлі  түсінеді.

Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен тең. Себебі, ол – менің дүниеге келіп, кіндік қаным тамған жер, әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, бауырларым, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен достарыммен бірге өмір сүріп жатқан  жер.

       Менің туған жерім, кіші Отаным –  мен үшін аса қымбат, әрі ыстық Төретам кенті... Бұл киесі мен құты бойыма бірдей дарыған мекенім, дүние есігін ашып, мынау кең- байтақ әлемге іңгәләп келгеннен шұғылаға толы шуағын, жарық күні мен жұлдызын, толықсыған айы мен нұрлы сәулесін сыйлаған құт мекенім. Осы шағын ауылда менің көңілді де шаттыққа толы бейкүнә балалық шағым өтіп келеді.

Туған жерім-алтын бесігім деп туған елді көркейтуге аянбай тер төккен

еліміздің адал  перзенттерінің  еңбегіне сүйсініп, келешекте өзім де солардың

қатарында болғым келеді. «Отан-ошақ басынан басталады» дегендей Отанға деген махаббат та балғын балалық шақтан басталып, Ұлы Дала- Қазақ елі, кең-байтақ Отанымның өркендеп көркеюіне теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосқым келеді.









2.1. Тұғыры биік тарихы терең –Төретам.

Қай жер атауын алсаңыз, тарихына, жер бедеріне байланысты көп адам біле бермейтін сырлары болуы заңды құбылыс. «Төретам» атауының шығу тегіне әрірек үңілу үшін біз ең әуелі Байқоңыр қаласының ішінде дария жағасында күн шығыс бетте орналасқан «Төре баба» бейітіне аяндадық. Жолбасшын Тыныштық ақсақал баба рухына арнап дұға бағыттаған соң қоршау ішіне ендік.

Баба бейіті үлкен күмбез етіп салынған екен. Шикі кірпіштен дөңгелек етіп салынған күмбездің өте биік болғаны байқалады. Кейін уақыт өте келе табиғат апатына ұшыраған, мүжілген... ішінің кеңдігі тікесінен 10м., қабырғасының қалыңдығы 1 метрден астам.

Picture 2 Picture 2

Кейін Тілеуберді балалары Мұрат, Болат деген күмбез сыртын қызыл кірпіштен қоршап, мәрмәр тастан ескерткіш тақта орнатып оған

Төре Баба

Әйелі Айжан

деп жазу ойдырған екен.

Picture 2

Бабаға жақындықтары жөнінен ешнәрсе айтылмаған. Кім болса да, алланың нұры жаусын! Күмбез қалалық телемұнарадан екі жүз метрдей жерде ең биік төбеге орналасқан. Мүжіліп, біткен деген күмбез құрылысының қирандысының биіктігі орта бойлы кісінің биіктігінен жоғары. Сонау алпысыншы жылдар басында космодром басшылығы бұл жерге құрылыс жұмыстарын жүргізбекші болып ата бабаның мәңгілік жайын біржола жоқ еткісі келген. Көзі қарақты жергілікті азаматтар саяси бөлімге шағым жасап, қорын сол күйінде сақтап қалған. Қазақта бейітті мола деп те атайды, бірақ там деп атаған емес (біздің облыста) соны ескерсек «Төретам» деген атау Төренің бейіті деген ұғымды білдірмесе керек. Демек, Төренің таны немесе өмір сүрген кезеңдегі үйі осы төңіректе болған балу керек. Оның бер жағында. Төре шын мәнісінде төре тұқымынан ба, әлде Төре адам аты ма? (Төребай, Төремұрат деген секілді) Не десеңіз де көне күмбез көп сырды бауырына басып жатыр.

Picture 2

Picture 2 Picture 2

Тағы бір аңызы өткен ғасырда Кіші жүзден шыққан Жәрімбет деген кісі өзінің ұрпақтарын Қармақшы ауданына қарасты Төретамға қоныстандырған көрінеді, бір шеті сонау Жалағаш ауданы, «Жаңа талап» колхозынан бастап, мына жағы «Қараң», «Жеті асар» маңы, «Сырдария» өзенін жағалап Дермантөбе, Сартоғай, Елшібай, Төретал, солтүстігі «Келіншек жалын» (қазіргі Байқоңыр) Жәрімбеттен тараған Әлен, Бұрқыт балалары мекен еткен. Олар Сыр бойын жайлаған, кейін қыстау салған. Ол заман Сырдария өзені ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін толқыны аспанға атқан кез болса керек.

Бір жаздың жаймашуақ күнінде суға кетіп, ағып бара жатқан бір кісіні осы елдің азаматтары судан шығарып, ат шаптырыпжан-жаққа, хабар жібереді. Көп ұзамай көп адам келіп, өз адамдарын жинап, биік төбенің басына үй, там салдырып жерлеген екен, рулары төре болып шыққан екен.

Содан бері Төретам аталып кеткен. Үй, там жолаушылап бара жатқан кісілерге ық-пана болған. Жергілікті халықтан «бұл үй, там кімнің тамы?» деп сұрағандарға «Төренің тамы» деп жауап береді екен.

1904 жылы  алғашқы рет темір жолы салынып, 1905 жылы Төретам станциясы болып құрылған. Станция бастықтары Лебедев Анатолий, Ахметов Жаханша, Елеубаев Бегалы, Алиев Жеткерген, Жүсіпов Өмірбек, Утеулиев Бекжан т.б. қызмет атқарды. 1929 жылдары құрылыс үйлері салына бастады. 1933 жылы №12 Жосалы дистанция болып ашылды. Сегізов Тұңғышбай басқарған. 1959 жылы ПЧ-17 болып өзгертілді. 1975 жылы №13 ауылдық советі таралып, орнына Төретам қыстақтық кеңесі болып құрылып, төраға Кацуко Халида басқарған.

Төретам кенті Қармақшы ауданының құрамына кіреді. Байқоңыр қаласының солтүстік бөлігін алып жатыр. Жер көлемі – 272га.

1999 жылы тұрғындар саны 5976адам, 2009 жылы – 9548 адам, 2011 жылы -10565 адам, ал 2019 жылы 11865 тұрғын адам тіркелінген.

1993 жылдың желтоқсан айында Төретам қыстақ әкімшілігі құрылып, Нұртаев Рзақұл әкім болып тағайындалады.

2001 жылдың ақпанында Салықов Нұртілеу, 2005 жылдың 5 сәуірінен бастап Үйреков Кенжебек басшылық жасады.

Ал 2006 жылы 14 тамыздан бастап Төретам кенті әкімі болып Нұралиев Райбек Әленұлы атқарды. 2010 жылдың 2 маусымынан бастап, Төретам кенті әкімі Демисинов Мырзабек Каленұлы атқарды. 2017 жылдың қаңтар айынан Төретам кент әкімі Кеулимжаев Қанқожа Талғатбекұлы, ал 2017 жылдың 31 қазан айынан Сүйембетов Шайкибек Шайхсламұлы атқарды. 2019 жылдың қазаннан бастап уақытша міндетін атқарушы Жұмабаев Жамбыл Болатұлы атқарып жұмыс жасап жатыр.

Кентіміздің тұрғындарының айту бойынша Кеңес одағы кезінде жасай алмаған әлеуметтік-экономикалық жобалардың өзін кеше ғана тәуелсіздік алған еліміз үлкен қарқынмен орындап көрсетуде. Соның дәлелі әкімшілік ғимаратын соңғы үлгідегі жөндеуден өтіп, халыққа үздіксіз қызмет көрсетуде.

2012 жылы Тұңғыш президент күніне орай ауылдық клуб үйі мен кітап қорға бай, қазіргі таңда онлайн кітапхана орналасқан.

Төретам кентіндегі имандылық ордасы – Жәрімбет баба мешіт ашылып, зәулім мешіт облысымыздың ірі мешіттің қатарынан көрініп келеді.

Алғашқы мектептің ірге тасы 1936 жылы қаланған. Алғашқыда №69 бастауыш орыс-қазақ мектебі болып құрылған, қазіргі таңда №80 мектеп-гимназия деп аталып, 2006 жылы 2 қабатты 464 орындық болып жаңа үлгіде салынды.

1979 жылы 2 қабатты №56 мектебі салынып, қазір №85орта мектеп деп аталады.

Елбасымыздың «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасын іске асыру мақсатында жаңа аурухана мен Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектеп, 600 орындық жаңа типтегі мектеп бой көтерді.

Бізден кейінгі балдырғандарға кентіміздің бетке ұстанар балабақшалары «Күн Нұры», «Гауһартас» және «Ай-Дияс» балабақшалары бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі маңызды қызметтерді осы балабақшы ұстаздары атқарып келеді.

















2.2. Мен ауылыммен мақтанамын.

     Төретам аймағында ғалымдар, композиторлар, әншілер, инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер көптеп шыққан.

  • Жаналиева Марина Көбенқызы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

  • Елеусінова Гүлсім Елеусінқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

  • Байсалова Мәншүк Жұмамұратқызы математика ғылымдарының кандидаты.

  • М.Құланбаев МГУ түлегі, техника ғылымдарының докторы.

  • М.Күзенбаев химия ғылымдарының докторы.

  • Б.Серікбаев әнші, сазгер.

  • Жеңіс Сейдулла әнші.

  • Айгүл Кәден актриса.

Жүректерге өлеңнің шамын жаққан Әбдіреұлы Жеткерген, Жанқожатанушы Марат Назарханов. Парасат биігін бағындырған Үйреков Мақшат. Тағылымы тәрбиенің жемісіндей Бектай Ерімбетов, Сисен Үйреков. Ұлылықтың басында ұстаз тұрған Тажиев Дастан, Игенбаев Қуандық, Смағұлов Тоқшылық, Дәулетиярова Сәуле Бариқызы, Қожақов Мүса, Сәуле Серікбаева, Ахметкүл Аралбаева.

Халық қалаған қалаулылар Кенжебек Үйреков пен Мырзадәулет Есшанов сияқты ағаларымыз барына мақтанамыз.















ІІІ. Қорытынды

Мен – жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңімін. Сондықтан, жас тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»,- деп Абай атамыз айтқандай, кірпіші болып қаланып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік болып, елімнің, туған өлкемнің одан әрі өркендеп-өсуіне  бар күш-жігерімді аямаймын.

Ол үшін кемел біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгеріп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңіре алған ұрпақ болсақ деп армандаймын. Өйткені, болашақ – жастардікі. Елдің ертеңгі иесі – бүгінгі ұрпақ. Жастар білімді болса-болашақ жарқын болмақ.

Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгілік болып, халқы қыран құстай еркін

самғап, көк байрағы көгілдір аспанда желбіреп, әлем картасында Мәңгілік

ел - Қазақ елі жасай берсін!

























Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қармақшы – Алматы, 2009

  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия – Алматы, 1998

  3. Сыр өңірі

  4. www.halyk-gazeti.kz/index.php

  5. kk.wikipedia.org/wiki/Төретам

  6. Қармақшы (ауданға 80 жыл) – Алматы, 2009

  7. Байқоңыр белестері – Алматы, 2007









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 сәуір
741
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі