400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылар ойлап тапқан символдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Оқушылар ойлап тапқан символдар

/4-сынып бейнелеу өнері пәні/

Сабақтың мақсаты:

1Білімділік:.Оқушының символдарға байланысты ойларын қалыптастыру. Оқушылардың түстанудағы білімін жүйелендіру.

2.Дамытушылық: Баланың ой-өрісін, сөздік қорын жетілдіру . Сабаққа қызығушылығын арттырып, өздігінен ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық жұмыстар арқылы эстетикалық талғамдарын арттыру, ұқыптылыққа, әсемдікке, шеберлікке тәрбиелеу. елжандылыққа, өнерді бағалай білуге, табиғатты сүюге баулу.

Көрнекіліктері: оқулық, сурет дәптері, түрлі-түсті бояулар, «Балғын суретші» ГАЛЕРЕЯСЫ, ҚР символдары аудио - фильм, «6 қалпақ», «РЭП тауықтар» сергіту, картиналар, плакаттар, үнтаспа, слайд т.б

Сабақтың типі: жаңа материалды тиянақтау.
Сабақтың түрі:
дамытпалы сабақ.
Сабақтың әдістері:
сұрақ - жауап әдісі, практикалық әдіс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: сызу, математика, тарих, әдебиет, дүниетану,өнер,өзін-өзі тану, музыка, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- оқушылармен сәлемдесу

- оқушыларды түгендеу

- оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа әзірлігін қадағалау, құралдарын түгендету

«Шаттық шеңберіне» тұру

Психологиялық дайындық:

Ертегіге барар жолда

Бақыт құсын табарсың.

Суретіңнің бояулары-

Мың құбылған жарасым.

Біз де одан көріп тұрмыз

Жаңбырда да түс барын.

Біз де одан көріп тұрмыз

Желде де бір түс барын.

Біз де одан сезіп тұрмыз

Түсін бүкіл әлемнің.

Біз де одан сезіп тұрмыз

Тыныштығын бар елдің.

Топқа бөлу :

- Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу

«Миға шабуыл» /постер қорғату/

  • Постер қорғау кезінде оқушыларға жерлес суретшіміз Исмайылов Есет Ахатұлының жетістіктері туралы қысқаша мағлұмат беру.

Исмайылов Есет Ахатұлы -1950 ж Мұғалжар ауд. Ор ауылында дүниеге келген.-жерлес суретшіміз, 1996 ж. «Портреттер сыр шертеді», 2000 ж.«Суретші әлемінде» атты жеке сурет көрмелері өткен. Жұмыстары Ақтөбе, Алматы, Астана, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда қалаларында, Ресей, Украина, АҚШ мемлекеттеріндегі мұражайларға қойылған


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Кір жаятын жіп» әдісі

- оқушылар жабық символдарды аша отырып, сол символ жөнінде өз ойын айтады.

Символ дегеніміз –

Жалпы түстер негізгі үш түске бөлінеді. Олар: қызыл, сары, көк. Ал қалған түстердің барлығы осы түстердің қоспасы. Осы қоспа түстерден пайда болған түстерді жылы түстер, суық түстер деп бөлеміз. Жылы түстерге: қызыл, сары, сарғыш жатады. Суық түстерге: көк, көгілдір, күлгін жатады.
Ал, «
Символ» дегеніміз – бұл кез - келген бір түсінікті, құбылысты білдіретін шартты белгі. Әрбір халықтың, адамдар тобының өз символдары болады. Бейнелеу өнерінде де, өмірде де түстер символ ретінде жиі қолданылады. Қазақстанның ресми символы – елтаңба. Түрлі елдердің мәдениетін тереңірек зерттей түссе, кез - келген символдың түпкі тамыр Қызыл, қара, ақ түстер символ ретінде жиі кездеседі.
Қызыл түс – махаббаттың, сұлулықтың, қуаныштың, байлықтың, жеңістің, жастықтың белгісі. Қытайда бай, ауқатты адамдар үйлерінің қақпаларын қызылмен бояған
Қызыл, қара, ақ түстер символ ретінде жиі кездеседі.
Қызыл түс – махаббаттың, сұлулықтың, қуаныштың, байлықтың, жеңістің, жастықтың белгісі. Қытайда бай, ауқатты адамдар үйлерінің қақпаларын қызылмен бояған. Ежелгі құдайлардың үстемдігін, табиғаттан тыс ерекшеліктерін көрсету үшін қызыл киімде бейнелейтін болған.
Ақ түс көптеген халықтарда жарықты, өмірді, тазалықты, бейбітшілікті білдіреді. Ежелгі Римде ақбоз аттар, ал Оңтүстік - шығыс Азия елдерінде ақ пілдер қасиетті саналған. Ақ көгершін – бейбітшіліктің белгісі.
Қара түс зұлымдықты, түнді білдіреді. Көп елдерде ол қайғы қасіреттің түсі.
Қазақтың декоративтік шығармашылығында көгілдір түс – аспанның символы, жасыл түс – өсімдіктердің, өмірдің белгісі, ақ түс – тазалықтың, құдіретті аспан күштерінің символы, ал сары кең даланы, даналықты білдіреді.

«ҚР ресми символдары» туралы аудио-фильм көрсетіледі

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Оқушылар біз өткен сабақта символ ретінде қолданылатын түстер, символ белгілерінің түрлері, жалпы символ не үшін қажет екені туралы әңгімеледік.

  • Ал, бүгінгі сабағымызда сендердің құрдастарың ойлап тапқан символдарға тоқталамыз, сонымен бірге әр оқушы өз ерекшелігіне байланысты символ ойлап тауып, суретін саламыз. Әр оқушы өз символымыз жөнінде әңгімелейміз.

Оқулықпен жұмыс:

- құрдастары ойлап тапқан символдармен таныстыру өздеріне символ ойлап тапқызу

Сергіту сәті: «РЭП» тауықтар

Дәптермен жұмыс

Сурет салу кезіндегі ұстанатын қағидаттарды/құпияларды/ еске түсіру

Сурет салғызу, талдату.

«Балғын суретшілер» галереясына мұғалімдерді шақыру

«Алты қалпақ» әдісі арқылы 6 түске түсінік беру

ІҮ.Сабақты қорытындылау

V. Сабақты бекіту.

  • Сонымен балалар, бүгінгі сабақта нені оқып үйрендік, ойымызды қорытындылайық.

Топтық жұмыс: «ШАҢЫРАҚ», «БӘЙТЕРЕК» «ЖҮРЕК» символы

ҮІ Бағалау Жақсы жұмыстарды ынталандыру. Смайликтер арқылы бағалаймын.

Топтардың бірін-бірі бағалауы, топ мүшелерінің өзара бағалауы

Рефлексия /кері байланыс/:

VІ. Үйге тапсырма Ауылымыздың мектебіне, мәдениет үйіне, емханасына, балабақшасына байланысты символ ойлап келу

2 топ бір-біріне тапсырма береді .

а/ «Картиналардың атауын, авторын ата»

ә/ «Кесенелердің, мүсіндердің атауын тап»

«Бес қадам» әдісі:

1.Суретшінің үш басты түсін ата? /көк, қызыл, сары/

2.График суретші дегеніміз кім? /суретті штрих, сызықтар арқылы бейнелеу/

3.Бейнелеу өнерінің жанрларын ата?/портрет, натюрморт, пейзаж, анамалистік/

4.Қазақтың тұңғыш биші қызын ата? /Шара Жиенқұлова суретші /

5. Айша бибі кесенесі қай қалада орналасқан ? /Тараз қаласында/

1.Камералық портрет дегеніміз не? /суреттегі адам сурешіге көңіл аудармайды/

2.Палитра дегеніміз не? /бояуларды араластыратын тақтайша/

3.Перспективалық бейнелеу дегеніміз не? /алыс, жақынды, кеңістікті білдіру/

4. Қазақтың тұңғыш суретші қызын ата? /Айша Ғалымбаева/

5/Египеттегі ең ірі пирамида қалай аталады ? / Хеопс- 146 м, 20 жыл салған/

1.Бейнелеу өнерінің түрлерін ата? /кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер/

2.Түстер гаммасы дегеніміз не? /Бірнеше түстердің үйлесімділігі/

3.Матрица дегеніміз не? /дайын пішіндерді қағаз, мата бетіне түсіру/

4.Қазақтан шыққан әрі зерттеуші, әрі суретші кім ? /Шоқан Уәлиханов/

5/ «Қазақстан» қонақ үйі қай қалада ? /Алматыда/

1. Пейзаж дегеніміз не ? /табиғатты бейнелеу/

2.Архитекура /Сәулет/ дегеніміз не? /заманға сай ғимарат түрлерін жасау/

3.Автопортрет дегеніміз не? /суретшінің өзін-өзі бейнелеуі/

4.Шәмші Қалдаяқов кім ? /Ұлы сазгер/

5/ Ең үлкен опера театры Австралияның қай қаласында ? /Сиднейде/


1.Салтанатты портрет дегеніміз не? /мерекелік костюмдегі адамды бейнелеу/

2.Анималистік жанр дегеніміз не? /жануарларды бейнелеу/

3.Натюрморт дегеніміз не ? /бірнеше жансыз қозғалмайтын заттар бейнесі/

4. Мұзафар Әлімбаев кім ? /Балалар ақыны/

5. Қобыланды батыр кесенесі қай облыста орналасқан ? /Ақтөбе облысында/


1.Кескіндемеші дегеніміз кім? /алуан түрлі бояуларды қолданып сурет салу/

4.Топтық портрет дегеніміз не? /бірнеше адамды бейнелеу/

3.Жылы, суық түстердің құпиясы неде?/жылы түс жақын, суық түс алыс /

4.Мүсін дегеніміз не? / ермексаз, саз балшық, тастар арқылы пішіндеу,сомдау/

5. Есет Исмайылов кім ? /Суретші/





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі