Материалдар / Оқушыларды домбыра аспабы арқылы ұлттық құндылықтарға баулу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушыларды домбыра аспабы арқылы ұлттық құндылықтарға баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Домбыра - ұлттық басты аспабымыз. Оқушыларға домбыра аспабын үйрете отырып, аспаптың қадірін, қасиетін сезіну. Аспапты қадірлеуге, құрметтеуге баулу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Қатысуға өтінім



Автордың аты-жөні

Кулысбаева Сериккуль Жапбасбаевна

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Музыка пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі

Жұмыс орны , лауазымы

Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы, Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицей, мұғалім

Мекен жайы

Жалағаш ауданы, Ізтілеуова № 79

Байланыс телефоны

8771-339-49-30

e-mail

. serikkul201@mail.ru

Баяндама тақырыбы

Оқушыларды домбыра аспабы арқылы ұлттық құндылықтарға баулу

Секция атауы

Оқыту мен тәрбиелеудегі біртұтас ұлттық құндылықтар















































ОҚУШЫЛАРДЫ ДОМБЫРА АСПАБЫ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

Кулысбаева Сериккуль Жапбасбаевна

Қызылорда облысы,

Жалағаш ауданы

Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейдің музыка пәнінің мұғалімі

Бағыты : Оқыту мен тәрбиелеудегі біртұтас ұлттық құндылықтар

. serikkul201@mail.ru

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Ұлттық құндылықтар негізінде

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз–жасұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білімберу мазмұны арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы, әразаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиісекендігін; әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Мектеп оқушыларына Ұлттық құндылықтар әрбір пәндік сабақтарда, тәрбие сабақтарында тығыз байланыстыру керек. Олар:

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП. Осы құндылықтардың Ұлттық мүдде құндылығын өз пәніме үнемі қолданудамын.

Ұлттық мүдде құндылығы:

  • Қазақастан мемелекеттігін нығайтуға ат салысу;

  • Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;

  • Ұлттық мұраға ұқыпты қарау, Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;

  • Қазақстанның мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

  • Қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазастанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу,

  • Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

  • Күтілетін нәтижесі:

  • Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл

  • Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді

  • Елінің тарихын құрметтейді

  • Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді

  • Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары

.

 2008 жылдан бері Абдулхамит Райымбергенов және Ұлжан Байбосынова құрастырған «Мұрагер» бағдарламасымен жұмыс жасап келемін. Бұл бағдарламаның негізгі мазмұны аңыз күйлерді әңгімелей отырып күйді тыңдау арқылы домбыра аспабын түсіну, аспапты қадірлеу, қазақ халқының тарихын білу және аспапты үйрену. Халық әндерін үйрену арқылы аспапқа қосылып ән орындау арқылы халық әндерін насихаттау.Жоғарыда аталған жылдары 1 сыныптан бастап оқушы қолына қаламмен қоса домбыраны да үйрене бастады. 1 тоқсанда домбыра аспабымен танысып, күйлер, аңыздар тыңдайды. 2 тоқсанда домбыра аспабының құрылысымен танысып, қолдарына домбыра аспабын ұстап, тарту ережелермен танысады. 3-4 тоқсандарды жеңіл жаттығулар , халық әндерін тартып, аспапқа қосылып айтып үйренеді. Мұндағы әдіс бір сыныптағы бүкіл оқушы құйма құлақ әдісі арқылы үйренеді, яғни есту, көру арқылы үйренеді. Оқушылар 8 сыныпқа дейін «Мұрагер» бағдарламасымен домбыра үйреніп, қазақтың халық әндері, күйлері, қазақ халқының күйші-композиторларының күйлерін нақышына келтіріп орындап түрлі аудандық республикалық байқаулардан орындарды иелінді.

2019 жылдың 07 шілдесі күні Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының бас алаңында екінші рет ұйымдастырылып отырған Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев елорда тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, бұл мейрамды руханиятқа деген зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсіну керек екенін айтты.

Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттыратынына сенім білдірді және осы жылы мектептерде «Домбыра тартуды үйрену» пәнін қосуды тапсырды.

Осы жылдардан бастап мектебімізде жоғарғы сыныптардан да домбыра пәні ашылып әрі қарай домбыра тартуда білімдерін кеңейтіп, домбыра аспабын үйреніп шыңдалды. 2008 жылы «Мұрагер» бағдарламасының авторы Абдулхамит Райымбергеновтің бастамасымен Агахан қорының демеушілігімен 20 оқушыға домбыра аспабы берілді. Оқушыларға үйлерінде дайындалу үшін домбыра аспабын керек екенін ұсыныс етіп қойдық. Ата-аналарының қолдауымен әр оқушының үйінде дайындалатын домбыра аспабы алынды.Жылдар өте кабинетте ұлттық аспабымыз мектеп бітірушілердің демеушілігмен толықты. Мектебімізде арнайы «Мұрагер» кабинеті бар . Кабинет күйші-композиторлардың күйлері жазылған дискілер, стенділер, сыр сүлейлері жыраулары-термешілерінің дискілерімен толығып тұрады. Сынып оқушыларына домбыра аспаптары ілінген шкафтарда берілген.

Қазіргі уақытта 1 сыныптан бастап «Мұрагер» сыныбын ашып, жоғарғы сыныптарда да факультатив сабағы ретінде домбыра сабақтары жүргізіліп келеді. Мұндағы ерекшелігі өзге сыныптағы оқушыларға қарағанла «Мұрагер» сыныбының оқушылары әдепті ұлт мүддесін қорғайтын оқушы екені көрініп тұрады. Неге дейсіз ғой!

«Мұрагер» сыныбына қабылданған балаға домбыра аспабының қадір қасиетін, құрметін, құндылығын , ұлтымызды танытатын аспап екендігін айта отырып, аспапты ұстаған әрбір бала өтірік айтпауды, әдепті болуды, ешкімге қиянат жасамауды, мейірімді болуды, шыншыл, жауапкершілікті, таза, ұқыпты болуды үйретеміз. Кімде кім жаман қасиеттер жасайтын болса «домбыра аспабы ренжиді, сенімен дос болмайды» Себебі, домбыра аспабы киелі екенін үнемі айтып ,үйретіп отырамыз. Бала санасына осы ережелер айтылып отырған соң домбыра аспабын ұстап үйреніп жатқан әр оқушыға осы ережелерді еске салып отырамыз. Аспапты үйренер кезде де , ұстау ережелерімен танысқан кезде де өзіне домбыраны жақын ұстауды, бауырына қысып ұстауды, денені жұмсақ, бос ұстауды үйреткен кезде де әдептілік нормаларымен байланыстырып отырамыз.

Домбыра – асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптарымыз.Оның алпыс екі тамырымызды идіріп, құлақ құрышын қандырар асабір ерке назды, майда қоңыр үнін бабын тауып сөйлете білсең, ықылым заманнан сонау ата бабамыздың ғасырлар қойнауында қалған қилы-қилы тағдырынан тіл қатар еді.Халқымыздың мұңы мен зары, қуаныш-күйініші, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы, іздеген мұраты сол киелі домбыраның қос ішегінен күй болып төгіледі.Жазудан кенде ел бар өнерін,оның бар інжу-маржандарын көңіл төріне сақтай да білген, сақтағанын ұрпақтан-ұрпаққа аманатындай жеткізе білген.

Сол асыл мұраларымыздың бірі – күй қазынасы. Оны өшірмей, бар нәрімен, бар сөлімен бүгінгі күнге жеткізген екі құдіретте күш бар. Бірі - киелі домбыра, екіншісі – сол домбыраны сөйлетіп қана қоймай, уақыт шежіресін күй ғып жазған,сол арқылы халқына рухани қуат берген композиторларымыз. Олар – Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Абыл,Түркеш,Махамбет,, мәмен,Бамайсан, Дайрабай,Байсерке, Сейтек, Тоқа,Қазанғап, Сүгір, Байжігіт және тағы басқалар.

Өткен ғасырдың осындай ақберен күйшілерінің біздің музыкалық алтын қорымыздажинақталған таңдй қақтырар тамаша туындыларын Дина Нұрпейісова, Лұқпан ұхитовОқан Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Әбікен Хасенов сияқты хас шеберлер ұлттық дәстүрді жалғастырып бізге жеткізді. Нұрғиса ағамыздын шығармашылығы, балаларға арналған анимациялық фильмдерге жазған шығармашылығы – нағыз ұлттық құндылқтарымыз.Жаңа заман талабына сай домбырашыларымыз да көптеп саналады. Олар- Айгүл Үлкенбаева , Асылбек Еңсепов, Абдулхамит Райымбергенов,Төлеген Тоқжанов, Арман Жүдебаев т.б. Ұрпақтар сабақтастығымен қазақтың күйлерімен күйшлерін жаңа буындармен толықтырып жас ұрпаққа ұлттық аспаптың үнінің қыр-сырын үйретіп қана қоймай, күйшілердің еңбекқорлығын, күй тартудағы тынымсыз еңбек, ұстамдылық,репетруарын жаңартып отыру үшін музыкалық сауаттылық, талғампаздық үздіксіз дайындық, аспапты үнемі жанынан тастамай көрерменге рухани азық сыйлау- осының бәрі адал еңбекпен келетінін жас ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.







Shape1 Shape2 Shape3


Әдебеиеттер тізімі:


Домбыра үйрену мектебі Л. Хамиди, Б. Ғизатов

Мұрагер бағдарламасы А. Райымбергенов










































Shape4


Shape5 Shape6


Shape7 Shape8


Shape9



Shape10





Shape11 Shape12

Shape13


Shape14 Shape15 Shape16



Shape17 Shape18

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!