жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушыларды физика пәнінен ҰБТ-ге дайындауда кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары
Оқушыларды физика пәнінен ҰБТ-ге дайындауда кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары
«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» ”
Н.Назарбаев
XXI ғасыр – ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі. Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру бірінші кезекке қойылып отырған кезде Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауға, олардың нақты рейтингтерін анықтауға, жалпы орта білім мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтуге, оқушылар мен мұғалімдердің оқу еңбегінің қорытындысын анықтауға, дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу құру қазіргі заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Ұлттық бірыңғай тестілеу білім беру ұйымдарының жұмысын айқын көрсетіп, оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін көрсеткіш болып табылады.
Жоғары оқу орындарына қабылдау тапсырмалары қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математика бағыттарына арнайы құрастырылмаған. Гуманитарлық бағыттағы бағдарламадан шет қалса да, мектеп курсында кездеспейтін тақырыптар да бар. Қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы бағдарламада кейбір тақырыптар саяз қарастырылған және сағат аз бөлінген. Осы тақырыптарды толық деңгейде меңгерту қосымша дайындықты талап етеді.
Физика курсын үлкен 16 топқа бөлдік:
Классикалық механика . Кинематика
Классикалық механика. Динамика
Классикалық механика. Статика.
Механикадағы сақталу заңдары
Молекулалық физика
Термодинамика
Электростатика
Тұрақты ток
Электродинамика
Механикалық тербелістер мен толқындар
Электромагниттік тербелістер мен толқындар
Оптика
Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Релятивистік механика
Кванттық физика
Атомдық физика
Ядролық физика
1. Физика есептерін шығарудың маңызы мен оны шығаруда туындайтын қиындықтар
Есеп шығару физиканы оқыту процесінің
ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып
саналады, өйткені ол физика сабақтарының
түгелдей барлық түрлері мен кездерінде
және кластан тыс жұмыстарында кездеседі.
Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері,
тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты
мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде
де физикалық есептерді шығарудың мынадай
маңызы бар:
1)
оқушылардың логикалық және физикалық
ойлауын дамытады, математикалық амалдар
мен түрлендірулерді орындауға
жаттықтырады., физикалық заңдар мен
эксперименттің сандық және сапалық
мағыналарын ашады;
2) физикалық
құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық
маңызына және өмірімен байланыстылығына
көз жеткізеді.;
3) мектеп оқушыларын
тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге,
еңбек сүйгіштікке, қиындықты жеңу
төзімділігіне үйретеді, олардың ерік
- жігерін қайрайды.;
4) физикалық
ұғымдарды, жастардың практикалық
ебдейліктері мен дағдыларын, шығармашылық
қабілеттерін қалыптастырады;
5)
оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі
мен беріктігін тексереді;
6) сабақта
проблемалық ситуация қойып, оны шешуге
жәрдемдеседі;
7) физикалық құбылыстар
мен заңдарды және теорияларды талдауға,
қорытындылауға, олардың арасындағы
өзара байланыстарды анықтауға
жәрдемдеседі;
8) оқушылардың білімдерін,
ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге
келтіріп, оларды дамытады және тереңдетеді;
Физикадан тест есептерін шешуде кездесетін мәселелерге тоқталайық:
Ең маңызды мәселе – уақыт! Бұл тек математика ғана емес, барлық пәндер үшін. Бірақ, әсіресе, математика, физика және химия пәндері ең уақытты қажет ететін пәндер екенін бәрі мойындайтын болар. Есептерді алдымен оқып-түсінуге (осы ең қиын кезең), кейін шығаруға уақыт кетеді.
Тапсырмалар кітапшасын ала салып, бірден жедел іске кірісуге әлден жаттығу керек. Шындығын айту керек – әсіресе ауыл баласы баяу, асықпай, бейқамдау қимылдайды. Мұны көріп те, ескертіп те келеміз.
Есептің шартын оқып, логикалық ойлап үлгеруге, формулалармен есепті шығарып үлгеруге минуттап белгілеуге дағдылану керек. Жеңіл-қиын есептерге бөлінетін уақытты және оларды орындау ретін, жалпы есептерді «айналдыра» орындауды да қатаң сақтап үйрену керек.
Өте бір маңызды мәселе – арифметика! Небір күрделі есептерді жап-жақсы шығарып келіп, ақыр-соңында болмашы арифметикалық есептеулерден қате жіберіледі! Бұл – өте көп кездесетін ең өкінішті жағдайдың бірі. Кейін білгенде кімнің де болса іші «күйіп» кетеді. Бұл қате неліктен жіберіледі? Асығыстық пен немқұрайдылықтан! Біздің балалардың есептің соңына келгенде, әлі бітпегенді біткенге қабылдап, «бітіруді» немқұрайды немесе менсінбей, шалажансар, апай-топай атқара салатын жаман әдеті бар. Ал әрбір есеп… арифметикамен аяқталады! Сондықтан, осы жерге аман-есен жеткенде «О, Арифметика деген патшаның алдына келдім!» деп қайта сақтықты күшейте, абайлап аяқтау қажет.
Өте бір «қиын» мәселе – таңба! Әрине, физика-математикаға дарынды балалар бұл қатені жібермейді, бірақ басқа көпшіліктің бұл ең көп сүрінетін тұсының бірі.
Қарапайым арифметикалық есептеулерде, алгебралық түрлендірулерде, теңдеулер мен теңсіздіктер шешуде, теріс дәрежелермен есептеулерде «минус» таңбасын көргеннен, өзіңді қайта тексеріп, әсіресе саналы түрде өту керек. «Саналы түрде» дейтінім – көпшілік есепті тек көзбен істейді, яғни үйреншікті дағдыларын жүріп өтеді. Сондықтан да, өздігінен шешім қабылдап, өздігінен орындайтын тұста шорқақтық жасайды.
Айрықша жағдайлар! Әрбір тақырыптың есептерінде өзіндік ерекше жағдайлар болады. Соларға айрықша көңіл бөлу керек. Бұл бір түйінді нүктелер. Күтпеген жерден пайда болып, талай оқушыны састырады.
Формула жаттау! Бұл енді айтпаса да түсінікті. Бұл – есептерді өте аз шығарғандықтан. Формуланы тақпақ не өлең сияқты жаттай алмайды. Тек есепті молынан шығару кезінде ғана баста қалып қояды. Әлі де есепке құлшынысты арттыру керек, тиімді еңбекті көбейту керек. Бірақ… менің таңқалатыным, көп балалар осы кезге дейін, ҰБТ-ға бір-ақ ай қалды, формулаларды өте нашар біледі, дәптерден қарап пайдаланады! Дәптерді, калькуляторды, ешнәрсені алып кірмейтінін біле тұра осылай?!
Есеп шығару үшін формуланы білу жеткіліксіз.Физикадан есеп шығаруға қойылатын
талаптар бар:
Физика есептерінің бір ең үлкен қиындығы – өмірдің түрлі салаларына беріледі. Сондықтан өмірден, техникадан түрлі термин сөздер қолданылады. Оларды түсіну үшін не өмірлік тәжірибе мол болуы, не… жан-жақты есептерді молынан шығарып, жаттығу қажет болады. Міне, есептер осылай тәрбиелейді.
Бір ескертетіні – физика есептерін шығару үшін математикалық білім жоғары болуы тиіс екенін бәрі біледі. Бірақ бұл шарт орындала бермейді.
2.Физикалық заңдылықтар мен формулаларды есте сақтаудың әдістері
Қазіргі заманғы физика ғылымы ғылыми-жаратылыстану білімі мен ғылыми-техникалық қана емес, гуманитарлық потенциалға ие болып отыр.Ол әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруға , планетарлық ойлау деп аталатын жаңа тұрғыдағы ақыл-ойдың дамуына, адамзат қоғамының біртұтастығын сақтауға және қоршаған табиғи ортаны жойқын экологиялық апаттардан қорғауға деген жауапкершілік сезімді тудыруда үлкен роль атқарады.Осы орайда мектепте де, дайындық курстарында да таңдау пәні есебінде физика пәнін таңдаушылар баршылық.. Физикадан тест-тапсырмалардың 80-90%-ы физикалық есептер.Сондықтан да физикалық есептерді шығару үшін формулаларды жатқа білу қажет.Физикалық формуланы есте сақтау оңай емес.Ол үшін есептің шартын толық түсініп, модулін сызып, есеп қандай құбылысқа берілді, ол құбылысты сипаттайтын шамалардың атын,таңбасын,өлшем бірліктерін, өзара байланыс теңдеулерін білу керек. Өткен тақырыпқа байланысты физикалық шамалар туралы кесте сызылады. Оқушылар оны толтырады.Мысалы:
Физикалық шаманың аты |
Белгі-ленуі
|
өлшем бірлігі |
формуласы |
өлшейтін құрал |
жалғануы |
Шартты белгіленуі |
Ток күші |
І
|
А |
I
|
Амперметр |
тізбектей |
|
Кернеу |
U
|
В |
|
Вольтметр |
Параллель |
|
кедергі |
R |
Ом |
R= |
Омметр |
Тізбектей, параллель |
|
ЭҚК |
ε |
В |
|
Ток көзі |
Тізбектей, параллель |
Т
Айнымалы
~ |
Оқушы өзі жазған формулаларды өзара салыстыру арқылы есте сақтауға тырысады.Осындай кесте түрінде физикалық формулаларды жүйелеу арқылы тест тапсырмаларын орындауға дайындау тиімді деп есептеймін.
Физикалық құбылыстарды зерттеуде оқушы қорытындылаушы кестені пайдалануды төменгі сыныптардан бастаған тиімді. Кесте оқушылармен бірігіп топтық әдіспен жұмыс істеу барысында толтырылады.Өтілген материалдарды тұжырымдаудың 1-этапында кесте толтырылады,2-этапында ауызша баяндайды. Мысалы, VIII сыныпта «Жылулық құбылыстар» тақырыбын қайталағанда оқушылар мынадай кестені сызады:
Құбылыстың аты
|
Қалай өтеді |
Құбылысты сипаттай-тын формула |
графигі |
Сипаттайтын шама |
Энергия... |
1.қыздыру
2.салқындау
|
Дене температурасы артады Дене температурасы төмендейді |
|
t
t.c
|
С-заттың меншікті жылу сыйымдылығы |
1.жұтылады
2.бөлінеді |
|
Зат қатты күйден сұйыққа өтеді Зат сұйық күйден қатты күйге өтеді |
|
t tб
t, c
|
λ –меншікті балқу жылуы |
1.жұтылады
2.бөлінеді |
1.булану
2.конденсация
|
Зат сұйық күйден газ күйге өтеді Зат газ күйден Сұық күйге өтеді
|
|
tб t,c
|
L-меншікті булану жылуы |
1.жұтылады
2.бөлінеді |
Жану |
Отын жанады |
|
|
q-меншікті жану жылуы |
Бөлінеді |
Тестке дайындалушылар , мектеп бітірушілер өз бетінше дайындалу барысында мұндай кестелерді құру, оқушының білім деңгейінің көтерілуіне септігін тигізеді.Формуланы есте сақтау, физикалық құбылыстарды бір-бірінен ажырату, оның мағынасын түсіну, өлшем бірліктерін анықтауда, есеп шығаруда көмекші құрал есебінде қолдануға болады.
Қорыта келгенде , мектеп бағдарламасындағы физикалық есептер, атап айтқанда ҰБТ-де кездесетін тестік есептер қиындығы әртүрлі бола отырып «5»-к, «4»-к «3»-к немесе репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық деңгейдегі есептерге жіктеледі.Оқушылар осындай есептерді шығара отырып:
Өз білімін репродуктивтік деңгейден шығармашылық деңгейге дейін көтеруге жол ашады;
Практикалық жұмыстарды орындау арқылы білімін тереңдетеді;
Салыстыру, қорытынды жасау,өз бетімен бір нәтижеге жету физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды жүйелі түрде саралап білуге үйретеді;
Есептің моделін жасауға, болжамдар ұсынуға, дәлелдеуге дағдыланады;
Формулаларды еске сақтау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады;
Сонымен қатар оқушылардың :
физикалық есептерді сауатты,таңбаға ұқыпты болып шығара алуы үшін;
Физикалық заңдар мен құбылыстардың сандық және сапалық мағыналарын ашу үшін;
Практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізу үшін;
Білімдерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, дамытып, тереңдету үшін;
Берілген уақытты тиімді пайдаланып, шапшаң әрекет жасауы үшін;
Физикалық заңдар мен формулаларды түсініп, жатқа білу үшін
жоғарыда айтылған әдіс –тәсілдерді пайдаланып, есептерді молынан шығарту арқылы нәтижеге жетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар тізімі:
2.Физикадан ҰБТ-ға дайындайтын оқулық тест, «Шың кітап», Алматы,2011
3. Физикадан тест тапсырмалары. «Тараз»,2011
4. Физикадан тест тапсырмалары.2000ж
5.«Физика » журналы,№2, 2005 ж
6.Көшеров Ә. Пірмат Ш. Физика есептері. Шымкент, 2005ж
7.И.И.Воробьев и др. Задачи по физике.Москва, «Наука»,1988 г
8.А.П.Рымкевич. Физика есептерінің жинағы. Алматы, «Мектеп», 1989 ж
9.Қ.А.Аққошқарова, Н.Қойшыбаев Физика.Теория. Есептер мен тест сұрақтары және оны шешу жолдары. Алматы, «Атамұра», 2006 ж
10.С.Тұяқбаев, Ш.Насохова. Физика 11 сынып, Алматы, «Мектеп»,2011 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген