жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Оқушыларды ғылыми- зерттеу жұмысына баулу»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» ММ
Тақырыбы: «Оқушыларды ғылыми- зерттеу жұмысына баулу»
Дайындаған: Муканова Гульбану Мукашевна
биология пәнінің мұғалімі
Қостанай қаласы 2018 о.ж.
Тақырыбы: Оқушыларды ғылыми -зерттеу жұмысына баулу.
«Балаға
өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған
сайын одан әрі жақсы оқи түседі».
Питер Клайн
“Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы ның “ басты
мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу,
әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен
шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны
ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға
үйрету болып отыр.
Білім - ел
қазынасы, халқымыздың білімділігі
еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі
десек, білімнің негізі мектепте, яғни
бар ғылымның бастауы – мектеп, «Елдің
келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал
жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»
деп Елбасы бізге үлкен міндет артып
отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның
әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен
білім мен тәрбиенің бастауы болатын –
ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты
мақсатымыз – білім сапасын жақсарту.
І Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың
жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық
дамуы, жеке адамның дарындылығын
дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп
отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен
техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік
деңгейде дамыту үшін елімізге
шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді,
жоғары дайындығы бар білікті мамандар
қажет. Ал, ондай мамандар дарынды
балалардың ішінен шығады.
Оқушының өзіндік ерекшілігі мен іс-әрекет белсенділігіне қарай төмендегіше жіктесек, бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де біртіндеп іріктеледі, шын шығармашылық тұлға қалыптаса бастайды.
Тұлға
– тума талант
Қызығушылығы
жоғары
Өзіндік
ойлау ерекшелігі
бар дарын
Зейінді құмарлық
Қабілетті
Белсенді
шығармашылық иесі
Оқушы
деңгейінен Дарынды
шығармашылық деңгейге жету
Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:
ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы.
ақыл- ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу.
барлық күш- қуатты жұмсап тынымсыз еңбек етуі
Ғылыми
ізденіске жетелейтін қадамдар:
І
қадам.
Оқушыны не қызықтырады сол туралы
ойланып, өзіне өзі сұрақ қоя білуі.
-
Мені қай пән көбірек қызықтырады?
-
Неге көңілім бұрады?
ІІ
қадам.
Оқушы өзін қызықтырған пән, сұрақтар
бойынша материалдар жинақтап, тізімін
жасау. Кітапханаға бару.
ІІІ
қадам.
Тапқандарын жүйелеп, керекті өзіне
ұнаған жерлерін қысқаша жазып алу
Үлгі
Авторы |
Еңбектің аты |
Қай жылғы, қай жерде шыққан |
Не айтылған |
Беті |
|
|
|
|
|
ІV қадам. Жобалау және зерттеу
Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:
1.
Дарынды баланы анықтауда психологпен
бірлескен жұмыс жасау;
2. Ата - анасымен
педагог ретінде сөйлесе білу;
3.
Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар
жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен
жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар
беру, орындалуына талап қою;
5. Жаңа
технология элементтерін сабақта
пайдалану;
6. Тапсырманың орындалу
нәтижесін қадағалау.
Оқушыларды
ғылыми жоба жарыстарына дайындауда
мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу
қажет:
-
Тақырыптың ғылыми құндылылығы;
-
Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы
еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;
-
Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың
сапалылығы;
- Ойын ұтымды, жағымды
жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы,
аудиторияны тартуы;
- Жұмыстың көркем
безендірілуі.
Қазіргі
заманда оқушыларды ғылыми жоба жасауға
баулу – адамның ойлауы мен психикалық
және дене күштерінің ынталануын талап
ететін бір түрі болып табылады.
Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда
адам ой- өрісінің кеңдігіне, білімділігіне,
жалпы ақпараттық мәдениетіне
байланысты
Дарынды
оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру
оқытудың түрлі формалары мен әдістері
арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеу әдістері:
-Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынады.
Зерттеу
жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның
барысында өзгертулер, толықтырулардың
болып тұруы заңды құбылыс. Зерттеу
жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу
керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек,
қандай
жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? »
деген сұрақтарды қамтиды.
Зерттеу
тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін
жасау.
Зерттеудің әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары.
- Ғылыми жұмыстарға үңілу.
-
Ғалымдардан ақыл -кеңес сұрау.
-
Интернетке жүгіну.
- Үнемі бағамдау,
байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын
жүргізу.
-
Тәжірибе жүргізу (зерттеу орындарға,
мұражайларға немесе оқиға болған жерге
бару) барысы, нәтижесін жүйелі түрде
талдап отыру.
- Қорытынды жасау.
-
Бейне материалдар, слайдтар жасау.
-
Жұмысты қорғауға дайындалу.
Тақырыптың
өзектілігі
Мақсаты,
міндеті
Болжамы
Жоба
құрылымы
Зерттеу
кезеңдері
Эксперимент
әдістемесі
Зерттеу
жаңалығы
Қорытынды
Жеке
тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін
олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы
нақты
құбылыстар мен таныс объектілерді
зерттеумен байланыстырудың маңызы
зор.
Тақырыпты таңдағанда «мені
не қызықтырады?»-
деген сұраққа жауап беру керек.
Тек
мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және
жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде
болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға
деген қызығушылығын арттырса сонда
бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық
жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау
қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу
қабілетін қалыптастырады. Оқушыны
ізденушілікке баули отырып, ғылым мен
техниканың жетістігіне сәйкес армандарына
жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.
Оқушыны ғылыми - зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни, оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.
Осы
үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегіше
саралауға болады:
-
диагностикалық жұмыстар арқылы
психологпен бірлесе отырып, ғылымға
икемді, дарынды балаларды анықтау;
-
тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың
ғылымға деген жағымды көзқарасын
қалыптастыруға түрткі жасау;
-
танымдық белсенділіктерін дамыту
үрдісінен іздену. Оқушылардың танымдық
белсенділіктерін қалыптастыру – оларды
ғылыми - ізденіс аймағына енгізудің
басты жолы.
Оқушыларды ғылыми ізденіске
баулу мақсатында «Мен - зерттеушімін»,
«Мен - жобалаушымын» деген дәптер арнату.
Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің
түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар
еңбегі, өмірінен мәліметтер береді.
Оның маңызы оқушыларға практикалық та,
теориялық та көмек бере алатынында.
«Мен - зерттеушімін» тақырыбында
оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер
өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде
«ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады.
Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың
ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал
етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының
түрлерімен таныстырады.
Оқушылардың бойында дарындылық қасиеттерін, ізденімпаздығын қалыптастыруда кластан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Мектептегі пәндік сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Оқушыны шығармашылыққа баулу үшін оның танымдық қызығушылығын арттыру бағытында едәуір жұмыстар жүргізілуде.
Оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу мақсатында жоғарыда айтылған тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, осы жұмыс істеген жылдарымда оқушыларды әр түрлі шығармашылық жұмыстарға баулыдым. Жоғарыда баяндалып өткен зерттеу жұмысым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көп көмегін тигізді деп айта аламын.
Нәтижесінде оқушылар түрлі жетістіктерге қол жеткізді.
2010-2011оқу жылында «Майлы зығырдың шығу тарихы, халық шаруашылығындағы маңызы» атты тақырыппен қалалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысып, 10 «б» сынып оқушысы Досмагамбетова Динара 1орын алды.
2011-2012оқу жылында «Майлы зығырдың шығу тарихы,халық шаруашылығындағы маңызы» тақырыбымен облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, 11«б» сынып оқушысы Досмагамбетова Динара 2орын алды.
2011-2012 оқу жылы оқушылардың М.Ф.Журавлев атындағы КҒА ХХVІІ қалалық ғылыми -практикалық конференциясында 9 «а»сынып оқушысы Сабыржанова Аймекен «Жергілікті жерде мекендейтін жұп тұяқты аңдар»тақырыбы бойынша қатысып 3орын алды.
2012-2013 оқу жылы «Қостанай облысында мекендейтін жұп тұяқты аңдар»тақырыбымен «Зерде» ғылыми зерттеу жұмысынан 7 «б» сынып оқушысы Байтурсынов Султан 3 орын алды.
2013-2014 оқу жылында оқушылардың Аймақтық ғылыми- практикалық конференциясына «Күнбағыстың халық шаруашылығындағы маңызы» тақырыбымен қатысып 7 «б»сынып оқушысы Демисенова Айгерим ІІІ орын алды.
2014 -2015 оқу жылында 1-7 сынып оқушыларының арасында «Зерде» Республикалық зерттеу және ғылыми шығармашылық сайысының қалалық кезеңінде «Қазақ халық медицинасындағы ас тұзының маңызы» 6 «ә»сынып оқушысы Кеншинбаева Аружан ІІ орын алды.
2014 ж «Ас тұзының қазақ халық медицинасындағы маңызы » 10 «а» сынып оқушысы Касенова Ғалия Қуанышқызы «ZIAT» орталығынан ІІ-орын.
2015ж. 17.10 «Қымыз – қазақ халқының шипалы сусыны» 10 «а» сынып оқушысы Тоқжанова Дана Жанатілек -қызы «ZIAT» орталығынан ІІ-орын
2015-2016
оқу жылында оқушылардың «Зерде» ғылыми
конференциясында «Жидені Қостанай
облысы климат жағдайына өсіру» тақырыбымен
7«ә»сынып оқушысы Көшек Дінмұхамед - 1
орын алды.
2015 -2016 оқу жылында Ғылыми
зерттеу жобасында «Жидені Қостанай
облысы климат жағдайына өсіру» тақырыбымен
7 «Ә»сынып оқушысы Көшек Дінмұхамед - 1
орын алды. (Облыстық деңгей)
2016-2017
оқу жылында Оқушылардың зерттеушілік
жұмыстары мен шығармашылық жобаларының
ХІ «Зерде» Респ.конкурсы Көшек Дінмухамед
7 «ә»сынып оқушысы ІІ дәрежелі Диплом
(Республика)
2016ж.
Республикалық зерттеу және ғылыми
шығармашылық сайысы Бисенова Айдина
10 «б» сынып 2орын.(қала)
2016ж.
Ғылыми зерттеу және шығармашылық сайысы
Бисенова Айдина 11«б»сынып 2 орын
(облыс)
2017ж.
Ғылыми
зерттеу конференциясының женімпазы
Кошек Дінмухамед 8 «ә»сынып 3 орын
(қала)
2018ж.
Ғылыми зерттеу және шығармашылық сайысы
Камбарова Нурдана 9 «ә» сынып 3 орын
(қала)
2018ж.
Ғылыми зерттеу және шығармашылық сайысы
Шаяхметова Наргиз 8 «ә» сынып 2 орын
(қала)
2018ж.
Ғылыми зерттеу жобасы: Бөгетбай Аслан
3 орын (қала)
Қорыта
келгенде, О.Бальзактың
“ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің
де заңы” дегеніндей, оқушылардың
шығармашылық қабілеті мен белсенділігін
арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге,
тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқыту
мен тәрбиелеу процесінде оқушы
шығармашылығын дамытудың қажеттілігі
қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан
да қабілетті адамға мұқтаж болып келген.
Қоғам барған сайын күрделене түсуде.
Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып
келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет
-қасиетке ие жаңа адам пайда болады.
Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы
бейімділікті, ептілікті, шапшандықты,
ерекше ой қызметін, мол шығармашылық
мүмкіндікті қажет етеді және өзін
қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп
қана қоймай, оларды керекті бағытына
шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне
икемдейді. Осыған орай, ХХІ ғасыр
мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға
сай дарынды оқушылардың
шығармашылық
жұмыстарын жандандыру – үлкен міндет.
Әрине, атқарылған істер аз емес.
Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын,
толғандыратын істер жетерлік. Өйткені,
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше,
бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі,
жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін
бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Бітібаева «Оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына баулу жолдары» , Семей «Үш биік баспасы ЖШС»
2. Л.С. Выготский «Воображение и творчество в школьном возрасте», Москва: «Просвещение», 1967г
3.Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылыми –зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»
4.Қ.С. Құдайбергенова «Педагогтың шығармашылық өнері»
5.Қ. Мұхаметханұлы. «Қазақстан », «Ұлттық энциклоредия» - Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы 1974-672. 4 том

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген