400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту» коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту» коучинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту» коучинг

Мақсаты:Сыныптағы әрбір оқушы әртүрлі деңгейде,олардың жастары да әртүрлі болуы мүмкін,міне екі түрлі жастағы оқушыларды топқа бөле отырып,деңгейлеріне қарай топтық жұмыс арқылы оқушының ойын ашу,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,өз ойын еркін айтқызу.

Күтілетін нәтиже:Оқушыларда өзіндік ой-пікір қалыптасады,өз ойларын еркін айта алады,топтық жұмысқа төселеді,үнемі ізденісте жүреді.Оқушы сабаққа келуден шошынбайды,олар күнде жаңа сабаққа өзіндік пікір айтуы үшін деректер жинайды,оқушының бойында «Мен» қалыптасады.

1.Тренинг: «Мен сізді көргеніме қуаныштымын...»

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады. «Мен сізді көргеніме қуаныштымын,себебі.....»Бұл сөйлемді адамның сыртқы бейнесіне қарап емес,мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтау керек.

-Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?

«Мен сізді көргеніме қуаныштымын,себебі...»деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

2.Топтарға бөлу.

От,су,күн суреттері арқылы топтарға бөлу.

От-қай кезде де қандай жағдайда да от болып жанып,өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су-жандары жақсылықты сүйетін,көңілдері судай таза,жаңалықтарға жаны құмаржандар.

Күн-жанындағыларға жылу сыйлап,жарқырап жүретін сәуле шашып,белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.

3.Топтық тапсырма.Миға шабуыл

Жеке жұмыс заман талабына сай білім берудің бағыттары бойынша топта жоба жасалынады.

1-топ: «Мінсіз оқушы»

2-топ: «Мінсіз ұстаз»

3-топ: « Мінсіз мектеп»

Жасалған жоба бойынша талдау жасайды.

Презентациялау

4.Рефлексия.Бейне жазба.

«Әлем өзгереді,бізде өзгереміз» осы бейне жазбаны қарай отырып эссе жазу. " «Автор орындығы»

5.Мен шебермін...

1-топ: «Құттықтау хат»

2-топ: «Жарнама жасау»

3-топ: « Мақтау қағазы»

Презентациялау

6.ВЕНН диаграммасы

«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жеке-жеке оқытасыз ба?»

7. «Арман шар»

«Кімнің қолы шарға тисе,сонл адамның 2016жылдың 1-ші ақпанында ойлаған армандары орындалады деп шар жіберу.

8. «Оның есесіне мен...»

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдерді беріп,парақшалар таратылады.Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

-Мен бліш пісіре алмаймын,оның есесіне.....

-Мен шаршадым.....

-Мен көп үндемейтін адаммын....

-Мен көп ұйықтамаймын....

Мен жұрттың бәріне құрмет көрсете алмаймын....-Мен еденді жууды ұнатпаймын....

-Мен Үндістанда болмадым....

-Мен батыл емеспін....

Мен озім туралы көп ойламаймын.....

-Мен соншалықты сымбатты емеспін....

-Менің аяқтарым соншалықты ұзын емес....

-Менің кемшіліктерім көп....-Менің жазуым онша әдемі емес.....

9.Рефлексия

Бүгінгі сабақты «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен қорытындылаймыз.

8.Мадақтау

Тәтті кәмпиттерге жабыстырылған мадақтау сөздер арқылы бағалау.Коучингтен көріністер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі