400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Оқушыларды кітап оқуға баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада оқушыларды кітап оқуға қызықтыру,ынтасын арттыру, кітапт ан оқыған білімдерін өмірде пайдалана білуге дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Оқушыларды кітап оқуға баулу

Туткабаева Гулжан Балтагуловна

Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы

№123 мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі , педагогика ғылымдарының магистрі

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесі міндеттерінің бірі: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» - деп көрсетіледі. Ал бұл міндеттерді жүзеге асырудың шарттары ретінде: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу сияқты ауқымды мәселелер алынған.

Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасында: «Бүгінгі білім берудегі басты мақсат-тек білім,біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес,осы білімді өмірде қолдана алу,өз бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады. Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізілуі тиіс.

«Кітап - көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан». Күнделікті өмірде үзбей кітап оқуды әдетке айналдыра білу керек. Айталық, жол жүргенде, аялдамада немесе қоғамдық көлікте отырғанда, жұмыста, үйде т.б. қол қалт еткен кез келген сәтте өзіңмен бірге ала жүріп газет, журнал, кітап ашып оқып, сол уақыттарды да ұтымды пайдаланудың берері көп. Өркениетті елдерде халық бұл әдетті бойға жақсы сіңіре білген. Ғалымдардың айтуынша, кітап оқығанда, «Оқығанды көңілге ықыласпен тоқып» (Ы. Алтынсарин) сол кітаптың нәрін сарқып алуға тырысу керек. Қажет болса, кітаптың өзіне ең түсінікті жерінен бастау да сөкеттікке жатпайды. Кітап оқу барысында іштей мынадай сұрақтарға жауап іздеген жөн: «Кітаптың атауына ішкі мазмұны сай ма?», «Автордың ізденісі, баяндау мәнері қандай?», «Қай тұстары ерекше көңілге қонымды?», «Кітап қанша тарауға бөлінген?», «Жалпы алғанда мен өзіме не түйдім?» т.б. Бұл қолға алған кітапқа толық көңіл бөліп, мазмұнын жақсы есте сақтауға көмектеседі.

Иә, «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы». Адамгершілігін арттыру, шын мәнінде оқыған азамат, зиялы мұсылман болу жолында кітаптың берері мол. Тарихта әлі күнге есімі ел есінде келе жатқан тұлғалардың бәрі де жастай ерінбей-жалықпай оқуды өздеріне әдет еткендер. Айталық, «Артық ғылым кітапта ерінбей оқып-көруге» деген Абай атамыз жас кезінен қаладан ауылға қатынаған адамдардан қоржын-қоржын кітаптар алып оқуды өзіне әдет еткен. Абай атамыз оқыған кітаптар арасында батыстың да, шығыстың да ең озық әдебиеттері болғаны белгілі. Бүкіл пәлсапалық еңбектері Ислами дүниетанымға негізделгенін ескерсек, әрі аят-хадистерден мол хабардар болғанына қарасақ, әлемдік классикалық еңбектермен қатар Абай атамыздың әсіресе рухани азық боларлық дүниелерге көбірек көңіл бөлгенін аңғару қиын емес. Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ хрестоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті. Қай кездеде кітаптың берері мол болғандықтан Шәкәрім де кезінде Ыстамбұл кітапханаларына дейін барып, сарыла кітап іздегенін білеміз. Артына 30 томдық мол мұра қалдырған ұлы ғұлама Мәшһүр Жүсіп бабамыз да жасынан зейінді, білімін жетілдіріп,өте көп оқыған жан болған.Сол заманның өзінде ұлы ғұлама бабаларымыз кітапты ізденіп көп оқыған , қазір дамыған,өркениетті заманда кітапты неге оқымасқа.

«Ағаштың жемісі бұтақта болса, сөздің жемісі кітапта». Осы орайда, бұрынғы дана, ойшылдармен сырлас, мұңдас болып, солармен әңгімелесіп, пікір алмасуға бүгінгі күні де жол ашық. Ол - сол кісілердің еңбектерін оқуда жатыр. Л.Н. Толстой бұл туралы «Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей», - деген. Тіпті әдебиет, мәдениет, тарих, салт-дәстүр негіздерін де кітаптан үйренеміз. Өмірге керекті мамандығымызды да кітап арқылы игереміз.

Ал кітап оқымау адамның зейінін тұмшалап, зеректік қабілетін төмендетеді. Д. Дидро айтқандай, «Кітап оқымаған адам тіпті ойлаудан да қалады». Ал ойлау адам болып қалудың басты қасиеті емес пе? Ойланбаған адам өмірдің мәнін қалай білмек? Жаратушыны қалай танымақ? Осы тұрғыда шығыста «Бар кітап бір кітапты түсіну үшін оқылады» дейтін даналық сөз бар. Яғни ғаламды алып кітап деп алсақ, соны түсініп, ондағы құдіреттің нақыштарын зерделеу үшін көп кітап оқу қажет.

Ғалымдардың анықтауынша, адамдар неғұрлым көп оқыған сайын сөздік қорының молаюы есебінен ойын дәл және нақты жеткізуге қол жеткізеді екен. Шешендігімен атағы шыққан грек философы Демосфен әйгілі тарихшы Фукидиданың шығармасын жете түсіну үшін 8 рет оқыса, Лев Толстой Евангелиені жаттап алғанша қайталап оқыған.

АҚШ - тың президенті А. Линкольн «Табысқа жетудің бір ғана жолы - кітап оқу» дегенді үнемі айтатын болған. Сонда қандай кітапты оқу керек?...

«Өмірде ешкімнен және ештеңеден тәуелсіз болу үшін - ақыл, білім және талап керек. Білім - ақылды шыңдайды» Ал білімге ұмтылу үшін мінез - құлықты шыңдау керек, яғни өзіңнің ойыңның дұрыстығын дәлелдеу үшін қорқыныш, ұялу, жасқанудан арылып, бастаған істі аяғына дейін жеткізу. Тілді дамыту, ақылды шыңдау үшін - философияны меңгеру, математиканы, музыканы, өнерді, қоршаған ортаны оқып - үйрену.

Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтыруды білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың алғы шарты ретінде қарастырып, кітап оқуға қызықтыру жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың барлық пәннен алған білімдерін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу,өз бетімен жұмыс істеуге төселдіріп, оқуға, білуге ынтасын, құштарлығын арттырып,баланың эстетикалық және қоршаған дүниені тану құмарлығын жетілдіре отырып,таным белсенділігін дамыту сияқты аса қажетті мақсаттарға қол жеткізуге болады дегім келеді. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей кітаптың білімдік, тәрбиелік мәнін, мақсатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл жөнінде В.Г.Белинский: «Балалар кітапшаларының мақсаты-балаларды белгілі бір іспен ғана шұғылдандыру емес,оларды теріс әрекеттерден алдын-ала сақтандыру,сонымен қатар оларға табиғаттың берген адамгершілік қасиеттерін, сүйіспеншілік сезімін,шексіздікті сезіну және дамыту болады». Балалық шақта кітап адамға өте күшті әсер етеді.Бала жасынан өзіне айнымас дос,сенімді жолдас болған кітапты шын жүрегімен сүйген М. Горький: «Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін алдымен кітапқа борыштымын,-дейді де,- білім бұлағы кітапты сүйіңдер!» деп ұрандайды.

Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі уақытта мектептегі білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың алғы шарты ретінде қарастырылуы өте маңызды іс.Балалардың кітап оқуға қызығушылығын оятып,кітап оқуға ынтасын арттырып,қандай кітап оқу керек екеніне бағыт беріп отыру –бұл жұмысты ұйымдастырушы ұстаздың шеберлігіне байланысты.

Қазақстанда және дүние жүзінде болып жатқан оқиғалардың бәріне сергек сезімталдықпен мән беріп,балалардың білім өрісінің кеңеюіне, жетілуіне, өзіне қажетін таба білу арқылы жетілуіне, өнерге ұмтылуына басшылық жасаумен бірге,бала бастауыш сыныпты бітіргенде шығармашылықпен шыңдалуына қажеттінің бәрін мұғалімді тоспай-ақ кітаптан таба білуіне негіз жасап беруіміз керек деп ойлаймын.

Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.Кітап арқылы оқушылар бүкіл дүниемен, адамның алуан түрлі жан-сырымен,мінез-құлқымен, олардың саналы өмірлерін сарп еткен үлгі-өнегелі істерімен танысады.Өз еңбегімен, өз шығармашылығымен келген ойға одан бұрынғы адамдар қалай қараған екен дей келе ойына ой қосылып, шығармашылығына қанат бітеді. Мұндай шәкірт енді аузына сөз салып үнемі жетектеуді қажет ететін мақтаулы орындаушы ғана емес,өзінің жеткен ,ашқан жаңалығымен ортасын елең еткізер,басқаның таң қалуы арқылы дамуын тудырар нағыз,толыққанды субъект емес пе?Осы мақсатқа қоғам дамуы басқаша шетелдік педагогтардың үлгісіне түспей-ақ өз ұрпағымызды өз ата-бабаларымыздың қалдырған мол мұрасымен сусындауына үйретсек, кешегі күні олардың өмірі жетпеген,қуғын-сүргінге түсіп, аяқсыз қалған ісін жалғастырар нағыз патриот ұрпақты кітап оқуға үйрету арқылы қалыптастыруға болады демекпін.Міне, сондықтан да түрлі жолдармен балаларды кітап оқуға қызықтыру шарт.

Жас баланың бойында пайда болған көптеген көмескі түсініктер кітап оқу арқылы бірте-бірте айқындалып, олардың дүние танудағы көзқарасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.Өздігінен кітап оқуды жан-жақты дамытып жетілдіру үшін, балаларға үнемі жоспарлы әңгіме айтып,олармен әңгімелесіп,кітапханаларға саяхат жасап, кітап оқушылар отырысын ұйымдастырып, кітап оқушылар үйірмесін(мәнерлеп оқушылар үйірмесін) ұйымдастырып,тақпақ оқу конкурстарын өткізу-осылардың бәрі оқушылардың ойын оятып, білу құмарлығын арттырып, өздігінен кітап оқуға үйрететін жұмыстар.

Кітап оқуды ұйымдастырудағы жұмысым нәтижелі болу үшін, алдымен әдебиеттік оқу сабақтарында әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын қатаң есепке ала отырып,дауыстап оқу арқылы жеке сөздерді дұрыс оқуға, сөйлем ішіндегі сөз мағынасын дұрыс түсінуге әбден жаттықтырып, әңгіме, мақала, өлең,ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде олардың ой түйінін,негізгі идеясын анықтай білуге үйретемін.Осындай дайындық жүргізгеннен кейін ғана,оқушылардың өздігінен кітап оқу жұмысын дұрыс жолға қоюға болады.

«Төменгі сынып оқушыларының бойында оқуға деген ынтаны қалыптастыру мәселесі» - оқуға үйретудің негізгі психологиялық-педагогикалық және әдістемелік бағыттар қарастырылған екі параграфтан тұрады; төменгі мектеп оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарының ерекшеліктері анықталған. Балалар оқуының екі ұғымы бар. Кең ұғымда, балалар мен жеткіншектердің көркем, ғылыми-көркем, ғылыми-көпшілік әдебиеттері мен көркем публицистика шығармаларын оқуы; тар көлемде, арнайы мағынада – мақсаты кітап оқуға сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқығанды дұрыс және терең түсіне білу, соңында, эстетикалық сезімді дамытатын, адамгершілікті қалыптастыру болып табылатын балалар мен жеткіншектерді педагогикалық бағытта әдебиетке тарту процесі.

Оқу бала өмірінде үлкен рөл атқарады, оның бойында белгілі бір өмірге көзқарас, белгілі бір тәртіп нормаларын, көркемдік талғам қалыптастырады. Алайда бұл зерттеулердің нәтижелері төменгі сынып оқушылары бойында оқуға қызығушылықты қалыптастыру проблемасы теориялық және әдістемелік тұрғыда толық шешілмеген күйі қалып отыр.

Оқу баланың жеке тұлғалық және әлеуметтік тәжірибесін дамытудың қуатты құралы, сондай-ақ өзін-өзі тану мен дамытудың құралы бола ма, оның бойында кітап оқуға қызығушылық қана емес, қажеттілік қалыптаса ма, мұның бәрі жеке тұлғаны қалыптастыруға және оқу мәдениеті негіздеріне бағытталған оқу жағдайларына байланысты. Оқытудың жаңа мазмұны-дамытатын оқып-үйренуге және балаларға тұлғалық-гумандық тұрғыдан келуге сәйкес болатын әдістемелік жолдарды, құралдар мен формаларды әзірлеу және пайдалану. Оқырмандық өз бетіндік әрекетті қалыптастыру, сондай-ақ оқу компоненттерінің бірі ретінде тиісті мазмұн мен әдісті әзірлеуді талап етеді.

Бастауыш мектептің басты міндеті- саналы түрде жылдам, дұрыс әрі мәнерлеп оқудың дағдыларын терең үйрету, бұл сөзсіз маңызды, алайда жеткіліксіз. Оқытудың бастапқы сатысында оқу дағдысын қалыптастыру, оқуға қызығушылықтың туындауы мен дамуына негізделуі тиіс; оқытып-үйретуде оқу дағдыларын қалыптастыру және оқуға қызығушылығын туғызу процестерін біртұтастандыру керек; баланың жалпы дамуына бағыттай отырып, оқуға қызығушлық басынан-ақ танымдық міндеттерді шешу құралы ретінде пайдаланылуы тиіс. Бірақ оқу дағдысын нықтамай, қызығушылықты туғызу мүмкін емес. Оқу дағдысы, өз кезегінде, бұл дағдыны игеру үшін танымдық қызығушылықсыз қалыптаспайды.

Бұл екі құбылыс өте тығыз байланысты болғандықтан, оларды айыру қиын. Осыған орай кітап оқу дағдысын қалыптастыру процесінде оқуға қызығушылықты туғызу мен дамытуды қамтамассыз ететін оқу жүйесін құру өзара шарты дәлелді бірлікте бұл құбылыстарды үйрену қажеттілігі туындады.

Бастапқы оқуға үйретудің міндеті – оқушының оқу техникасын тезірек игеріп, бұл процестің ол үшін танымдық қызығущылығын қанағаттандыратын, тартымды болуы.

Келешегі зор әдістемелерге Г.Шукинаның сөзі бойынша «оқытудың қуатты серігі – қызығушылық» қолданылатын, Ш.Амонашвилидің эксперимент жүйесі ұсынылды.

Кіші жастағы мектеп оқушыларының көпшілігінің оқырмандық қызығушылығын не білдіреді? Бұл сұраққа жауап: оларды оқу мен қызығу проблемасы органикалық тұтасу мақсаты тереңірек енуге мүмкіндік береді.

Оқу – өте күрделі, дербес процесс. Әр оқырман (оқушы) өзіндік жеке тұлғалық ерекшелік жағынан кітапқа назар аударады. Осылайша, бірінде оның жеке мінез-құлқымен өмірлік тәжірибесіне сәйкес сол шығарманы оқыған кезде сезімі ерекше оянса, екіншісінде – ақыл, ойлылық жеке тұлғаның сезімдік-еріктік жағын бәсендетіп, жояды. Дәл осы себепті төменгі мектеп оқушыларының қызығушылығын, жеке тұлғалық жағын зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жағдай қазіргі кезде де шындыққа сәйкес. Алайда уақыт өте келе (ІІ, ІІІ, ІУ) сыныптарда оқушылардың кітап оқуға көзқарасы өзгереді.

Балаға қандай кітап ұсыну керек дегенге келсек, ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин қағидасын басшылыққа алған дұрыс-ақ.Бастауыш сынып оқушысына шағын көлемді, тілі қарапайым, шынайы, оқиғасы қызықты, тәрбиелік мәні терең шығармаларды ұсынамын.

«Өнер алды-қызыл тіл» дейтін қазақ-сөз өнерінің туын тіккен халық. Балаларға лайықты бай ауыз әдебиетінің түрлері де ұшан-теңіз.

Жазба әдебиетімізден де балаларға лайықты шығармалардың тізімін жасап алып, оқуға ұсынылады. Ы.Алтынсариннің дидактикалық әңгімелері, Ж.Аймауытовтың балаларға арналған өлең, жұмбақ, әңгіме-ертегілері т.б. пайдалану керек. Ізденген ата-ана мен мұғалім оқушының жанына қажетті рухани азықты көптеген қаламгерлерден-ақ тауып алады. Ең бастысы- үйіңізде баланың көз алдында, қолы жетер жерде кітаптың мол қоры жинақтаулы болуы керек.

Қорытындылай келе айтарымыз қоғамды осынша ақыл - білімімен өзгертіп, адамзат дамуының шарықтау шегіне шыққан ХХІ ғасыр адамының алдына қояр мақсат - мүддесіне сәйкес, жоғарыда келтірілген мәліметтерге тек толықтыру ретінде - ақпараттық технологияны таңдай білу, меңгере білу, өмірде пайдалана білу құзыреттілігін қалыптастыруды қоссақ, адам баласының ұмтылған идеяларының өміршеңдігіне тағы да көз жеткіземіз.

Қазіргі заманда баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту білімнің қайнар көзі болып табылады. Ол оның рухын сақтайды, жүрегі мен миын азықтандырады, өзін - өзі тану сезімін оятады, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей алатын, өмірге бейімді болуды үйретеді. Ал кітап оқуға баулу жұмысында кітапханашылар үлкен роль атқарады.

Бүгінгі күнде білім мазмұның қалыптастыру кезеңінде кез келген мамандық иесі жаңа ақпараттық технологиясыз жұмыс атқара алмайды. Осы кезде біздің басты мақсатымыз - ақпаратты өзі ізденіп табатын және сарапқа салатын, өз білімін жетілдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Алматы, 2007ж

  2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауы

3. С.Л.Рубинштейн « Воспитание читательских интересов школьников». М.,1950

4. В. Г.Белинский // «Балалар кітапшалары туралы бірер сөз» 12-17б.

5. Тәрбие мәселелері «Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығармалар арқылы патриоттыққа тәрбиелеу»2010ж.№11.4б

6. Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б.

7. Мектептегі кітапхана «Кітап-білім бұлағы» 2011ж.№5.10-11б

8. Қ.Байжұманова «Оқуға ынталандыру-мұғалім біліктілігінде»// Қазақстан мектебі,2008ж.№1





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі