жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушыларды мектепте кәсіби бағдарға баулу
Оқушыларды мектепте кәсіби бағдарға баулу
Мектепте еңбекке тәрбиелеу — тәрбиеніңжалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбеккетәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар мектепоқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбеккетікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарастытәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамдыадамгершілік және зиялылық жағынанқалыптастырудың негізгі көзі болып табылады,осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсатыдеп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты — жасжеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру жәнежеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарынақұрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығысалаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру,еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысымен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау
Кәсіп-адамның қабілетілігі мен бейімділігінің
арқасында бір іспен айналысуы. Кәсіптік бағдарберу дегеніміз — педагогтардың, психологтардың,дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердіңқоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушыныңқабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып,кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігінқалыптастыруға және мамандық таңдауғакөмектесуде, мақсатты істелетін жұмысы.
Мен
жұмыс істейтін «Парасат» мектеп-лицейі
аудан орталығындағы «Левин» жиһаз
шығару кәсіпорнымен тығыз байланыс
орнатқан. Технология сабақтарында
кәсіптік ақпарат,кәсіптік ақыл-кеңес
алған жоғарғы сынып оқушыларын осы
кәсіпорынға экскурсияға апарамын.Экскурсия
барысында оқушылар әр цехта жұмыс
істейтін ағаш шебері, темір ұсталарының,
жиһаз жинақтаушылардың,
дизайнер-құрастырушылардың жұмысымен
жақынырақ танысады. Кейін мектеп
түлектерінің көбісі осы кәсіпорынға
келіп, өздеріне ұнаған мамандықтар
бойынша еңбек жолын бастап та жатыр.
Аудан орталығындағы жүргізушілер
даярлайтын оқу орталығымен де жақсы
байланыс орнаған. Екі жыл көлемінде
теориялық білім алатын оқушылардың
жүргізуші куәлігін алуға жасы жеткендері
оқу орталығына барып, арнайы емтиханнан
өтіп, жүргізуші куәлігіне ие болып
жатыр. Бұл да олардың мамандық таңдауына
білім ошағының қосқан үлесі деп білемін.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі
міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді
қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының
жетістіктерін жете түсіну және оған
өздері тікелей араласу, өндірісті білу,
онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына
сіңіріп отыру деп ойлаймын. Қоғамның
басты талаптарының бірі — әр азаматтың
өмірде өз орнында толық күш-жігерін
жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге
еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы
қатынасу болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке
даярлау ғана емес, сонымен қатар жас
жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен
және дағдымен мен қаруландыру
қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға
көмек беру болып табылады.
Әрбір оқушының жеке қабілеттері мен
ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін,
шеберлігін, қызығушылығын ескеріп
бағыт-бағдар беру, жекелеген мамандықтар
туралы терең білім беру – біздің басты
міндетіміз. Ал, мектебіңде қанша
оқушы болса сонша оқушының жеке-жеке
қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт
беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға
жол сілтеу – үлкен мәселе. Сондықтан,
әр мамандықтың адамға ұсынатын
ерекшелігін, талабын алдымен өзіміз
жақсы біліп алуымыз керек. Содан кейін
ғана оқушыларға сенімді түрде толық
ақпарат бере аламыз.
Мектепте бастауыш
сыныптардан бастап баланың бейімін
анықтау үшін түрлі сауалнамалар, тесттер
алынып, диагностикалық картамен жұмыстар
жасалады. Осылардың нәтижесіне сүйеніп
әр баланың қай мамандыққа бейім екенін
білгеннен кейін әрі қарай қандай жұмыстар
жасалуы керек? Оқушының таңдаған
мамандығына сәйкес дұрыс бағыт-бағдар
беру үшін қандай жұмыстар жүргізуге
болады? Олардың ата-аналарының пікірін
тыңдау маңызды ма? Оқушының таңдаған
мамандығы жоғары немесе орта білімді
қажет етеді ме? Осы сияқты сұрақтарға
жауап іздеп, оқушының дұрыс, өзінің
қабілетіне сай келетін мамандықты
қателеспей таңдауына, мектеп оқушылары
мен ата-аналарына кәсіп туралы білім
беруді дамытуға үлес қосуымыз
керек.
Қазіргі балалар, бақылап
қарасаңыздар, ойнамайды. Ойнамаған
балада жаңаша ой, идея болмайтыны анық.
Сондықтан, баланы ойнау арқылы ойлай
білуге үйретуіміз керек. Ол үшін біздің
бастауыш сыныптармен жұмысымыздың дені
маман болып ойнау, сол мамандықтың
жақсы, «жаман» («қиындығын» деген
мағынада) жағын оқушымен біріге отырып
талдауға қойылуы керек. Бірыңғай тест,
сауалнама алу арқылы баланы жалықтырып
алмайық!
Мұғалімнің берген мәліметтерінен өзіне
қажетін алып, оған өз ойын қосып, тамаша
мамандықты ойлап тапқан бала, сол
кәсіптің өзі білмейтін жақтарын
сұрастырып біліп алуға ұмтылары
хақ.
Еңбек
сабақтарының педагогикалық тиімділігі,
олардың білім және тәрбие беру
мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен
оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында
шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш
сыныптан бастап еңбек сабағында алған
тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті
жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде
пайдаланады. Балалар өзіне-өзі қызмет
көрсете отырып, әр түрлі еңбек
іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне
үйренеді, өздерінің жауапкершілігін
сезеді, өзімнің адамгершілік борышым
деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды,
олардан үлгі алады.
Адамның
өзіне де, қоғамымызға да пайда келтіретін
маман дайындауға үлесімізді қосуға
барымызды салайық. Сонда ғана біздің
тәуелсіз еліміз дамыған елдердің алдыңғы
қатарында болып, ешқашан сол тұғырдан
түспесі анық.
Атырау облысы, Атырау қаласы
Амангелді атындағы орта мектебі КММ-сінің
11 сынып оқушысы: Батырбек Гүлайым
Жетекшісі: Каберова Акмарал Игпаровна
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.
Журналистика-күш, ашық пікір, шынайы мінез, тұңғиық ой, талғампаз көзқарас. «Журналистика» термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Ел аузында журналист мамандығын «екінші көне» мамандық деп атау қалыптасқан. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың қыр-сырын біліп, сезінуге болады. Журналистика мамандығын әр адам әрқалай түсінеді. Мәселен
Журналистика-төртінші билік...
Журналистика-газеттер мен журналдар...
Журналистика-радио және телевидение...
Журналистика-репортер...
Менің
болашақ мамандығым
Жабырқаған
кезде, жұмыс істе, ол – қайғыны сейілтудің
бірден-бір жолы. Жаның жабықпау үшін,
жұмыс істе: еш нәрсе де құлазыған
жабырқаулықтан жұмыстай құтқармайды.
Тасың өрге домалап тұрған кезде, жұмыс
істе: «бас айналудың» жұмыстан өзге
ешқандай дәрісі жоқ.
Адам
баласы жер бетіне жаралғаннан бастап
жұмыс істеп келеді. Яғни білімді үйреніп,
еңбек етеді, сондықтан да еңбек пен
бақыт – егіз. «Азат басың болсын құл,
қолдан келмес іске ұмтыл» деген данышпан
Абай сөзінде терең мән бар. Ынта
тудырмайтын еңбек өнімсіз ғана емес,
адамды тез қажытып, жігерін жасытып,
алтын уақытын зая қылады. Жұмысты ынтамен
істеу керек.
Мұхтар
Әуезовтың: «Еңбексіз өмір кешуге жол
жоқ. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» деген
ұлағатты сөзіне қосыламын. Өйткені адам
баласы еш уақытта да еңбексіз, жұмыссыз
күн кешпеген, күн кешуі де екіталай.
Жеңістер
мен жеңілістен тұратын тірлік-күресте,
қиыншылығы мен қызығы көп өмірден,
алдағы жарқын болашаққа қарай қарыштап
қадам басып, өз орнымды тапсам
деймін.
Өмір
жолы – бұралаң жол. Қамшының сабындай
ғана қысқа ғұмырда аяқты шалыс баспай,
шатаспай, биіктерден, шыңдардан жарқырап
көрінсем екен деймін.
«Тамшы
тама берсе, тас теседі» дегендей, асқан
қабілет-дарыны болмаса да, күн сайын
көздеген нысанасына қарай табандылықпен
ілгерілеп, тынымсыз әрекет жасап,
ізденген адам үлкен іс тындырып, мақсатына
жетеді.
Еңбекті
пір тұтқан, оның қыр-сырын қызыға
зерттеген М.Горькийдің: «Барлық қуаныштың,
дүниедегі барлық жақсылықтың көзі -
еңбек» деген сөзін өзім берік
ұстанамын.
Жазушы
Толстой, суретші Репин, композитор
Глинкалардың өздерінің ұлы өнерлерін:
«бір пайызы талант, тоқсан тоғыз пайызы
еңбектің күшімен жасадық» деулері назар
аударарлық сөз.
Әрбір
пенде өмір жайлы, болашақ жайлы ойланғанда
болашақ мамандық туралы да ойлануы
ақиқат. Мен өз таңдаған мамандығымды
сүйемін. Неге? Өйткені, бұл дүниеде
астан, тамақтан қадірлі, қымбат, қастерлі
еш нәрсе жоқ деп білемін. Әрбір адам
мамандық туралы әрқалай түсінеді.
Біреулері – материалдық жағдайдың
жетістігі деп білсе, ал біреулері –
кәсіби деңгейінің жоғары жетістігі деп
біледі. Мектеп қабырғасында оқып
жүргенде-ақ мен болашақ мамандық жайлы
көп ойланатынмын, сол кезде-ақ мен өзімді
«шебер аспаз» ретінде елестетіп, бұл
мамандықты нағыз өзімнің ісім деп
білетінмін. Басқа мамандықтардан осы
«аспаз» мамандығын өзіме жақын
тұтамын.
Қазіргі
уақытта мен Текелі қаласындағы №17
кәсіптік лицейінің «Аспаз» мамандығында
оқимын. Арманыма бір қадам жақындадым
деп ойлаймын. Менің осы арманым – шың
басындағы таушымылдықтай аяулы, таудан
аққан тас бұлақтай мөлдір, күн сәулесіндей
шат, таңғы ауадай саф.
Адам,
сірә, бақытын місе еткен бе,
Армандайық,
армансыз кісі өткен бе.
Байламы
жоқ бақытқа құлдық ұрмай,
Не
жетсін арман қуып, іс еткенге.
Көңілімізді
бақытпен алдандырып,
Арман
қуып келеміз, арман қуып.
Арман
барда, арманға тоқтау бар ма?
Жан
бар ма екен арманға салған құрық?!
–
деп,
«қазақ өлеңінің Хантәңірі» атанған
ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай,
өмірде кездесетін қилы-қилы өмір
өткелдерінен сүрінбей өтіп, қол созған
арман-мақсаттарыма еш кедергісіз жетсем,
өмірдің жасыл белесіне сөнбес сәуле
қалдырсам екен деп армандаймын. Келешекте
оқып жатқан оқуымды жалғастырсам екен
деп армандаймын. Мүмкін, осы арманға
жеткен соң, алда тағы да көптеген армандар
кездесер. Бұл жөнінде Ғабиден Мұстафинның:
«Арман деген көп белес. Біріне шықсаң
бірі бар. Белес түбі бір асқар. Сол
асқарға шыққанда, жүрек шіркін, не
айтар!» деген сөзі еске түседі.
Маған
өзімнің таңдаған мамандығым ұнайды.
Болашақта «жақсы маман», «білікті
маман», «кәсіби маман» иесі атанғым
келеді. Қазақстан Республикасының тамақ
өнеркәсібін дамыту үшін қызмет жасағым
келеді. Отбасымда арнайы «аспаз»
мамандығына оқыған адам жоқ. Бұл менің
өз қалауым, жүрек қалауым. Маған ешкім
де «аспаз» мамандығына оқы немесе басқа
кәсіп иесі бол деп те айтқан жоқ. Мен
өзім таңдаған мамандығымды сүйемін.
Болашақта жақсы жұмыс орнына орналасып,
жұмысымның жемісін көрсем деймін.
«Ұлылардан ұлағат» дегендей, ойыма
Сократтың мына сөзі оралады: «Кез келген
кісі көздеген мақсатының қажетті
деңгейіне көтерілу үшін оқып-үйреніп,
жаттыға беруі шарт».
Таңдаған
мамандығыңның жетістіктеріне жетуге,
шебері болу үшін тек жақсы оқу ғана
керек емес, сонымен қатар өзіңнің жеке
және шеберлік сапаларыңды дамыту қажет,
ешбір кедергісіз алдыға қарай ұмтылу
керек.
Еңбекті
әрі сүю, әрі жүйесін тауып істей білу,
одан ләззат ала білу керек. Баспалдақтардың
басқыштарын тек сол жерде ұзақ тұру
үшін емес, басқыштар арқылы жоғарыдан-жоғарыға
үздіксіз көтерілу үшін тапқан. Сол
жолда, яғни баспалдақта жақсы оқытушыны
кездестірген ғана жақсы жетістіктерге
жетеді деп ойлаймын. Мен бұл жөнінде
мақтана аламын, өйткені маған өз ісінің
шебер мамандары сабақ береді.
Қазақ
халқы асты өте жоғары бағалаған әрі
қастерлей білген. Қазақ салтында үйдің
ішінде тырнақ алмайды. Тырнақ тамаққа
түссе – жазылмайтын ауруға тап болады
деп жориды. Әрбір затты, құбылысты,
іс-қимылды ырымдайтын қазақ халқы асқа
шаштың бір талы түспесін деген мақсатпен
орамал тағып, тырнағын уақтылы қадағалап,
дене бітімін таза ұстап, көп көңіл
бөледі.
Халқымыз
адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке
қажетті құндылықтардың бәрінен де
жоғары қойған. Бұған «Астан үлкен
емессің» немесе «Арпа, бидай ас екен,
алтын, күміс тас екен», «Асты қорлама,
құстырар» деген ескертпелер мен
мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай
айтылса да, қай заманда айтса да қазақ
халқы асты құрметтеу мен бағалаудың
жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп
әзірлеудің де көзін, ретін таба білген.
Ел мен елді татуластыру да, жақсылар
мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің
мырзалық, өнегелі қасиеттері мен
артықшылықтарын көрсету де қазақтың
кең дастарқаны арқылы, яғни, ас, қонақасы
арқылы көрсеткен. Осы жолда тұжырымды
сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге
оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше
назарда болған. Сөзге шебер қазақ
халқында ас, тамаққа байланысты ырым
мен тыйым сөздер көп. Соның ішінде көп
қолданылатыны тамақты, нанды қалдырмай,
тауысып жеу қажет. «Жаманнан жарты аяқ
ас қалар» деген сөз бекер айтылмаған.
Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа
ас бермейді. Себебі, ыдыстың кетігінен
сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ
қорланады, қонақтың жебеуші иесі
шамданады деп ырымдайды. Қазақ халқының
қонақжайлылық дәстүрі шетелдерде ерте
заманнан-ақ аңыз болып тараған. Аспаздардың
міндеті тек қана тәтті тағамдарды
пісіріп, оны халыққа паш ету емес, сонымен
қатар әлемге қазақ халқының ұлттық
тағамдарын жегенде таңдайдан дәм
кетпейтіндей, ішкенде шөлін қандырып
қана қоймай, естен кетпес дәмді
тағамдарымыздың бар екенін сездіруіміз
керек.
Үйдегі
анамның, әжемнің қонақты күтулері, асты
дайындаулары мен үшін өте маңызды,
тәрбие көзі болып табылады. Әжем мен
анам қонақ таңдауды, басқа ұлт өкілі
деп бөлуді білмейді, қонақты төрге
шығарып ашық қабақ танытады. Шаршағандарына,
уақыттарының жоқтығына қарамай, кез
келген уақытта қонақты жақсы қарсы
алады.
ХХІ
ғасыр – ғылым мен техниканың биік шыңда
дамыған заманы. Ғылымның өрісі кеңейген
сайын, техника да өрісін жая бастады.
Мысалы, бүгінгі таңда бір ас үйіне
арналған сан алуан тұрмыстық техникалық
жабдықтар бар. Атап айтар болсақ, асты
жедел жылыту, суыту, еріту мақсатында
қолданылатын қысқа толқынды
пештер.
Еліміздің
тәуелсіздікке қол жеткізгеніне де биыл
19 жыл толады. Тәуелсіз еліміздің болашағы
да, тірегі де біз. ХХ ғасырды кейінге
тастап, ХХІ ғасырдың жастары, яғни біз,
жан-жақты, кәсіби біліммен қаруланған,
саналы, алдағы болашағы жарқын жастар
болуымыз керек. Елге дәмді тағам сыйлау
арқылы адамдарға қуаныш сыйлау – ол
үлкен бақыт. Адамдарға шаттық сыйлаудан
асқан бақыт жоқ шығар, сірә? Сол үшін де
мен өз болашақтағы мамандығыммен мақтана
да, шаттана да аламын. Сондықтан әрбір
жан өз елінің бір кірпіші боп, елінің
үмітін, мамандығының шебері болып
қаланса нұр үстіне нұр болмақ! Сол үшін
де білімді де, білікті маман болып, елдің
үмітін ақтай білейік!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген