400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларды қалай ынталандыру кажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушыларды қалай ынталандыру кажет?

Демеуова Замзагул Бақтыгерейқызы

Эссе

Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. Мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны колдану білуін калыптастырып, талдау жене білімді бағалау сияқты ғылыми-зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыган маман ғана болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып тұрған ең басты талап - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру ісі болып отыр. Соңғы кездері

оқушылардың дарындылығын дамыту өзекті мәселеге айналып отыр.

Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген жолдар

табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі меселе етіп коя біледі. Физиологиялык тұрғыдан ерекшелігі: дамытудагы шапшандылык, аузекі сейлеу, жиі-жиі ойга берілу, киял-күшінің басымдылығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

Шығармашылық - баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың кәмегі арқылы ашылады.

Дегенмен де, сөз әрбір қайталанбас талантты, өзінше жеке тұлға әрбір мектеп

оқушысы жайында болмақ.

Шығармашылык қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар ықпал

жасайды:

  • мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі;

  • оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас;

  • отбасы жағдайы;

  • физиологиялық даму үлгісі;

  • балаға қажет білімнің берілу сапасы.

Оқушының жеке тұлқалық ерекшеліктерін дамыту гимназия педагогтары көңіл аударып келе жатқан мәселе. Педагогикалық ұжым әрекетінің өзектілігі - дарынды оқушылардың өзін-өзі жетілдіруде жайлы жағдай туғызу. Дұрыс тәрбие беруде танымға сүйіспеншілікті арттыру және оның жоғарғы шыңы - танымдылық тұтыну- шылығын оятуы мүмкін. Сезімді, ерікті, ойды не нәрсені терең меңгеруге бағыттау, үнемі көп білуге талпынуды ояту, белгілі жайда жаңа бір қырын ашу, әлемді танып білуде ізденіске ұмтылуды қальптастыру - бұл мұғалімнін алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту баланың табиғи касиеті мен жаратылысына бағыттауы қажет. Сондықтан да білім беру мазмұнын құруда ең басында жеке тұлғалық талаптары, тілектерімен бірге бала тұруы қажет. Бала - оқыту үрдісінің негізгі бейнесі. Оның анықталған, кызығушылығы канағатталған, қабілеті дамыған болуы қажет.(350 сөз)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.03.2025
174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі