400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындық жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаға кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет.

Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында түрған міндет.

Қазіргі әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналған. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр.

Білім беру нәтижесін тексеру барысында тест пайдаланудың ең маңызды артықшылығы-уақыттың үнемделуі. Тест оқушыларды шамадан тыс жазба жұмыстарынан босатады, мұғалімнің бақылау сын тапсырмаларын тексеріп, бағалау жұмыстарын жеңілдетеді. Тест тапсырмаларын орындағанда оқушылар мейлінше аз жазып, көп ойланады, салыстырады, сараптайды, қорытындылайды. Мұндайда оқушылар өз қателерін тауып сол жерде түзетеді, өздерінің жетістіктері жайлы біле алады.

Жабық тест», «балама тест», «анықтау тест», «тіке жауап тест», «ашық тест», «сәйкестік тест», «толықтыру тест» сияқты жеті түрлі формасы қолданыста жүр.

Белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші, соңғы нүкте – Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің көрсеткіші. Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің сапалы өтуі алдымен  мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында. Ал жоғарғы нәтижеге жету үшін не істеу керек? Ең алдымен өзіңнің жұмыс күніңнің жоспарын дұрыс құрып алу керек. Оған жүйелі түрде дайындалу үшін жыл басында ҰБТ-ге қатысатын оқушылар нақтыланады, мұғалім өзіне және оқушыларымен дайындық жұмыстарына жоспар құрады. 6-11 сынып география оқулығымен қамтамасыз етілуін қадағалаймын. Жұмыс барысында әр оқушыға жеке папкалар ашылады. Оқушы жүргізілген әр жұмысты жауап парағына дұрыс жауабын белгілейді. Мұғалім оқушы білімін тексеріп, жинаған ұпай санымен  бағалайды. Оқушы бағасы арнайы журналға  қойылып оқушының мониторинг көрсеткіші бетшесінде ұпай деңгейі көрсетіледі. Сондай-ақ тоқсан сайын әр оқушының жұмысына анализ жасалып отырады. Тестіге дайындық кезінде оқушыларға тесті тарата салып, жауаптарын ғана жазып алып отырсақ, ол нәтиже бермейді. Оның нәтижесін талдау оқушының өзіне қалдыру керек. Мысалы, тестіге дайындау дәптеріне қайталап сұрақтарын жазғызу. Келесі сабақта талдау, мысалдар арқылы нақтылау. Оқушыларға бір-бірінің қатесін тапқызып, теория мен практиканы ұштастырамыз. Оқушымен тестіні талдау арқылы, үнемі нақтылы жұмыс жасау арқылы жоғары сапа көрсетуге болады.

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушы өз бетімен жұмыстанады, ізденісте болады.

2. ҰБТ-ге қызығушылықпен дайындалады

3. Жоғарғы көрсеткіштерге жетеді

Shape1

0

Shape4 Shape2 Shape7 Shape6 Shape3 Shape5





Ақпараттық Диогностикалық Практикалық Мониториг Анализ

Коррекциялық жұмыс

Осы жүйені негізге ала отырып, мен география пәнінен дайындықты мына түрде өткіземін:

Shape8

1.Ақпараттық блок



Shape12 Shape11 Shape10 Shape9





Shape14 Shape15 Shape13

Нормативті құжаттармен таныстыру

ҰБТ-ді өткізу ережесімен таныстыру



Кәсіби бағыт беру











Мектеп әкімшілігі, сынып жетекші, пән мұғалімдері



2 Диогностикалық бағыт. Негізгі мақсатым:

А)Оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін мен әрине оқушыдан 1-2 нұсқадан тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының қай тақырыптан білімі төмен екендігін анықтауға болады. Мысалы оқушы 2 нұсқа тест тапсырмасын орындап мынадай тараулар бойынша көп қателесті:

1.План және карта

2. Қазақстанның экономикалық және физикалық географиясы

3. Дүниежүзілік экономика



Яғни мен келесі мектепшілік ҰБТ-ге дейін (1 аптада – 1 рет,әр сәрсенбі) осы тақырыптар бойынша тез арада білімін көтеруге тырысамын. Осы тақырыптарды түсіндіремін, өз бетімен оқуға беремен, түрлі тапсырмалар орыындатамын. Сонымен қатар 2011-2015 жылғы тест жинақтарынан құраған «Сұрақ – жауап» нұсқаулығымды қолданамын. Бұл нұсқаулықта оқушы өзіне қажет тарауды таңдап алып, сол тарауға байланысты сұрақтарды жауаптарымен жаттайды. Сонда келесі тестілеуде оқушының 1-2 балл қосқанын көруге болады.

Ә) Тестілерге сараптама жасау

Бұл кезде мен өткен жылдардың тест жинақтарына сараптама жасап, жиі кездесетін тараулар мен тақырыптарды анықтаймын. Мысалы менің сараптамам бойынша 2014-2015 жылғы тест жинақтарында:

Бір сөзбен айтқанда тест сұрақтарында көбінесе Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясынан сұрақтар көп кездеседі. Яғни дайындық барысында біз осы бөлімдерге көп көңіл бөлуіміз керек деген сөз.



Б) Қиындық тударатын мәслелерді анықтау

БShape16 ұл кезде біз мұғалім оқушы қарым –қатынасын жақсартамыз. Яғни оқушымен әңгімелесе отырып:

  • Психологиялық ахуал туғыза отырып, жылы қарым – қатынас орнату, сол арқылы оқушыға қиындық туғызатын тақырыптар мен тарауларды анықтаймын. Оқушыға мен тек қана мұғалім емес, сонымен қатар оның көмекшісі екенімді сездіртемін. Сонда оқушы еш қысылмай мұғалімге толығымен ашылады.



  • Оқушыға АКТ-ны дұрыс пайдалануға бағыт беремін. Бұл дегеніміз интернет желісі мен гаджеттерде география пәнінен ҰБТ-ге дайындық кезінде қолдануға болатын сайттар мен қосымшаларды айтып өтемін. Бұл арқылы оқушы тестілеуге кез келген жерде дайындала алады, әрі бұндай жаңашыл технологиялар қазіргі жастарға өте қызықты.

Тестілеуге дайындық ретінде мен оқушыларға мынадай сайттар мен қосымшаларды қолдануға нұсқау беремін:

1.iTest 3. География

2. Umnik сайттарын 4. География ЕНТ – тел.қосымшаларын пайдаланамын



Shape17

Практикалық бағыт



Shape19 Shape18

Тест жинақтарымен жұмыс Түрлі деңгейдегі тапсырмалар

1.Тест жұмыстарымен жұмыс кезінде мен көбінесе тиімді тәсілдерді қолдануға тырысамын. Яғни оқушы тестте кездесетін :

  • Тестте кездесетін географиялық терминдер мен ұғымдармен жұмыс істейді,оларды жаттайды. Ол үшін мен «ҰБТ кездесетін географиялық терминдер» нұсқаулығын құрдым

  • Ең,ең,ең... тестілерде кездесетін ең,ең деген тақырыптағы сұрақтарды қарастырамыз. Яғни оқушы ең биік шың, ең ірі көл, ең ұзын өзен сияқты ұғымдарды білетін болады. Бұл оқушыға да қызықты әрі жаттауға да жүйелі болады.



  • Карталар мен атластармен жұмыс. Картамен жұмыс істей білетін оқушы география жайында толық түсінігі болады. Тестілеу кезінде картаны еске түсіре отырып, ол логикалық ойлау арқылы да сұрақтарға жауап беруге үйренеді.



2. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Бұндай тапсырмалар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Білімін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Shape20

Әр тестілеудің соңында тест нәтижесі бойынша оқушыға мониторинг жүргізіледі, осыған байланысты қате кеткен сұрақтар бойынша қатемен жұмыс жүргіземін. Ал тестілеу соңында міндетті түрде қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс кезінде мен қате кеткен әр сұрақты жауаптарымен қосы толығымен талдаймын. Мысалы оқушыда мына сұрақ бойынша қате кетті деп есептейік:

1.Арал теңізінің суының азаюының негізгі себебі:

А) Температуралық режим – бұл жауап бола алмайды, өйткені температуралық режимнің теңіз суының көлеміне еш қатысы жоқ.

В) Жауын – шашын- бұл жауап бола алмайды, өйткені жауын –шашын көлемі аз, ол теңіз суының көлеміне негіз бола алмайды.

С) Арал теңізінің көлемі азаймайды - бұл жауап бола алмайды,өйткені - логикалық жағынан да бұл мүмкін емес.

Д)Аралға құятын өзен суларының азаюы- бұл дұрыс жауап, өйткені- Арал теңізінің су көлемі оған құяр өзен суларымен тығыз байланысты.

Е) Теңіз тұзының және су температурасының артуы - бұл жауап бола алмайды, өйткені теңіз суының температурасы оның су көлемінің кемуіне мүлдем қатысы жоқ.

Қорытындылай келе мен дайындық кезінде:

  1. Оқушының осал жақтарын анықтап, оларды толықтыруға тырысамын.

  2. Түрлі әдістер арқылы ( АКТ-ны қолдану, әр деңгейлі тапсырмалар, қосымшалар,әдістемелік нұсқаулықтар) барлық тақырыптар арқылы білімін кеңейтемін.

  3. Жақсы көрсеткіштерге жеткізуге тырысамын





 Пайдалаған әдебиттер

  1. География және табиғат. №1-2005ж

  2. География және табиғат. №5-2008ж

  3. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. №6-2007ж

  4. Тәрбие құралы. №6-2005ж

  5. Білімдегі жаңалықтар №1(25)-2009ж

  6. Білімдегі жаңалықтар №2(26)-2009ж

  7. Білімдегі жаңалықтар №2(6)-2004ж

  8. Қазақстан мектебі №4-2009ж

 























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
2449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі