жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушыларды сәндік – қолданбалы өнерге баулуда,қоғамға пайдалы іс жасауға тәрбиелеу.
Атырау қаласы. №27 И.Тайманов атындағы орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Жумагалиева Кунимжан Кайырболатовна
Оқушыларды сәндік – қолданбалы өнерге баулуда,қоғамға пайдалы іс жасауға тәрбиелеу.
Тіршіліктің неізі – еңбек. Еңбекпен
ғана адам жақсы тұрмысқа жетпек.
С.Сейфуллин
Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптаған адамға қолөнер бұйымдарына салынған түрлі түсті ою-өрнектерден адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Осы туындылардың бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шертетіндей. Қолөнер дүние жүзінің әр халқына тән, бұл – халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері өзіндің ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жайт – көп ғасырларға созылған көшпелі өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән ою-өрнекпен нақышталып беріліп отырған. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылды десек те, олардан бояуы, әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.
Адамзат дамуының қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнер де өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Қазақстан территориясында археологиялық қазба жұмыстары кезіндегі табылған әр кезеңде жасалған қолөнер бұйымдары соны дәлелдейді. Осы бұйымдардан ғасырлар бойы жинақталған тәжірибе, халықтың даналығы мен таланты байқалды.
Сәндік – қолданбалы өнерге баулу – қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыруда үлкен әсерін тигізген жайт көп ғасырларға созылған көшпелі өмір. Демек, күнделікті тұрмыста қажетті қолөнер бұйымдары алаша. Алашаның қазіргі заманда бірнеше түрге бөлінгендігін жақсы білеміз...
Қазіргі кезеңде алашадан гөрі кілемге көңіл бөлген кезең. Күні бүгінгедейін өз маңызын жоғалтпай келген дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірін кілем тоқу деп отырмыз. Кілем тоқу әдісі тау халық елдерінен тарап, әр түрлі бағытта көрсетеді. Сондықтан да кілем тоқу әдісі жоғарғы сынып оқушылары, яғни, ХІ сынып технология оқулығына енгізілген. (Қысқаша түрде көрсетілген). Сол себепті, мұғалімге көп іздену қажет еткендігін жақсы білеміз. Ол үшін оқушыларға жалпы қажетті жабдықтардың тиімділігі мен жасалу әдістерінің оңай, әрі уақытты ұтымды пайдалану жақтарын қарастырамыз.
Кілем тоқуға қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала дайындап алу қажет. Олар: кергіш, тоқыма жіп, капрон жіп, темір тарақ, сызғыш.
Жұмыстың орындалу технологиясының сызбасы нұсқаулық картаға байланысты орындалады.
Сабақтың тақырыбы: Сәндік-қолданбалы өнерге баулуда кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау.
Мақсаты: а) Кілем бұйымдарының алғашқы нобайын жасап және қажетті жабдықтарды пайдалану арқылы қысқаша мағлұмат береміз.
ә) Оқушылармен біріге отырып, кілем тоқу әдісін жасап көрсетеміз. СТО бағдарламасы бойынша стратегияларды пайдалануда ой-қабілеттілігін дамытамыз.
б) Эстетикалық талғамға сай, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз.
Міндеті: Кілем тоқуға қажетті құрал-жабдықтарды жасақтаймыз және орындалу технологиясын түсіндіреміз.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақты байланыстыратын пән: Тарих , Әдебиет, Сызу, т.б.
Жаңа технология: СТО бағдарламасы.
Пайдаланатын стратегия: «Көрнекілік», «Болжау», «Өзім үшін жазу», «Ойды сыртқа шығару арқылы ойлау» стратегиялары.
Көрнекілік: Слайд, қажетті құрал-жабдықтар сызбасы, дайын бұйым түрлері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
Мағынаны тану:
Кілем – арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метрге өне бойына бір миллионға жуық жіп тіндерін келтіріп, өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Кілем ерте кезден әр түрлі құралдармен тоқи отырып, жылулық пен сұлулықты тантықан.
Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер шебері өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тыныстысын бейнелейтін жаңа түр сипатқа ие болды. Біздер кілем тоқу үшін басты нұсқасын немесе нобайын жасақтаймыз. Ол үшін бізге қажетті жабдықтарды қарастырамыз.
«Көрнекілік» стратегиясы:
-Сурет бойынша өз пікірімізді айтамыз.
-Ойымызды жинақтаймыз.
-Ой сезімді қорғаймыз.
«Болжау» стратегиясы:
Сіз не болады деп ойлайсыз? |
Сізде қандай дәлел бар? |
Не шығуы тиіс? |
|
|
|
Топтық жұмыс: Стратегияда көрсетілген жұмыстар бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
«Өзім үшін жазу» стратегиясы:
Кілем тоқуға қойылатын талаптарды жазып аламыз:
Арқау темір тісті тарақпен нығыздалатын болғандықтан ширатылған мақта жібі болу керек;
Кілемнің қолданылу мақсатына қарай түгі қайшымен кесілген биіктікте біркелкі тігістеліп ырқылып отырылу керек;
Кілем өлшемі міндетті түрде эскиз бойынша тоқылады, формасы тіктөртбұрыш болу керек;
Кілемнің екі жағындағы тықыр шеті тығыз тықыр тоқылатын әдіспен тоқылады, биіктігі 2-см-ден аспайды;
Екі шетіде 30-50мм ұзындықта шашақталады;
Тықыр шетіндегі шашақтар тарқатылып кетпес үшін түйінделіп байланады.
«Ойды сыртқа шығару арқылы ойлау» стратегиясы:
Ойларым |
Түсініктеме |
Болжау |
Сұрақ |
Қорытынды |
|
|
|
|
|
Ой қорыту:
Кесте бойынша оқушылардың түсінігін бақылау арқылы сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушы қабілеті мен икемділігін қадағалаймыз.
Үйге тапсырма: Қажетті жабдықтар әкелу.
Жұмыс орнын жинастыру.
Пайдаланған әдебиеттер: 1.Технология.Оқу әдістемелік құрал.К.Халықов, С.Қырықбаева, Т.Садырбеков-Алматы,Жазушы 2011.
Балама. Технология:Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал-Алматы. Жазушы.2007.
2.Мектептегі технология журналы №3-2006 «Халық қолөнері» Ш.Әбдуалиева.
3.Ғаламтор материалдары.
Отарова Іңкәр
И.Тайманов атынадғы №27 орта мектебінің технология сабағында түкті кілем тоқу әдісін үйренуде.
Пән мұғалімі: К.К.Жумагалиева
Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі.
Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Атырау қаласы И Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген