400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушыларды сыни тұрғысынан ойлауға үйретудің жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушыларды сыни тұрғысынан ойлауға үйретудің жолдары


Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Жоспар:
І. Кіріспе.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Сын тұрғысынан ойлау – жаңа оқытудың бір түрі.
2. Сын тұрғысынан ойлау кезеңдері.
3. Сто технологияның әдістері.
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы тәжірибе негізінде.
Қорытынды.

Нәтижелерге сараптама.
«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»
А. Байтұрсынов

Кіріспе


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен рахаттанып, әр оқушының ақ жарқын күлкісінен өзіне бақыт нұрын сезінуге мүмкіндігі мол.

Ұстаз! Мен үшін осы сөздің өзінде қаншама мән - мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі,- деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған.
Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім - тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі..

Нағыз мұғалім болу - үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?

Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім - тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын.

Мұғалімнің тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана жас азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу - тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс - әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан - жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет”» деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан - жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.

Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос - Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

"Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе - теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті - түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір - сайыс, ойын, шығармашылық, өзін - өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу - тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді

Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын,

сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет. (Н. Ә. Назарбаев)

Кембридж бағдарламасының да негізгі көздегені оқушылар мен мұғалімдердің сыни ойлауын қалыптастыру. Қай пән үшін болмасын оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өте маңызды. Дегенмен қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде алдыма қойған мақсатым: ақпараттың керекті тұсын алып, оны талқылап, өзіндік тұжырым жасай білетін, өз жұмысына, өзгенің жұмысына сыни көзбен қарайтын және сол жұмысқа әділ баға беретін тұлға қалыптастыру болды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу. Оқушылардың сыни ойлауы әсіресе, сұрақ - жауап, топтық әңгіме, дебат әңгімеде көрінеді. Әдебиетте әңгіменің мазмұнын меңгерту үшін ЖИГСО әдісін пайдаландым. Мұнда топтарға мәтінді бөліп бердім. Оқушылар белгіленген уақыт аралығында Жұмыс үстелінен өз жанұяларына барып оқыған бөлімдерін түсіндірді. Келесі бөлімді келесі топ мүшесі түсіндіріп, сыныпта процес жүрді. Өзара оқыту барысында оқушылар бір - біріне түсінбеген жерлерін қайталап сұрақ қою арқылы ақпаратты меңгерді. Яғни бұл жерде берілген бөлімдерді талқылай отырып, сыни ойлауға жайлап үйрене бастайды. Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс жасау барысында бір - бірінен ақпарат алмасады. Бір - бірімен пікір алмаса отырып, топ мүшелерінің идеяларын бір арнаға тоғыстырды.

Оқушылар топта өзара ықпалдаса отырып, сыни ойлау дағдылары қалыптасты. 5 «а» класында «Отырар» поэмасын өткенде Отырар қаласы туралы қысқаша мәлімет бере келіп, Отырар қаласы Шыңғысханның шабуылынан кейін жермен жексен болып, қазіргі күнде «Отырар төбе» деп аталатын үйіндіге айналды. – Енді, сіздер, Отырар қаласының не себепті осылай аталғанын, оны жазған жазушы туралы білгілеріңіз келе ме? Олай болса, топта бірігіп осы сұрақтарға жауап іздейсіздер деп, «Рольдегі оқушылар» әдісін пайдалана отырып, Ітоп зерттеушілер - Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуді, ІІ топ баяндаушылар – Поэманың мазмұнын баяндауды, ІІІ топ жоба қорғаушылар – «Біздің қиялымыздағы Отырар» тақырыбында жоба қорғау тапсырылды. Алдымен оқушылар топта өзара ақылдасып пікірлерін ортаға тоғыстырды. Зерттеушілерге жазушыға байланысты қосымша материалдар бердім. Берілген 20 минут уақыт аралығында топтар қызу жұмыс жүргізді.

Сұрақ қоюға келер болсақ, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Оқытудағы жаңа тәсілдер. 41 бет). Мен сабақтарымда сұрақ қоюды түрлендіріп қолдана білемін деп ойлаймын. Әр сабаққа сұрақты түрлендіріп пайдаланудағы мақсат:

• Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру;

• Білімге деген ынтасын ояту;

• Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;

• Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

сұрақ қоюдың мынадай әдістерін өз сабақтарымда пайдаландым: ой қозғау, «он сұрақ» әдісі, Блум түймедағы. « Он сұрақ» әдісі сыни тұрғыдан ойланып тез шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Яғни үш топтан үш оқушыны ортағы шығады. Олардың маңдайына тақырыпқа қатысты бір тірек сөз жазылған стикер жапсырамын. Қалған оқушылар осы сөзге қатысты сұрақ қояды. Ортадағы оқушы соңында стикердегі сөзді табуы керек. Оқушы сұрақ қою үшін ойлана білді. Бір оқушы жеңіл сұрақ қойса, келесі оқушы оны күрделендіруге тырысты. Ал «Блум түймедағы» әдісін пайдалану арқылы бірден алты әдісті пайдаланып шығуға болады. Олар:

Жай сұрақтары (дәлел, факт) – Жауап беруде қандай да бір деректі атау. (ақпаратты есте сақтауға нақты дәлел келтіру)

Анықтау сұрақтары – «Менің түсінгенімше….», «Сонымен, Сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай ғой…?» т. б. Әңгімелесушінің жаңа сөзіне кері байланыс орнату үшін қажет.

Интерпретациялау сұрақтары (түсіндірме) – «Не үшін..?» деген сұрақтардан басталады. Бұл сұрақтар себеп - салдар байланысты орнатуға бағытталады.

Бағалау сұрақтары (салыстыру) – Оқиғаларға, деректерге, құбылыстарға берілген бағалау өлшемін түсіндіруге арналады. « Неге … жоғары деңгейде, ал… төменгі деңгейде?», «Бір кейіпкер екінші кейіпкерден несімен ерекшеленеді…?»

Шығармашылық сұрақтар(болжам) – Сұрақта шарт қою бөлшектері, жорамал, қиял, болжам болса«Сіз қалай ойлайсыз болашақта …?», «Қалай ойлайсыз оқиғаны әрі қарай қалай өрбуі мүмкін…?»

Тәжірибелік сұрақтар – Әруақытта теорияның тәжірибемен байланысына бағытталады «Біз нені өзгертер едік…?» «Сіз не істер едіңіз…?»

«Отырар» поэмасының екінші сағатында осы алты сұрақты басшылыққа ала отырып берген жауаптарына өте риза болдым. Мәселен: - Суретте нені көріп тұрсыз? Деген сұраққа - Бұл Отырардың суреті. – Отырардың қай сәті бейнелеген? - Отқа оранған Отырар деп жауап берді. – Не үшін Отырар «Отырар төбе» деп аталды? – Шыңғысханның соғысынан. Бағалау сұрағында екі кейіпкерді Қайырхан мен Шыңғысхан образын салыстырып, ерекшелігі мен ұқсастықтарын көрсетті. Ұқсастықтарына «батыр, хан» деген жауап жазды. Берілген сұрақтар оқушылардың ойлануын талап етті. Бұл жерде оқушылардың кейіпкер образын тани білгендігі көрінді. Осы сабақтың ойтолғаныс сатысында « Ақынмен тілдесу хаты» стратегиясы бойынша Мұхтар ақынға хат жазу тапсырылды. - Оқушыларға поэма ұнады ма? Ұнаса ақынға рахмет айтып, өз сезімдеріңізді білдіріңіз,- дедім. Жұмысты жұпта талқылап, топта талқылап, үздігін ұсынды. Оқушылар поэманың не себепті ұнағанын айта отырып, ақынға осы поэмасы үшін рахметтерін айтты. Бұл жұмысты жұпта бағалады. Менің түйгенім, сұрақ арқылы оқушылардың түсіну деңгейін бағалау бұдан әрі жоғары дәрежелі сұрақтарға күрделенсе, оқушылардың сыни ойлауы жақсы деңгейде қалыптасқан болар еді.



«Сын тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 54бет) дегендей, аталған әдістерді сабақта ұдайы пайдалану, оқушылардың сыни ойлауын белсенді қалыптастыратынын ұқтым. Мұндай сабақтардың көптеп болуы, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын еркін жеткізе білуіне септігін тигізіп, алған білімін ертеңгі күні пайдалана алары сөзсіз.







Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету

Мақсатым:

Сындарлы оқыту теорияларын қолдану арқылы оқытуда реттелуге, сөздік қорын молайтуға, өз бетінше ізденуге, өз ойларын нақты әрі дәлелдей алатын тұлға қалыптастыру

Нәтиже:

Сындарлы оқыту теорияларын қолдану арқылы мағынаны таниды, өз бетінше ізденеді, өз ойларын нақты әрі дәлелдей алатын тұлға қалыптасады

Модульді ықпалдастырудағы тәсілдер:

ДЖИКСО

Сахналық қойылым

Венн диаграммасы

Сематикалық карта

Тарихи шынжыр ойыны

Модульді ықпалдастырудағы нәтиже қандай болды

Кедергі:

Оқушылардың топта бірлесіп жұмыс жасай алмауы.

Оқулық төңірегінде шектеліп қалуы.

Күрделі сұрақтар қоя алмауы.

Кедергіні жою жолдары:

Топ ережесін ескере отырып топта бірлесіп жұмыс жасауын түсіндірдім.

Қосымша мәлімет ізденіп келуін ұсындым.

Сұрақтарға кең көлемде жауап беруін ұсындым

Нәтиже:

Сабаққа қызығушылығы артады

Қазіргі мен бұрынғыны салыстырады.

Бірігіп жұмыс жасады.

Мағынаны танып, жұмыс жасады.

Мақсат қоя біледі.

Өз пікірлерін қорғайды.

Қорытынды шығара біледі

Ізденушілікке дағдыланады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі