Мақсаты:
1. 11-сынып
оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын анықтау; 2.
Оқушылардың өздігінен атқаратын білімдерін терең меңгеруге,
біліктіліктерін қалыптастыруға психологиялық көмек көрсету; 3.
Қобалжу, сенімсіздік, үрейден арылу және оларды алдын-алу;
Міндеті: Өзіндік сенімін
болуға баулу. Стресті жеңуге
жол көрсету Оқушыларға
ҰБТ-ні сенімді тапсыруға дайындау. түрі: тренинг Құралдар: плакат,
шарлар, ақ қағаз, қалам, тест парақшасы, үлестірме, әуен. Тренинг
ережесі: тыңдау, ойын ашық айту,уақыт үнемдеу, ойды бөлмей т.б.
Тренингтің барысы: Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер
Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше
ғана бүлдірішін бала, балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға
қатысуға дайын, бабына келген сайгүліктей ауыздықпен алысып
тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр.
Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның
бағы жанады. Тренингтің кезеңдері. I. Психологиялық дайындық,
ұйымдастыру «Амандасу» Мақсаты: амандасау арқылы оқушыларды
тренингке бейімдеу. Нұсқау: Оқушылар ойын алаңында бейберекет
жүреді, жүргізуші бір деп шапалақ ұрғанда – қазақ тілінде, екі
дегенде – орыс тілінде, үш дегенде-ағылшын тілінде. Жүргізушінің
нұсқауымен қолмен, иықпен,шынашақ саусақпен, құлақпен, аяқпен т.б.
амандасады. 1. «ҰБТ-ға шолу» пікірталас Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ге
психологиялық даярлануға деген қалауын және қажеттілігін
қалыптастыру. Сұрақ: «ҰБТ-ге психологиялық дайындық не үшін қажет
деп ойлайсыздар ?» Оқушылар: «Ұбт-ға психологиялық дайын мен үшін
...»,-деп сағат тілі бағыты бойынша біртіндеп өз ойларын айтып
шығады. « Стресс - тест » Бағалау шкаласы: 30 ұпай және одан төмен.
Сіз саналы әрі тұрақты өмір сүретін адамсыз.Өміріңізде пайда
болатын бар проблемаларды тез шеше аласыз. Өзіңізді өзгелерден
артық деп ойламайтын, қанағат тұта алатын, әрқашан бәріне үлгеретін
адамдардың қатарындасыз. 31-45 ұпай. Сіз өте белсенді адам
болғандықтан өміріңіз қызықты әрі стресске толы болып өтеді.
Сондықтан сіз көп шаршайсыз, үздіксіз стресске шалдығып отырасыз.
Алайда бұл стресстің барлығы алдыңызға қоятын биік мақсаттарыңыз
үшін. 46-60 ұпай. Сіз үшін бастысы- жарқын мансап. Сіз үшін
өзгелердің ойы мен көзқарасы өзіңіздің ойыңыздан әлдеқайда маңызды,
сондықтан сіз әрқашан стресс үстінде боласыз. Егерде сіз өміріңізді
осындай бағытта жалғастырсаңыз, сіз расында да көп нәрсеге жетіп,
армандарыңыздың көбі орындалады, алайда мұның барлығы сізге қуаныш
әкеле алады ма, ойланып көріңіз. 61 ұпай және одан жоғары. Сіз
көліктің жүргізушісі секілді өмір сүресіз: бірде газға басып, бірде
тормазға басасыз. Тез арада өмір сүруіңіздің салтын, тәртібін
өзгертіңіз. Мұндай стресс тек сіздің денсаулығыңызға ғана емес,
сондай- ақ сіздің болашағыңызға да зиян әсер етуі мүмкін. Стреске
қарсы гимнастика Бірнеше рет иықтарыңызды көтеріп түсіріңіз, содан
соң мойнымызды айналдырамыз; Көзімізді жұмып, бірнеше рет терең дем
аламыз; Жоғары қарап оң қолымызды сосын сол қолымызды аспанға
жететіндей етіп көтереміз. Басымызды сипалап, саусақтарымызбен
уақалаймыз. Жағымызды қысып, «аааа» деп айтамыз. Көзіңізді жұмып
кең тыныс алып, жақсйы ой ойлауға тырысыңыз. «Сіздің уайымға
бейімділігіңіз» тесті Бұл суреттен басы мен құйрығын жерге қарай
иіп алған итті көріп отырсыздар.Иттің бақытты болуы үшін бір
нәрсенің жетіспей тұрғаны анық, ол қандай зат? Өзіңіздің
қалауыңызбен иттің айналасына қайткенде де оның көңіл-күйін
көтеретін сурет салыңыз.Ол итке ұнамаайды оған керегі де жоқ деген
сізде ойлар болмасын. Өзіңізге қажет дегеннің бәрінің суретін
салыңыз. Бұл тест көмек қажет ететін адамдарға қол ұшын бере аласың
ба немесе өзгеге жаның ашиды ма осыныда түсінуге көмектеседі.
Жаттығу: «Сенімділік бейнесі». Мақсаты: Өзіне деген сенімін
арттыру. Нұсқау: «Көздеріңді жұмып, сіз үшін сенімділіктің символы
қандай екенін ойлаңыз. Енді соны суретке салып беріңіз». Тапсырманы
орындап болған соң, оқушылар өз суреттерін көрсетіп, қысқаша
түсіндіріп беруі сұралады. Анализ: -Не оңай болды, неден
қиналдыңдар ? -Осы символ сізге қалай көмектеседі ? Оқушылар айта
алмаса, осы символды қиын жағдайда еске түсіріп, өзіңе деген
сенімділігіңді арттыруға болатынына ойларын жеткізу керек.
Рефлексия: «Шынымды айтсам» Мақсаты: айналадғыларлдың топтық
сенімін бекіту, ішкі қысымынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға
бағыттау. Уақыты: 15 мин. Материал: аяқталмаған сөйлемдер
топтамасы. Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір
әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған
топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөзді аяқтау
қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ
мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа
топтаманы алуға тура келеді. Топтама үлгілері: Шынымды айтсам,
тест, емтихан, туралы ойлансам.... Шынымды айтсам, тест, емтиханға
дайындалып жатқанда.... Шынымды айтсам, мен алдағы тест, емтиханда
болатын сресті ұмытқанда.... Шынымды айтсам, мен үйге келгенде....
Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның
қобалжуын ойдағанда.... Шынымды айтсам, менде бос уақыт
болғанда.... Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде немесе биге
барғанда.... Шынымды айтсам, мен қобалжығанда.... Шынымды айтсам,
мен ойымды жинақтай алмай жатқанда.... Шынымды айтсам, осы тест
туралы естігенде.... Шынымды айтсам, мен консультацияға
келгенде.... Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда.... Талдау:
Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма? Топ қатысушылары туралы
жаңа бір-бір нәрсе білдіңіздер ма? Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік
маңызды мақсаттарыңызға қандай? Жаттығу : « Ну ормандағы жаңбыр »
Нұсқау: Қанекей, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну
ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық
және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған
адамның арқасында қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел
күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталады, қол
қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды
(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды
(саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз).
Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта
нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта
басталды. Сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал,
енді 180 айналып, ойынды жалғастырыңыздар. Талдау : Сіздер осындай
массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз ? Жағымды болды ма ?
Әлде, тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма ? Өз сезім
күйлеріңізбен бөлісіңіздер. «Өз жұлдызыңызды табыңыз?» жаттығуы
Мақсаты: босаңсу мүмкіндігі және өзін сенімділікпен оптимизмге
бағыттау. Уақыты 20 мин. Нұсқау: дөңгеленіп отырыңыздар және
көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең демалып, оны шығарыңыз ...
(музыка ойнайды). Ал енді жұлдызды түнді елестетіңіздер. Жұлдыздр
үлкен және кіші, жарық және күнгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе
бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп жарық шашып бірде
алыстап, бірде қол созым жерде жақындаған нүктелер. Жұлдыздарға
мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін бұл балалықтағы
сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздің бақыттығ қуанышты,
шабытты кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да өз жұлдызыңызға
сүйсініп, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз
міндетті түрде өз жұлдызыңызға жетесіз. Аспаннан алып оны өз
алдыңызға қойыңыз, жақыннан қараңыз және оның көрінісінен қандай
сәуле, жарық шашқанын есте сақтауға тырысыңыз. Ал, енді
алақандарыңызбен тізеден төмен қарай тобықтың тұсына дейін денені
созып, көздеріңізді ашыңыздар, қағаз алып, түсті қарындаштармен өз
жұлдызыңызды салыңыз. Оны қиып, біздің жұлдызымызды аспанға іліп
қойыңыздар. Енді жұлдыздар әр тренинг сабағында бізге жарығы мен
нұрын шашып, мейірім, достық, өз ара көмек қолдау сезімдерін
бойымызға ұялатады. Ал соңғы сабақта оны өздеріңізбен алып
кетесіздер. Олар сіздерді білім жолында нұрландырып, емтихан мен
өмірде сүйемелдейді. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар: олардың
арасында бірде-бір ұқсасы жоқ. Олар барлығы әртүрлі, сіздер мен
біздер сияқты. « ҰБТ- да жетістікке жетейік!» (« Біз дәуірдің
түлегіміз» әнінің әуенімен ) 1. Арман, мақсат бір болған соң
тілегіміз, Ұбт-деп бірге соққан жүрегіміз. Білім болған бастау алар
тірегіміз. әннен шашу шашайық. Қайырмасы; Болашаққа қанат қаққан
түлегіміз, Орындалсын үміт толы тілегіміз, Бәріміз де дайым, Көрмей
қайғы- уайым, Ұбт-дан жетістікке жетейік. 2. Жанымызға сенімділік
серік болсын, Бірлігіміз әрқашанда берік болсын, Басымызға бақыт
құсы келіп қонсын, Асулардан асайық. Қайырмасы; Болашаққа қанат
қаққан түлегіміз, Орындалсын үміт толы тілегіміз, Бәріміз де дайым,
Көрмей қайғы- уайым, Ұбт-дан жетістікке жетейік. Қорытынды сөз:
Мұғалім міне, балалар кішкене болса да көңілдерің көтеріліп
бір-бірімен табысып жақсы танысып кімге қалай сөйлеу керектігін
біліп алдыңдар. Сендерді мен ҰБТ кезінде өздеріңді қалай ұстау
керектігін біліп алсын, қағидаларды сақтап бір-біріңе мейірімді,
кішіпейіл бола біліңдер. Үлкен табыстарға биіктерден көрініңдер.
Жұлдыздарың жанып тұрсын. Келешекте тәуелсіз еліміздің дамуына
өзіндік үлес қосатын азмат болғандықтарыңызға сенім
артамыз