400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларды ынталандыру. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер оқушының оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

күні


Тақырыбы:

Оқушыларды ынталандыру. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушылардан кеңес алу)

Мақсаты:

Мұғалімдер оқушының оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау жасайды.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер оқытудың ынталандыру теорияларын,"үлгерімі төмен" оқушылармен жұмыс істеу әдістерін талдайды. Сонымен қатар оқушылардан кеңес алу рәсіміне қатысты тәсілдерді әзірлейді

Түйінді идеялар:

Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады.

Ресурстар


Интернет желісі, МАН – 23 бет



Барысы:

Топқа бөлу 2 минут


Психологиялық тренинг 10 мин.

«Өзіңді тереңірек тани біл»

Нұсқау: Қазір сіздерге сурет арқылы бірнеше жеміс –жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыныз қандай, соған тоқталайық.

Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.

Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді қонақжай адамсыз.елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән талғамыңыз нәзік. Ешкімге тауелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыныз жоқ емес.

Шабдалыны ұнататындар көпшіл, кез келген адам мен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеіуге дәрменсіздік танытасыз.

Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығынызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасы болсада, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

Қызығушылықты ояту


«Данышпан мен адам» аңыз
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.

Аңызды айту арқылы оқушыларды ынталандыру өз қолдарыңызда екеніне пікір айту

Мағынаны тану

Тақырыптарды талдауға бағытталған критерийлер құрастыру

1 топ:Оқытудың ынталандыру теориялары

2 топ: "Үлгерімі төмен" оқушылармен жұмыс істеу әдістері

3 топ:Оқушылардан кеңес алу рәсіміне қатысты тәсілдер Сауалнама дайындау

4 топ:Нақты мектеп мән мәтініне бейімделген кеңес берудің шамамен сызбасын әзірлеу

"Аялдама" әдісі арқылы топтар жұмыстарын қорғайды

Бағалау

«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» әдісі арқылы

Қорытынды бөлім

Педагогикалық жағдаяттарды шешу. (Рольдік ойын) Топтар жағдаяттарды шешу жолымен рөлдік ойын көрсетеді, қорытынды пікірлерін айтады.

Жағдаят 1

Мұғалім оқушыларға тапсырма береді, орындағысы келмеген оқушы: «Менің орындағым келмейді!» - деді. Мұғалім не істеу керек?

Жағдаят 2

Сіз сабақты бастап кеттіңіз, оқушылар тынышталып, жайланды, бір мезгілде сыныпта бір оқушы қатты күліп жіберді. Сіз таңқалып күлген оқушыға қарағаныңызда, ол сізге ешнәрсе айтып үлгертпей, көзіңізге тіке қарап: «Менің үнемі сізге қарағанда және сіздің сабақ түсіндіргеніңізге күлкім келеді». Сіздің әрекетіңіз қандай болады?

Жағдаят 3

Оқушы мұғалімге: «Алдағы екі сабағыңызға келмеймін, себебі мен осы уақытта самбодан әлем чемпионатына жанкүйер ретінде барамын» - дейді. Оқушыға қалай жауап беру керек?

Жағдаят 4

Өзінің сабақ үлгеріміне көңілі толмаған, өз қабілетіне және қашан болсын оқу материалын меңгеруге және түсінуге күмәнданған оқушы мұғалімге: «Сіздің ойыңызша, мен сыныптағы басқа оқушылардан қалмай жақсы оқи аламын ба?» -деп сұрады. Мұғалім қалай жауап беру керек.

«Әлібпи желісі » арқылы терминдерді еске түсіру

Кері байланыс

Күн бойынша "Мен өзіммен бірге бүгін ... алып кетемін, себебі ..."

Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі суреттерін қойып салғызамыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.03.2021
2047
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі