400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
қамқоршылықтың кезеңдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.1. «Қамқорлық» республикалық акциясы жалпы оқыту айлығының шеңберінде өткізіледі және мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған.
ІІ. «Қамқорлық» республикалық акциясының мақсаты мен міндеттері
          2.1. Мақсаты: Күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының) сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.
2.2. Міндеттер:
-міндетті жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға жағдай жасау;
-оқумен қамтылмаған немесе дәлелсіз себептермен  сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу;
-мектеп жасындағы балалардың сабағын немесе олардың  сабақтарға ұзақ уақыт бойы  қатыспауына ықпал ететін себептерді анықтау;
-жалпыға міндетті білім берумен (жалпы оқыту) қамтамасыз ету саласындағы білім беру органдары мен ұйымдарының қызметімен халықты таныстыру және жалпы оқыту проблемаларына қоғамның назарын  аудару мақсатында  ақпараттық кеңістікті құру;
- жетім-балалардың, мүгедек балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, материалдық жағдайы төмен отбасыларында тұратын балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін шараларды қолдану;
-күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұртшылықты тарту;
- жалпы оқыту және көмекті қажет ететін білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету проблемаларын шешу үшін білім беру органдары мен ұйымдарының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, жеке және қоғамдық құрылымдармен, меценаттармен және демеушілермен ынтымақтастығын нығайту.
ІІІ. Акцияның ұйымдастырушылары.
3.1. Акцияның ұйымдастырушылар:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
-Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;
-Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары;
-Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері;
-Білім берудің өңірлік органдары мен ұйымдары және басқа мүдделі  ведомстволар.
ІV.Акцияның өткізілетін орны мен уақыты
4.1.Акция жылына 1 рет 10 қаңтар мен 10 ақпан  аралығында барлық жалпы орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау ұйымдарында өткізіледі.
4.2. Акция үш кезеңде өткізіледі:
1) Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім беру бөлімдері мен басқармаларында жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізуге өңірлік  органдарға нұсқау береді;
2) өңірлік білім беру органдары  жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі жалпы орта білім беру ұйымдарын нормативтік және есептік құжаттамалардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
3) мәрелік, қорытынды-талдау кезеңі.
4.3. Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу кезеңдері облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, аудандардың және қалалардың өңірлік білім беру бөлімдерінің бұйрықтарымен анықталады.
4.4. «Қамқорлық» акциясының басталуы мен аяқталуын облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында жетекші БАҚ-тың, телеарналардың және қамқорлық акцияларды  ұйымдастыру мен өткізуге зор көмек көрсеткен серіктестердің қатысуымен баспасөз конференциясы нысанында өткізу ұсынылады.
4.5. Акцияның мектептік кезеңінде әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға қатыспайтын немесе жүйелі түрде сабақтарды жіберетін кәмелетке толмағандарды анықтау және оларды мектепке қайтару жөнінде жедел шаралар  қабылдау  бойынша жұмыстарды күшейту қажет.
V. Акцияның қатысушылары
          5.1. Педагогтер, ата-аналар, мектептердің барлық  үлгілері мен түрлерінің білім алушылары мен  тәрбиеленушілері; аудандық, қалалық, облыстық білім беру органдарының мамандары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі –ВАК) мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар мен мекемелер, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындар, жеке тұлғалар, меценаттар, еріктілер және т.б акцияның қатысушылары бола алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
3131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі