Оқушылардың білім сапасын
тексерудің
тиімді формалары
Мақала
авторы: Мукушева Асем
Наурызбаевна
Жұмыс
орны: Павлодар қаласы, №41
ЖОББМ
Лауазымы: басшысының оқу жөніндегі
орынбасары
Білімді бақылаудың негізгі
мақсаты – оқушылардың білім алудағы
жетістіктерін, оқытудың нәтижелілігін,
тиімділігін анықтау, білімін тереңдету және болашақта
оқушыларды қоғамдық іс-әрекетке қосылудың алғышарттарын
жасау.
Критериалды бағалау сабақтың
әр кезеңінде, оқушылардың сабақ оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін
алдын-ала белгілі критерийлер бойынша жүргізіледі. Оқушылардың
білімін бақылау оқу процесін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашады,
өйткені тексеріс оқушыларды, олардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге,
оқушылардың берік және саналы білімі үшін күрес құралы іспеттес.
Бақылаудың түрлері мен нысандарының әртүрлілігі оқушылардың білімін
барынша дәл және сапалы бағалауға мүмкіндік
береді.
Жалпы пәндердің негізгі
курсының бағдарламасына сүйене отырып,
бірнеше
мақсатты айқындап алып,
оқушылардың оқу курсын меңгеруін тікелей бақылауға
болады:
- пәндік білім негіздерінің
қалыптасуы (тілдік ұғымдар, грамматика, тіл білімі жалпы
сипаты);
-нақты оқу материалында сын
тұрғысынан ойлау әдістерін қалыптастыру;
- оқушылардың тілдік
заңдылықтарды игеруі.
Бақылау
функциялары:
-оқыту,
-
диагностикалық,
-
болжамдық,
-
дамытушылық,
-
дағдылану,
-
тәрбиелік.
Бақылау
түрлері:
Кіріспе бақылау. Оқушылардың
білім деңгейі, жалпы эрудиция. Тестілеу, әңгімелесу, сауалнама
жүргізу.
Ағымдық бақылау: Тақырып
бойынша оқу материалын игеру. Диагностикалық бақылау: сауалнамалар,
практикалық жұмыстар.
Жіберілген олқылықтардың орнын
толтыру. Қайталама тесттер, жеке кеңестер. Қойылған міндеттердің
орындалуын қорытынды бақылау.
Ауызша сауалнама. Бұл нысан
ағымдық және тақырыптық есепке алу үшін, сондай-ақ оқушылардың
эксперименттік дағдыларын дамыту үшін қолданылады. Сонымен қатар
ауызша тексеру оқушылардың тәуелсіздігі мен шығармашылық
белсенділігін ынталандыратын болса, білімді қабылдаудың
маңыздылығын және оларды қолдану туралы хабардар болуды анықтауға
бағытталған болса, тиімді деп саналады. Ауызша тексеру сабақтың әр
кезеңінде болуы мүмкін, бірақ оқушы білімін бағалау міндетті
емес.
Білімді бақылаудағы ең
бастысы- оқу материалын, күрделі ұғымдардағы, игерудегі проблеманы
анықтау. Ауызша сауалнаманы алғымдық тексеру үшін пайдалануға
болады. Бұл тексеру нысаны: үй жұмысының орындалуын тексеру, жаңа
материалды игеруге дайындықтарын анықтау, түсініктілік және жаңа
материалды игеру дәрежесін тексеру. Мазмұнына байланысты тексеру
алдынғы өткен сабақ бойынша немесе бөлек бөлімдер және тақырыптар
бойынша жүргізіледі.
Жазбаша бақылау. Жазбаша
тексеру қысқа мерзімде бір уақытта көптеген оқушылардың білімін
тексеруге мүмкіндік береді. Диктант, бақылау жұмысы және өзіндік
жұмыстар, тесттер, рефераттар түрінде жүзеге
асырылады.
Дәстүрлі емес бақылау
түрлері:
1.Кроссворд (білімді бақылау
үшін қолданылатын немесе ағымдағы, тақырыптық жалпылама тексеруге
арналған кроссвордтар.)
2. Викторина (сабақтың бастапқы кезеңінде
немесе оны аяқтау сатысында білімді бақылауды немесе өзектендіруді
жүзеге асыру, материалды игеру деңгейін бекітуге және бақылауға
ықпал етеді.)
3. Басқатырғыш (белгілі
ақпаратқа сүйенеді немесе қосымша ізденуге
жетелейді)
4. Ребус тұжырымдаманы немесе
процесті еске түсіруге мүмкіндік береді. (ребустарды табу кезінде
сіз қосымша сұрақтар қоя аласыз: "анықтама беріңіз", "қасиеттерін
түсіндіріңіз" және т. б.).
5. Зерттеу жұмысы
6. Реферат
7. Шығарма
«Мен .....туралы не білемін"
8.
Конференция
9.
Пән бойынша білім аукционы.
10.
Шығармашылық жұмыстарды немесе жобаларды қорғау.
Жобалар негізінде оқыту
барысында білімнің өзектілігі, пәнаралық сипаты міндеттерді кешенді
шешу, оқытудың уәждемелік сипаты
нақтыланады.
Білімді бақылау-бұл оқушының
білімін тексеру, оларды бағалау тек оның жеке оқу қызметінің
нәтижелері бойынша қарастырады. Оқушының жеке ерекшеліктері барынша
ескеріледі. Бақылау объективті, талапшыл, оқушының білімінің шынайы
көрінісін бұрмалаусыз болуы керек.
Оларға қаншалықты мейірімді
болсаңыз да, көптеген оқушылар қобалжып, нашар жауап береді, бұл
бағалау кезінде қиындық тудырады. Бақылау жалпы оқу үрдісінде яғни
оқу жылында жүйелі, тұрақты болуы керек. Бақылау жан-жақты,
бағдарламаның барлық бөлімдерін қамтуы
керек.
Оқушылардың білімі мен
дағдыларын жүйелі түрде бақылау "білім алушылардың материалды
игерудегі және тәрбиелік үрдістегі олқылықтарды анықтауға, білім
беруді уақытылы жүйеге келтіруге мүмкіндік
береді».
Осылайша мұғалімнің сәтті
таңдалған бірнеше бақылау әдістері арқылы оқушылардың білімдерін
объективті бағалауға, белгілі бір уақыт аралығындағы атқарылған іс
пен алған білімдерді бақылауға мүмкіндік
береді.
Яғни, бүгінгі күні білім беру
жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар
кезеңіне қадам басты. Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге
дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке
тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем
жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет. Ал, оқушының
іс-әрекетін өз деңгейінде бақылау және оны дұрыс объективті түрде
бағаламайынша, сапалы білімнің дұрыс нәтижесіне қол жеткізу мүмкін
емес.