400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

Әненова Умітай Талғатқызы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

№104 жалпы білім беретін мектебінің

өзін-өзі тану мұғалімі

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінігі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды. Бұл тұрғыда әлеуметтік педагогтің рөлі аса зор. Өйткені, ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.

Белгілі педагог Ш.Амонашвили: «Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», - деген болатын [1]. Бұдан болашақ әлеуметтік педагогтың шеберлігі мен білімділігі оқушылардың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды сіңіруде маңыздылығы зор екенін байқауға болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының даму үшін жағдай жасауы арқылы интеллектілігін байыту – қазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі», делінген [2].

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.

Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз [3].

Рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Рухани-адамгершілік білім берудің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған және бойында адамгершілік қасиеттері бар оқушы тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

С. Торайғыров «Адамның өсуі жолында екі азық бар: бірі – дене азығы, яғни материалдық азық, адамның тіршілігі үшін жағдайлар жасауы; екіншісі – рухты азықтандыратын ар азығы; ол әділдік болса ғана өседі, көріктене түседі десе, Әбіш Кекілбайұлы: Жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін рухани ерлік, жалпақ әлеміне қысылмай, қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек» [4] –дейді. Екі жазушының да айтып отырғаны – адам азығы рухани байлығы мен оның адамгершілігі.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары – оқушылардың белсенді өміршіл, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Соңында ғана ұстаз шәкірттерінің ізгілігін, адалдығын, кішіпейілдігін қалыптастырады.

Адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан былай дейді: «Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі,өз елін сүюі,яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян жасамауы – ең басты міндет болуы тиіс» - деп ой тұжырымдайды. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасаттылыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс.

Жоғарыдағы ағартушылардың еңбектерін оқып үйрене отырып, оқу-тәрбие ісінде кең қолдану нәтижесінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар негізінде қалыптастыру жүйесі құрылады:

  1. Ар-ұятты сақтау. «Жаным – арымның садағасы» дегендей, ар, сезім, ұят, тәртіп сақтау ережесін санасына қалыптастыру.

  2. Оқушының өзін-өзі құрметтей білуі. «Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат – жаныңнан түңілсін» дегендей, өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі құрметтеу, өз өміріне, денсаулығына жаңаша көзқарасын қалыптастыру.

  3. Өз құқығы мен тәртібін сақтау. Оқушы өмірдегі өзінің орнын, мектептегі, қоғамдағы өз құқығын қорғай білу, қоғамдық тәртіпті сақтай біліп, жақсылыққа, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелену, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрену.

  4. Әлеуметтік жағдайын өзгертуіне көңіл бөліп, тұрмысын түзеу. Өмір сүруге ұмтылу, өмір сүру әдіс – тәсілін, санасы мен дағдысын қалыптастыру.

  5. Мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып, жат қылықтар мен жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салу.

  6. Рухани ойлау дәрежесін өсіру оқушы өз бойына игі қасиеттерді қалыптастырып, әлемдік, ұлттық мәдениетке, жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы жетуге талпыну.

  7. Қоршаған ортаны танып білуде – оны қорғауда, пайдалануда біртұтастық пен ұштастығын үйлесімділік дүниетанымы қажеттілігін анықтау.

  8. Шығармашылық деңгейі өсіп, қабілетін арттыру үшін рухани қазына құндылығының деңгейін бағалау.

Адамның адамгершілік негіздері болмаса, ол еркінен, өмірлік бағдарынан тез айырылып, тағдырдың ойыншығына немесе қылмыс әлемінің құрбанына айналады. Ондаған, мыңдаған нашақорлар, маскүнемдер, қаңғыбастар, қамқорсыз балалар, жетімдер – бұл күннің шындығы. Әсіресе балар мен жасөспірімдер кері жолға бейім болады.

Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – ең алдымен оқыту үдерісінде қалыптасады. Әр түрлі пәндерді оқыту кезінде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық, өмірге деген белсенді көзқарас, Отан туралы ұғымдары қалыптасып дамиды. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ата-аналарды қадірлеу, еңбектенуге үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсіне білуге дағдыланады. Олар мектептегі оқу әрекетіне деген өзіндік қатынастарын, отбасында, қоғамда өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларында дербес және қоғамдық мінез – құлық, адамгершілік қарым-қатынсы дамиды.

Жасжеткіншіктер 5-9 сынып оқушылары өздерін ересектер қатарына қосып, өз бетімен тіршілік етемін деп қиял жетегімен кетеді. Бұл жастағы оқушылардың дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, қамқорлық, құнттылық, т.б. қасиеттер әсер етеді.

Жасөспірімдердің немесе 10-11 сынып оқушыларының ғылымға, мамандықтаңдауға ынталары артады. Бұлар әділеттілік, борыш, ар-намыс, ұят, адалдық сынды моральдық ерекшеліктергк көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауда өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан бұл жаста көбірек ерік берген жөн. Өзін-өзі тану мұғалімі оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда мына жүйеге зейін қою маңызды деп санаймыз.

Адамгершілікке тәрбиелеу – адамгершілік құндылықтарды сіңіру ғана емес, сонымен бірге олардың бойын жағымсыз қылықтарға, балалық еліктеуден жұққан теріс мінез-құлықтар мен іс-әрекеттерден арылтуды талап етеді. Оларды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеудің табысты орындалуы үшін, рухани-адамгершілік нормаларының белгілі-бір түрлерінің оқушылардың бойында, атап айтқанда, іс-әрекет үстінде, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас барысында және тұрғылықты басқа ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластық сезімдерінде, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттердің қарапайым нормалары болып саналатын мейірімділік, қайырымдылық, сыпайылық, әдептілік, үлкен кішіні құрметтеушілік және қамқоршылық түрлерінде нышан беріп, көрінуін адамгершілік сана тұрғысынан сапалығын үнемі байқап, реті келгенде мадақтап, кейбір жағдаяттарды шешуде ақыл-кеңес сұрап, келісіп отыру.

Қазіргі қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:

  1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.

  2. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.

  3. Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.

Оқушылар оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы керек. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды ұстанбайтын, дүниеге өз көзқарасы бар тұлға болуы керек. Адам болу дегеніміз адамгершілік қағидалар мен құндылықтарды ұстану, өмірдің мәнін өзіңнен емес, басқадан көру. Сол себепті де ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін адам болуға баулу деп тұжырымдауға тұрарлық. Әрбір пән, әрбір сабақ, әрбір тақырып осы мақсатта жүзеге асыруға бағытталуы керек.

Рухани-адамгершілік білім – ол тек оқушының өзгеруі емес, ең алдымен мұғалімнің өзгеруі, өйткені бұл құндылықтарды оқулықтардан алу, тіпті жақсы дәрісті оқып алу арқылы түсіну мүмкін емес, оның барлығы өмірлік тәжірибеден алынады. Сондықтан да мысалы, мұғалім салауатты өмір салты туралы қаншалықты әдемі айта білсе де, егерде өзі темекі шегетін болса, оның басқаны үйреткенінен не пайда? Мұғалім тұлғасы оқыту үдерісінен де маңызды, өйткені рухани-адамгершілік білім – оқушының ішкі жан дүниесін ашуға мүкіндік беретін жанды білім. Сүйе білетін, мейірімді, өзінің қарапайымдылығы және шыдамдылығымен кез-келген баланы баурап алатын ұстаз оқушының жақсы мінезінің қалыптасуына зор үлесін қосады.

Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде мұғалім оқушыны тұлға ретінде танып біліп қана қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, болашақты көре білуі қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Амонашвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн. 1,2. Как любить детей. –М., 2012.

  2. Қазақстан Республикасы азамат тарихының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлықын қалыптастыру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1999. 33-40

  3. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. –Алматы, 1976.

  4. Торайғыров С. Социализм. 1918. // Избранное. – Алма-Ата: Жазушы, 1971. -256с.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі