Еспулганова Фарида Зулфикаровна
Келес ауданы Абай ауылы «№ 3 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы
Оқушылардың бойындағы аутодеструктивті мінез-құлықты
алдын алудағы әдіс-тәсілдерім
«Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда-қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық .
Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Осыған байланысты оқушылардың бойындағы аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу және анықтау үшін 3-7 сынып аралығында «Жаңбыр астындағы адам», «Аяқталмаған сөйлем», «Психикалық жай-күйді өзіндік бағалау» тесті, жас ерекшеліктеріне байланысты сауалнамалар алып отырдым. Және семинар-тренингтерде алған әдістерім бойынша «Ертегі құрастыру», «Түлкі» әдістемелерін алдым. Осы жүргізілген зерттеу жұмыстардың нәтижесін өңдеп, оқушылармен тренинг ойындары арқылы түзету сабақтарын өткіздім.
«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдерінің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі. Нұсқау қарапайым түрде беріледі. Оқушыға қағаздың А4 тік бағытталған ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін сондай басқа параққа бөлек – жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады. Екі суретті салыстыру арқылы оқушының стресстік, қолайсыз жағдайда ол қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
«Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі оқушының адамгершілік қасиетін айқындап, ата-анаға деген, достарына деген қарым-қатынасты және өмірге деген көзқарасты анықтай алатын психологиялық әдістеме. Оқушыларға 25 түрлі аяқталмаған сөйлем жазылған парақша таратылады. Оқушылар өз ойымен сол сөйлемдерді аяқтайды.
«Психикалық жай-күйді өзіндік бағалау» тесті – оқушылардың бойындағы үрейлену, фрустрация, агрессивтілік пен ебедейсіздікті анықтауға бағытталған психологиялық тест. Оқушыларға төрт деңгей бойынша 40 сұрақ тапсырмасы беріледі. Егер берілген жағдайлар басынан жиі өткен болса, 2 ұпай, анда-санда кездессе 1 ұпай, мүлдем кездеспеген болса 0 ұпай қойып белгілейді. Төрт деңгейдегі ұпай сандарын жеке-жеке қосады да, өңделеді.
"Тренинг" — "жаттығу" деген ұғымды білдіреді. Тренингтің басты мақсаты - әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу. Тренингке қатысу барысында оқушылар бойындағы қорқыныш, өзіне-өзі сенбеушілік сезімдерін жоюға үйренеді. Тренинг арнайы жабдықталған бөлмеде, топ мүшелерінің өз еркімен жүргізіледі. Басты әрекет - алғашқы және кезекті жаттығуларды әрбір оқушыға әсер беретіндей етіп өткізу. Әр тренинг қалыптасқан жүйеде, белгілі тәртіп пен элементтерді қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілген «Достық - өмір нәрі» тренингі достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, оқушылардың достық қасиеттерін ұштау, өмірден адал да, шыншыл дос таба білуге үйрету мақсатында 6 сынып оқушыларымен жүргізілді.
«Жіпті шешу» ойынын ойнайық. Сынып оқушылары жұптасып отырып, әр жұпқа шиеленіп байланған жіп таратылады. Жұптасқан оқушылар сол қолдарын артына ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек. Жеңімпаз жұп анықталып, мадақталды.
«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны. Оқушыларға екі бағанға бөлінген ақ парақ таратылып беріледі. І бағанға «сатамын», ІІ бағанға «сатып аламын» деген сөздер жазылады. Оқушылар өз бойларындағы қандай қасиеттерді сатқысы келеді және қандай қасиеттерді сатып алғысы келетіндіктерін қағазға түсіреді. Жазып болғаннан кейін парақты кеуделеріне ұстап тұрып, өзара сатуға ұсынылған қасиеттерімен танысады.
- Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?
- Не себепті сатып алғымыз келеді?
- Не себепті сатқың келеді? Сұрақтар бойынша оқушылармен қорытындылау жұмыстары жүргізіледі. Ойыннан шығатын қорытынды: «Кемшіліксіз адам болмайды, Өзіңнің кемшілігіңді мойындау ол да бір ерлік».
«Жағдаяттарды шешу».
1-жағдаят. Сенің жаңа досың бұрыңғы досыңды тастап, өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Сенің ой-пікірің?
2-жағдаят. Досың сенің үйіңе қонаққа келді, оған саған ағаң сыйлаған сувинер ұнады. Қайта-қайта соны қызықтаумен болды. Сенің іс- әрекетің?
Осы тренинг нәтижесінде оқушылар досына адал бола білуді, достар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды түсіне білді.
«Мен таңдаған өмір» тренингі өмірге деген жағымды көзқарастарын дамыту, өмірдің ащы-тұщысын, қызығы мен қиынына төзе білуге, сабырлылыққа, шыдамдылыққа шақыру мақсатында 7 сынып оқушыларымен жүргізілді. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, бір-бірімен тығыз жағымды қарым-қатынаста болу үшін «өрмекші торы» жаттығуы жүргізілді. Бұл жаттығудан оқушылар ынтымақтастық атмосферасын құрып алып, оқушылар сол шеңберді бұзбай орындарында тұрып, 1,2,3,4 деп санау арқылы 4 топқа бөлінді.
І- топ. «Ғылым» әлемі
ІІ-топ. «Поэзия»әлемі
ІІ-топ. «Бояулар» әлемі
ІҮ- топ. «Өрлеу» әлемі.
Берілген тапсырмалар бойынша:
І- топ. «Ғылым» әлемі алдарында берілген алманың суретіне «Менің арманым» тақырыбына эссе жазды. ІІ-топ. «Поэзия»әлемі гүл күлтелеріне өздерінің арманы, өмір туралы өлең құрастырды.
ІІ-топ. «Бояулар» әлемі алдарындағы қағазға маркер арқылы өздерінің армандаған ісін суреттеді.
ІҮ- топ. «Өрлеу» әлемі. Алдарындағы қағазға сатылар арқылы арманға жетуді бейнелеп берді.
3. Сергіту сәті. “Қара жорға”
Оқушыларды орындарынан тұрғызып, «Қара жорға» әнімен ұнаған би қимылдарын билетіп, бой сергіту жаттығуы жасалды.
«Никогда не сдавайся» видеоролигін оқушыларға көрсете отырып, талдау жасалды.
- Бұл видеороликтен не түйдік?
- Өмір бізге не үшін қажет?
- Өмір несімен қымбат? деген сұрақтарға оқушылар өздерінің өмірге деген жағымды көзқарастарын білдіріп, ойларын ашық жеткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық мен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі.
Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті болса, мектеп табалдырығын аттағаннан бастап бала ата-ана мен мектеп қабырғасындағы ұстаздардың берген тәлім-тәрбиесі мен ақыл-өнегесін санасына сіңіріп өседі.
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым. Ғұлама ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» деген дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру мен қатар, өнегелі тәрбие беруге, өмірден өз орнын таба білуге, өмірдің ғажайып сыйларын игере білуіне ықпал жасайтын қазіргі заманның білікті ұстаздары. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениеттілікке, әдептілікке үйренеді. Оқушының білімді болып шығуы мұғалімнің іскерлік шеберлігіне байланысты. Сол үшін мұғалімге қажет қасиет - өз ісін сүюі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қызықты психология. Танымдық психологиялық журнал.
2. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж.
3. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005
4. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті»
5. Темірбеков А.А., С. Балаубаев Психология. А. «Мектеп»
6. Нұрмұхамбетова Т.Р. І, ІІ, ІІІ, ІV.
7. Бизақова Ф. Психологиялық тест жинағы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушылардың бойындағы аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алудағы әдіс-тәсілдерім

шағым қалдыра аласыз