400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың «Динамика» бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың «Динамика» бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 - сынып. Физика Оқушылардың «Динамика» бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру,
Бақылау жұмысы.

Мақсаты:
Оқушылардың «Динамика» бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын орындау.

І нұсқа.
Серіппені 4мм - ге созу үшін 0, 02 Дж жұмыс істеу керек. Осы серіппені 4 см - ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет?
Массасы 5 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 1, 5 м/с2 үдеу алды. Массасы 12 кг дене дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?
Масасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0, 5 кН/м - ға тең қармақ бауы қанша созылатынын анықтаңдар.
2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер ететін ауырлық күшінің істейтін жұмысы қандай болады?

ІІ нұсқа.
60 Н күш денеге 0, 8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 4 м/с2 үдеу бере алады?
Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0, 5 см - ге созу үшін қандай жұмыс атқару керек?
Жер бетінен 300 км биіктікте ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы қандай? Оның айналу периоды қандай?
Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0, 6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.

ІІІ нұсқа.
Ғарыш ракетасы старт берілгенде Жер бетінен 20 м/с 2 үдеумен тік жоғары қарай қозғалады. Кабинадағы массасы 80 кг ғарышкер - ұшқыштың салмағын табыңдар.
Жер бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналып ұшуы үшін жасанды серіктің жылдамдығы қандай болу керек? Оның айналу периоды қандай?
Қатаңдығы 100 кН/м тең сымды 1 мм - ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?
Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 м/с 2 үдеумен көтерегн кезде адам қандай жұмыс істейді?
ІІІ. Бағалау.

ІV. Үйге тапсырма: қайталау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
14.04.2019
916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі