ЭМОЦИОНАЛДЫ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ: БАЛАЛАРДЫ ТҮСІНУ ЖӘНЕ
ҚОЛДАУ
Қазіргі таңда оқушылардың тәрбиесінде ең маңызды
мәселелердің бірі – эмоционалды тұрақсыздықты дұрыс түсіну және
оған уақытылы қолдау көрсету. Эмоционалды тұрақсыздық дегеніміз –
баланың көңіл күйінің жиі өзгеруі, ішкі сезімдерінің тұрақсыз
болуы, ашуланшақтық, уайымшылдық және өзін-өзі дұрыс басқара
алмауы.
Эмоционалды тұрақсыздықтың негізгі
белгілері:
-
Көңіл-күйдің жиі өзгеруі (қуаныштан — ренжігіштікке жылдам
ауысу);
-
Ашуланшақтық, шыдамсыздық;
-
Үнемі қобалжу немесе себепсіз күйзеліске түсу;
-
Өзін және айналасын кінәлау;
-
Әлеуметтік қарым-қатынаста қиындықтар туындауы.
Эмоционалды тұрақсыздықтың
себептері:
-
Отбасындағы түсініспеушілік пен қолдаудың
жетіспеуі;
-
Мектептегі жүктеменің шамадан тыс болуы;
-
Құрдастарымен қарым-қатынастағы қиындықтар;
-
Өзіндік бағалаудың төмендігі;
-
Әлеуметтік желілердің жағымсыз ықпалы;
-
Биологиялық немесе жас ерекшеліктерге байланысты гормоналды
өзгерістер.
Сынып жетекші ретінде біздің
міндетіміз:
-
Әр баланың көңіл-күйіне мән беру;
-
Қарым-қатынаста жылы қарым-қатынас қалыптастыру;
-
Ашық әңгімеге шақырып, оны тыңдай білу;
-
Эмоцияларын дұрыс білдіруге және басқара білуге
үйрету;
-
Қажет болған жағдайда мектеп психологымен тығыз жұмыс
істеу;
-
Сабақ пен сыныптан тыс шараларда эмоционалды қолдау мен жайлы
атмосфера құру.
Оқушыларға арналған практикалық
ұсыныстар:
-
Эмоцияны тану: Қандай сезімде екенін түсінуге
көмектесу.
-
Эмоцияны басқару: Ашуланғанда немесе ренжігенде тыныс алу
жаттығуларын жасау.
-
Позитивті ойлау: Күн сайын жақсы нәрселерге көңіл бөлуге
үйрету.
-
Қиындықпен бөлісу: Мәселесін іште сақтамай, сенімді адаммен
бөлісуге шақыру.
Қорытынды:
Эмоционалды тұрақсыздық —
әр баланың бойында белгілі бір деңгейде кездесуі мүмкін табиғи жағдай.
Бастысы – оны ерте байқап, дер кезінде қолдау
көрсету. Біз, сынып жетекшілер, балалардың сенімді тірегіне,
түсінігі мол досына айнала білсек, олардың психологиялық әл-ауқатын
нығайтып, болашақта табысты тұлға болып қалыптасуына жол
ашамыз.