жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары»
«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары»
Ералиева Гульнара Бектұрсынқызы
«Сарыбастау ауылындағы орта мектеп МДШО» КММ
Білім беру саласының алдындағы негізгі мақсат – оқушы бойына білімділік дағдыларын ғана сіңіру емес ,сонымен қатар сол білім негізінде өмірге бейімді, өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен кез-келген мәселені шеше алатын, өзіндік ойы бар жеке тұлға қалыптастыру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім жүйесі әлемдік білім кеңістігіне бетбұрыс жасауда. Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр. Себебі адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы . Оның алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Білім алушылардың әртүрлі форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын түсініп тұжырымдауы және білім алушылардың мектептен тыс уақыттарда, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білу іс-әрекеттеріндегі қызметтерін бағалауға негізделген. Яғни оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті. Мәтінді түсіну, жалпы мәнмәтіннен қажетті ақпаратты табу мен алу, оны пайдалану және ойлау мен өз жауабын негіздеп дәлелдеу қабілеті .Осы тұста айта кететін жай есептің негізгі мәнін,мағынасын түсіне алмаса окушы берілген есепті шығара алмайды.
Есеп шығару кезіндегі оқушының әрекеті:
-Ең алдымен тапсырманың немесе есептің мәтінін мәнерлеп түсініп оқудан бастау .
- Сұрақтың тапсырмасын және сізден нені сұрап тұрғанын жаксылап түсініп алу
-Сұрақтарды өзіңіздің жағдайыңызға қарай емес, сұрақта сізден не сұрап тұрғанына қарай тұжырым жасаңыз
-Ұзақ көлемді тапсырмалардан қорықпаңыз.
Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім беру деңгейлеріндегі математика пәнінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет:
– қажет жағдайда анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеу құралдарын пайдаланып дәрежелерді, радикалдарды, логарифмдер мен тригонометриялық функцияларды қамтитын формулалар бойынша практикалық есептеулерді шешу
– қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- диаграммалар мен таблицаларды, мазмұнды есептерді оқушылар шешу.
– нақтылы тәуелділіктерді функцияның көмегімен сипаттау және зерттеу, геометриялық, физикалық, экономикалық және басқадай қолданбалы сипаттағы математикалық
есептерді шешу.
Мен сабақтың тақырыбына және оқу мақсатына сәйкес сабақтарда РISA тапсырмаларын кіріктіріп отырамын.
Өзім сабақтарда қолданатын осындай есептерді мысалға келтіре кетейін.
«Стереометрия көпжақтары» атты сабақта есептерді РISA форматында оқушыларға бердім.
Мысал: Аквариум.
1сұрақ: Аквариумның биіктігі 2дм,ұзындығы 5дм, ені 3дм болса, оған қанша су құюға болады?(1дм3=1л)
Жауабы: ______________дм3
2cұрақ: Аквариумға 35л су құюға бола ма?
Жауабы:_________________
Шешімі:
1. Аквариум көлемі V=abc формуласынан V= 2*5*3=30(дм3)
2. Аквариумға 35 л су құюға болмайды, себебі оның көлемі 30л тең.
5-сыныпта «Ондық бөлшектерді дөңгелектеу» тақырыбына:
Мысал: Мараттың туған күніне 15 оқушы келді.Туған күнге арнайы торт алынды. Торттың биіктігі 10см, радиусы 15см. (100г=408,5см3)
1сұрақ: Әр оқушы қанша торт жеді?
Жауабы: _______________грамм.
2сұрақ:Торттың массасы қанша ?
Жауабы:_________________________кг.
Шешімі:
1. 116г, себебі торт көлемі V=πr2*h=3,14*152*10=7068,6(см3)
Хг - 7068,6 см3
100г - 408,5см3
Х≈706860/408,5≈1732(г)
1732/1567≈116(г) Жауап нақты түрде беріледі.
2. торттың массасы: 1,732кг.
6-сыныпта «Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті»тақырыбына:
Бактериялар
Орта есеппен 1 м2 адамға шамамен 80 000 әртүрлі микроорганизмнен келеді. Ауданы 0,002 м2 – ге қанша микроорганизмнен келетінін анықтаңыз.
Тапсырманың шешімі
1 м2 : 80 000 = 0,002 м2 : X
X= 160 , Жауабы: 160
8-сыныпта «Көпбұрыштардың аудандары» тақырыбына:
Ержан жуынатын бөлменің қабырғаларына плитка жапсырмақшы болды.
Жуынатын бөлме ұзындығы – 3м, ені – 2м және биіктігі – 2,5м тікбұрышты параллелепипед қалпында. Бөлменің плитка жабыстырылатын қабырғаларының аудандарын анықтаңдар. Қабырғалардың бірінде ені - 1м және биіктігі - 2м есік бар екенін ескеріңдер.
A) 25 м2 B) 23 м2
C) 21 м2 D) 24 м2
E) 26 м2
Бұл есептерді орындағанда оқушылар ынтамен, есепті күнделікті өмірге байланыстырып,дұрыс жауабын табуға тырысты. Олардың пәнге деген қызығушылығы артып, логикалық ойлауы дамиды. Жоғарыда келтірілген тапсырмаларды ескере отырып оқушыларға сабақта PISA тапсырмаларының құрылымын жетік меңгерту арқылы олардың есептерді тез шеше алатын қабілеттерін дамытып,есеп шығарудың сан қилы жолдарын іздестіреді деп ойлаймыз.Өмірде кездесетін тосын жағдайлардан тиімді жолын тауып шыға алатын тұлға қалыптастырып, қоғамға аса қажетті математика ғылымына тән жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуга үлесі зор деп айта аламыз.
Қашықтықтан оқыту жүйесі бұрында білім алушылардың таңдауы бойынша әр түрлі себептермен жүзеге асырылып келген. Ал қазіргі таңда елімізге түскен қиындыққа қарамастан білім саласы өз ісін тоқтатпай қашықтықтан оқытуда барлық техника мен жаңа технологияларды қолдана отырып, білім алушыларға үздіксіз білім беруде. Сабақ жоспарының негізінде ұстаздар оқушыларға өздігінен оқу/орындау үшін оқулықтан оқу материалы мен тапсырмаларды және интернет-платформаларда орналастырылған сабақтарды, қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пайдалануды ұсынады. Ұсынылатын интернет- платформалар: BilimLand; Kyndelik. Kz; Darin online, Mektep.OnLine, GoogleClassRoom және т.б. Өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын электрондық журналдар жүйесінде, интернет-платформада, электрондық пошта, WhatsApp, Telegram сияқты басқа мессенджерлер арқылы ұсынуға болады.Осыған орай «Нақты ғылым дүние кілті бүгінде...» атты математика, физика,информатика пәндері апталығы кезінде «Менің өмірімдегі математика» қашықтық жағдайында шағын жобалар байқауы және «Нақты ғылым өмірде» викториналық сағаттары ZOOM месенджерінде өтсе, «Біле бер қанша білсең -тағы тіле,Жетерсің мақсатыңа біле-біле» тақырыбымен оқушылар арасында математика пәнінен ребустар жасау және ребустар шешу сағаттары өтті.Оқушылар аталған іс-шараларға қызыға ,белсене қатысты. 5-сыныпта «Дұрыс және бұрыс бөлшек» тақырыбында Mektep.OnLine платформасы арқылы үлгі сабақ өткіздім.
Қорыта айтқанда, тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн. Заман талабына сай білім беру, үнемі жаңалықтан құр қалмау, дамыған елдердің ізімен ілгерілеп отыру міндет болып табылады. Қазақстанның технологиясы озық елдерден көш бойы қалып қоймау саясатының оң нәтижесі де жетерлік. Соның бірі төтенше жағдай кезінде қашықтықтан оқытуды ақпараттық құралдар арқылы игеріп теледидар, интернет, түрлі бағдарламалар арқылы іске асыруы болды. Болашақ ұрпақ үшін жасалған дұрыс қадамдардың бірі деуге толық негіз бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал - Астана ,ҰББСБО, 2013
PISA-2018/компьютерлік формат халықаралық зерттеу құралдары – Астана , 2016
TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу Есептер жинағы – Астана - 2016

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген