Материалдар / "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың маңызы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім беру жүйесін жаңарту мәселелері ерекше атап көрсетілді.Жолдауда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық Ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндеттер Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиялық жоспарында да атап көрсетілген.Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.Оқушының бойындағы бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұл туралы жас мұғалімдер білуі керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
677
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың маңызы

Бекмурзина Ж.С

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп» ММ

Маңғыстау ауданы

Маңғыстау облысы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім беру жүйесін жаңарту мәселелері ерекше атап көрсетілді.Жолдауда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық Ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Аталған міндеттер Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиялық жоспарында да атап көрсетілген.Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.Оқушының бойындағы бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

           Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру.
      Осы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.     Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту.

Ұлттық жоспардың міндеттері:
      1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
      2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
      3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
      4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
      5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг үшін жағдай жасау.
     жүргізу жүйесін дамыту.
      6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

     «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
      Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
      РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
      РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.
      2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.
      Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
      1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);
      2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);
      3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі - жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).
      Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде.
      Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.

      РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
      -барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
      -ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
      Төменде ұсынылған қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері жоғарыда аталған факторлар есебінен анықталды.

      Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.
      Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
      Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
      Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
      Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);
      Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
      Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
      Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);
      Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
      Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
      Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.
      Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.
      Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарланады.
      PISA зерттеуінде табысты елдердің (Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Гонконг және т.б.) тәжірибелерін ескере отырып, жоспардың инварианттық (міндетті) және вариативтік (мектептің таңдауы бойынша) бөліктері арасындағы тиімді пропорцияны анықтау есебінен оқу жоспарын реттеудегі мектептер дербестігінің сәйкес деңгейі қамтамасыз етілетін болады. Оқу жоспарлары оқу әдебиетін, математиканы оқыту және жаратылыстану-ғылыми, ақпараттық, тілдік сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу сағаттарының қажетті санын бөлуді қарастырады.

Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін жаңарту үдерісіне сәйкес білім беру жүйесін жаңарту шарттары:

-біріншіден,оқу үдерісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;

-екіншіден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;

-үшіншіден, педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

-төртіншіден,педагогикалық базалық білім беру стандарттарын,мектеп мұғалімдері мен ЖОО мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;

-бесіншіден,аймақтарда педагогтардың біліктілігін арттырудың кіріктірілген орталықтарын құру болып табылады.

Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени қарымы білім сапасының күйін,оның прогрессивтік даму тарихын айқындайды.Осы тұрғыдан алғанда,тәуелсіз еліміздің ғылым мен білімді дамыту стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып,әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады.Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып,оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы,өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын,өзгермелі өмірге оқушыны да,өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3. Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары

4. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» - «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, Астана, 2012.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!