400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: мәселелері және оны шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: мәселелері және оны шешу жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: мәселелері және оны шешу жолдары

З.Е. Жомартова

Қарағанды қаласы.№10 ЖББОМ

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі



Елбасы Нұрсылтан Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында жүктелген міндетке сәйкес елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршаға аян. Ұлттық жоспардың басты мақсаты-Қазақстанда білім сапасын жетілдіру үшін негізгі бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылар шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азамат қалыптастыру,оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімдеуі үрдісінде пайдалана алатындай негізгі құзіреттіліктерді сіңіре алу керек.Олар: басқарушылық,ақпараттық коммуникативтік,тұлғалық, азаматтық,технологиялық. Білім алушы осы аталған негізгі құзіреттіліктермен қатар пәндік құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс.

Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу тапсырмалары әр сынып оқушыларының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып,олардың ой-өрісін жетілдіру мақсатын көздеген,сондай-ақ бағдарламада тіл дамыту жұмысы айтылым,тыңдалым, оқылым, жазылым тапсырмалары мәтін, эссе, мақала, шығарма сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелген.

Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты-дұрыс,сауатты жазуға оқушының ауызша және жазбаша ойын,грамматикасынжәне стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатын, өз пікірін айтып жеткізе білетін,мемлекеттің тарихын, этномәдениетін, салт- дәстүрін,әдебиетін тани білетін,бәсекеге қабілетті, Ұлы даланың жеті қырын меңгеруге, зерттеуге бейімделген тұлғаны даярлауды қажет етіп отыр.

Мұғалім алдындағы оқушының ерекшеліктерін біле отырып,оқушының өзіндік танымдық іс- әрекетін қалыптастыруға бағытталған білім беруде жеке оқытудың дамуын көздейді.Қабілеттілік туа біткен қасиет емес,ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды.Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен ,біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты.Әр оқушының шығармашылық мүмкіндігін анықтап, әрі қарай осы қабілеттерді дамыту керек.

Сабақты қалай тиімді, қызықты табысты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімінің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатындай дәрежеде оқыту үдерісінқалай ұйымдастыруға болады? Мұғалім мен оқушы өзара іс-әрекет нәтижесінен қанағаттану сезімін алу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы- оқытуда белсенді әдіс тәсілдерді тиімді пайдалану.

Қазақ тілінен жазба жұмыстары критерий арқылы бағаланады.

1)мазмұнына, стиліне, сөздерді дұрыс қолдануына;

2)орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығына;

Жазба жұмыстары оқушылардың игерген білімдері мен біліктерін қолдануға бағытталады.Бұл сабақта сөз құдіретін танытатын мақалдар мен даналық сөздерді талдауға, тілдегі сөйлеу этикетінежататын сөздер тізбегін жасауға, халқымыздың жақсы дәстүрлерін сақтап келген шешендік сөз үлгілерін әрі қарай дамытып, оны оқушылардың сөйлеу дағдысына сіңіру бағытында түрлі стратегиялар арқылы жұмыс жүргізуге болады. Мәселен: « Дос жылатып айтады, ,дұшпан күлдіріп айтады» деген мақалдың мәнін ашқызу.

Жазба жұмыстарына арналғантапсырмалар тақырыбы мен мазмұны жағынан әр түрлі. Бұл мәтіндер оқушыларды отанды сүю, табиғатты қорғау, сыйластық, адамгершілік, ерлік, елжандылық, жаңа технолгияларды меңгеру, биотехнологияның дамуы,жаһандану,мамандық таңдау, кәспті игеру, әлем құпиялары, аспан денелерін сияқты дүниелерді білуге тәрбиелеу міндетін көздейді.Мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру мақсатына орай жұмыс түрлері де түрлендіріліп отырады.Берілген тапсырмалар оқушылардың сабақта, сабақтан тыс кезде айтылым әрекеттеріне қолдануына, жазу дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Тапсырмаларды жеке, жұпта, топта түрлендіріп беру пайдалануға болады.


1) Өлең құрастыру( оқушыға ұсынылады)

2) Мәтін құрастыру. «Көзіңді жұмып көз алдыңа мынандай суретті елестетіп көр.Таңғы көрініс.Арайлап атқан таң.Шөп басындағы таңғы шық.Құстардың әдемі үні.» Суретші бұл көріністі бейнелеу үшін қажетті бояу іздейді.

Таңғы көрініс қандай?

Жануар, құстардың іс-әрекеті

Адамдардың іс-әрекеті

Туған жеріңе деген сезіміңді қалай жеткізуге болады?

Қызарып атқан күн, таңғы шық,самал жел,әдемі үн.

Құстардың сайрауы, жан- жануарлар оянады, азықтарын аулайды.

Малдарын өріске аудауы, от жағуы.

Ыстық қой шііркін ,туған жер.

Отан.Отан бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Өз үйім- өлең төсегім.


3)Әзіл аралас сұрақтар беріледі.

4)Сөзжұмбақтар беріледі.

5) Модель, жоба жасау,болжамдарұсыну,оны қорғау,дәлелдеуге дағдыландыру.

6)Қызықты оқиғалар,ұлы адамдар өмірі ,әр түрлі тағдырлар туралы айту.

Жазба жұмыстарының өнімді бір жолы-модельдеу технологиясы.Модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде айтылым дағдысының тіл дамыту үрдісінің жемісі өнімді тәсілі болып табылады.

9-сыныптың әдебиет пәнінде М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі оқуға, талдауға ұсынылған.Азаттық күрестің басшысы Исатай өлгеннен кейін шыққан бұл өлеңде жоқтау әрі мақтау үлгісі басым. Бірінші кезеңде оқушылар толғаудағы Исатайдың сөзбен берілген тұлғасына барлау жасайды.Екінші кезеңде оны өз ойы, қиялына ерік бере отырып бір нәрсеге ұқсатады.Бұл үрдіс оқушының дүниетанымы,сезімі, ой-өрісіне де байланысты болып келеді.Үшінші кезеңде оқушыларұқсатуын сызбаға түсіреді не сөзбен жеткізуге тырысады.

Тапсырмалар:

1.Исатай бейнесіндегі ақынныңкөрке, образды тілін төмендегі үлгіде жинақтаңдар да сын есімдерді табыңдар.

2.Исатайды ақын таудан ұшқан тарланға, арыстанға балап, құлан құлжаға теңейді. Өны өздерің қалай ненің бейнесінде елестетесіңдер,кімнің бейнесінде қабылдайсыңдар, соның бейнесін салып түсініктеме жазыңдар.Қабілеттеріңе қарай модельдеріңді сөзбен жазуға болады. Модельдеудің тиімділігін төмендегідей саралауға болады:

-Көркем бейнелі тәсілдердің дамуына, сөздік қорларының байюына ықпал етеді.

-Сауатты жазуға, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге дағдыланады.

-Алған білімді жобаға, бір бейнеге түсіру қабілеттері дамиды.

-Модельдерін қорғау арқылы табандылық, қайраттылық, өзін-өзі қорғау,ситуациядан шығу сынды мінез-құлықтары қалыптасады.

-Пәнге деген қызығушылығы таным белсенділігі жетіледі.

Жас ұрпақты қазақ әдебиетінің нәрімен сусындатып,адамгершілігі жоғары талғамы биік азамат қалыптастыру оңай шаруа емес.Әр мұғалім сабақ берудің алдында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,ол- жаңадан жаңаны табатын өнер».-деген сөздерін есінде ұстап, шеберлік шыңынан көріне брсін демекпіз.

Әдебиеттер

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.III деңгей( базалақ 2012ж

2.Қазақ әдебиті оқулы 9- сынып. С.Ч Тұрсынғалиева. 2019ж

3.А.Әлімов « Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Алматы,2013ж.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
740
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі