жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Тақырып: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Мақсаты: Сабақта ақпарттық коммуникациялық технология әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, фунционалдық сауаттылығын арттыру.
Міндеттері:
*Филологиялық білімді тереңдету.
*Педагогика ғылымының жетістіктерін, озат тәжірибені оқып-үйрену.
*Жалпы мәдени деңгейді көтеру.
2015-2016 оқу жылында теориялық мәселелерді шешу, баяндау, зерттеу, жинақтау әдіс-тәсілдерін жұмыс түрлеріне негіздеу.
Елбасы Н.Назарбаев білім беру жастарға тек біліммен шектелмей, әлеуметтік бейімделуде икем-дағдыларды пайдалану қажеттігін атап көрсетті. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепте білім беру жүйесіне интеллектуалды, дене және рухани дамыған азаматты қалыптастыру, жылдам өзгермелі әлемде табысты, әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз ететін білім қажеттілігін қанағаттандыру мақсаты қойылып отыр.
Жас азаматтардың нәтижелі әлеуметтену негізі ретінде қызметтің барлық салаларында өмірлік міндеттерді кең ауқымда шешу үшін білім, білік, дағдыларды қолдану қабілеті, сонымен қатар тұлғааралық қарым-қатынас және әлеуметтік қатынастарды бағалау қабілеті – функционалдық сауаттылық қарастырылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену үдерісінде өзектілене түседі.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге
болады.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби
мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім
алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін
білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен
бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты.
Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда,
күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан.
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
PISA халықаралық зерттеулері бағытында оқушылардың оқу сауаттылығын және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қарастырылған.
РІSА бағдарламасы бағалаудың басқа жүйелерінен ерекшеленетін белгілі бір мақсаттарға ие. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мұғалім оқыту әдіс-тәсілдеріне өзгерістер енгізуі, білімдерін дамытуы қажет. РІSА мәтіндерін түсіну үшін, жұмыс жасай білу үшін өз сабақтарында оқушыларды дайындай алатын түрлі технологияларды пайдалануы қажет. Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделеді. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Сол себепті мұғалімдер белсенді оқыту және оқу стратегияларын, аудиторияда тиімді байланыс жасау жолдарын оқу сауаттылығының жалпы ережелерін меңгерулері тиіс. Оқу сауаттылығы бойынша бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі – оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын кең ауқымда қамтуды қарастыратындықтан, мұғалімдер осы мәселелерді зерттегені, оны қолданыстағы оқу бағдарламаларымен байланыстырып, салыстыру жасаулары маңызды болмақ.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.
Оқу сауаттылығы
-
Ақпаратты табу;
-
Мәтінді интерпретациялау;
-
Рефлексия және бағалау.
Бірінші деңгей – «жаңғырту»
Ақпараттарды дәстүрлі қалыпта қабылдау; белгілі деректерді, стандартты тәсілдерді және әдістерді тікелей қолдану; таныс алгоритмдерді пайдалану; таныс сөз тіркестерімен жұмыс;
Екінші деңгей – «байланыс орнату»
Ақпараттың бір түрінен келесісіне ауысу; тапсырманы шешуге арналған әртүрлі әдістерді қолдану; алынған шешімді интерпретациялау;
Үшінші деңгей – «талқылау»
Күрделі мәселелер; ойлау және интуиция; шығармашылық тұрғыдан келу; шешу амалын өңдеу; қамту; негіздеу.
Мұғалім — мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын, сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын және оза оқыту технологияларын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып келемін.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Соңғы үш жылда өткен «Дауыссыз дыбыстар», «Толағай», «Ер Төстік», «Мақал-мәтелдер» атты ізденіс сабақтарым өз дәрежесінде өтті.
Оқушылар пәндік олимпиадаға үнемі қатыстырылып отырылады. Атап айтсам, 2010-2011 оқу жылы СМПИ ұйымдастыруымен өткен пәндік олимпиадада ІІ орын Сванбаева Аяулым, 2011-2012 оқу жылы облыстық интеллектуалдық «Айналайын» сайысында ІІ орын Маратова Диана, Тоқтарбекова Айжанат және ІІІ орын Муратова Анара, 2012 оқу жылы ҚҒП «Дарын» орталығынан «Ақбота» интеллектуалдық марафонында ІІІ орын Манапова Айнұр, 2012-2013 оқу жылы СМПИ ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасындағы дәстүрлі олимпиадада «Алғыс хатпен» Қайырбекова Мадина марапатталған.
Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да, сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы бойынша 2010 жылдан бері сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында тәрбие сағаттары өтіледі. Атап айтсам «Денсаулық –зор байлық», «Наурыз- жыл басы», «Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары» т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып отырамыз.
Мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ деген қағиданы есте ұстап, өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.
Сөз сонында айтарым, «Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген