Оқушылардың жас ерекшелігі (психология)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың жас ерекшелігі (психология)

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға оқушылардың жас ерекшелігін есркеріп жұмыс жасау үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың жас ерекшеліктері

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым – қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп – жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.

Бастауыш буын оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды.

         Бастауыш сынып – қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға  тура келеді.

         Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген сумен тең.

Білім алу іс-әрекеті окушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін – өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту балаға жеңіл тиеді. Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі - танып-білуге деген белсенділігі.

Бастауыш сынып жасы - бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады.

Бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктері

- Негізгі іс- әрекеті – оқу

- Көрнекі - бейнелік ойлауы (көру арқылы)

- Тез шаршау, зейіннің шоғырлануының тұрақсыздығы

- Арнайы емес есте сақтауға басымдығы (ашық және қызықты нәрселерді есте сақтау)

- Ұсақ моторикасының даму деңгейінің жеткіліксіздігі

- Өз мінез-құлқын реттеуінің жеткіліксіздігі (ұйымдаспаған, қозғалмалы, бір қалыпта отыра алмау)

- Эмоционалды тұрақсыздық (көңіл – күйінің тез өзгеруі,әсершіл)

- Оқушы ретінде ұстанымның қалыптасуының бастапқы кезеңі

Екінші сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

- Өзін – өзі бағалаулары жоғары дамыған

- Өзін сынауы жоғары

- Өз беттілігінің қалыптасуы

- Ойлау операциясының дамуы

Үшінші сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

- Оқуға деген қатысын түсінуі

- Білімге деген қызығушылығының көрсетуі

- Ойлау процесінде сапалы өзгерістердің болуы

- Өз беттілігі белсенді дами бастайды

- Есте сақтауыда өзгерістер пайда болады ( мағынасына қарай есте сақтауға қабілеттене

- Оқу дағдысы әбден жетіледі

Төртінші сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

- Көптеген оқушылардың оқуға деген қызығушылығы анықталынып, әртүрлі пәндерге қатынасы қалыптасады

- Оқудың жеке дара өзіндік тәсілі пайда болады

- Төртіншісыныптық ересектердің жүйеленген оқу дағы әрекетері мен талаптарына ,құрдастарының қарым қатынасына бейімделе бастайды

- Нақты бірнеше жылдан кейін мотвациясы қалыптасады

- Ересектердің бағалауына тәуелді

Бесінші сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

Бұл кезеңдегі жеткіншектің негізгі іс әрекеті қарым –қатынас. Басты жаңа нысаны – өздерін ересек сезіну. Бұл кезең “өтпелі кезең” болғандықтан бала организмінде алғашқы биологиялық өзгерістер (әсіресе қыз балаларда) болады. Жеткіншектің организімі өте әлсіз болады, жиі ауырады, созылмалы аурулар асқынады. Сондықтан да бұл кезеңде баланың денсаулығы басты назарда болу керек. Баланың қайта құрылып жатқан организіміне өз мүмкіндігінше көмектесіңіз.

Алтынышы сынып оқушысының мінез –құлқына мінездеме

Үздіксіз теледидар көру, сағаттап телефонмен сйлесу. Компьютерлік ойындар мен ұялы телефондарға аса қызығушылқ танытады. Жаңа заманға сай музыкалық ағымды талқылау. Ересектерге еліктеуіне байланысты жаңа қызығушылықтар пайда болады. “Қызық ” киімдерді талқылау. Темекі , нарқотиктер жайлы тақырыпты талдау т,б. Көптеген жеткіншектер бұл жаста тұйықталып кетеді. Дегенмен әрбір балада жаңа дос пайда болуы мүмкін.

Орта буын оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

Жеткіншектік жас — балалық пен ересектік арасындағы (11-12 жастан 16-17 жас аралығы) өзгермелі мінез – құлықты , жыныстық толуы мен ересектік өмірге кіру даму сатысы. Жеткіншектің кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл – ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас.

Осы жастың ерекшеліктері

- Қарым – қатынасқа түсуге деген жоғары қажеттілік

- Эмоциональдық тұрақсыздық

- Бөтен адамдардың бағасына сезімталдық

- Ересектерше сезіну

- Уақытша болашақты сезіну

- Алғашқы махаббат ояну

- Оқуға құштарлығының азаюы

- Бос уақыттарын дұрыс пайдаланбау

Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез – құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып – жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін» — деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді.

Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды.

Құрдастармен қарым – қатынас өзі – өзі тануға, тұлғалық мінез - құлықты қалыптастыруға міндетті түрде қажет. Олар отбасынан гөрі құрдастармен бірге болуды қалайды. Сонымен қатар қарым – қатынас тәжірибесі бұл жаста жеткіліксіз болады. Жеткіншек қай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білмейді. Сондықтан қарым – қатынасқа түсуге жоғары қажеттілікпен қоса, өз қылығын түсіндіре алмаған жағдайда немесе дау – ижанжал кезінде ашушаңдық, тұйықтық қылықтар көрінеді.

Жағымды жақтары: жеткіншек пайдалы нәрсе істеуге тырысады, әлеуметтік – тұрғыдан (отбасына қамқорлық, күнделікті немесе қиын мәселелерді шешуге қатысып көмектесуге)

Жағымсыз жақтары: темекі шегу, ішімдік ішу, былапыт сөздерге үйір болу арқылы өзін ересек сезіну

Жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері

Бұл - жеткіншек жастан жасөспірімдік кезең ге өтудегі жасы 15-16 жас аралығындағы 9 -11 сынып оқушылары . Бұл жаста адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады. Негізгі міндет өзін анықтау ға (жеке тұлғалық, кәсіптік, әлеуметтік) дайындық болып табылады. Жыныстық жетілу мен физикалық дамуы аяқталады. Бұл оның бейнесінде үлкен өзгерістерге әкеледі. Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен – бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады.

Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс – өзіндік ақыл-ойдын және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады.

Жоғары сынып оқушылары «мен кіммін?», « Менің орным қандай?» деген сұрақтар арқылы өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле бастайды.

Олардын ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін.

Олар өзі туралы толық түсінік бере алмайды, сондықтан уайымдау, мазасыздық, болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен  құтылғысы келеді.  Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ол бұрынғыдай күнделікті емес, болашағын жиі ойлай бастайды.

Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызғьшықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннін сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен зандылықтарды іздеуге құштар.

Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады.
Қазіргі жоғары сыныптағылардың дене жетілуі мен психикалық дамуы жағынан бұдан он жылдан бұрынғы қатар құрдастарынан айтарлықтай жоғары, бұл жастағылар өздерін көп жағдайда ересектер санатымызда деп есептейді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
3700
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі