400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ РӨЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазба тілдің дамуы оқушының ішкі ойлау әрекетімен тығыз байланысты. Ойды қағаз бетіне түсіру үшін оқушы белгілі бір тақырыпты түсініп қана қоймай, оны талдап, салыстырып, қорытынды жасап, өз көзқарасын білдіре алуы қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


1

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ







Бас редакторы:
Жасұлан Даурен
Жәрдемұлы

Редакция
алқалары:
Сағидолла Айдос
Бауыржанұлы
Жасұлан Толқын
Шайдоллақызы

Редакция мекен-
жайы:
Алматы қаласы
Аскарова 10

Редакция
телефоны:
+7705 396 9775

Қазақстан
Республикасы
Мәдениет және
Ақпарат
министрлігі
№KZ51VPY00
085829
куәлігі

Айына 1 рет
қазақ, орыс,
ағылшын тілінде
шығады.

Теруге
18.12.2025ж
берілді
Басуға
20.12.2025ж
қол қойылды

Таралымы 1000
дана

Журнал
«Ұстаз Онлайн»
Ғылыми-
әдістемелік
орталығында
басылды
Мұханбетова Ақжан Қонысқалиқызы......................................................................................2
Мукалдиев Бакберген Бокешович...................... ....................................................................... ....6

Карабекова Акерке Жанатлековна.............................................................................................8

Жұмағалиева Лиза Амангелдіқызы...........................................................................................11

Ракишева Рымбала Аскаровна..................................................................................................14
Асан Мәсіғұт................................................................................................................................16
Нубин Сария.................................................................................................................................19

Игембай Шарипа Ахмадинқызы...............................................................................................21
Сахибеденова Шолпан Ешмукановна......................................................................................24
Серикова Акку Кайратовна........................................................................................................26
Әбдіқалық Айдана Құралбайқызы............................................................................................28

Тоқпанбет Гаухар Таңсыққызы................................................................................................30

Байбабаева Гулнар Абдрахмановна..........................................................................................32

Бегимбетов Думан Болатович..................................................................................................35

Кажыбаева Гульнара Рапиховна...............................................................................................38

Дигарбекова Дина Джаксылыковна.........................................................................................40




Page 2


2

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ

УУ ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ








Мұханбетова Ақжан Қонысқалиқызы
Ақтөбе қаласы
М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ
Бастауыш сынып мұғалімі



Білім беру ұйымының атауы М.Мақатаев атындағы №73ЖББОМ
Пәні: Әліппе
Бөлім: Әліппе кезеңі
Педагогтің аты-жөні: Мұханбетова Ақжан Қонысқалиқызы
Күні:
Сынып: 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: №20 сабақ. Уу дыбысы мен әрпі
Оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаты:
1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның
ретін сақтай отырып баяндау;
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу)
қолдану;
Сабақтың мақсаты Уу дыбысы мен әрпін таныстыру, бір-бірінен ажырата білуді үйрету
әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу
талаптарына сай жазуға машықтандыру

Құндылықтар:
Қыркүйек айы: Еңбекқорлық
және кәсіби біліктілік
Сабақ құндылығы: Жасына байланысты қол жетімді еңбек, еңбек
қызметінің әртүрлі түрлеріне қатысуға дайын болу
Апта дәйексөзі: «Еңбек - жай ғана қызмет емес, адам болмысының
айнасы/Абай/

Сабақтың барысы
Сабақты
ң кезеңі//
уақыты
Педагогтің әрекеті Оқушының
әрекеті
Бағалау Ресурстар


Page 3


3

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ

Сабақ
тың
басы
5 минут






Өткенді
пысықтау
5 минут








Сабақ
тың
ортасы
20 минут






























Сабаққа дайындық жасау
Психологиялық ахуалды жақсарту
«Мозайка» әдісі
Қырқылған суреттерді біріктіре отырып, атауында «у» дыбысы бар заттардың суреттерін жинақтайды
Ау,науа,тау,су, ту, алау.
Өткенді пысықтау Жұптық жұмыс “Шеңбер” әдісі
Бұл әдістің мақсаты шеңбер ішіне у
дыбысы бар сөздерді жапсырады
1 оқушы: 1 буынды сөздерді
2 оқушы: 2 буынды сөздерді
Тақырыпты ашу
«Таңда да белгіле» ойыны
Алуа, ау, алу, аулау, ауа.
У- дауыссыз:ау, аулау, ауа
У-дауысты:Алуа,алу,аулау Жаңа тақырып «Адал азамат» біртұтас тәрбие
бағдарламасы: Жасына байланысты
қол жетімді еңбек, еңбек қызметінің әртүрлі түрлеріне қатысуға дайын болу 1-тапсырма. Суретпен жұмыс Дыбысты жинақтау дағдысын дамыту
1. Суреттегілерді атау және олардың
дыбыс сызбасын «оқу». 2.«Суретші», «ұлу», «бұзау», «тауық», «бояу» сөздеріне дыбыстық талдау жасау. «У у» дыбысының дауысты немесе дауыссыз екендігін анықтау.
3.Сөзді буынға бөліп, «У» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын анықтау.
4.Сөйлемді сөз сызбасының көмегімен толықтырып «оқу».

ЕБҚ

Суреттерді біріктіреді
Жұптық жұмыс жасайды
Сөздердегі у дыбысының ерекшеліктері не қарай бөледі

Оқушылар әр сурет бойынша сөйлем құрайды: 1) Суретші ұлудың суретін салды. 2) Далада бұзау жайылып жүр. 3) Тауық біреу.
Сөз сызбасының көмегімен сөйлемді толықтырып «оқиды»: Ауа таза. Алуа, аула тазала.


Мақтап, мадақтап отыру
Дескриптор:
Удыбысы мен әрпін ажырата алады
Буын сандарын біледі



Дескриптор:
Сөздерге дыбыстық талдау жасады.
Сөзді буынға бөліп,
неше буын екенін тапты
Сурет бойынша сөйлем құрады






суреттер
Суреттер


оқулық

оқулық


Суреттер
оқулық


Сызба





Page 4


4

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ























Сергіту
сәті
2 минут









Сабақты
қорыту
6минут










Қосымша
тапсырма
2минут





Суретті қима қағазды дұрыс таңдап, сол
сөзге дыбыстық талдау жаса.(тау)
2-тапсырма
1.Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
2.Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден жаңылтпаш құрастыру, дәптерге көшіріп жазу

Арала,
аула,
Лаура
Лаула,
алау, лаула
Ала
ула, ала
у,
ала
ула.

Лаула,алау,лаула
Алаула,алау,алаула
Арала аула, Лаура



«Үндемес ойыны» әдісі
Мұғалім заттың атын айтады, оқушы сол
заттың суретін үндемей табады.
Мұғалімге береді


Саралау тапсырмасы
1-деңгей:
Бос ұяшықтарға әріпті қой. Сөз құра.
2-деңгей:
Бір және екі буынды сөздерді анықта.
3-деңгей:
Сөздерді қолданып, сөйлем құра.








Топтық жұмыс.
1-топ . Берілген сөздерден У әрпін тауып,
дауысты немесе дауыссыз екенін
ажыратады.
Лаула, алау, Алуа
2- топ.Әріптерден сөз құрайды.
Л,а,у,а,л,а
3 - топ. Құрамында у дыбысы кездесетін

Тау сөзіне
дыбыстық
талдау
жасайды



Дәптермен
жұмыс
жасайды





Жаңылтпаш
ты дәптерге
көшіріп
жазады.




Ойын
ойнайды









Оқушылар
өздеріне
берілген
саралау
тапсырмала
рын
орындайды






Топтық
жұмыс
жасады





Дескриптор:
Дыбыстық талдау жасады
У дыбыс мен әрпін меңгерген
Өзін-өзі бағалауы
үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты
белгілерді бояйды: «жасыл» түс –
«Бәрекелді!»,
«көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».


1-деңгей
Бос ұяшықтарға
әріпті қояды. Сөз құрайды: ара, ар, ару, ауа, ал, ала, ала, ау, алау.
2-деңгей
Бір және екі буынды
сөздерді анықтайды.
3-деңгей
Ара, ар, ару, ауа, ал,
ала, ала, ау, алау
сөздерінің бірімен
сөйлем құрайды.



Дескриптор:
У дыбысының
дауысты және
Қима қағаз
Жұмыс дәптері
Сызба

Суреттер
Оқулық
Суреттер
Қима қағаздар



Page 5


5

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ


























Кері байланыс
5 минут

сөздер айту.



Кері байланыс береді
дауыссыз болатынын
біледі
Сөз құрай алды
Құрамында у дыбысы бар сөздерді тапты
«Көңіл күйі» әдісі

Стикерлер


Page 6


6

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ











Мукалдиев Бакберген Бокешович
Алматы облысы, Талғар ауданы
№46 “Талдыбұлақ ауылындағы жайлы мектеп” КММ
Тарих пәнінің мұғалімі


Қазақстанның ежелгі мемлекеттері адамзат өркениетінің дамуына ерекше үлес қосқан, Еуразия
кеңістігінің саяси, әлеуметтік, мәдени тарихын қалыптастырған ірі мемлекеттік бірлестіктер ретінде әлемдік тарихта маңызды орын алады. Ұлы дала аймағы өте ертеден-ақ халықтар тоғысқан, мәдениеттер мен
өркениеттер кездескен, шығыс пен батысты жалғаған геостратегиялық кеңістік болған. Мұндағы тайпалар
мен халықтар тарих сахнасында түрлі кезеңдерде қуатты мемлекет құрып, олардың басқару жүйесі, әскери қуаты, рухани мәдениеті, экономикалық негіздері кейінгі дәуірлерге, соның ішінде қазақ халқының қалыптасуына тікелей ықпал етті. Қазақстан аумағында пайда болған ежелгі мемлекеттер – сақ, үйсін, қаңлы
мемлекеттері, ғұн бірлестігі, түрік қағанаттары және алғашқы ортағасырлық мемлекеттер — қазақ
мемлекеттілігінің терең тарихи бастауы.
Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында
қалыптасқан сақ тайпалық одақтарынан бастау алады. Сақтар туралы деректер грек, парсы, қытай жылнамаларында кездеседі. Геродот сақтарды «азия скифтері» деп атаған. «Сақ» атауы ежелгі парсы жазбаларында кездеседі, ал олардың негізгі тайпалық топтары — тиграхауда, парадарайа, хаомаварга сақтары
мемлекет құруда маңызды рөл атқарған. Сақтар әскери-демократиялық басқару жүйесін қалыптастырып, патша басқарған орталықтанған билікке ие болды. Сақ әйелдері қоғамда жоғары мәртебеге ие болып, кейде ел басқарды. Томирис патшайымның Кир патшаны жеңуі — сақ мемлекеттілігінің күш-қуатын дәлелдейтін
маңызды тарихи оқиға.
Сақ қоғамы әлеуметтік теңсіздікке негізделген иерархиялық құрылымнан тұрды: әскери ақсүйектер,
абыздар және қауым мүшелері. Олардың экономикасы негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығынан, металл өңдеу қолөнерінен, теміршілік және аң стиліндегі өнерден тұрды. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны, Берел және Шілікті қорымдары — сақ мәдениетінің жоғары деңгейін сипаттайтын
бірегей жәдігерлер. Бұл ескерткіштер сақ мемлекетінің өзіндік мәдениеті бар, ұйымдасқан және дамыған қоғам болғанын дәлелдейді.
Сақтардан кейін Қазақстан жерінде үйсін мемлекеті қалыптасты. Үйсін мемлекетінің орталығы Жетісу
өңірі болды. Қытай деректерінде үйсіндердің үлкен мемлекет болғаны, олардың гуньмо атты билеушісі, орталық пен аймақтық басқару жүйесінің дамығаны жазылған. Үйсіндердің көрші мемлекеттермен дипломатиялық байланыс орнатуы олардың саяси беделін арттырды. Үйсін билеушілері Қытаймен қыз алысып, қыз беріп, одақтық келісімдер жасаған. Бұл халықаралық қатынастардың қалыптасқанын көрсетеді. Үйсіндердің экономикалық дамуында мал шаруашылығы басым болды, бірақ отырықшы және жартылай отырықшы аймақтарда егіншілік те дамыды. Археологиялық деректер олардың қолөнері — алтын, қола, темір бұйымдарды жасау ісі жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Қолөнер шеберлері аң бейнелі әшекейлер, әсем керамика, қару-жарақ, әшекей бұйымдар жасаған. Үйсіндерде әлеуметтік топтар арасындағы
айырмашылықтар байқалды: ақсүйектер, әскери басшылар, қарапайым қауым мүшелері. Олардың жерлеу
рәсімдері мен салттары қоғамдағы әлеуметтік иерархияны көрсетеді.
Қаңлы мемлекеті Қазақстанның ежелгі саяси құрылымдарының бірі ретінде маңызды орын алады.
Қаңлылар Сырдарияның орта ағысын мекендеп, елдің орталығы Битянь қаласы болған. Қытай деректері
қаңлылардың халқы 600 мыңнан астам болғанын, ал әскер саны 120 мыңға жеткенін айтады. Қаңлы


Page 7


7

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ
мемлекетінде басқару жүйесі қалыптасқан, билік мұрагерлікпен берілген. Қаңлы мемлекетінің ерекшелігі —
оның Ұлы Жібек жолы бойындағы орналасуы. Сауда керуендері қаңлы жері арқылы өткендіктен, олар
халықаралық саудада және дипломатиялық қатынастарда маңызды рөл атқарған. Қаңлылардың Қытаймен,
Парфиямен, Риммен саяси байланыста болуы мемлекет беделінің жоғары болғанын дәлелдейді. Қаңлылардың
қалалары — Көлтөбе, Қостөбе, Ақтөбе — қолөнер мен сауда орталықтары болған. Онда қыш өндірісі, темір
өңдеу, зергерлік қолөнер дамыған. Қаңлы мәдениетінің ескерткіштері олардың тұрмыс-тіршілігі, діни наным -
сенімдері, шаруашылығы туралы құнды деректер береді.
Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттіліктің дамуына ықпал еткен тағы бір ірі этнос — ғұндар.
Ғұндар туралы деректер Қытай жылнамаларында кең жазылған. Ғұндар б.з.б. ІІІ ғасырда ірі әскери-саяси
күшке айналып, үлкен мемлекеттілік жүйе қалыптастырды. Ғұн мемлекетінің ең қуатты кезеңі Мөде
Танғышұ құдіретті билеуші болған уақытпен байланысты. Ғұндардың әскери күшінің ерекше болуы, олардың
атты әскерінің шапшаңдығы, тактикалық әдістері басқа мемлекеттерге ықпал етті. Ғұндар бір орталыққа
бағынған, қатал әскери тәртіпке негізделген мемлекет болды. Ғұн империясының шығыс және батыс
бөліктерге бөлінгені, олардың Еуразиядағы халықтардың этникалық және мәдени дамуына айтарлықтай
ықпал еткені белгілі. Батысқа қарай қоныс аударған ғұндар Еуропада «халықтардың ұлы қоныс аударуына»
себеп болды. Ғұндар мәдениеті, олардың әскери өнері, металлургиясы, көшпелі шаруашылығы Ұлы дала
өркениетінің ерекшеліктерін танытады.
Б.з.V ғасырдан бастап Қазақстан аумағында түркі тайпаларының негізінде жаңа саяси құрылымдар —
Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері қалыптасты. 552 жылы Бумын қаған
құрған Түрік қағанаты Алтайдан Қаратеңізге дейінгі кең аумақты биледі. Түрік қағанатының мемлекеттік
басқару жүйесінде қағаннан кейінгі орындарды ябғу, шад, тархан сияқты лауазым иелері иеленді. Бұл
қызметтердің әрқайсысы мемлекеттің саяси, әскери, әкімшілік құрылымында маңызды рөл атқарды. Түрік
қағанатының өрлеу кезеңі Мүкен қаған, Істік қаған, Білге қаған, Күлтегін заманымен байланысты.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері — түркі мемлекеттілігінің ең құнды деректері. Күлтегін, Білге
қаған, Тоныкөк жазбаларында түркі халқының бірлік идеологиясы, мемлекет құру идеясы, ерлік пен
батырлық рухы айқын көрініс тапқан. Бұл жазбалар түркі халықтарының мәдени деңгейін көрсетіп қана
қоймай, олардың саяси жүйесінің жетілгенін дәлелдейді.
VIII ғасырда Батыс Түрік қағанатының әлсіреуінен кейін Түргеш қағанаты құрылды. Түргештердің
саяси аренадағы рөлі ерекше болды, себебі олар араб шапқыншылығына қарсы ерлікпен күресті. Сұлу
қағанның әскери жорықтары, мемлекетті ішкі және сыртқы қауіптен қорғауға деген талпынысы түргеш
мемлекеттілігінің маңызын арттырды.
IX ғасырда Қарлұқ мемлекеті қалыптасты. Қарлұқтар экономикалық және мәдени тұрғыдан дамыған
халық болды, олардың Жетісуда қалалық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі зор. Қарлұқ мемлекетінің
негізінде Қарахан мемлекеті қалыптасып, түркі халықтарының алғаш ислам дінін мемлекеттік деңгейде
қабылдаған мемлекетіне айналды. Бұл қазақ халқының рухани және мәдени дамуына үлкен ықпал етті.
Осылайша, Қазақстанның ежелгі мемлекеттері — сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік және ертедегі
ортағасырлық мемлекеттер — қазақ мемлекеттілігінің тарихи тамырын тереңнен көрсетеді. Олардың басқару
жүйесі, әскери ұйымы, мәдениеті, шаруашылығы бүгінгі қазақ халқының дүниетанымына, ұлттық
болмысына, қоғамдық құрылымына негіз болды. Ежелгі мемлекеттердің әрқайсысы Еуразияның тарихи
үдерісіне өзіндік үлес қосты. Тарих пәні мұғалімінің міндеті — осы мемлекеттердің тарихын оқушыларға
түсінікті, терең, жан-жақты жеткізіп, олардың тарихи санасын қалыптастыру.















Page 8


8

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ

ӘУЕНГЕ АЙНАЛҒАН ОЙЫН: МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ









Карабекова Акерке Жанатлековна
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша
білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар музыка
мектебі"МКҚК
Зеренді балалар музыка мектебінің қобыз сыныбының оқушысы
Педагог- модератор


Әуенге айналған ойын – мектепке дейінгі ұйымдағы музыка сабақтарында балалардың музыкалық
қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған инновациялық педагогикалық әдістердің бірі. Музыка
сабақтары баланың эмоционалды, эстетикалық, танымдық және шығармашылық дамуына ықпал ететін
маңызды оқу қызметі болып табылады. Дәстүрлі сабақ формалары кейде баланың қызығушылығын толық
қанағаттандырмайды, ал ойын технологиялары арқылы сабақтарды ұйымдастыру балалардың белсенді
қатысуына, шығармашылық ізденісіне, музыкалық дағдыларын дамытуға ерекше мүмкіндік береді. Әуенге
айналған ойындар сабақ барысында балалардың ритмдік, музыкалық, вокалдық және қозғалыстық
қабілеттерін үйлестіріп, олардың музыкалық танымын кеңейтеді, сонымен қатар балалардың ойлау
қабілеттерін, қиялын және эмоциялық сезімталдықтарын дамытуға да ықпал етеді. Әуенді ойындар сабаққа
кіріктірілгенде, әр бала музыкалық элементтерді сезініп, өз ойын еркін білдіруге мүмкіндік алады, бұл оның
шығармашылық әлеуетін арттырады.
Музыка сабағында ойын технологияларын қолдану балалардың шығармашылық белсенділігін
арттырады. Балалар ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, ырғаққа қозғалу арқылы музыкалық дағдыларын
жетілдіреді. Сонымен қатар, ойын технологиясы балалардың есте сақтау қабілетін, назарын
шоғырландыруын, логикалық ойлауын, танымдық әрекеттерін және коммуникативтік дағдыларын дамытады.
Әуенді ойын түрінде беру арқылы бала музыканы тек тыңдаушы ғана емес, белсенді орындаушы ретінде
қабылдайды, бұл оның өзіндік сенімін арттырып, сабаққа деген қызығушылығын күшейтеді. Мысалы, «Әнді
аяқта» немесе «Ырғақты ұстап жүр» сияқты ойындар балалардың музыкалық есте сақтау қабілетін дамытып,
ырғақты сезінуін жақсартады, шығармашылық қиялын арттырады.
Әуенге айналған ойындар сабақтың әртүрлі кезеңдерінде тиімді қолданылады. Мотивациялық кезеңде
балалардың назарын аударып, сабаққа қызығушылығын арттыру үшін қысқа музыкалық ойындар енгізіледі.
Бұл кезеңде бала ойынға еніп, музыка әлеміне эмоционалды дайындық жасайды. Негізгі кезеңде ойын
арқылы музыкалық тақырып түсіндіріледі, балалар әндер мен ырғақтарды меңгереді, музыкалық аспаптарда
ойнайды. Қорытынды кезеңде алған білімдерін бекіту мақсатында музыка ойынының элементтері
пайдаланылады. Мұндай сабақ құрылымы балаларға музыканы толық қабылдауға, өз тәжірибесін көрсетуге
мүмкіндік береді және оқу-тәрбие процесін интерактивті етеді. Сабақ барысында әр ойын элементі
балалардың музыкалық сезімін, ритм сезімін, вокалдық қабілеттерін дамытатын тапсырмалармен
байланыстырылады.
Ойын технологиялары арқылы сабақ жүргізу балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
ерекше рөл атқарады. Мысалы, музыкалық көрініс ойыны кезінде балалар ән айту, би қозғалысы және
драматизация элементтерін біріктіре отырып, бір шығармашылық композиция жасайды. Бұл процесс
балаларға өз қиялын пайдаланып, әуенді түрлі тәсілдермен бейнелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
топтық музыкалық ойындар балалардың бір-бірін тыңдау, үндестіру, ортақ ырғақты сақтау дағдыларын


Page 9


9

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ
қалыптастырады, бұл олардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына оң әсер етеді. Мұндай ойындар
балалардың шығармашылық ынтасын арттырады, олардың өзіне сенімін күшейтеді және ұжымдық әрекет
жасау қабілеттерін дамытады.
Әуенге айналған ойын сабақтарында музыкалық аспаптарды пайдалану тиімді. Балалар барабан,
ксилофон, маракас сияқты аспаптарда ойнай отырып, ритм сезімін дамытады. Аспаптарды қолдану арқылы
бала әр түрлі дыбыстар мен әуендерді ажырата білуді үйренеді, бұл оның музыкалық естуін жетілдіреді.
Сонымен қатар, аспаппен ойнау кезінде бала қозғалыс үйлесімділігін дамытады, бұл дене мәдениетін
қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір музыкалық аспаптың ерекшелігін түсіну балалардың музыкалық
мәдениетін қалыптастырады және шығармашылыққа ынталандырады. Тәрбиеші аспаптарды сабаққа
кіріктіргенде балалардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар береді, мысалы, кіші топқа қарапайым
ритмдік үлгілер, ал үлкен топқа күрделі музыкалық комбинациялар ұсынады.
Музыка сабақтарында ойын технологияларын қолдану балалардың эмоционалды дамуына да ықпал
етеді. Әуенді ойындар арқылы бала түрлі көңіл-күйді сезінеді, эмоцияларын білдіреді. Мысалы, баяу әуенге
би жасау арқылы тыныштыққа, ойлануға үйренеді, ал қарқынды ырғаққа қозғалу арқылы қуаныш пен
белсенділікті білдіреді. Мұндай сабақтар баланың эмоционалды интеллектін дамытып, өз сезімін басқаруға,
басқа балалардың көңіл-күйін түсінуге үйретеді. Сонымен қатар, музыкалық ойындар баланың
шығармашылық қиялын дамытып, оның эстетикалық талғамын қалыптастырады. Әрбір жаңа әуен немесе
музыкалық тапсырма балаларға шығармашылық ізденуге мүмкіндік береді.
Тәрбиеші әуенге айналған ойындар сабақтарын ұйымдастыру кезінде балалардың жас ерекшелігін,
музыкалық қабілеттерін және топтық динамиканы ескереді. Кіші топтарда қарапайым ырғақтық ойындар мен
қысқа әндер қолданылады, ал орта және үлкен топтарда күрделі композициялар, вокалдық және аспаптық
дағдылар біріктіріледі. Бұл әдіс әрбір баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оның шығармашылық потенциалын
ашуға мүмкіндік береді. Тәрбиеші сабақ барысын жоспарлағанда балалардың қызығушылығын, эмоционалды
жағдайын, музыкалық қабілеттерін ескере отырып, ойындарды біртіндеп күрделендіреді.
Инклюзивті білім беру жағдайында әуенге айналған ойындар әдісі де тиімді. Әртүрлі даму
деңгейіндегі балалар ойынға оңай бейімделеді, тапсырмаларды даралау арқылы әр баланың мүмкіндігіне
сәйкес жұмыс ұйымдастырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін музыкалық ойындар
моторика мен ырғақты үйлестіру дағдыларын дамытып, зейінді шоғырландыруға ықпал етеді. Бұл әдіс
олардың өзін-өзі бағалауын арттырып, табысқа жету сезімін қалыптастырады. Әуенге айналған ойындар
балалардың сенімін нығайтып, сабақ барысында өз мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Музыка сабақтарында әуенге айналған ойындарды пайдалану баланың танымдық дамуына да оң әсер
етеді. Балалар музыкалық композицияларды талдап, ритм, әуен және динамика сияқты музыкалық
элементтерді ажырата білуді үйренеді. Бұл олардың музыкалық мәдениетін қалыптастырып, эстетикалық
талғамын дамытады. Сонымен қатар, ойын арқылы музыкалық тапсырмаларды орындау логикалық ойлау,
зейін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Әрбір музыкалық ойын балаға өзін көрсетуге, қателіктерден сабақ
алуға және шығармашылық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
Тәрбиеші әуенге айналған ойындарды сабақ барысында әртүрлі формада қолданады: сергіту сәттері,
ырғақтық жаттығулар, драматизация, музыкалық көріністер, топтық ән айту. Бұл сабақтарды қызықты әрі
интерактивті етіп, балалардың музыкалық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, мұндай сабақтар
балалардың өзара қарым-қатынасын дамытып, ұжымдық іс-әрекетке бейімдейді. Топтық ойындар
балалардың бір-біріне құрмет көрсетуін, ортақ мақсатқа ұмтылуын және ынтымақтастық дағдыларын
қалыптастырады, бұл олардың әлеуметтік дамуына да оң әсер етеді.
Әуенге айналған ойындарды сабаққа кіріктіргенде педагог балалардың шығармашылық ойлауын,
музыкалық қабылдауын және эмоциялық реакцияларын дамытуға бағытталған түрлі әдістерді қолдануы
керек. Мысалы, «Музыкалық сурет салу» ойыны кезінде балалар әуенге сәйкес қозғалыс жасап, белгілі бір
әуеннің көңіл -күйін дене арқылы бейнелейді. «Әуенді аяқта» ойынында бала бастап кеткен әуенді
толықтырады немесе аяқтайды, бұл оның музыкалық есте сақтауын және шығармашылық қиялын дамытады.
Сонымен қатар, әр түрлі музыкалық динамиканы, тембрді, әуенді сезіну арқылы балалар музыканы терең
қабылдайды.
Қорытындылай келе, әуенге айналған ойындар – мектепке дейінгі ұйымдағы музыка сабақтарының
тиімді педагогикалық құралы. Ойын технологияларын қолдану арқылы сабақ қызықты, мазмұнды, дамытушы


Page 10


10

БҮГІНГІ ҰСТАЗ ТАҢЫ
болып ұйымдастырылады. Бұл әдіс балалардың музыкалық қабілеттерін, шығармашылық ойлауын,
эмоционалды интеллектін, әлеуметтік дағдыларын дамытып, олардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере
отырып, білім беру процесін толықтырады. Әуенге айналған ойындар сабақтары баланы музыкалық белсенді
қатысушы ретінде қалыптастырып, мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мұндай сабақтар балалардың шығармашылық, эстетикалық және эмоционалды дамуына елеулі үлес қосып,
оларды өмір бойы музыкамен танысуға және өнерді бағалауға ынталандырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ахметова, Г. К. Мектепке дейінгі тәрбие: теория және тәжірибе . – Алматы: ҚазҰПУ, 2018. – 256 б.
2. Бейсенова, Ж. А. Музыкалық тәрбиенің әдістемесі: мектепке дейінгі және бастауыш мектеп. –
Алматы: «Рауан», 2019. – 312 б.
3. Есенова, А. М. Ойын технологияларын қолдану арқылы балалардың шығармашылық дамуы . –
Астана: «Фолиант», 2020. – 198 б.
4. Жұмабекова, Л. Т. Музыка сабақтарында шығармашылық ойындар . – Алматы: «Білім», 2017. –
144 б.
5. Иванова, С. П. Педагогическая психология и методика музыкального воспитания детей
дошкольного возраста. – Москва: Просвещение, 2016. – 278 с.
6. Каримова, Н. С. Инновационные подходы в музыкальном образовании дошкольников . – Алматы:
«Аруна», 2021. – 220 с.





























Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
16
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі