400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың көшеде және өз-өздерін ұстаудың негізгі ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Оқушылардың көшеде және өз-өздерін ұстаудың негізгі ережелері

Мақсаты: Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту. 
Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана 
білуді тұрақты дағдыға айналдыру. 
Оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа 
тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: жол ережелері, ескертусөздер (плакатқа жазылған) 
Барысы:

Ұйымдастыру .

Мұғалімнің сөзі: 
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Жаңа оқу жылында жаңа табысқа, жаңа жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Бүгінгі кезекті 3 «Г» сыныбының дайындаған «Жолда жүру ережелері» атты тәлім сәтін бастауға рұқсат етіңіздер! 
Жүргізуші: 
Шуақты өміріміз күндей күліп, 
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. 
Арманға сапар тарту мүмкін емес, 
Жол жүру ережесін білмей тұрып. 
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, 
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. 
Жол жүру ережесі заңды тәртіп, 
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға. 
1-оқушы 
Жолда жүру ережелері- жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін заң. Жолда жүру ережелерін білу әрбір баламен әрбір адам үшін маңызды. Жолда жүру ережелерін дұрыс орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін. 
2- оқушы 
Қазіргі таңда балалар және үлкендер өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау- мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілерде бұлжытпай орындауы керек. Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек. 
3- оқушы 
Мынау тұрған бағдаршам 
Үш түрлі боп жанған шам 
Үш көзінде үш белгі 
Көрсетеді аңғарсаң. 
- Бағдаршам бар көшеде өту оңай. Ал бағдаршамсыз – қауіптірек. Жүргізуші қанша мұқият болғанымен, қанша шапшаң болғанымен, тежегішті қанша күш салып басса да, көлікті тоқтатып үлгеру кейде мүмкін емес. 
Бұрылыста бағдаршам, 
Қызыл, сары, жасыл көз. 
Бұйырып тұр аңғарсаң. 
Бұйрықты іске асыр тез! 
4-оқушы 
Өзгертпейтін тұрағын, 
Бір орында тұратын 
Қызыл шамы жанғанда 
Қадам баспа бір адым 
Бұл тоқтаудың белгісі. 
Білу керек бар кісі 
Бас иеді тәртіпке 
Келмесе де көнгісі. 
- Қызыл түс – Мұқият бол! –Қозғалысқа тыйым салынады. 

5-оқушы 
Сары көзін жаққанда 
Өтемін деп мақтанба 
Бұл дайындық белгісі 
Кідіре тұр аттанба 
Сары түс – Абай бол! Дайындал! Көшені өтуге рұқсат беремін! Келесі белгіні күт! 
6- оқушы 
Тексе жасыл шырағын 
Қауіптенбе шырағым 
Жолың ашық өте бер 
Жасап алға мың адым 
Жасыл түс –Жол бос! Ашық! Жүріңіз! Көшені өтуге болады дегенді білдіреді. 
7-оқушы 
Өзі қызыл үшбұрышты ескертуің мен болам. 
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған. 
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да, 
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 
8- оқушы 
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын 
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым 
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін 
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың 
9- оқушы 
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын, 
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті 
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем 
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты 
10-оқушы 
Баратын сапардың қашығын, тұрағын 
Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын 
Күндіз де, түнде де от болып жанады 
Кекпеңбек боялған төртбұрыш шырағым 
Жүргізуші: 
Тап бомасын қасірет 
Күдер үзіп жалғаннан 
Көшені тек кесіп өт 
Бағдаршамы бар маңнан 
Көше деген – тағылым 
Абай болсаң, жоқ қайғы 
Қай кезде де Тәңірің 
Сақтағанды сақтайды- дегендей, біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден-бір кепілі көшеде жүру ережелерін сақтау, жолда жүру тәртібін білу. Ендеше әрдайым жолда жүру ережелерін сақтап аман-сау жүріңіздер! Осымен 2 «б» сыныбының «Жолда жүру ережелері» атты дайындаған тәлім сәті аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! 














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі