Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН АРТТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН АРТТЫРУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2023
111
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шәкәрім атындағы № 5

көпбейінді гимназияның

Математика пәні мұғалімі

Маратова Ж.С



ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН АРТТЫРУ


Түйін: Оқушылардың білім сапасын арттыруда да ақпараттық технологияны қолданудың маңызы зор екенін көрсету.


Кілт сөздер: АКТ, интернет, интерактивті тақта, электронды оқулық.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)-ақпаратты пайдаланушылардың мүддесінде жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету және пайдалану мақсатында біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы.

Е.И. Виштынецкий мен А.О. Кривошеев атап өткендей, білім беру саласында қолданылатын АКТ-ны пайдалану өз мақсатын келесі міндеттерді жүзеге асыру керек:

  • білім алушының ойлау жүйелілігін қолдау және дамыту;

  • білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін білім алуда, дағдылар мен біліктерді дамытуда және бекітуде қолдау көрсету [1];

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-комуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Әр оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді толығымен меңгеруі қажет. Мен өз сабақтарымда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда маңызы зор. Бұл тақта арқылы оқушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жеткізеді. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалдарды жақсы түсінулеріне жетелейді. Сонымен қоса талдау жүргізуді басқара отырып, пән мұғалімі оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауына жол сілтейді. Осыны басшылыққа ала отырып, мен барлық оқушылардың интерактивтік тақтаға назарын аударып, алдын ала дайындалған материалдарды жеңіл түсінулеріне, кей қиындығы жоғары есептердің шығарылу жолдарын тақтадан көрсету арқылы уақытты үнемдеуге ықпал жасай аламын. Сабақ беру барысында компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып, бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамымен бірге интернет желісінен ақпарат іздеуді меңгеру машықтығы көрінеді.

Интернеттен кез келген аудиовизуалды ақпарат алуға және оны оңайлықпен қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасында ақпаратты қарым-қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді [2].

Ақпараттық технологияның мұғалімдерге берер мынандай мүмкіндіктері байқалады:

  • Мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді;

  • Иновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тісілі артады жіне жас мамандардың қызығушылғын туындатады;

  • Мепктептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйытқысы бола алады;

  • Интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді;

  • Мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады [3].

Ақпараттық технологияның математика пәнінде оқушыға берер мүмкіндігі:

  • Түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан-жақты жетілдіреді, дамытады;

  • Өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;

  • Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

  • Пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

  • Ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілеті дамиды;

  • Өз ойын сызба, сурет, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;

  • Түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;

  • Түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді [4].

Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін атай келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды қолдана алуы басты мәселе. Әрбір ұстаздың мақсаты – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып оқушыға жалпы орта білім беру деңгейде терең білім беру, әрбір оқушыны жан-жақты құзыретті етіп тәрбиелеу. Математика – ерекеше құдіретті ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға. Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпарттық технологиялары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктері математика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекекттірін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Оқыту үдерісінде оқушылардың пәнге қызыуғышылықтарын арттыру, оқу материалдарын игерудің тиімді жолдары мені жаңа материалды баяндауда барлық жаңа техналогиялар, әдістер және жаңа жолдар әрқашан қызықтырады, қазіргі ақпараттық технологиялар мұғалімге оқытуды жоғары деңгейге жетуіне мүмкіндік береді. Педагогикалық оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше жолдары бар, солардың ішінде өз тәжірибемдегі қолданып жүрген әдіс-тәсілім мынандай; күнделікті дәстүрлі сабағымда; оқулық, көрнекілік құралдар, элетрондық оқулықтарды; компьютерлік құрылғыдан: презентация, дисктер, мультимедиа құралдарын, интернет технологиясынан: интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e-mail-ақпарат алмасу құралы ретінде т.б жиі пайдаланамын.

Мен өзімнің сабақтарымда оқытудың ұйымдастыру формаларының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау түрлерін пайдаланамын. Сабақта жақсы оқитын оқушылар жеке тәртіптермен кезекпен жұмыс істейді және тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жоғары деңгейдегі күрделі жаттығуларды орындайды. Мұғалім бұл уақытта топпен үйрену деңгейіндегі материалын жан-жақты зерттейді. Мұндай сабақ оқушылар тобының сабақтан жалығуына, босаңсуына мүмкіндік бермейді, керісінше жеке тапсырмамен жұмыс жасауға мүмкіндік жасайды. Сонымен жаттығу тапсырмаларының саны шектелмеген үлкейді; оқушының жұмысы ұтымды екпініне жетеді; оқушының бүкіл сабақ бойы белсенділігі мен қызығушылығы артып отыратынын көреміз. Сабақта, сабақтан тыс кезде оқушылардың шығармашылықпен айналысуына, өз бетінше жаттығулар жасауына мүмкіндік жасауымыз керек.

Математика сабаңында компьютерді, мультимедиалық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолданған сабақтарым өте нәтижелі өтуде.

Мұғалімнің алдындағы ең басты мақсат- бұл оқушыңа сапалы білім беру мен саналы тәрбие беру. Мұғалімдер жұмысының нәтижелі етіп, әрі оқушының білім сапасын көтеру үшін ұстаздар қауымына жаңа ақпараттық технология құралдарын сабақтарда қолданудың тиімділігіне көз жеткіземіз [5].

Қорытынды: Мен өзімнің шығармашылық жұмысымды қорытындылай келе, мектепте математика сабағында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады, білім сапасын көтереді, шығармашылық қабілетін дамытады, оқушының құзіреттілігін ашады, өзін-өзі бағалауды топпен және ұжыммен жұмыс жасауға баулиды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. –Алматы. 2005. 27 бет.

  2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2002. 97 бет.

  3. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. –Астана. 1997. 118 бет.

  4. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж. 28 бет.

  5. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000 ж. 44бет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!