400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың мазасыздық деңгейін басуға және сенімділіктерін қалыптастыруға арналған жаттығулар.

Материал туралы қысқаша түсінік
ОЖСБ тапсыратын оқушылардың мазасыздық деңгейін төмендету, бойына сенім ұялату, эмоционалды тұрақтылығын нығайту, көңіл-күйін көтеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың мазасыздық деңгейін басуға және сенімділіктерін қалыптастыруға арналған жаттығулар.

Мақсаты: ОЖСБ тапсыратын оқушылардың мазасыздық деңгейін төмендету, бойына сенім ұялату, эмоционалды тұрақтылығын нығайту, көңіл-күйін көтеру.


1-жаттығу: Атомдар мен молекулалар.

Барлық ойыншылар кең, бос бөлменің ішінде ары-бері, қалай болса солай жүреді, бұл уақытта олар атомдар болып есептеледі.Біздің білетініміздей атомдар молекулаларға айнала алады. Молекулада 3,4,5 атомдар бола алады. Ойыншыларға команда бойынша молекулаларға айналу керек болады.Егер жүргізуші «үш» десе, ойыншылар 3-тен бірігу қажет. Реакция бітті деген белгі бойынша балалар қайтадан атомға айналады.Осылайша ойыды бірнеше рет қайталауға болады.


2-жаттығу. Күн сияқты күлеміз.

Балалар қазір мен қолымды жоғары көтергенде барлық жан дүниемізді салып, қатты күлейік. Қолымды ортаға түсіргенде ақырындап күлеміз, ортадан төмен түсіргенде жай ғана күлімсірейміз, мүлдем төмен түсіргенде үндемей отырамыз. Жаттығу бірнеше рет қайталанады.


3 – жаттығу. Релаксация. «Құммен ойнау».

Психолог: - Ыңғайлы отырып, арқамызды орындыққа тірейік. Көзімізді жұмайық..

Сіздер өздеріңізді теңіздің жағалауында отырмын деп елестетіңіздер. Құм салқын, құрғақ екен. Қолымызға елесіміздегі құмды толтырып алайық та терең дем алайық. Саусағымызды қысып, жұдырығымыздағы құмды ұстап отырайық.. Сол сәтте демімізді тоқтатайық. Саусақтарымызды ақырындап ашып, ақырындап құмды тіземізге шашайық. Сол сәтте демімізді шығарамыз.Қолымызды төмен түсіріп тағы бір дем шығарайық.. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

9-жаттығу. Көңіл-күйімізді салайық.

Психолог: балаларға түрлі-түсті қарындаштар, үлкен ақ беттер таратады. Оқушыларға өз көңіл-күйлерін салу ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау үшін балаларға өзіне ыңғайлы қалыпты таңдау ұсынылады (отырып, жатып ж/е т.б.) Тыныш музыка ырғағымен балалар өз көңіл-күйлерін салады. Барлығы болған соң шеңбер бойлап отырып, балалармен талқыланады.



Кішкентай бақа туралы әңгіме ….
 



















Баяғы өткен заманда бақалар өмір сүріпті...

олар өзара жарыс өткізіпті

Олардың мақсаты мұнараның ең биік шыңына жету.

Бұл жарысты көруге көптеген көрермендер жиналады...



Жарыс басталды...

Шындығында келгенде,

көрермендер бақалардың мұнараның шыңына жетпейтініне кепілдік береді.

Мынандай айқайлар болды:

"Бұл өте қиын!!

"Олар мұнараның басына ЕШҚАШАН жетпейді

немесе:

"Ешқандай үміт жоқ. Олар бәрбір жетпейді!".




Кішкентай бақалар бірінің артынан бірі құлай бастады....

...Кейбірі кеңінен тыныстап алға қарай секіре берді...

Көрермендер бәрібір айқайлай берді

"Өте ауыр!!! Бұны ешқандай бақа орындай алмайды!"




Көптеген бақалар шаршап, кейбірі құлап қалды...

...Тек ғана БІР бақа алға қарай жүре берді...






Соңында барлық бақа құлады!

Тек бір ғана бақа мұнараның ең биігіне жетті.

Сол кезде бақалар жиналып бұның құпиясы неде деген сауалға ойланды.




Жарысқа қатысушының бірі бақаның күші мұнараның басына шығуға қалай жетті? – деген сұрақты қойды.




Сөйтсе,

ЖЕҢІМПАЗ САҢЫРАУ БОЛЫП ШЫҒЫПТЫ!!!!




Әңгіменің түйіні:

Сен басқа адамның өзінің кері тартатын және тартыншақтауға итермелейтін көңіл күйін, сөзін ешқашан тыңдама...

Олар сенің ең негізгі арманыңа, мақсатыңа кедергі келтіреді. Өйткені ол сөз сенің жүрегіңде тұрады!



Сөздің құдіретін, күшін ұмытпа!

Не естісең де, тыңдасаң да сөз саған көп әсер береді!





Сондықтан:



ӘРҚАШАН





ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ СӘТТІЛІККЕ ИКЕМДЕ!




Сонымен қатар:







Сенің қиялың бос, арманың орындалмайды деген сияқты сөздерді естіме! САҢЫРАУ болуға тырыс

ӘРҚАШАН ОЙЛА:

МЕН ОСЫНЫ ОРЫНДАЙМЫН!

Өскемен қаласы әкімдігінің КММ «№ 46 орта мектеп»









Оқушылардың мазасыздық деңгейін басуға

және сенімділіктерін қалыптастыруға

арналған жаттығулар.


(4 сынып оқушыларына арналған)










Педагог - психолог: башикова М.Ж















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.12.2018
1580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12