Оқушылардың ойы мен
белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.
Темиртаева Гулнур
Бахытовна
Берікқара орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Уақыт талабына оқу -тәрбие
үрдісін батыл интенсивтендіру- оқушылардың білім жүйесін сапалық
жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік
шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім
қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту- оқушыларға білімді
игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді
жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге
асады.
Адам баласы қоршаған орта
туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып
біледі.
Ол іс-әрекеттер: ойын, оқу
және еңбек. Дегенмен жас жеткіншектер үшін ойын-ең маңызды іс-
әрекеттің бірі.
«Әрекет дегеніміз түрлі
қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған
үрдіс.»
Ойын-бала әрекетінің негізгі
бір түрі. Бала үшін «ойын»-өмір сүрудің белсенді формасы, сол
арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін,
қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі,
адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Мұны
А.С.Макаренко жақсы көрсете білген.
«Үлкендер өмірі үшін жұмыс,
қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,- деп жазады ол,-
балалар өмірінде ойында сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай
болса, өскеннен кейін, көбінесе, сондай болады. Сондықтан келешекке
адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы
болады.
Баланы логикалық ой – өрісін
дамытуда - оқытушының басты мақсаты, логикалық ойлауға үйретудің
негізгі айнала мен табиғатты бақылаумен көрнекті оқыту болуы керек.
К.Ушинский оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда тәсілін
қолданған. Өйткені, «салыстырусыз – түсіну жоқ, түсінік жоқ жерде
пайымдау жоқ» деп қорытынды жасады.
Дамыта оқыту жүйесінде
дидактикалық принциптерінің ішінде «Оқытудың тәрбиелік мәні болуы»
жайлы еш нәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік
қасиеттерін, құлықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанмен
тұтас жүйе, оны құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы
ойластырылған. Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегіме
қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз
бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз.
Дидактикалық ойын баланың
таным үрдісін және тілін дамытады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы
әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын
түсінеді.
География пәні мұғалімдеріне
сабақта пайдалану үшін мына төмендегі ойын түрлерін
ұсынамын:
«Білім мұхитына
саяхат»
2-4 оқушы қатысады. Еденге
кішігірім шеңбер сызып, өздерін сол шеңберден тыс бір-бірінен
бірдей қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы ойынды бастайды, шығыс
бағыты бойынша жүреді. Ол өз жолындағы кездестірген обьектілердің
бәрінін атын дауыстап айтады.
«Ендік және
бойлық»
Ойынға 4 адамнан кем қатыспауы
керек. 4 топқа бөлінеді. І-ші топ «Солтүстік ендік», ІІ-ші топ
«Оңтүстік ендік», ІІІ – ші топ «Батыс бойлық», ІҮ-ші топ «»Шығыс».
Ойынға қатысушы оқушылар бір қатарға тұрады. Жүргізуші бір
географиялық объектіні дауыстап айтады. Оқушылар айтылған
географиялық
Объектінің орнын еске
түсірулері керек. Ойын мүшелері қай «бойлық», «ендік» топтарының
өкілдері болса, аты аталған географиялық объектінің сол жерде
орналасуын дәлелдеу үшін тізе бүгіп отырулары
керек.
«Сіз білесіздер
ме?»
Мысалы:
Г-гидросфера
С-су
А-атмосфера
Т-тропосфера
Л-литосфера
Ж-жер
Б-биосфера
т.б
Егер мұғалім ойынды сабақтың
басында қолданатын болса, ондай ойын мақсаты оқушылардың ойын бір
жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына
оқушыларды түгел қатыстыру, сондай-ақ олардың белсенділігі мен
қабілеттерін арттыру.
Сын тұрғысан ойлау мен
экологиялық тәрбиелеуде дамыта оқытумен қатар оқушылардың
қызығушығын арттыру үшін ойын элементтерін көбірек қолдану қажет.
Ойын баланың ой-өрісін дамытады. Икемділік, сергектілік,
тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Викториналық сұрақтар
мен жұмбақтар шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін
тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой-санаға
лайықты ету-ойыншының өз қолында