жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Оқушылардың оқу белсенділігін арттырудағы топтық жұмыстың тиімділігі»
«Ұстаз
болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын
аялау»
Ж.Ж.Руссо
бөлім: Іс –әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу
Зерттеу тақырыбым: «Оқушылардың оқу белсенділігін арттырудағы топтық жұмыстың тиімділігі»
Зерттеу жұмысымның мақсаты: Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, ынтымақтастық орта құру, өз ойларын еркін айтуға, өзара пікір алысуға үйрету.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Оқушылардың жеке қасиеттерін топтық жұмыс арқылы ашу; жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сөздік қорларын байыту.
Зерттеу жұмысымнан күтілетін нәтиже:
Топта жұмыс істеп үйренеді.
Өзін-өзі, өзгені бағалап үйренеді.
Топқа тез бөлінуді үйренеді.
Топтық жұмыста әр түрлі рөлге еніп сөйлеп үйренеді.
Уақытты үнемдеуге үйренеді.
Тақырыпты өзі оқуды, түсінуді, қолдануды, талдауды, жинақтауды үйренеді.
Бірлескен оқу- бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіретінін бірінші бетпе-бет кезеңінде оқып, талдауға салып түсінген едім.
Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары: (Үлестірмелі материал, бірінші апта, 1- сурет)
әлеуметтік |
танымдық |
эмоциялық |
|
|
|
Мектептегі іс-тәжірибе кезінде іс –әрекеттегі зерттеуімді Өскемен қаласы А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебінің 3 «э» сыныбында жүргізуді жоспарладым. Бұл сыныпта 12 қыз, 8 ер бала, барлығы 20 оқушы бар. Жоспарлау кезінде топтағы бірлескен және ұжымдық жұмысты әр сабағымда кіргізуге тырыстым. Себебі бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әр түрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан, басқа оқу нысанында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. (МАН, 78 бет) Тақырыпты таңдаудағы екінші себебім мектептің білім берудегі дәстүрлі сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық, сондықтан оқыту мен оқуында қалыптасып қалған оқушылардың өзіне деген сенімінің жоғалуы, мұғалімдер тарапынан оқушыларға еркіндік бермеуі, сабақта құрдастарымен өз пікірін өзгелермен бөлісе алмағандықтан, тақырыпты жаттандылықта айту, өз ойын еркін айта алмау, оқушының ойлау деңгейінің әлі де төмен болуы, оқушы білімінің стандарт деңгейінен аспауын да еді. Зерттеуімнің оң нәтижелі болуы үшін оқыту мен оқуға мына дағдылар мен формаларды енгізуді ұйғардым. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастыру,сол жұмыс кезінде оқушылар орындауға тиісті жұмыстардың олардың ойлау әрекеттерінің дамуына әсер ету тұрғысына көп назар салу. Топтық жұмыс кезінде ынтымақтастық, өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру арқылы өз пікірін өзгелермен бөлісуге итермелеп, сыныптың әрбір оқушысы табысты оқушы болуына жол ашқым келді.
«Білім есте сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім» деп Л.Толстой айтқандай, алдыма қойған мақсаттарыма жетіп, міндеттерімді жүзеге асыру үшін әдебиеттік оқу пәнінен сабақ өткізу кезінде бағдарламада ұсынылған жеті модульде қарастырылған идеяларды пайдалана отырып, сабақтарымды өткіздім. Топтық жұмыста оқушы өз бетінше іздену әрекеті арқылы берілген тапсырманы ой елегінен өткізіп, өз меншігіне айналдыруы қажет деп шешіп, төмендегідей сұрақтар арқылы зерттеу жұмысымды нақтыладым:
1. Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыстың рөлі қандай?
2. Қандай тапсырмалар, әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады?
3.Оқудағы кездесетін кедергілерді осы топтық жұмыс арқылы шеше аламын ба?
2-бөлім: Іс –тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.
Мектептегі іс-тәжірибе кезеңіне барған соң, сынып оқушыларымен жұмысты бастамас бұрын мектеп психологымен кездесіп, кеңестім. Сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай; оқушылардың есту, қабылдау және зейінін анықтауға және топтағы қарым-қатынасты зерттеуге арналған сауалнамалармен танысып, ой елегінен өткіздім. Және зерттеу жүргізуіме қажет-ау және қажеттілігімді қанағаттандырады деген оймен сынып оқушыларынан «МЮНСТЕРБЕРГ» әдістемесі (авторы: С.Мюнстерберг, мақсаты: тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған); есте сақтау түрлерін зерттеу (авторы: Р.С. Немов); көрнекі-бейнелеп ойлау; қисынды ойлау (авторы: Р.С. Немов) ; фигураларды толықтыр әдістемесі (авторы: Т.Н. Головин); «Социометрия» әдістемесі (авторы: В.Вачков, мақсаты: топтағы қарым-қатынасты зерттеу) бойынша сұрақ-тапсырмалар алдым.
Сол сауалнамалар арқылы сыныптағы А ,В, С оқушыны анықтадым. Мен бақылауға алатын оқушылардың зерттеу басындағы деңгейі:
оқушы |
деңгейі |
А оқушы |
Зерек, алғыр, зейіні тұрақты, есте сақтауы және қабылдауы жоғары, өз ойын еркін жеткізеді, белсенді |
В оқушы |
Тұйық, зейіні тұрақты, есте сақтауы және қабылдауы жоғары, қисынды ойлауы жақсы, сабаққа тиянақты дайындалады, бірақ сабаққа қатысу белсенділігі төмен |
С оқушы |
Зейіні тұрақсыз, есте сақтауы және қабылдауы төмен, сөздік қоры аз, сабаққа селқос, немқұрайды қарайды, сыныптастарымен көп қарым-қатынасқа түспейді. |
Блум таксономиясына негізделіп жасалған тізбектелген төрт сабағымды жоспарладым және А оқушының сөздік қорын одан әрі дамыту және сыныптастарына дұрыс бағыт-бағдар бере алу дағдысын қалыптастыруды; В оқушының топ алдында өз ойын еркін жеткізе алуға дағдыландыру және белсенділігін арттыруды; С оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтуды және есте сақтауы мен қабылдау деңгейін жоғарлатуды мақсат етіп алдым.
Оқушыларды әр сабақта бірлескен топтық жұмыстарға тартуға тырыстым. Топтық жұмыстардың ережелерін оқушылармен бірігіп құрастырдық. Және бірінші бетпе-бет кезеңінде оқып- танысқан «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» атты әдістемелік құралында жазылғандай оқушылардың құрған ережесін «Алтын ереже» деп ататып; осы ережені өздерің құрып, құптап- заңдастырдыңдар, енді орындауға міндеттісіңдер деп ескерттім. Келесі күні әдемілеп жазып, іліп қойдым. Топтық жұмысты жасауда ынтымақтастық және психологиялық атмосфера туғыздым. Әр сабақта топтарды өзгеріп отырғанын қадағалауға тырыстым. Топтасу барысында әр оқушы қамтылды және әр түрлі тәсілдермен бөлдім. Атап айтсам, жасырынған суреттерді таңдап алу, жемістер және жақсы көретін жыл мезгілдері арқылы. Оны тренингтер арқылы жүзеге асырып отырдым. Әдебиетік оқу пәнінде «Маужырап барқыт қоңыр күз...» тарауы бойынша өтілген әрбір тақырыпты өту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолдандым. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оны мен сабақ барысында А, В, С оқушылардың іс-әрекетінен байқадым. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында тапсырмаларды оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым. Ойын- адамзаттың ұлы ұстазы деген сөз есімде, сондықтан әр сабағымды жоспарлағанда алдымен оқушыға жақсы көңіл-күй сыйлаудан бастадым. Сабақта оқушылармен «Сөйлейтін қолдар», «Өрмекшінің торы», «самолет ұшыру» деген сергіту сәттерін өткіздім. Ондағы ойым оқушылар бір-біріне жылы сөздер мен ыстық тілектер тілеп жақындай түссін дегенім. Оқушыларға бұл тәсіл ұнады, бүгін қандай ойын болады деп сұрап, дөңгелене тұра қалатын болды. Бір – біріне: «Бүгінгі сабақта белсенді бол», «Бақытты бол», «Көңіл-күйің жақсы болсын» деген тілектер айтты. Бірінші «И. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа» тақырыбында өткен сабағымда оқушыларды үш топқа бөліп алған соң, авторлар туралы білетіндерін ортаға салды. Аудиомәтін арқылы мысалмен таныса отырып, мағынасын ұқты. Содан соң шығарма кейіпкерлеріне мінездеме берді. Бір- бірімен кеңесе отырып ортақ нәтижеге жетті, ойларын қорытындылады. Әр топқа сұрақ-тапсырмалар бердім. Әр топтың жұмыс барысын қастарына келіп бақылап отырдым. Топтан – топқа ауысып жүруімнің себебі: сыныптың есіне салатын қызықты көзқарастарды естимін деген үміт; өз көзқарасыммен оқушыны мадақтаймын; сынып алдына суырылып көп шықпайтын оқушының не ойлайтыны жөнінде жақсы нәтиже алсам; жұмысты ары қарай жалғастыру үшін қандай әдіс- тәсіл қолдану жөнінде ойлана аламын. Топ мүшелерінің арасында келіспеушіліктер және мен айтамын деп өзіне тартушылар кездесті. Оқушылар топтық тәртіпке әлі де үйрене алмады. Олар өзара сөйлеуге таласып, бірін- бірі тыңдамай қойған кездері болды. Дегенмен, шулап отырса да, жaңа тақырыптың мaзмұнын жан-жақты ашуға тырысты. 5 жол өлең құрастырды және кесте толтырды. Осы тапсырмада А оқушы отырған топтың өлең жолдары сәтті шықты және өлеңді ортаға салуда А оқушы жақсы жеткізе алды. Топтың жұмыс кезінде топ мүшелері бірлескен жұмыс барысында бір-бірінің іс-әрекетін көріп отырады. Сондықтан кейбір оқушылар топ мүшелерінен қалыспай табыс пен бәсекелестікке ұмтылады. Топ басшысы бірлескен әрекет ету бойынша топ мүшелерін бағалады және сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдірді. А, В, С балаларды топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс барысында қадағаладым. А оқушы белсенділік танытып, барлық жұмысты өзі атқарып ғана қоймай тобына үнемі көмектесіп отырды. А оқушының ойын құптап, келіскендер де болды, ал кейбір оқушылар қарсы пікір айтып және оқулықтан дәлелдемелер келтіріп жатты. Ал, В болса тапсырмалардың мазмұнын түсініп, дұрыс орындауда, бірақ белсенділігі төмен тұйық оқушы. Тапсырмаларды жеке өзінің парағына орындап қойып, тыныш қана отырды. Кей тапсырмаларда сабаққа қатысқанымен сыныптастарына көмегі аздау болды. С оқушы үлгерімі төмен оқушы топ мүшелерімен араласуы басында қиынға соқты. Топта отырса да өзімен – өзі болып, басқа жұмысымен айналысып отырды, ескерту жасағанда ғана кіріскендей болды. Оның зейіні үнемі өзгеріп отырғандықтан сабаққа жөнді көңіл бөлмейтіндіктен, берілген тапсырманың мағынасына дұрыс зейін салмағандықтан немқұрайлық танытып келгендігі байқалды. Егер зейінін сабаққа аударып, ойын тұрақтаса және жүйелі дайындалса, құрдастарының демеуімен сабаққа ынтасының артатындығын, берілген тапсырманы аяқтай алатындығына көзім жетті. Өз құрдастарының жетелеуімен сабаққа біліктілігі қалыптасқан оқушымен топтық жұмыста әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамитынына сенімділікпен қарадым. Зерттеуші Хоу мен Мерсер (2010) бірлескен іс-шаралар ақыл -ой дамуы мен оқуды, сондай –ақ қарым - қатынас дағдыларын арттыратындығын көрсетті. Пиаженің аралас жастағы топтар оқушыларға анағұрлым жақсы дамыған және нашарлау дамыған құрдастармен өзара әрекет жасау үшін кең мүмкіндік береді, бұл олардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмесктеседі.(МАН 65 - бет) Бақылаған кезімде оқушыға қызықсыз болған сияқты. Келесі сабақтарда осы оқушыны қалай да болса, бір сатыға деңгейін көтеруге тырысуды алдыма мақсат етіп қойдым. Сабағымды қорыта келгенде, бірінші сабақ болған соң, бұл сабағым өз көңілімнен шықпады. Себебі: әлі де оқушылар не істеуі керек екенін, топтарда жұмыс істей отырып, өз пікірлерін көпшілік алдында еркін айта білуге және алынған деректерді қолдануға толық бейімделмеген, топпен жұмыс істегенде оқушылардың арасында түсінбеушілік болды, бір-бірінің жауаптарын зер салып тыңдаған жоқ және уақытымның жетіспеушілігі де себеп болды. Кейбір оқушылар топқа белсене қатыспады. Кері байланыста сабақтың ұнайтынын, дәстүрлі сабақтарға қарағанда өзгеше екенін, болашақта сабақтар топтық үлгіде өтсе екен дегендей ұсыныстар жазыпты. Сабақ оқушыларға ұнады, бірақ кейбір оқушылар оқушылардың шулауы кедергі келтіргенін кері байланыс парағында көрсетіп жазыпты. Драхмэн мен Суэтстің (1988) айтуынша кері байланыс пен құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда тиімді болуы ықтимал. Алайда оқыту үдерісі оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылары және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақты білген жағдайда ғана тиімді болады. (QCA,2001)
Келесі сабақта мынадай жағдаяттарды жібермеу үшін топтың ережесін қатаң сақтауды ескертемін. Жалпы оқушыларға осы сабақ ұнады деп ойлаймын, өйткені оқушылар үзіліс уақытында біздің сабақ қызықты болды деп бүге-шүгесіне дейін айтып жатқандарын естіп қалдым.
Келесі күні кешегідей топпен жұмыс жасаймыз ба деген сауалдарын жүгіріп келіп, сұрап жатты және құптарлық жауап естігенде қуаныштарын жасыра алмағанын байқадым. Осының өзі менің де көңіліме қуаныш ұялатты. Әрі қарай қызықты сабақтарды өткізу үшін маған көп іздену қажет деп шештім және мен осындай сабақтары түрлендіріп өткізсем оқушыларым ең дарынды, ең талантты ораторлық қасиеті дамыған оқушылар болатынына сенімді болдым. Екінші сабағымда психологиялық ахуал қалыптастырып, жақсы көретін жыл мезгілдері арқылы топқа бөлгеннен кейін сурет бойынша өз білетіндерін ортаға салуға, басқаның пікірінен ой түюге дағдыландыру мақсатында суретпен жұмыс жасауды ұсындым. Бұл жұмыста А оқушы топпен жұмыс жасайды, белсенділікті өз қолына алады. Осы топтың сурет бойынша айтқан ойлары жүйелі, құнды болды. Істің ретін анықтай алуға үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында алған тапсырмамда оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен атқарды. Осы жұмыста С оқушының да өз ойын айтып, қызығушылық танытып жатқанын байқадым. Тапсырманың дұрыс жауабы берілгеннен кейін әр топ бірін-бірі бағалауға да бар ынталарымен кірісті. Келесі тапсырмаларды өз пікірін еркін жеткізіп, ортаға сала білуге және дәлелдей алуға үйрету, ереже құрастыра алуға және ертегіні қалай түсінгенін байқау, іс-әрекетті бағалай білуге дағдыландыру мақсатында ала отырып, топпен жұмысты жалғастырдым. Осы тапсырмаларда В оқушы басқаларды ықыласпен тыңдайды, тапсырманы орындайды, бірақ әлі де белсеніп құлшынбайды. Сұраққа жауап беріп, пікірін білдіреді. Басқалардың пікіріне өз көзқарасын білдірмейді. Келесі сабақтарымда топпен оқулықтағы тақырыптарды өздерінше талдап, плакатка сызып, қорғады. Қорғаған сәтте оқушылар алдыңғы сабақтан қарағанда ойларын жүйелеп айтатын болды, жеткізетін ақпараттарын кезек-кезек бөліп алып, қорғады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында А оқушы жүйелі, анық, нақты дәлелдерді келтіре отырып тапсырманы толық орындап шықты, сондай-ақ топты басқарды, сабақ соңына дейін белсенділік танытып, әр топтың жіберген қателерін түзетіп көшбасшысы болды. В оқушы тарапынан топтық жұмыс кезінде бұрын мен байқамай келген оқушы бойындағы өз-өзіне деген сенімділігінің басым екендігін байқадым. Ол жауапкершілікпен қызығушылық таныта отырып берілген тапсырманы дұрыс, толықтай орындап, белсенділік таныта отырып, жанындағы топ мүшелеріне де ықпалы мол болды. Ал С оқушының сабақ басында тапсырмаларды орындауға деген құлшынысы мүлдем байқалмады, бірақ сабақ ортасында белсенділік танытып, жұмысқа кірісе бастады. Осы тапсырмалар оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсартуға, сыни тұрғыдан ойлуларына көп ықпал етті. Барлық оқушылар өздерінің пікірлері дұрыс болмаса да, қысылмай айтып жатты. Олардың қатeлерін жaнындағы сыныптaстaры түзеп отырды. Сынып оқушылары өте жоғары қызығушылықпен кірісіп кетті. Сабақ барысында тапсырмаларды өздері талдап, бір шешімге келіп, бір-бірін тыңдап, әрқайсысының пікірі құнды екенін білді. Сабaқ үстiнде бaрлығының назары сабaқта болады. Сабақ нәтижелі болды, ең aлғаш сабақтарыма қарғанда оқушылар біршама жүйеленді, олардың ойлaры ұшқыр, кей сәттерде мені таңқалдырып та жатты. Ортаға кезектесіп шығып, барлығы қатысуға тырысып жатты. Сабақты қорыту кезеңін тест тапсырмасы арқылы жасадым. Бағалаған кезде өздерін-өздеріне бағалаттым және оларды өз тобындағы көшбасшы бағалады. Бағалауда олар алдын – ала берілген критерийлерге сүйенді және әділ бағалауға нақты дискрипторлардың да көмегі болды деп ойлаймын. Алғашқы саабақтарда қалыптастырушы бағалау арқылы бағалап, соңғы қорытынды сабақта жиынтық баға шығардым. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушыларым көптеген ақпарат көздерімен қаруланды, көзқарас аясы кеңейді. Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы сабақтың құрылымы да, мазмұны да біршама әсерлене бастады.
Сабақта берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылау барысында оқушы өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой иелегінен өткізу арқылы пікір алмасуы, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын байқалып отырды. Жаңа бағдарлама бойынша өткізген сабақтарымда оқушылар жауаптарын ауызша айтып ғана қоймай, ойларын жеткізу мақсатында қағаз бетіне түсіріп немесе сурет салып, тіпті тақырып бойынша көрініс көрсетіп, өлең жолдарын шығарды. Бұдан қорғаудың әр түрін қолдана отырып, әр оқушыға өзін әр қырынан көрсетуге мүмкіндік болды. А оқушының құрдастары көмек сұраған сайын өзінің біреуге қажеттілігін және сыныпқа өзінің өте керек екендігін сезініп жүргендей болды. В оқушының тақтаға шығып жауап беруі жиіледі, балада жетістікке жетемін деген түйсінуі және түсінуі болды, яғни ортаға шығып сөйлеу стимулын байқадым. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын дәлелдеп, жеткізуде.
Дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, кейбір оқушыларым жалығып отырушы еді. Менің байқағаным, дәстүрлі сабақта оқушыларда Михай Чиксентмихай (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасамағанымды түсіндім, яғни кейбір оқушыларға талап күшті болып, қабілеттері төмен болған, ал кейбір қабілеті жоғары оқушыларға талаптың төмен болғанын байқадым. Ал топтық жұмыста жалығып отырған оқушылардың қызығушылығы артып, жұмыла жұмыс жасай біледі. Себебі, менің ойымша топтық жұмыста ЖАДА-ның көмегі көп деп ойлаймын. Орташа оқитын оқушы төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр. Ал тез қабылдайтын, сабақ үлгерімі жоғары балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінді. Яғни, бұл жерде Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырды. Ал түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы кеңінен талқылап отырды. Менің ойымша осы сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауға, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім берудегі басқару және көшбасшылық және талантты мен дарынды балаларды оқыту модульдері араласып өтілді. Өткізген сабақтарымдағы менің ендігі рөлім бағыт беруші, оқушының ойын толықтырушы, топтық ережелерді сақтау барысын қадағалаушы, оқушылардың білім деңгейін бағалаушы, бақылаушы. Іс- әрекетті зерттеу жұмысын жүргізу кезінде, яғни топпен жұмыс жасағанда бірінші бетпе-бет кезеңінде оқып- үйренгендерімнің көп көмегі болды. Топпен жұмыста тапсырма берген кезде мен «мені тыңдаңдар» аймағында тұру керектігін, ал пікірталас басталғанда не тапсырманы орындауға кіріскен кезде «мені тыңдаңдар» аймағынан алшақ тұруым керектігін сол кезде үйренген едім және сол ережені өзім іс- тәжірибе кезеңінде сақтадым. Осы ереженің оқушылар үшін де мен үшін де пайдасы көп болды деп ойлаймын. Топқа бөлуде әр түрлі әдіс- тәсілдермен қатар, күшті және әлсіз оқушыларды реттеп алу және бір топта өте белсенді не тәртіпсіз оқушылардың алдын алу мақсатында алдын- ала дайындалған тізім бойынша немесе берілген тапсырманы тексеру барысында мөр қою арқылы, фишкалар мен жетондар тарату арқылы бөлген тиімді екеніне көзім жетті.
Бірақ әлі де болса маған қажырлы еңбек ету керек. Оқyшыларды жалықтырмaс үшін жиі өзгерістер енгізу қажет және мұғалімнің де ізденісі артып, оқушылармен бірге өседі. Оқу барысында мен сабақ беру тәсілдерінің жаңаша түрлерін пайдаландым, атап айтқанда: cыни тұрғыдан ойлау модулін, диологтық оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақтарымда кеңінен қолданып отырдым. Сабaққа әзiрлік кезінде бірінші бетпе-бет кезеңіндегі оқып үйренген интерактивті әдістердің көмегі көп болды. Соңғы сабақтарым нәтижелi болған сияқты. Мұғaлім мен оқушы арaсында тығыз қарым-қатынас орнaды. Сөйлеу қабілеттері, сөз мәнерi жетіле түсіп, оқушылар бойында ой еркіндігі қалыптаса бастады.
Түрлі тапсырмалар орындаудағы бейне жазбаларды қарап отырып оқушылардың топта бірлесіп, қызығып бір кісідей жұмыс жасап жатқандығын көріп қуандым. Оқушылардың осы төрт сабақта жасаған жұмыстарды жасап қорғау барысында топ мүшелерінің арасында жоғары ынтымақтастық пен белсенділіктің болғаны байқалды. Блум таксономиясы бойынша таратылған ойды жинақтап, саралап, қортындылап сабақты меңгерді. тексеру мен бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу біздің өтіп жатқан тәжірибеміздің болашағы деп ойлаймын. Сабақ тиімді өту үшін көп ізденушілік, жауапкершілік керек. Постер жасау мен қорғау кезінде топта өте жақсы қарым-қатынас пайда болды. Бірін-бірі толықтырып, әркімге өз міндетін бөліп беріп белсене еңбек етті. Өнімді қорғауға топтағы аз сөйлейтін белсенділігі төмендеу оқушыны шығарып, бағыт берді, тобын алға жетелеп отырды. Бағалау парағын толтырған топ басшыларына оқушы өз бағасына разы ма деп сұрадым. Бағалауда біраз келіспеушілік болды. Сол кезде оқушыдан не үшін солай бағалағанын дәлелдеуін сұрап отырдым, келіспей отырған оқушы өз кемшілігімен келісті, баға әділ болды. Сабақтың соңындағы кері байланыс кезінде мен нені білдім, не ұнады, не ұнамады деген сұрақтар бердім. Оқушыларға сабақта қолданған әдіс - тәсілдер, сабақтың қызықты болып өтуі, топта жұмыс жасау, білмегенін сұрау үшін қысылмайтын болғанын және де өздеріне көмек көрсеткен сыныптастарына ризашылықтарын жасырмады.
3-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеулердің барысы, қорытындылары және оларды талдау.
Осы сабақтарымның қорытындысын жасап, видеоны, фотоларды көріп, мен бақылаған оқушыларымның өзгерісін былай байқадым:
Зерттеу басындағы А, В. С оқушының өз ойын жеткізе білуі, өз ойын дәлелдей алуы, басқа оқушыға ойлана алатындай сұрақ қоя білуі және сабақтағы белсенділігі көрсеткіші:
Зерттеу соңындағы А, В. С оқушының өз ойын жеткізе білуі, өз ойын дәлелдей алуы, басқа оқушыға ойлана алатындай сұрақ қоя білуі және сабақтағы белсенділігі көрсеткіші:
Осы диаграммадағы А, В. С оқушының өз ойын жеткізе білуі, өз ойын дәлелдей алуы, басқа оқушыға ойлана алатындай сұрақ қоя білуі және сабақтағы белсенділігі көрсеткіштерін салыстыра отырып көргенім, үш оқушыда да өзгерістер шамалы болса да байқалады. А оқушының өз ойын айтып, оны дәлелдеуі барлық сабақтарда анық көрінді. Тақырыпқа сай терең әрі ашық сұрақтар қоя бастады. Сыныптастарына тапсырма бойынша дұрыс бағыт- бағдар беріп, көшбасшы екенін дәлелдей алды. Басқа сыныптастарының көзқарастарымен келісетінін не келіспейтінін ашық айтып, дәлелдеп бере алады. Қателескен жері болса қысылмай мойындайды. Ал В оқушының өзіне деген сенімділігі артты. Соңғы сабақтарда қолын жиі көтеріп, ойын ортаға салуға жасқанбайтын болды. Топ мүшелеріне де көмегі тиіп жатты. Әсіресе, С оқушының сабаққа белсенділігі артып, бұрынғыдай өз бетімен отырмай берілген тапсырма бойынша өз ойын қысқа болса да айтып, сыныптастарына кітаптан алынған сұрақтарын болсын қоюға тырысып жатты.
Және де мен сынып оқушылар нені үйренді, мен не үйреттім деп өз-өзіме сұрақ қойдым да, жауаптарды тізіп жазып қойдым:
Топқа тез бөлінуді үйренді;
Топта жұмыс істеп үйренді
Оқушы бір-бірін сыйлауға, аяғына дейін тыңдауға үйренді.
Өзін-өзі, өзгені бағалап үйренді,
Топтық жұмыста әр түрлі рөлге еніп сөйлеп үйренді.
Уақытты үнемдеуге үйренді.
Тақырыпты өзі оқуды, түсінуді, қолдануды, талдауды, жинақтауды үйренді.
Кейбір тапсырманы орындау мен белгілеген уақытқа сыймай қалды, сондықтан болашақта жоспарлау кезінде оқушының жас ерекшеліктерін ескеріп уақытқа сай жоспарлайтын боламын. Мектептегі тәжірибе кезінде бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда, топтағы жұмыстың тиімділігін байқадым. Бағдарламаның 7 модулін өз тәжірибемде қолданған уақыт аралығында оқушыларды топта ойландыратын, пікірталасқа түсіретін тапсырмалар беру арқылы оқушыларымның сабаққа деген ынтасының артқанын көрдім. Ынтымақтаса орындаған топтың жұмыстың сынып оқушыларының жұмысқа деген ынтасын тудырып, қызуғышылығын ояту үшін берері мол. Топ мүшелерінің біреуінің рефлексиясы бір мезетте басқа оқушылардың да өзі жайлы немесе пікірі жайлы ойлануына әкеледі. Егер біреуі « мен мына тапсырманы былай орындадым, себебі ......» деп не « менің ойымша, ..... » деп өз ойын айтса, осы сәтте басқалары да өзіне қарап, ойлануы мүмкін: «Мен де солай ойлаймын ба, әлде басқаша ма .....». Міне, сондықтан да топтық жұмыс тек оқудағы кедергілерді жеңу үшін ғана емес, оқыту үшін де пайдаланылады.
Жүргізген жұмыстарымнан төмендегідей қорытындыға келдім:
- топтық жұмыс еш күмәнсіз оқушылардың ойлауын дамытуға әсер етеді;
- топтық жұмысты жүйелі жүргізудің төмендегідей өзіндік құндылықтары бар деп ой түйдім:
1. Жаңа немесе өткен материалдан түсінбегендерін барлық оқушының мұғалімнен сұрауға батылы жетпейді. Ал шағын топта, бірлескен жұмыста оқушылар бір – бірінен нені түсінбегендерін анықтайды. Және қажет болған жағдайда мұғалімнен бірлесіп көмек сұрауға именбейді.
2. Оқушылар қоршаған ортадағы не тапсырмадағы кездесетін мәселелерді өздері көріп және оны шешудің жолын табуға тырысады, бірігіп сол мәселенің шешімін табады да.
3. Топтың әр мүшесі табысқа жету үшін оқулықтағы материалды ғана білу жеткіліксіз екенін, яғни өз бетімен ізденіп, жаңа нәрселерді де оқып – үйреніп және оны белгілі бір тапсырмаларда қолдана алу керектігін де түсінеді.
4. Оқушыларда өзіндік көзқарас қалыптасып, олар оны дәлелдеп үйренеді.
5. Оқушылар сабақта алған білімдерін қайда және қалай қолдануға болатынын түсіне бастайды.
6. Оқушылар бір – бірімен және мұғаліммен еркін қарым – қатынас жасауға үйренеді және де коммуникативті сөйлеу дағдысы қалыптасады.
7. Достық және өзара көмектесу сезімі дамиды.
8. Топтық жұмыстың ең тиімді түрі, ол – мұғалімнің топ жұмысына олардың өздерінің сұрауы бойынша ғана араласуы болып табылады. Осындай топтық жұмыстар жасап, бірін- бірі тыңдап, бірінің ойына бірі ой қосса сабақты түсініп, есте сақтап өздігінен тапсырма орындай алуға қол жеткізеді деп ойлаймын. Әр ұстаз бағдарламаның идеясын түсіне отырып өз сабақтарында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жаңа тәсілдерді тиімді пайдалана білсе бәсекеге қабілетті шығармашылықпен ойланатын, алған білімін өз өмірінде қолдана алатын жеке тұлға қалыптасары сөзсіз.
4-бөлім: Іс-әрекеттерді зерттеу барысындағы нәтижелердің бұдан кейінгі тәжірибеге әсері.
Іс-әрекеттерді зерттеу барысындағы нәтижелерден байқағаным топпен жұмыс жасауда оқушылардың даралық сапаларын ашатын жеке тапсырмалар берілгенмен, балада тапсырманы толық орындау мүмкіндігі болмады, себебі топпен жұмыс жасау икемділіктері мен дағдылары енді ғана қалыптасып келе жатқандықтан, топтық жұмысқа қызығушылық танытып, ал өз тапсырмасына мән бермеді деп білемін. Қысқа жауап, өз ойын ашық айта алмау, қабілетін көрсете алмаулары да сабақта біраз кедергі жасады. Сондай- ақ дарынды балаға қолайлы орта қалыптастыру үшін ауқымды дағдылар мен өзгеріс керек. Сыни бағалау деңгейлері қалыптаспағандығы, сыни ойлау дағдылары оқушыларда жоқтығы байқалды. Оқуды бағалауды оқушыларға үйрету оңай жұмыс емес екенін іс- әрекетті зерттеу барысында түсіндім.
Болашақта мен үшін осы өтілген сабақтардан әлі де дамытуға қажетті деп тапқан қорытындыларым: топта көшбасшыны анықтау, дарындылықты байқау; бірін- бірі және өзін-өзі бағалауды жетілдіру; даралық сапаларын ашатын жеке тапсырмалар беру мүмкіндіктерін ұйымдастыру; ойлау дағдылары талап ететін сұрақтарды қою тәжірибесін жетілдіру.
Мектептегі тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымды қорытындылай келе, мен өзіме нені түсіндім, не істеймін деген сұрақ қойдым? Келешекте белсенділігі төмен оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырып, қызығушылықтарын ояту үшін талқылау тапсырмаларды саралап берсем. Бір ғана жауап талап ететін сұрақтардан гөрі, ашық сұрақтарды жиі, жүйелі қолдансам оқушыларымның ойлау, сөйлеу қабілеттері арта түсері сөзсіз деп ойлаймын. Өскелең ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оны өмірде қолдана білуге үйретудің маңыздылығын түсіндім. Әйгілі зерттеуші Л. С. Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту- бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту- «дамытуды өзімен бірге ала жүреді» - деп айтқандай алдағы уақытта тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, әрқашан ізденісте болып, бағдарламаның 7 модулін басшылыққа ала отырып, сабақтарымды қызықты да шығармашылыққа толы, оқушы зейінін сабаққа аудaрып, қызығyшылығын, ынтасын арттыратындай етіп өткізсем. Нәтижесінде сапалы білім, саналы тәрбие алып, еліне адал қызмет ететін шәкірт тәрбиелеп шығарамын деген сенімдемін. Үйренгендерімді басқа әріптестеріммен бөлісіп, мұғалімдерді оқытып, олардағы мектептегі Lesson Study–ге тарту мәселелері бойынша мұғалімдер тобымен кәсіби әңгімеге қатысамын деп алдыма мақсат қойдым.
Пайдаланған әдебиет:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші ( негізгі) деңгей. Үшінші басылым;
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. 2014.- 138 б
2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. (Үлестірмелі материалдар) Екінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. 2014.
3. Құдайбергенова К.С. (2013 ).Мектептегі іс-әрекетті зерттеу
4. Орақова А. Ш, Жартынова Ж. А, Қойлық Н.О, Ким В.Н,
Корнилова Т. Б. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып
сабақты жоспарлау және басқару» (2013).
5. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін мектептің 3- сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2014.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген