400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы жетістіктерін бағалауда әр түрлі бағалауды қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау
Мақсаты: оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау үшін мұғалімдерге практикалық көмек көрсету.
Міндеттері:
1. Формативті бағалауды қолдану;
2. Бағалау критерийлерімен танысу;
Бағалаудың жаңаша түрлері:
Өзін - өзі бағалау;
Топтық бағалау;
Критериалды бағалау;
«Бағдаршам» бағалауы;
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс;
Өзін - өзі бағалау.
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін - өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндігін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді.
Топтық бағалау.
Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда әр топтың жекелеген мүшелері өз үлестерін қосуда үлкен жауапкершілік сезініп, сабақ барысындағы білімді игеруде айтарлықтай жетістіктер жасайды. Оқушылардың таразылау, қорытындылау, шешім қабылдау сияқты маңызды дағдыларын қалыптастырудың ең оңтайлы әдісі. Бұл әдісте барлық 3 топтың да оқушылары бағаланады. Сабақтың жоспарланған іс - әрекеттер барысында ұсынылатын тапсырмаларды ретімен жауап берген немесе өз тобы үшін үлес қосқан, жұмыстарын сәтті қорғаған оқушылар өз тобының тұсынан есімдері жазылған стикерлердің ілінуі арқылы бағаланады. Нәтижесінде әр топ мүшелері батыл белсенділікпен жылдам ойлауға, дұрыс анықтамалар мен деректер келтіруге, өз тобындағы үлгерімі төмендеу оқушылардың жауап беруіне топ белсенділерінің араласуына, бір - біріне жан аямай көмек көрсетеді. Сондай - ақ бұл бағалау түрінде барлық сынып оқушылары сабаққа түгел қатысады, әрі түгел бағаланып, ынтымақтастықпен өз жауапкершіліктерін сезінеді.

Критериалды бағалау.
Оқушылардың өзін - өзі бағалау және өзара бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында сабақта критериалды бағалауды табысты қолдану. Топ бағалаушысы өз тобының мүшелерін парақшаға толық түсіреді. Содан сабақ барысындағы берген жауаптарын 4 түрлі критерийлер арқылы 5 балдық жүйемен белгілейді. Төменде көрсетілген критериалды бағалаудың критерийлері:
- топтық жұмыстағы белсенділігі;
- оқушының ізденісі;
- сұраймыз - жауап береміз;
- өз жұмысын қорғауы.
Осы критерийлердің жалпы балын есептеп, жиынтық бағаны белгілеу – топ ішіндегі жұмыстың жан - жақты өрбуіне, ізденуіне және әрқайсысының жеке пікірін тыңдағанда бір - біріне құрметпен қарағандықтары байқалды.

2.Негізгі

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек.

Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман  мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар.

Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі болып табылады,ол жеке қосымша тапсырма немесе ретінде қаралмайды. Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасының оқыту мақсатының бәрін қамтуы керек. Оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін. Бағалау үдерісі қолайлы және басқарылатын болуы үшін әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың мақсатын іріктеп алу керек. Осы оқу мақсаты мұғаліммен оқушыға дағдының және түсініктің прогресін пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді.

Тоқсан басында мұғалім қалыптастырушы бағалау үшін іріктелінген оқу мақсаттары оқу жоспарында қамтылғанын анықтауы қажет. Бұл оған қалыптастырушы бағалауда өз жұмысын ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұсынылған оқу жоспарындағы жұмыс оқуға қалай мүмкіндік беретінін көрсетеді. Алайда, мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін және оқу контекстісін ескере отырып өз тапсырмаларын дайындауына болады.

Оқушының оқу мақсатына жеткендігі туралы мұғалімнің шешімі екі түрлі белгіленеді:

*«нәтижеге жетті» немесе

*«талпынады»

Оқушы табыс критерийлерімен жұмыс жасамаған жағдайдағы қорытынды:

*«бағаланған жоқ» деген белгі қойылады.

Қалыптастырушы бағалаудың көмегімен мұғалім оқушымен оқу мақсатында қашан жеткенін көрсете отырып,оның прогресін белгілейді. Және де келешекте ол сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге көмекші бола алады. Оқушылармен бірге іріктелген оқу мақсаты «жетті» және «талпынды» бойынша рефлексия жүргізуіне болады және сабақ беру үдерісінде оқу мақсатына әлі де талпынатын оқушылардың оқу мақсатына жету мүмкіндігін қарастырып бейіндеуі қажет. Рефлексиядан кейін оқушыларға кері байланысты беру аса маңызды.Оқу мақсатына сүйеніп,оқушылар қай жерде жетістікке жеткенін және неге көңіл бөлу керектігін анықтауға болады.


2.1 Критериалды бағалау жүйесі

1. Қалыптастырушы/формативті

2. Жиынтық бағалау

Критерийлер – талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме.

Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады.

Көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткен дәрежесін анықтау болып келеді.

Қалыптастырушы/формативті (ағымдағы) бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру.

Қалыптастырушы/формативті бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барасында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.

2.2Қалыптастырушы/формативті бағаның түзету мүмкіндіктері бар.

Жиынтық бағалау– белгілі бір мерзімдегі (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы;

Жиынтық бағалауәртүрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады.

Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) – әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны;

Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады;

2.3 Критериалды бағалаудың пайдасы.

1 нақтылық 2 әділдік 3 ынталандырыу 4 белсенділік 5 жеке тұлға

2016 жылдан бері мектептер балалардың білімі мен дағдысын бағалаудың жаңа жүйесіне біртіндеп көшіп келеді. Бұл жүйені мамандар алты жыл бойы дайындап, бірқатар мектептерде қанатқақты жоба ретінде сынап көрді. Ал бүгін балаларға үлкен өмірге жалтақтамай қадам басуды үйрететін осы «критерий бойынша бағалаудың» пайдасын қарапайым мысалмен түсіндіргіміз келеді.
Сауалнамалар нәтижесі бойынша, жас маманды қызметке қабылдар кезде жұмыс берушілер оның алған бағаларына мән бермейді. Онда бағаның не керегі бар?

Мұғалімдердің пікірінше, баға – баланың оқу барысындағы бағытын айқындау үшін қажет. Алайда дәстүрлі бес балдық бағалау жүйесі бұл талаптың үдесінен шыға алмайды. Сондықтан да мектепте білім беру жүйесіне критерий бойынша бағалау әдісі енгізіліп жатыр.

2014 жылы «Астана» командасының мүшесі Тур де Франс көпкүндігінде жеңімпаз болды. Мектеп қабырғасындағы білім де осы велотурнирге ұқсас. Бұл әдісте де екі кезеңді алға тартуға болады. Оқу барысын веложарыс кезеңі десек, жетістіктерді санамалау – барлық кезеңнің жалпы уақытын есептеу. Әр баланың қабілеті әр түрлі, қызығушылықтары да әр-алуан. Осыған қарамастан оқушының барлығы жаңа дүниені білуге ұмтылады. Ақыр соңында оған қолдарын жеткізеді де. Ал жетістікке қандай жолмен жеткені маңызды ма?

Винченцо Нибали турнирдің екінші кезеңінде қарқынын бәсеңдетті. Бірақ жалпы есепте жеңімпаз болуына бұл кедергі келтірген жоқ. Оқыту барысында баға қойып отыру – жеңімпазды жарты жолда анықтау секілді қисынсыз әрекет. Қазіргі оқу бағдарламасы бойынша әдеттегі баға қоюдың орнына қалыптастырушы бағалау енгізілген. Мұғалім баланың орындаған тапсырмаларына пікір жазу арқылы негізгі ұстанған білім бағытына қарай жол сілтейді. Осылайша оқушыны баға үшін емес білім үшін оқуға итермелейді.

Берілген оқу материалының соңында оқушының алған білімі анықталады. Көп жылдардан бері баланың білімін журналға қойылған баға көрсетіп келген еді. Мұғалімдердің бағалауға деген ортақ талаптары болмауына орай, әрі оның бағамын «бестіктің» пайдасына жығып берудің арқасында соңғы жылдары бағаның да құны түсе бастады. Яғни, оқу күрделене бастаған сайын үздік оқушылар саны арта түсті. Оқушылардың жетістіктерін нақты талаптар бойынша бағалап, әрі біржақты пікір тумауы үшін мектепте жиынтық бағалау енгізілді. Балалар біркелкі стандартты сынақ тапсырып, оның қорытындысы автоматты түрде ақырғы бағаға айналады. Әрі бұл жариялы, ашық түрде жасалады. Әдетте велошабандоздың да әр кезеңдегі уақыты қосылып, уақытына қарай жеңімпаз анықталады.

Мемлекеттің міндеті — балаларды үлкен өмірге дайындап, оларға қоғамда қажет болатын білім мен дағдыға баулу. Орта білім беру саласында критерий бойынша бағалау әдеттегі бес балдық жүйеге қарағанда балаларды баға үшін емес, білім үшін оқуға итермелейді. Себебі ер жеткенде журналға қойылған бестіктер емес, мектепте басына құйылған білім көмектесетіні дәлелдеуді қажет етпейді.
Біз сіздерге балалардың білімін критерий бойынша бағалаудың пайдасы жайында қысқаша айтып өттік. Келесі материалымызда осы жүйе бойынша жұмыс істеп жатқан мұғалімдердің пікірін біліп, балалардың білімін бағалайтын осы әдістеменің түп-маңызы мен механизмі жайлы мағлұмат аласыздар.

Жетістік критерийлерімен және оқу мақсатымен оқушыларды таныстару аса маңызды. Әр тоқсан басында мұғалім оқушыларға пән бойынша тоқсандағы оқу мақсаттарын таныстырады. Осы ақпарат ақпараттық парақшалар және кітапшалар шығару арқылы дайындалады. Қалыптастырушы бағалау өткізу кезінде оқушыларға оқу мақсатын бағалайтын жетістік критерийлерін беру қажет. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тіркеу журналында белгілеуі тиіс.Мұғалім оқушының аты жазылған әр жұмыстың бағалау нәтижесін жазатын дәптер жүргізуі мүмкін. Бұл мұғалімге оқушының сыныпта және тапсырма орындағанда бақылау жүргізуіне мүмкіндік береді. Осы дәптердегі ақпараттар бағалау өткеннен кейін тіркеу журналына нәтижелері көшірілуі тиіс.

Қалыптастырушы бағалаудың іріктелінген оқу мақсаттары бойынша шешім қабылдағаннан кейін,мұғалім өз оқушыларының нәтижелерін сараптауы маңызды. Оқушылардың бастапқы білімдері негізінде күтілетін нәтижелердің

қандай болытыны туралы ойланыу қажет. Күтілетін нәтижемен мұғалімнің шешімі сәйкес келе ме? Мұғалім келешектегі жұмысын жоспарлау үшін рефлексия қолдануға тиіс. Мысалы,оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына жетеді деп күтілсе, алайда олар оған жетпесе,осындай оқушыларға көмектесу үшін келесі сабақтардың мазмұның қалай өзгеру керекті туралы ойлану қажет. Егер сыныптың жартысы оқу мақсатына «жетті»,ал жартысы «талпынады» болса,оқушының прогресінің әр деңгейін қолдау үшін дифференцияланған тапсырмаларды беру туралы ойлану қажет. Дифференциация әр топ үшін әр түрлі тапсырмаларды пайдалану керектігін ескереді, әр түрлі ресурстар немесе оқу мақсатынан «жеткен» оқушылар үшін қосымша әр түрлі тапсырмаларды дайындауды да ескереді. Оқушының өз жұмысының келесі қадамының және мақсатын білу маңызды.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады.Оқушыларды жетістік критерийлерімен алдын ала таныстару керек.Мұғалім топтық жұмыста әр топтың оқушыларың тындайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім осы оқушылардың аттарын жазып алу керек.

Жиынтық бағалау ол бөлім аяталуы бойынша алынады және тоқсан бойынша алынады.

Мен қзімнің 8-сыныптағы алгебра пәні бойынша ББЖ жоспарымды мысал етіп көрдім.

Мен ол тапсырмаларды оқу мақсаттарын пайдалана отырып жасадым.






«Квадрат түбір және иррационал өрнек»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Нақты сандар

Квадрат түбір

Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру

функциясы, оның графигі және қасиеттері

Оқу мақсаты

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру

8.1.2.2квадрат түбірдің мәнін бағалау

8.1.2.4бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту

8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау

8.4.1.1 функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу

Бағалау критерийі


Білім алушы:

  • Иррационал сандарды анықтайды

  • Квадрат түбірдің мәнін бағалайды

  • Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылады

  • Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәндерін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады

  • функциясының қасиеттері мен графигін қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

1. Иррационал сандарды теріп жазыңыз:

19; ; ; 5,639; ; 2 ; ; 4,(3)

[1]

2. Аралығында мына сандар болатын қатарлас екі бүтін санды жазыңыз:

a) b)

[2]

3. Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылып, өрнекті ықшамдаңыз:

[3]

4. Өрнектің мәнін табыңыз:

[3]

5. функциясы берілген.

  1. функцияның графигін сызыңыз;

  2. функцияның анықталу облысын;

  3. болғандағы функцияның мәнін;

  4. у=-3 болғандағы х-тің мәнін табыңыз.

[4]


Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Иррационал сандарды анықтайды.

1

иррационал сандарды көрсетеді

1

Квадрат түбірдің мәнін бағалайды


2

бірінші иррационал сан үшін көршілес бүтін сандарды анықтайды

1

екінші иррационал сан үшін көршілес бүтін санды анықтайды

1

Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылады


3

бөлшектің алымын да бөлімін де бөлімінің түйіндесіне көбейтеді

1

түрлендірудің әдісін таңдайды

1

дұрыс жауап көрсетеді

1

Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәнін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

4

жақшаларды ашады

1

ұқсас мүшелерді біріктіреді

1

жауабын жазады

1

функциясының қасиеттері мен графигін қолданады.


5

функциясының графигін салады

1

анықталу облысын жазады

1

аргументтің мәні бойынша функция мәнін табады

1

функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады

1

Жалпы балл:

13






















«Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Оқушының аты-жөні: ___________________________________________


Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Иррационал сандарды анықтайды.


Иррационал сандарды анықтауда қиналады.

Shape1

Иррационал сандарды анықтауда, қателіктер жібереді.

Иррационал сандарды дұрыс анықтайды.



Квадрат түбірдің мәнін бағалайды.


КShape2 вадрат түбірдің мәнін бағалауда қиналады.

Квадрат түбір астындағы санның мәнін бағалауда қателіктер жібереді.



Квадрат түбірдің мәнін дұрыс бағалайды.


Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылады.


Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылу амалын орындауда қиналады.

Shape3

Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылу әдісін қолданады, өрнекті түрлендірудеқателіктер жібереді.




Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан дұрыс арылады.


Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәнін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

ӨShape4 рнектің мәнін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануда қиналады.

Квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады, қысқартуда / есептеуде қателіктер жібереді.

Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәнін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін дұрыс қолданады.



функциясының қасиеттері мен графигін қолданады.


Функцияның графигін салуда және қасиеттерін қолдануда қиналады.

Shape5

Функцияның графигін салады, қасиеттерін қолданып анықталу облысын табуда / функцияның аргументтің мәнін анықтауда қателіктер жібереді.



Функцияның графигін дұрыс салады және қасиеттерін дұрыс қолданады.

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.


2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Алгебра» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.


3. «Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер


Білу:

- қарапайым математиканың, статистиканың негізгі ұғымдарынбілу;

- қарапайым математиканың негізгі формулаларынбілу;

- статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерінбілу;

- сандар жіктемесінбілу;

- нақты сандармен есептеу амалдарынбілу;

- алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін білу.


Түсіну:

- математиканың академиялық тілінтүсіну;

- сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлінтүсіну;

- квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланыстытүсіну;

- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығынтүсіну;

- таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын түсіну.


Қолдану:

- практикалық есептерді шешуде математикалық білімінқолдану;

- мәнмәтінге сәйкес математикалық терминологиянықолдану;

- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдердіқолдану;

- математикалық есептерді шешу алгоритмдерінқолдану;

- нақты сандарды есептеу амалдарын қолдану.


Талдау:

- математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарынқасиеттерін;

- теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешудіқасиеттерін;

- график, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерінқасиеттерін;

- статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректердіқасиеттерін;

- рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулердіқасиеттерін;

- функциялардың қасиеттерін. 


Жинақтау:

- математикалық есептерді шешудің алгоритмдерінжинақтау;

- статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды жинақтау.



Бағалау:

- берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуынбағалау;

- есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.





1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

№ тапсырма*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

Квадрат түбір және иррационал өрнек

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру

Білу және түсіну

1

1

КТБ

2

1

20

8.1.2.2 - квадрат түбірдің мәнін бағалау

Қолдану

1

2

КТБ

2

1

8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану

Қолдану

1

3

ҚЖ

3

2

8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу

Қолдану

1

4

ҚЖ

3

2

8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту

Қолдану

1

5

ТЖ

4

3

8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау

Қолдану

1

7

ТЖ

12

4

8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру

Қолдану

1

6

ҚЖ

2

2

8.4.1.1 функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу

Білу және түсіну

1

8

ТЖ

12

5

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу

Қолдану

Барлығы:



8



40 минут

20

20

Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі

«Алгебра» пәнінен 1-тоқсанға арналғанжиынтық бағалаудың тапсырмалары


1. -4, , -1,333…, , 0, , , 12,5, 100 сандары берілген, иррационал сандарды анықтаңыз:

A) , -1,333…

B) -1,333…,

C) -1,333…, 12,5

D) ,

E) , 12,5 [1]


2. саны нақты сандар интервалдарының қайсысына тиісті:

A)

B)

C)

D)

E) [1]


3. Есептеңіз: [2]


4. Салыстырыңыз: және . [2]


5. Теңдікті дәлелдеңіз: [3]


6. Қатар тұрған А және В ғимараттарының ұзындықтары берілген.А ғимаратының ұзындығы 4,2 м,В ғимаратының ұзындығы м. Ғимараттардың қайсысы ұзын? [2]


7. Ықшамдаңыз:


, . [4]


8. функциясы берілген.

a) Функция графигі нүктесі арқылы өтеді. санын анықтаңыз.

b) Егер болса, онда берілген функцияның мәндері қандай аралықта өзгереді?

с) Функцияның мәндері аралығында жатуы үшін оның аргументі қандай мәндер

қабылдауы қажет.

d) айнымалысының қандай мәндерінде теңсіздігі орындалады.

[5]

Балл қою кестесі

№

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

D

1


2

C

1


3

1

Альтернативті әдістер қабылданады

1

4

= , =

1

Ең болмағанда бір жағдайында көбейткішті түбір таңбасының астына енгізгені үшін балл қойылады

> , >

1


5

1


1


1


6

1


, A < B

1


7

1


1


1


1


8

1


1


1


1


1


Жалпы балл:

20


Қорытынды.

Менің қортындылай келе айтарым күнделікті сабақта қалыптастырушы бағалау бойынша әр бір оқушы сабақта бағаланады және жиынтық бағалау ол бөлім боынша және тоқсан бойынша өтілген тақырып және оқу мақсаттарына сәйкес алынады. Білім алушы осы бағалаулар бойынша бағаланып отырады.















































Пайдаланған әдебиетері

  1. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016ж

2.     Шакиров Р. Х., Буркитова А. А., Дудкина О. И «Оценивание учебных достижений учащихся» Методическое руководство. Бишкек 2012г

 

3.   Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші ( ілгері) деңгей. Екінші басылым. 2014 - Астана: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы


    


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
3106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі