Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдары көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың оқу сауаттылығын  дамыту


            Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғым — жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі фактор. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Осыған сәйкес алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен кез келген тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру — үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ тілі пәнін оқытудың басым бағыттарының бірі. Функционалдық сауаттылық қазақ тілінің функционалды сипатын зерделеу арқылы қалыптасады.

Ұлттық білім беру парадигмасы, оның басты ұстанымдары бәсекеге қабілетті білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Ол өз халқының баға жетпес байлығы ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын, тілдің таным және қатынас құралы ретіндегі ғажайып мүмкіншілігін пайдалана білетін тұлға қалыптастыру деген сөз. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы
- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады.

Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады.Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Оқылым дағдыларының ерекшеліктері - оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы. Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады.                                                                                                                                      

1.Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу — мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.                                                                                                          

2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу — мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.                                                                                                  

3. Детальді түрде оқу - әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.                                                                                                                

4. Сөз мағынасын контексттен ажырату — мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.                                                                                                                                  

5. Мәтін құрылымын түсіну — мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.                                                 
6. Болжай білу — оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.                                                      

7.Мәтін түрлерін ажырата білу — әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, хабарландыру,т.б. 

Қазақ тілі сабағында оқылым дағдыларын дамыту үшін тапсырмаларды жүйелі құрастырудың маңызы зор. Оқылым дағдыларының ерекшеліктерін меңгеру –оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады.


Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Оқушылардың оқу сауаттылығы. Оқу құралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық өлшеулер орталығы». 
2. http://group-global.org/kk/publication/15595-shetel-tilin-okytuda-okylym-reketin-uyretu-zholdaryРайкул Диуанова, «Шетел тілін оқытуда оқылым әрекетіне үйрету жолдары».



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2024
517
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі